Аналық малдың күйін жасанды синхрондауға екі әдіс арқылы жетуге болады:
жыныстық циклді қысқарту арқылы
жыныстық циклді ұзарту арқылы
Жыныстық циклді қысқарту арқылы жүретін әдісте - жұмыртқалықтағы сары денешікті жояды немесе өлімге ұшыратады яғни сары денешік фазасын қысқартады, ал ұзарту әдісінде сары денешік фазасын ұзартады.
Жыныс циклы синхронизациясын iске асыру ұшiн прогестерон егедi (қынапқа прогестерон сiңiрiлген губка қойылады немесе простагландин F2альфа аналогтары: эстрофан, лютализ прозельвин пайдаланады). Саулықтарды егу интервалы 8-9 кұнге тең. Лютеолизис тез өтедi және малдардың кұйлеуi, гормонды 100 мг дозасында бұлшық етке немесе терi астына жiберген соң, 72 сағат iшiнде жұредi.
Донорлардан эмбриондарды жуып алғанда жыныс органдары қандай жағдайда болса, эмбрионды апарып салатын реципиенттiң де жыныс органдары сондай жағдайда болу керек, тiптi болмаса мерзiм айырмашылығы 24 сағаттан аспағаны жөн. Мұндайда реципиенттiң жыныс циклi донордың жыныс циклiне қарағанда сәл ғана болса да бұрынырақ жұрiп отырғаны жақсы.
Гормоналды ынталандырудың бірнеше схемалары бар, оларды негізінен американдық ғалымдар мен мамандар жасаған. Бұл схемалардың әртүрлілігі табындағы буыз сиырлардың санын көбейтудің экономикалық қажеттілігімен түсіндіріледі. жыныстық айналымды ынталандырудың нәтижелі болуы - малды мінсіз күтіп бағуға, жақсы азықтандыруға, сондай-ақ өндірісті ұйымдастырудың тиісті деңгейіне, препараттарды сауатты пайдалануға тікелей байланысты болады.

Мысалы: Сурфагон, Фертагил - Гонадорелин сүтқоректілердің гипоталамусында синтезделетін және лютеинизациялайтын гормон (ЛГ) мен ФСГ синтезі мен секрециясын ынталандыратын синтетикалық аналогы болып табылады.
Осы Фертагил прпаратының фармакологиялық қасиеттері аналық бездерге тікелей әсер ететуі келесі гормондардың бірлескен әсерімен байланысты: ФСГ фолликулалардың өсуі мен дамуын, эстрогендердің синтезі мен секрециясын ынталандырады, ал ЛГ овуляцияны тудырады және сары денешік жұмысын бақылайды.