30. Бағалау критерийлері



Дата25.05.2023
өлшемі17,24 Kb.
#96957
түріСабақ
Байланысты:
бағалау критерийлері


30. Бағалау критерийлері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша бағалаудың ұстанымдары
Білім берудің қазіргі заман талабы – шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.
Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалауды бағалаудың басты ерекшелігі:
• Алдын – ала ұсынылған бағалау шкаласы;
• Анық, айқындылығы;
Бағаның әділдігі;
• Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Ұстанымдар негіздері:
1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын – ала белгілі болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
Критериалдық бағалаудың принциптері: Нақтылық Әділдік Жүйелік
Критериалды бағалауда критерий бойынша оқушының оқу жетістіктері деңгейі беллгіленеді, нақты балдар немесе бағалар қойылады.
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
• Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
• Тұлғаны нәтижеге жеткізу
• Өсу динамикасын кез – келген кезеңде анықтау
• Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтау.
Критериалдық бағалауда – күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды. Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.
Критериалды бағалау технологиясының артықшылығы: нақтылық, әділдік, ынталандыру, белсенділікке жұмылдырады. Критериалды бағалау технологиясының оқытуды жақсартудағы 5 қағидасы мыналар:

  1. Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету.

  2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

  3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

  4. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

  5. Өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттігі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет