|
№3 Талапкер орта мектебінің логопеді: Аубакирова А. С. №3 Талапкер орта мектебінің 2018-2019 оқу жылына арналған мектеп логопедінің жұмысы Мақсаты
|
бет | 1/7 | Дата | 31.12.2021 | өлшемі | 419,02 Kb. | | #23354 |
| Байланысты: 000fd67c-e68093ba
Ата-аналарға кеңес
№3 Талапкер орта мектебінің логопеді: Аубакирова А.С.
№3 Талапкер орта мектебінің 2018-2019 оқу жылына арналған мектеп
логопедінің жұмысы
Мақсаты:
- Оқушылардың сөйлеу тілінің кемшіліктерін анықтау;
- Сөйлеу және жазу тілі бұзылған оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу;
- Сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын –алу жұмыстарын жүргізу .
Міндеттері:
- Әр түрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу;
- Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту;
- Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, құрылымын, механизмдерін анықтау;
- Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу;
- Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру;
- Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау;
- Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын алу сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|