3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет41/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
6 Ұлттың тәрбиелік әлеуеті. Кез-келген халықтың рухани – адамгершілік өмірінде халықтық педагогика бай және сан-алуан, өйткені ол түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған пелагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Халықтық дәстүрлер әрқашан адамзаттық дамудың барысында, өзін этикалық халықтық сананың табиғи құрамдас бөлігі екенін көрсетті. Соған қарамастан дәстүрдің ескісі мен жаңасы да өзгеріске ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе – өтіп бара жатқан ұрпақ пен акелер ұрпақтың арасындағы жанды байланыс болып сақталып келеді. Сондықтан да осы заманғы тәрбиенің мәні - халықтардың озық ізгілік дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтың адамгершілігін нығату болып табылады.
Ұлттық мәдени құндылықтарды тәрбиелеу жүйесінде қолдану. Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті ққалыптастыру мәселесі негізгі орын алады. Сондықтанда, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі XXI ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру.
Бүгінгі XXI ғасыр жастарына тәрбие беру көне түркі тектес халықтар дәуіріне бастау алады дейтін болсақ, тәрбиенің негізгі көзіне - көне тастағы жазбалар, халық ауыз әдебиеті мұралары, этнографиялық материалдар, халықтық дәстүрлер, отбасы тәрбиесі жатады.
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары мен бағдарламалары. Еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық тәрбие мәселесіне бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарына аса мән берілді. «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы мәдени-этикалық тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасы» т.б. құжаттар дайындалды.
Тәрбие мәселесіне байланысты тәрбие тұжырымдамасы үш рет қабылданғаны белгілі. Алғаш рет 1995 жылы ұлттық тәрбиеге негізделген тәрбие тұжырымдамасы қабылданып, аталған құжатқа негізделген үздіксіз білім беру жүйесіне тәрбие жұмысы құрылды. 2009жылы 12 бағыттан тұратын «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», 2015 жылғы «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» 8 бағыттан тұратын тәрбие тұжырымдамасы оқу тәрбие жүйесін жандандырды. Ұлттық негіздегі төл оқулықтар, оқу құралдары енгізіле бастады. Оқу-тәрбие жүйесіне ерекше даму үдерісі басталды.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылы қабылдаған «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұжырымдамада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, патриоттық, ерлік, эстетикалық тәрбие беру мәселелері жан-жақты қамтылған. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі азаматтар тәрбиелеу, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән берілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылы ұсынған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» болашақ қазақстандық жастар патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі, кәсіби құзыретті болады деп атап көрсетеді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында және Қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік-мәдени трансформацияны ескере отырып әзірленген.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдылықтарын, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуын, патриотизмге, еңбексүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында мемлекеттік саясат, қоғамдық талаптар, отбасылық тәрбие құндылықтары және тұлғаның жеке мүдделері мен мақсаттарының теңгерімі негізінде, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кіріктірілуі арқылы тәрбиенің әдіснамасын, мазмұнын жаңартуға, білім беру жүйесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға бағдарланған.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасын» негізге ала отырып мектептегі, балабақшадағы тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған республика ғалымдарының бірнеше бағдарламалары жарыққа шықты. Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова, Ә.Әмірова т.б. басшылығымен мектепке дейінгі тәрбиеге арналған «Балбөбек» бағдарламасы тұңғыш дүниеге келді. Сондай-ақ, Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. «Ұлттық мәдениет тарихы», «Қазақ мәдениетінің тарихы», «Қазақ этнопедагогикасы» т.б., Оразаев М., Смаилова М.Ж. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», С.Қ.Қалиев, С.Т.Иманбаева, С.М.Төрениязованың «Болашақ» оқушылар ұйымының ережесі, М.Құрсабаевтың «Атамекен», З.Ахметованың «Кәусар бұлақ», М.Х.Балтабаевтың «Елім-ай» т.б. бағдарламалары жоғары, орта оқу орындарындағы және мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұлттық бейнеде ұйымдастыруға үлкен ықпалын тигізді.
Сонымен қатар, тәрбиеге байланысты Ресей Федерациясында жеке авторлық тұжырымдамалар Е.В.Бондеревская, Н.Е.Шуркова, И.Я.Зимняя, И.М.Ильинский т.б. Қазақстанда С.Қ.Қалиевтің, Қ.Б.Жарықбаевтың, Ж.Ж.Наурызбайдың, К.А.Оразбековның, С.А.Ұзақбаеваның, Р.К.Төлеубекованың, С.Т.Иманбаеваның т.б. бүгінгі тәрбие үдерісін жандандыруда игі ықпал етуде.
Ж.Ж.Наурызбайдың «Қазақстан Республикасы азаматтарына мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында» өзекті негізгі мәселе – жан–жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адам, төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады деген қағиданы іске асыру көзделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет