№3(26), қыркүйек 2015 1 «математика» БӨліміне қош келдіңіздер!



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата03.03.2017
өлшемі6,31 Mb.
#5892
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 cout<<"Исходный массив"<

 for (i = 0; i < n; i++) 

 { 


  cout<  for (j=0;j

 } 

 

 cout<

 cout<<"Матрица здания:"<


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

53 

 for(j = hm-1;j>=0;j--) 

 { 

  for(i=0;i

   cout<

  cout<

 } 

 max=0;kol=0; 



// поиск мах прямоугольника - анализ всех квартир подъезда вправо и вверх 

 for(i=0; i

 {  

  kol=0; 



  for (y=k-1; y

  { 


   kn=0; 

   for (x=i;x

   { 

    if(mm[x][y]==1 && mm[x][y-1]==1) kn++; else break; //подсчет кол-во квартир вправо 



   } 

   kol=kn*(y-(k-2)); //площадь прямоугольника с учетом вверх 

   if(kol>max) max=kol;  

   cout<<"i="<

  } 

 } 


 cout<<"max = "<

 zapf<

 vodf.close(); 

 zapf.close(); 

 system("PAUSE"); 

 return 0; 

Работа программы: 



n=6  k=2 

hm=6 


Исходный массив 

3 4 1 3 5 6 

Матрица здания: 

0 0 0 0 0 1 

0 0 0 0 1 1 

0 1 0 0 1 1 

1 1 0 1 1 1 

1 1 0 1 1 1 

1 1 1 1 1 1 

i=0  kol=2 

i=0  kol=4 

i=1  kol=1 

i=1  kol=2 

i=1  kol=3 

i=3  kol=3 

i=3  kol=6 

i=4  kol=2 

i=4  kol=4 

i=4  kol=6 

i=4  kol=8 

i=5  kol=1 

i=5  kol=2 

i=5  kol=3 

i=5  kol=4 

i=5  kol=5 

max = 8 


Жалғастыру үшін кез келген пернені басыңыз ... 

 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ



 

№3(26), қыркүйек 2015 

 

54 

«ГЕОГРАФИЯ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 

 

Құрметті жоғарғы сынып оқушылары!  

География  –  кішкентай  балалық  қызығушылық-

тан,  оқымысты  ғалымға  дейін  –  барлығы  зерттей-

тін ғылым. Бұл – ең ертедегі білім саласы. Оның түп 

тамыры,  мысалы  физика,  химия,  биология  және 

басқа  да  ғылымдарға  қарағанда,    сонау  ерте  ғасыр-

лардан  басталады.  География  жер  шарының  үстін 

адамдардың және жануарлардың, өсімдіктердің өмір 

сүру  ортасы  ретінде  зерттейді.  Ол  жанды  және 

жансыз  табиғатты, адамзат  қоғамының  оған  деген 

қатынасын,  сондай-ақ  табиғат  ресурсын  қалай 

пайдаланатындығын  қарастырады.  География  гео-

графиялық  ортаның  қоғам  дамуына  және  оны 

түрлендіруші адамзат әрекетінің рөлін ашады. 

 Не  үшін  географияның  рөлі  біздің  заманымызда 

соншалықты  маңызды  бола  түсті  және  соншалық-

ты  тез  өзгереді?  Иә,  өйткені  әлем  өте  елеулі  және 

қарқынды  өзгеруде,  сондықтан  да,  оның  біраз  бұрын 

ғана қандай болғандығын елестетудің өзі қиын. Біздің 

заманымызда географияны адамзатсыз, оған қамқор-

лықсыз  және  адамзаттың  әрекетінсіз  елестету 

мүмкін  емес.  Бүгінгі  география  –  бұл  табиғат  пен 

қоғамдық  үрдіс  және  құбылыстың  өзара  қатынасын  түсіну,  онан  да  маңыздысы  – 

оларды  болжай  білу.  Қазіргі  заманғы  географиялық  зерттеу  барысында  ғалымдар  

ертеден  белгілі  аймақтарда жаңа, тіпті  кей  уақыттарда  қайран  қаларлық  ғажайып 

жаңалықтар ашуда. Бірақ бұл – жаңа нысандарды табу емес, тек қана табиғаттағы 

және қоғамдағы географиялық заңдылықтарды ашу.          

Біздің журналдан сіздер көптеген танымдық және қызықты материалдарды таба 

аласыздар,  бұл  сіздерге  қазіргі  заманғы  адамдар  үшін  онсыз  мүлде  болмайтын 

географияға  жақсы  қатынаста  болуларыңызға  және  білім  алуларыңызға  көмектеседі 

деп сенеміз.  

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды және тілектеріңізді келесі мекенжайға 

жолдауларыңызға болады:  

070010, Өскемен қ. Серікбаев көшесі  19, ШҚМТУ, Г-1-136, 

8(7232)540-285 

av_egorina@mail.ru

 (география), 

8(7232)540-776 

gusarulka@list.ru

 (астрономия). 

 

«ГЕОГРАФИЯ» БӨЛІМІНДЕ 

 

БІЗДІҢ ОҚУ ҮРДІСІ 

География бойынша күрделі тапсырмаларды шешу мысалдары ............... 55 

Олимпиадаға дайындаламыз ....................................................................... 56 



МҰРА 

Көрнекті картограф – Герард Меркатор ....................................................... 59 



ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ .................................................................................. 60 

КОНКУРС 

«Жас талап-KZ көшбасшысы»...................................................................... 62 

 

Алёна Логиновская, 

 география ғылымдарының 

кандидаты, геодезия, 

картография және кадастр 

кафедрасының аға оқытушысы 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

55 

 



О ҚУ  ҮР ДІ СІ 

 

 



ГЕОГРАФИЯ БОЙЫНША КҮРДЕЛІ 

ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ МЫСАЛДАРЫ

 

 

Материалды дайындағандар: Алёна Логиновская, география ғылымдарының кандидаты, 

геодезия, картография және кадастр кафедрасының аға оқытушысы; 

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,  

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті 

  

1-тапсырма.  1-ші  кестеде  келтірілген  мәліметтерді  пайдаланып,  Алжир,  Чили  немесе 

Италия мемлекеттерінің қайсысында өлім-жітім көрсеткіші 1 мың тұрғынға есептегенде ең көп 

екендігін  анықтаңыз.  Өз  жауабыңызды  дәлелдеу  үшін,  қажетті  сандық  мәліметтерді 

(есептелінген)  немесе  талдауыңызды  жазыңыз.  Аталған  мемлекетте  неліктен  өлім-жітім 

көрсеткішінің көп екендігін түсіндіріңіз. 

1-кесте   

Алжир, Чили және Италияның демографиялық көрсеткіштері  

 

Алжир 


Чили 

Италия 


Тұрғындардың жалпы саны, млн адам. 

33,3 


16,3 

58,1 


15 жасқа дейінгі тұрғындардың үлесі, % 

35 


25 

14 


65 жастан асқан тұрғындардың үлесі, % 



19 

Туу көрсеткіші, ‰  

17,1 

15,0 


8,5 

Табиғи өсуі, ‰ 

12,1 

9,1 


-2,0 

Өмірдің болжалды ұзақтығы, жас 

73,5 

76,9 


80,0 

Қалалық тұрғындардың үлесі, % 

49 

87 


90 

 

Шешімі. 

Алдымен  әрбір  мемлекет  үшін  өлім-жітім  көрсеткішін  есептеу  қажет.  Бұл  үшін  негізгі 

формуладан ізделініп отырған шаманы шығарамыз: 

 

 

Кс (Алжир) 17,1 – 12,1 = 5, 

Кс (Чили) = 15 – 9,1 = 5,9, 

Кс (Италия) = 8,5 – (-2,0) = 8,5 + 2 = 10,5. 

  

Осыдан,  өлім-жітімнің  ең  үлкен  көрсеткіші  Италия  үшін  сипатталғанын  көруге  болады. 



Себебі: Италияның жас құрылымында 65 жастан асқан адамдардың үлесі ең көп.   

 

2-тапсырма.  2-ші  кестеде  келтірілген  мәліметтерді  пайдаланып,  А,  Б  және  В 

мемлекеттерінің  қайсысында  тұрғындардың  жас  құрылымы  бойынша  егде  жастағы 

адамдардың  үлесі  ең  көп  екендігін  анықтаңыз.  Өз  жауабыңызды  дәлелдеу  үшін,  қажетті 

сандық  мәліметтерді  немесе  талдауыңызды  жазыңыз.  Аталған  мемлекет  тұрғындарындағы 

егде жастағы адамдардың үлесінің неге жоғары болғандығының себебін көрсетіңіз.      

  



2-кесте  

А, Б және В мемлекеттерінің демографиялық көрсеткіштері 

 

А мемлекеті  Б мемлекеті  В мемлекеті 



Тұрғындардың жалпы саны, млн адам 

8,0 


149,0 

38,0 


15 жасқа дейінгі тұрғындардың саны, млн адам 

1,3 


49,2 

16,7 


65 жастан асқан тұрғындардың саны, млн адам 

1,2 


7,5 

1,5 


Туу көрсеткіші, ‰  

27 



41 

Табиғи өсу, ‰  



14 



Өмірдің болжалды ұзақтығы, жас 

80 


62 

50 


Қалалық тұрғындардың саны, % 

67 


24 

23 


Тұрғындардың орташа тығыздығы, адам/км² 

99 


1035 

14 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

 

№3(26), қыркүйек 2015 

 

56 

Шешімі. 

1. Мемлекет тұрғындарының жалпы санындағы 65 жастан асқан тұрғындардың үлесін (Д) 

есептеу керек: 

Д (А мемлекеті) = 1,2/8,0 = 0,15, 

Д (Б мемлекеті) = 7,5/149,0 = 0,05, 

Д (В мемлекеті) = 1,5/38,0 = 0,04. 

Алынған мәліметтерді пропорция әдісі көмегімен де есептеуге болады. Нәтиже пайызбен 

алынады: А мемлекеті – 15 %, Б мемлекеті – 5 % және  В мемлекеті – 4 %. 

Осыдан, жасы егде адамдардың ең көп үлесі А мемлекетінде екендігін көруге болады.   

2.  Себебі:  А  мемлекетіндегі  туу  көрсеткішінің  төмендігі,  сонымен  қатар  аталған  елдегі 

орташа өмір сүру ұзақтығының жоғарылығы. 

 

Әдебиеттер 

1.  Аксенова,  М.Ю.  Единый  государственный  экзамен.  География.  Решение  демографи-

ческих задач [Текст]: Методические рекомендации в помощь учителям географии / М.Ю. Ак-

сенова, Е.В. Храмова; Под ред. В.В. Зарубиной. - Ульяновск: УИПКПРО, 2010. - 15 с.  

2. Решение трудных задач ЕГЭ по географии [Текст]:  Методические рекомендации в по-

мощь учителям географии /Авт.-сост.: М.Ю. Аксенова, Е.В. Храмова. – Ульяновск: УИПКПРО, 

2009. -  54 с. с. 

3. Статистика в курсе экономической и социальной географии [Текст]: Методические ре-

комендации  в помощь учителям  географии /  Авт.-сост.:   Аксенова  М.Ю.,  Храмова  Е.В.;  Под 

ред. В.В. Зарубиной. - Ульяновск: УИПКПРО, 2010. -  20 с. 

 

 

 

 

ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАЛАМЫЗ

 

 

Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,  



экономикалық теория және нарық кафедрасының доценті;  

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,  

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті 

 

Тапсырма 



География бойынша аймақтық олимпиада үшін  

 (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, мамыр 2015 ж.) 

 

1-тапсырма.  Ерте  заманда  Жер  қабықтары:  гидросфера,  литосфера,  биосфера, 

атмосфера қалыптасты. Олар қандай реттілікпен қалыптасты? Осы реттілікті түсіндіріңіз.  



Жауабы:  литосфера,  гидросфера,  атмосфера,  биосфера.  Алдымен  (шамамен  4  млрд 

жыл  бұрын)  протопланеталық  заттардан  Жердің  ішкі  және  сыртқы  ядросы  (өзегі)  және 

астеносфера  (мантия)  қалыптасты  және  ол  біртіндеп  суынып,  ерте  палеозойда  жердің 

қыртысы  қалыптасқан  (Жердің  қатты  қабығы).  Жоғарғы  палеозойда  гидросфера 

жанартаулардың жаппай атқылауларынан қалыптаса бастайды, бұнда көп мөлшерде су буы 

шығарылады  және  ол  біртіндеп  сұйықталу  жағдайында  Жер  бетіндегі  бірінші  су  айдынын 

түзеді.  Шамамен  осы  уақытта  Жер  қойнауынан  көп  мөлшердегі  әртүрлі  газдардың  бөлініп 

шығуымен,  олардың  сумен  әрекеттесуі  барысында  оттегінің  молекуласын  босата  бастауы 

есебінен  атмосфера  қалыптасады.  Жерде  судың  пайда  болуымен  биосфера  –  белокты 

заттардың қабығы және жанды организм қалыптаса бастайды. 

 

2-тапсырма.  Төменде  келтірілген  нысандар  тізілімінен  Оңтүстік  жартышардағыларын 

таңдаңыз: Брахмапутра, Луалаба, Стип-Поинт, Винсон, Ла-Плата, Атабаска, Гиндукуш, Мон-

блан, Дарфур, Арнемленд, Эребус, Рорайма, Мерчисон, Демавенд, Намиб, Маракайбо, Мит-

челл, Танганьика, Попокатепетль, Гальинас. Оларды кестеде топтар бойынша бөліңіздер.  



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

57 

Жауабы: 

Жер бедерінің пішіні 

Нысандардың географиялық 

орналасуы  

Гидросфера нысандары 

Винсон 


Ла-Плата 

Гиндукуш 

Монблан 

Намиб 


Попокатепетль 

Дарфур 


Эребус 

Рорайма 


Демавенд 

Митчелл 


Стип-Поинт 

Арнемленд 

Мерчисон 

Гальинас 

Луалаба 

Брахмапутра 

Атабаска 

Маракайбо 

Танганьика 

 

 



 

 

3-тапсырма.  Егер  ұшақ  Каирдан  Оңтүстік  бағытқа  675  км\сағ.  орташа  жылдамдықпен 

ұшып  шықса  және  жолдағы  ұшу  уақыты  3,5  сағат  болса,  ол  қайсы  елдің  территориясына 

қонды. Мемлекетті және оның астанасын көрсетіңіз. Есептеу жүргізіңіз.  

Жауап:  Эфиопия  Республикасы,  астанасы  Аддис-Абеба.  (675  км  х  3,5  сағ  =  2362,5  км, 

Каирдан оңтүстік бағытта Аддис-Абеба қ. дейінгі арақашықтыққа сәйкес келеді).   



 

4-тапсырма. Мәтіндегі бос орындарды толтырыңыз: 

Европалық  мемлекет    _________  бірдей  атаудағы  таулы  аралда  орналасқан.  Жағалау 

сызығы терең бұғазбен кесілген. Ауданы – 103 мың кв.км. Ол теңіз ресурстарын қоспағанда 

табиғи  ресурстарға  өте  кедей.  Басты  байлығы  –  гидро-  және  геотермальды  энергия.  Негізгі 

экономкасын саяхат, балық шаруашылығы құрайды. Астанасы – ___________ қаласы. 

Жауабы: Исландия Республикасы, Рейкьявик. 

 

5-тапсырма. Берілген мемлекеттер және өнімдер тізімінен таңдап, тізілімдегі мемлекет-

тер үшін сипаттық өнім экспортын көрсетіңіз (бір ел – бір өнім). 

Мемлекеттер: Чили, Науру, Беларусь, Ямайка, Бразилия, Түрікменстан, Нигерия, ОАР. 

