Философиялық заңдар, заңдылықтар. Қарама–қайшлықтардың бірлігі мен өзара әсерлілігі заңы даму үдерістерінің ішкі қайнар көзін ашады, ескінің жойылып, жаңаның пайда болуына әсер етеді. Заттар мен құбылыстардың бойындағы қасиеттер мен ағымдар-ды өзара жоққа шығарып, өзара мақұлдап тұратын жақтар бірлігін қарама–қайшылық деп атайды. (Мысалы, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық т.б.).Қарама-қайшылықтардың өзара әсерлілігі, қақтығысуы, соның нәтижесінде өзара терістеу пайда болатын көріністі қайшылық дамуы деп атайды. Ол таным диалектикасына сәйкес қозғалыс пен дамудың қайнар көзі немесе себебі міндетін атқарады «Даму» ұғымына философияда «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» деген анықтама беріледі, яғни мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс деп түсіну қажет. Дамудың қайнар көзі болу үшін қарама–қайшылықтар бірін-бірі жоққа шығарумен шектелмей, бір-бірін қолдап отырулары керек.
Дамудың кезкелген үдерісі өзінің қозғалу барысында, кезең-дерінде сапалық жағынан бір - бірінен өзгеше болады. Ескі сапалық жағдай жойылады, ол жаңа сапалық жағдаймен терістеледі. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Теріске шығару ескі құбылыстың жай ғана жойылуын емес, сонымен бірге теріске шығарылған құбылыспен белгілі деңгейде байланыста болатын жаңаның пайда болуын білдіреді. Осылайша, диалектикалық терістеуді теріске шығару ескіні жоюға ба-ғытталған негативтік заттың қырларын, оның жекелеген элементтерін ұстап, сақтап қалуға бағытталған позитивтік өзара байланыстың екі қырын қамтиды. Жаңа ескіні терістейді.
Достарыңызбен бөлісу: |