1. Тәрбие әдістері жайлы түсінік.Педагогикада әдістер жүйесі туралы әр түрлі пікірлер орын алып келеді. Ғалымдар «Әдіс дегеніміз =тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен рухани – адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құпалы», - деген анықтама беріп келді. Бұл жерде әдіс дегенді тәрбие құралы деген мағынананың синонимі ретінде алынып отыр
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген маңынаны білдіреді. Ал, кейінгі шыққан оқу құралдарына тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікке алып қарастырады. Ең алдымаен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қалыптасады. Мысалы, оқушының айналамен қарым-қатынасы арқылы өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Ал ол қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы туындайды. Сондықтан оқушы білім мен тәрбие алуы үшін оны оқу мен қоғамдық іс-әрекетке белсенділікпен араласуын қарастыру қажет.
Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжібиесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер – тәрбиелеусаласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет, нақты іс. Тәсілдер – бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үщін тәрбиеленушімен біре салатын соқпақ жол деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен–бірі тығыз байланысты.
Педаогикалық үрдісте баланың еңбексүйгіштік сезімі қалыптасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерн жақсы меңгеруін және оны тәжірибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді.