3.3 Туризм түрлері
Қазіргі уақытта туристік қызметтің әр түрлі белгілері бойынша классификацияланатын туризмнің әр түрлі түрлері бар. Туризм түрі – оның әр түрлі негіздер бойынша классификациясының нәтижесі.
Туристік сапарлар мақсаттарының ерекшеліктері туризмнің келесі түрлерін ерекшелеуге мүмкіндік береді:
- рекреациялық туризм;
- спорттық туризм;
- агротуризм;
- экотуризм;
- іскерлік туризм;
- ғылыми-білім беру туризмі;
- діни туризм, діни орталықтарға, киелі жерлерге және басқа діни нысандарға сапарлар болып табылады;
- этникалық туризм;
- шоп-туризм;
- шытырман оқиғалы туризм;
- транзиттік туризм, «бастапқы дестинация» түсінігімен байланысты.
- ғарыштық туризм; Туристік сапарды ұйымдастыру тәсіліне байланысты туризмнің келесі түрлерін ерекшелейді:
- ұйымдастырылған (жоспарлы) туризм,
- ұйымдастырылмаған туризм;
- өзіндік туризм.
3.4 Бағдарламалық туризм
Көптеген мамандар бағдарламалық турларды сатып алған кездегі туристердің уәждеріне әсер ететін және қызмет көрсету бағдарламасын әзірлеген кезде турфирма бағытталатын келесі факторлары ерекшелейді:
3.5 Туристік маршруттар және олардың типтері
Ұзақтығына байланысты туристік маршруттар бір күндік, апталық, айлық және жылдық болуы мүмкін. Қозғалу траекториясына байланысты туристік маршруттардың келесі түрлерін ерекшелейді:
- маршруттың басталуы ақырғы пунктпен қиылыспай тындығымен сипатталатын сызықты маршруттар
Сурет 1 – Сызықты туристік маршрут
А, Г – маршруттардың басы, аяғы, Б, В – бару пункттері (демалу, өткел, т.б.)
– турист өз жорығын белгілі бір географиялық нүктеде бастайтын, оған қажетті аралық пункттерге баратын және өзінің маршрутын бастапқы нүктеде аяқтайтын айналма маршруттар
Сурет 2 – Айналма туристік маршрут
А – маршруттың басы мен соңы, Б,В және Г – бару пункттері (демалу, өткел және т.б.)
- радиалдық маршрут – басталуы мен аяқталуы бір географиялық болу пунктінде орын алатын сапар жолы
Сурет 3 – Радиалдық туристік маршрут
А – маршруттың басталуы мен соңы, Б, В және Г – бару пункттері (демалу, өткел және т.б.)
- сызықты, айналма және радиалдық маршруттардың сипаттамаларын қамтитын аралас туристік маршрут
Сурет 4 – Аралас туристік маршрут
А, З – туристік маршруттың басы мен аяғы, Б, В, Г, Д, Е және Ж – аралық бару пункттері
Маусымға байланысты туристік маршруттар жаздық және қыстық болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |