6 (a) фосфор қышқылы «кока-кола» сусынын дайындауға қолданылады. Оның формуласы H3РO4 . фосфор қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз.
[1]
(b) Медицинада қолданылатын спирттің атауы этил спирті және оның формуласы C2H5OH.
Осы заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз.
[1]
7. Табиғатта теллурдың екі тұрақты изотопы белгілі. Табиғатта теллурдың 126 шы изотопының 30%-ы, ал 130 шы изотопының 70%-ы тараған. Теллурдың орташа салыстырмалы атомдық
массасын есептеңіз. Жауабыңызды үтірден кейін жүздік санға дейінгі дәлдікпен
көрсетіңіз.
[3]
8. Төменде келтірілген биэлементті (бинарлы) қосылыстардың формуласын құрастырыңыз.
(a) Дифосфор триоксид
___________________________________________________________________________[1]
(b) Валенттіліктері темір (IIІ), хлор (І) көрсететін болса қосылыстың формуласын
жазыңыз.
___________________________________________________________________________[1]
(c) Мыс пен оттектің массалық қатынастары 4:1. Қосылыстың формуласын есептеп
шығарыңыз.
___________________________________________________________________________[1]
9. Суретте сутегін зертханада алу және жинау әдістерінің бірі көрсетілген.
(a) Сутегін алуға қажетті реагенттерді анықтаңыз.
___________________________________________________________________________[1]
(b) Сутегі газын жинау барысында оның қандай қасиетін негізге алынған?
___________________________________________________________________________[1]
10. Көмірқышқыл газын зертханада алу үшін карбонаттарды сұйытылған қышқылдармен
әрекеттестіреді.
(a) Көмірқышқыл газын қандай әдістермен жинауға болады? Бұл әдістер көмірқышқылының
қандай қасиеттеріне негізделген?
___________________________________________________________________________[2]
(b) Көмірқышқыл газын анықтауға болатын бір әдісті ұсыныңыз.
___________________________________________________________________________[1]