3 Студенттің өзіндік жұмысы (срс) «Қазақ хандары және олардың саясаты»



Дата27.01.2023
өлшемі30,9 Kb.
#63331
Байланысты:
4 СРС


3 Студенттің өзіндік жұмысы (СРС)
«Қазақ хандары және олардың саясаты»


Қазақ хандығының билеушілері (хандар)

Билік еткен жылдары

саясаты

Керей хан

1457/1458-1465/1466.

Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құруда көш бастаған.

Жәнібек хан

1465/1466-1474

Қазақ хандығының құрылу үрдісіне толық қатынасып, басшылық етті. 15 ғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Дешті Қыпшақта Қазақ хандығының билігін түпкілікті орнатты.

Бұрындық хан

1474-1510

Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрiнген тұсы — XV ғасырдың 70-90-шы жылдары. Бұл Бұрындық хан өмiрiнiң екiншi белесi болатын. Сол жылдары Қазақ хандығы үшiн күшейiп, нығайып, қазақ халқының этникалық территориясын бiрiктiру жолында күрес жүргiзiлдi. Сол кезеңде Қазақ хандығы Сыр бойындағы қалалар мен өңiрлер үшiн алғашында Мауреннахрдағы темiрлiк билеушiлерiмен, кейiннен шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен күрестi. Сыр өңiрi үшiн болған күрес жылдарында Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрған-ды. Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағдыры әркімге де тарихи сабақ бола алады.

Қасым хан

1511-1521.

Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғыша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарих-и-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына толық қаратты. Бұл кезде хандықтың шегарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Оңтүстік-шығыста оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және солтүстік-шығыстағы территориясы Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау сілемдеріне дейін жетті, солтүстік-батысында Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы иеліктері де ұлғая түсті.
Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қырқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен сұлтандарының билігіне бағынып, қазақ хандығына көшіп келді.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырды, хандық сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі бір табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және Орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнады.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Еуропаға мәлім болды.
Қасым ханның ішкі саясаты:
Қасым хан сыртқы саясатпен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға қоя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шара жүзеге асырды. Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы болған мәслихаттың – сұлтандар мен ру басшыларының съезі болды.
Мәслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды – соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерін қарастырды. Мәслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқығы болды. Мәслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды.
Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге ханның заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқығы болды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым өкілдерінен тұратын кеңесші ұйым – Билер кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын хатшылары мен кеңсесі болды. Бірақ мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқықтық нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам діні (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өмірімен үйлесімді заң болды. Қасым хан Билер кеңесінде көппен ақылдасып, Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы болған жарғыны қайтадан жаңғыртқанын ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.
Ханның бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері:
Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. үшін қолданылатын жазалар).
Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.).



Мамаш хан

1521-1522.

Қазақ хандығы тарихында «уақытша әлсіреу» кезеңі басталады.

Тахир хан

1522-1533

Тайыр хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті.

Ахмет хан (Қожа Ахмет)

1534-1537

 Ол ноғайлардың шабуылдарына қарсы күресті ұйымдастырады. Одан ноғай билеушілері қорқа бастайды. Ноғай билеушілері арасында болған көрші елдің адамы өз патшасына «қазақтар күшті, олар ноғайларға қарсы соғысқа дайындалып жатыр, ал ноғай білеушілері болса, қазақтардан қорқып отыр», - деп хабар жеткізіп барған. Дегенмен, соғыс ноғайлардың жеңісімен аяқталады.

Тоғым хан

1533/1534-1537/1538

 Қазақ ордасындағы берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады. Жан-жақтан анталаған көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елінің әскери қуатын арттыруға ұмтылады. Тайыр ханның тұсында Қазақ ордасына қарсы өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Рәшид жорыққа шығады. Түбі бір түркілер өзбек-моғолдар мен қазақ-қырғыздың 1537 жылғы 27 шілдеде Ыстықкөлдің шығыс бетіндегі Сан-Таш деген жерде үлкен соғысы болады. Осы қиян-кескі ұрыста қазақ-қырғыз әскері түгел қырылады. Тоғым хан бастаған 37 сұлтан мен оның ержүрек тоғыз ұлы да осы соғыста қаза табады.

Бұйдаш хан

1533/1534-1537

Оның барлық өмірі Жетісу өңіріне үздіксіз көз тіккен моғол билеушілерімен және олармен одақтас болған өзбектермен күрес үстінде өтті. Қазақтар мен қырғыздарға қарсы жаулық саясат ұстанған ол, оларға қарсы үш рет жорыққа аттанды. Олардың бірінде ол, Бұйдаш ханмен шайқасса, ал екіншісінде Тоғым ханмен, үшіншісінде Хақназар ханмен соғысты. Алайда бұл ұрыстардың бәрі моғолдардың ханының жеңісімен аяқталды. Солай бола тұрса да моғолдарға жергілікті халықтар бағына қойған жоқ. жауға жасындай тиген, қазақ елінің намысын жыртып, оның болашағы үшін жанын да, қанын да аямаған және өзінің биік беделімен жошылық сұлтандарды соңынан ерте білген Бұйдаш хан қандай құрметке болса да лайық.

Хақназар хан

1538-1580

Ішкі саясаты Хақназар хан Қазақ хандығы жерлерін қайта қалпына келтіру мен айналысты. Батыста Ноғай ордасымен, Оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен, Солтүстігінде Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым - қатынас орнатты. Әкесі Қасым ханның жақсы қасиеттерін алған. Ел басқаруда сабырлылық танытып, мемлекеттің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған. Хақназар билік еткен кезде Қазақ хандығының қуаты өсіп, саяси өрлеуі арта түскен.
Сыртқы саясаты Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен Орыс мемлекетімен бейбіт қарым - қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғол хандығымен Жетісу - Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес ХVI ғасырдың 50 - 60 жылдарында болды. бұл хандыққа қарсы күресте Хақназар қазақ - қырғыз одағын пайдаланды. Соғыс қазақтар үшін сәтсіз аяқталды. Моғолстан ханы Абд - ар Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс қимылдары саябырламады.

Шығай хан

1580-1582

Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.

Тәуекел хан

1583/1584-1598

Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды.
1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.

Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді.



Есім хан

1598-1616 және 1627-1628

Саясатының ерекшелігі:
Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды
Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды
Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.
„Есім ханның ескі жолы“ атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. Заңда:
Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті
Әскер тәртібін бұзушыларға жазаны ауырлатты
Ескі құқықтық заңдар мен ғұрыптарды сақтады.
XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:
Хандық іштей бөлшектеніп, феодалдық қақтығыстар күшейді
Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті
Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады
Есім хандығы, астанасы – Түркістан қаласы. Тұрсын-Мұхаммед хандығы, ордасы – Ташкент. Тұрсын-Мұхаммед (1613-1627ж.ж.) өз атынан ақша шығарып, салық жинап отырды. Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп, Тұрсын-Мұхаммедтің іс-әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады. Бұхардың ханы Иманкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып, Ташкентті тартып алуға тырысты. Қазақ хандарының арасында алауыздық күшейіп, 1627 ж. Есім хан Тұрсын-Мұхаммедті өлтіреді.



Тұрсын хан

1616-1627

Тұрсын хан тұсында қазақтар Қазанмен және Батыс Сібір қалаларымен қызу сауда жүргізді

Жәнібек хан(Шығай ханның үлкен ұлы)

1628/1629-1646/1647

Есім ханның үлкен ұлы ретінде әкесінен соң тақты иеленеді. Ұзақ жылдар бойы Жәнібек хан есімі тарихта ұмыт қалып келді. Тек соңғы жылдардағы зерттеулерде оның есімі өз орнын таба бастады. Оның билігі тұсында алғаш рет жоңғарлармен соғыс басталды. Сол себепті 1628-1652 жылдар Қазақ хандығы тарихында «Жоңғарлармен алғашқы күрестер кезеңі» деп аталады.

Жәңгір хан

1646/1647/1652

Орыс губернаторынан әкімшілік басқару әдістері бойынша алған дәрістері Жәңгірдің жүргізген саясатына үлкен ықпал етті. Хандықты басқару құрылымында ол бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Билік жүргізуді басқаратын жүйеге руханият қызметі - ахун (қажы) енгізілді. Ахунның негізгі білімі хандықта рухани білім беру болды. Бұл реформалар барысында рухани қызметкерлер санының өзгеруі орын алды. Сонымен бірге мұсылман мектептері мен медреселердің санын көбейтті. Жәңгір хан билік еткен тұста Бөкей ордасында 1832 жылы сауда жәрмеңкесі (хан жәрмеңкесі) ұйымдастырылып, дәрігерлік бөлімше, 1938 жылы дәріхана, мұрағат ашылып, хандықтың алғашқы картасы жасалынды. Жәңгірдің басқаруымен Бөкей ордасында қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын мұражай құрылған. Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған. Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар айналымының көлемін ең жоғары жеңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді.

Тәуке хан

1680-1715

Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.
Ол төңірегіне топтан торы шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып-өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты.
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Тәуке ел бірлігін бұзушы феодал ақсүйектер мен сұлтандарды әлсіретуге және мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар Билер кеңесінде, абыройлы да әділетті Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билер алдында шешілді. билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мелмекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-қарымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндегі алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі бірліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңа ережелерден құралды.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
Жер дауы заңы
Отбасы және неке заңы
Әскери заң
Сот заңы
Қылмысты істер заңы
Құн заңы
Жесір дауы заңы

Қайып хан

1715-1718

Қайып хан тұсында Қазақ хандығы мен Ресейдің арасындағы саяси қарым-қатынастың жандануы екі жақтың Жоңғарияға қарсы күресте күш біріктіру мақсатына байланысты болды. Дәл осы хан тұсында Алғаш рет Қазақ хандығы мен Осман империясы арасында достық қарым қатынас орнаған. Қайып хан мен сұлтан Ахмет III хан бір-біріне елшілік аттандырып, хат алмасқан. Хаттардың түп нұсқасы Түркияда тұр.

Болат хан

1718-1729

Болат жоңғар басқыншылары, башқұрттар мен Еділ бойы қалмақтарына карсы қазақ жасақтарын ортақ күш етіп жұмылдыра алмады. Болат жөнінде тарихи деректер аз кездеседі.
Жоңғар шапқыншылығы салдарынан қазақ халқы Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұламаға ұшырағаннан кейін Болат ханның билігі де жойылды.

Әбілмәмбет хан

1740-1771

Әбілмәмбет атасы Тәукенің саясатына тікелей қолдау көрсетеді. Әбілмәмбет халық тарихында, хандық билігін сарқа пайдалана алмаған қайраткер ретінде белгілі. Халық шежіресінде де Әбілмәмбет ел үдесінен шыға алмаған “ақсүйек” ретінде сипатталған.

Абылай хан

1771-1781

Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады. Ресей үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп дамуын қолдамаса да, 1778 жылы 24 мамырда Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай ант қабылдаудың және патшаның сенім грамотасы мен тарту-таралғыларын тапсырудың салтанатты рәсіміне барудан бас тартты. Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді. Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатты асқан көрегендікпен жүргізді. Ресейдің қол астына сырт көзге ғана формальды түрде қарап, 1756 жылы Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара оған Ресейдің Қазақстан аумағындағы отаршылдық әрекеттерін тоқтатуға, сонымен қатар Қытай тарапынан туындайтын қауіпке жол бермеуге мүмкіндік берді.

Кенесары хан

1841-1847

Кенесары алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер — зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.
Диқандар өздерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті болды. Көтеріліске деп жиналған астықты патша үкіметі жиі-жиі тәркілеп кетіп жүрді. Тәуекел етіп, көтерілісшілерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердің қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақтардың егіншілікпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердің сауда керуендерінен алынатын баж салығы едәуір табыс беретінін ескерген Кенесары ондай керуендерді тонауға тыйым салды. Сауда керуендерінің толық қорғалуын қамтамасыз етті. Керуенбасыларын жеке өзі қабылдап та отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқ-дәрі сатып алынды.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет