Құндылықтық-бағдарлық бірлік - мүшелерінің жалпы топ үшін ең маңызды іс-әрекет пен құндылықтарға қатысты ұстанымдары мен бағаларының бір-біріне сәйкес келу дәрежесін белгілейтін топ ұйымшылдығының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Құндылықтық-бағдарлық бірлік көрсеткіші топ мүшелерінің маңызды бағалау объектілеріне байланысты ұстанымдарының сәйкес болуының жиілігі болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық бірлік жоғары дәрежесі - топішілік қатынасуды қарқындатудың және бірлескен іс-әрекеттің тиімділігін арттырудың қайнар көзі.