Өнім экспорты: мұнай, газ, алтын, мыс, темір рудасы, боксит, фосфорит, калийлі тұздар. 



Жауабы: Чили – мыс; Науру – фосфорит; Беларусь – калийлі тұздар; Ямайка – боксит; 

Бразилия – темір рудасы; Түрікменстан – газ; Нигерия – мұнай; ОАР – алтын. 



 

6-тапсырма.  Егер  жердің  өсі  Жер  орбитасының  жазықтығына  перпендикуляр  болған 

болса,  уақыт өте келе Жер бетінде жағдай қалай өзгерер еді?  



Жауабы:  Жер  өсінің  Жер  орбитасының  жазықтығына  салыстырмалы  перпендикуляр 

жағдайында жыл ауысымы болмаған болар еді. Жер бетіндегі әрбір нүкте жыл бойы бірдей 

шамадағы күн жылуын алған болар еді. Ауа райы географиялық ендікке тәуелді болар еді. 

 

7-тапсырма.  Келесі  изосызықтар  көмегімен  тең  шамалар  қандай  көрсеткіштерді 

сызады? Аталған көрсеткіштер қандай аспап көмегімен өлшенеді? 

 

Изосызықтар 

атауы 

Көрсеткіштер 

Аспаптың атауы 

Изотерма 

Градус өлшеміндегі ауа температурасы 

Термометр (сынапты) 

Изохорна 

Ауаның жылу сыйымдылығы ккал \ куб см 

Калориметр (адиабаттық) 

 

8-тапсырма.  Картада  көрсетілген  1  –  17;  I  –  III  сандарымен  қандай  географиялық 

нысандар көрсетілген. 



Жауабы: 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

 

№3(26), қыркүйек 2015 

 

58 

 

Мемлекеттер: 



1. Канада 

2. АҚШ 


3. Мексика 

 

Қалалар: 



4. Сиэтл 

5. Солт-Лейк-Сити 

6. Сан-Франциско 

7. Лос-Анджелес 

8. Монтерей  

 

Шығанақтар: 



9. Мексика 

10. Калифорния 

Жарты аралдар:  

11. Калифорния 

 

Өзендер: 



12. Колумбия 

13. Миссури 

15. Колорадо 

16. Рио-Гранде 

 

Көлдер: 


14. Үлкен Соленое 

 

Шатқалдар: 



17. Үлкен каньон 

 

Ұлттық саябақтар: 



I. Йеллоустонск 

II. Өлім аңғары 

III. Йосемитск 

 

9-тапсырма.  «Көліктік-географиялық  жағдай»,  «Экологиялық-географиялық  жағдай», 

«Көп  еңбекті  қажет  ететін»,  «Ғылыми  зерттеуді  қажет  ететін»  экономикалық-географиялық 

түсініктеріне анықтама беріңіз. 



Жауап:  «Көліктік-географиялық  жағдай»  –  бұл  қаланың,  ауданның  (аймақтың)  немесе 

мемлекеттің  көліктік  тораптарға,  көліктік  жол  тоғысуларының  тораптарына  және  ағынына 

қатынасы  бойынша  жағдай.  Экономикалық-географиялық  нысандар  жағдайының  ерекшелігі 

территориялық  қамтуы  сипатымен  анықталады  (макрожағдай,  мезожағдай  және  микрожағ-

дайларға бөлінеді). Топологиялық және функцианальды көрсеткіштерімен, қолжетімділігімен 

өлшенеді. Маңызды саналатын көршілес көліктік тораптардан және магистральдардан жақын 

немесе  алыстығы  анықталады.  Теңіз  порттарының көліктік-географиялық  жағдайы,  мысалы, 

егер  олар  портқа  түсетін  немесе  одан  шығатын  ірі  тұтынушылық  және  тауар  өндіруші 

орталыққа  жақын  орналасса,  пайдалы  болады.  Көліктік-географиялық  жағдайдың  негізгі 

түрлері:  орталық,  шалғайдағы,  ішкі,  магистральды,  транзитті,  пайдалы  және  пайдасыз, 

тылдық (көлік жолынан алыс), тұйық, жағалаулық (теңіз жағалауы), таулық.    

«Экологиялық – географиялық жағдай»  

А) су және әуе бағытының ағынын; 

Б) көліктік байланыстың басқа да мемлекеттермен мүмкіндігін; 

В) көршілес елдердің ірі аудандарының орналасуын; 

Г) әскери қауіптің мүмкіндігін ескереді.  

«Көп  еңбекті  қажет  ететін»  –  өнім  бірлігін  шығаруға  жұмсалатын  жұмыс  уақытының 

шығыны.  Оған  кіретін  еңбек  шығындарының  құрамына  байланысты  технологиялық  еңбек 

шығыны, өндіріске қызмет көрсетудің еңбек шығыны, өндірістік еңбек шығыны және өндірісті 

басқарудың еңбек шығыны болып бөлінеді.  

 «Ғылыми  зерттеуді  қажет  ететін»  –  бұл  өнім  өндірудің  жалпы  шығынындағы  ғылыми 

зерттеуге және конструкторлық жасап шығаруға (ҒЗКРЖ)  кететін шығынның деңгейі.   



 

10-тапсырма.  ГЭС-тің  ГРЭС-тен  айырмашығы  қандай?  Қазақстандағы  ең  қуатты  екі 

ГРЭС-ті атаңыз. 



Жауап: ГЭС – бұл  гидроэлектр станциясы, өзен суы ағынының күшін пайдалану арқылы 

электр энергиясын шығаруға қажет етіледі.    

ГРЭС – бұл қалалық аудандық электр станциясы, жанар заттарды (көмір, мазут, газ) жағу 

жолымен электр энергиясын шығаруға арналған. 

Қазақстандағы  ең  қуатты  екі  ГРЭС  –  бұл  Павлодар  облысындағы  жалпы  қуаты  5  мың 

мегаваттан артық Екібастұз ГРЭС-1 және Екібастұз ГРЭС-2.



 

 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

59 

 МҰРА 


 

КӨРНЕКТІ КАРТОГРАФ –  

ГЕРАРД МЕРКАТОР

  

 



Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,  

экономикалық теория және нарық кафедрасының доценті;  

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,  

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті 

 

Меркатор,  Герард (Mercator,  Gerhardus)  –  Герард  Кре-



мердің латынша аты, фламандық картограф және географ. 

Ол  1512  ж.  5  наурызда  Рупельмонда  (Шығыс  Фландрия, 

қазіргі кезде – Бельгия) туылған. Ол оның атымен аталатын 

картографиялық  проекцияның  авторы  ретінде  өте  таны-

мал.  Меркатор  осы  тең  бұрышты  цилиндрлік  проекцияны 

дүниежүзінің  18  беттен  тұратын  (1569  ж.)  навигациялық 

картасын  құрастыруда  бірінші  рет  пайдаланған.  Г.  Мерка-

тордың  Проекциясы  картадағы  бұрыштар  мен  пішіндер 

бұрмаланбайтындығымен, ал арақашықтық экваторда ғана 

сақталатындығымен  ерекшеленеді.  Қазіргі  кезде  ол  теңіз 

навигациялық  және  әуе  навигациялық  карталарын  құрас-

тыруға  пайдаланылады.  Қазіргі  тарихи-картографиялық 

зерттеулер  нәтижесінде  мұндай  проекциялардың  1511 

жылдары  қолданыста  болғаны  белгілі  болғанымен,  оның 

кең  көлемде  пайдаланылуы Г.  Меркатордан басталады. Г. 

Меркатор  алғашында  Хертогенбоста  (қазіргі  Нидерланд)  оқыды,  ал  әрі  қарай  географ-ойма 

шебері      Райнер  Гемма-Фриздің  шәкірті  болған,  Лувенск  университетінде  (қазіргі  кездегі 

Бельгия)  оқыды.  1532  жылы  университетті  бітіргеннен  кейін,  Гемма-Фризбен  бірлесіп  Жер 

және Айдың глобусын құру бойынша жұмыс істеді, сонымен бірге дәл оптикалық құралдарды 

жасаумен,  география  және  астрономиядан  сабақ  берумен  айналысты.  1537  жылы 

Палестиннің 6 беттік картасын, 1538 жылы дүниежүзі картасын шығарды (онда ол бірінші рет, 

жекелеген  күмән  тудырған  оңтүстік  материктің  орнын көрсетті).  Бұл  екі жұмысы  Меркаторға 

картограф  атану  құрметін  әкелді  және  оған  Фландрияның  картасын  жасауға  ұсыныс 

жасалынды, ол оны 1:540 масштабында құрастырды. 

Келесі  жылы  Қасиетті  Рим  империясының  императоры  Карл  V  Меркаторға  астрономия-

лық құралдардың жиынтығын жасауды тапсырды. 1541 жылы Г. Меркатор Жердің глобусын, 

10  жылдан  кейін  Айдың  глобусын  құрастырып,  оларды  1552  жылы  Карл  V  тарту  етті.  1544 

жылы  Г.  Меркатор  протестанттарға  ниеттес,  дінбұзушы  деген  күдікпен  қолға  алынып,  көп 

ұзамай  босатылады.  Католиктік  Фландрияда  өз  өмірінің  қауіпсіздігінен  қорыққан  ол,  герцог 

Клев-Юлих-Бергтің  ұсынысын  қабылдайды  және  1552  жылы  Дуйсбургқа  (Германия)  қоныс 

аударады.  1544 жылы  Г.  Меркатор  Европа картасын  15 бетте  жариялайды.  Онда  ол  ежелгі 

гректің  географы  Птолемейдің  заманынан  бері  қайталанып  келе  жатқан  қателікті  дұрыстап, 

бірінші рет Жерорта теңізінің кескінін дәл көрсетеді.  

1563  жылы  Г.  Меркатор  Лотарингия  картасын,  ал  1564  жылы  Британия  аралдарының 

картасын  (8  бетте)  құрастырды.  1569  жылы  Г.  Меркатор  «Хронология»  (Chronologia)  – 

астрономиялық  және  картографиялық  жұмыстарға  шолуын  жариялады.  Үш  жылдан  кейін 

Европаның  жаңа  картасы  15  бетте  шығарылды,  ал  1578  жылы  –  «Птолемей  Географиясы» 

жаңа басылымы үшін, ойылып істелген карта шығарылды, осыдан кейін Атлас (бұл терминді 

карта жиынтықтарын белгілеу үшін бірінші рет Г. Меркатор ұсынған) бойынша жұмыстарына 

кірісті.  Атластың  бірінші  бөлігі  Франция,  Германия  және  Бельгияның  51  картасымен  1585 

жылы шықты, екінші бөлігі – Италия және Грецияның 23 картасымен 1590 жылы, ал үшіншісі 

–  36  Британия  аралдарының  картасымен  жасалынып,  оны  Г.  Меркатор  қайтыс  болғанан 

кейін, ұлы Румольд 1595 жылы шығарды. 

Г. Меркатор Дуйсбургте 1594 жылдың 2 желтоқсанында қайтыс болды.  

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

 

№3(26), қыркүйек 2015 

 

60 

 ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ 



 

Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,  

экономикалық теория және нарық кафедрасының доценті;  

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,  

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті 

  

1-тапсырма.  Мұнда  сөзжұмбақ  торларына,  үзіндіде  (фрагмент)  көрсетілген  нысанның 

тікелей  өзін  емес,  сонымен  байланысты  басқасын  жазу  ұсынылған.  Контур  бойынша  мем-

лекеттің астанасын табу қажет (1-сурет). 

 

АСТАНАЛАР 

 

Берілген сөзжұмбақта суретте көрсетілген картадағы мемлекеттің астанасын жазу керек 



 

 

 



Көлденеңінен

 

Тігінен

 

 

 



 

 

1-сурет  

 

2-тапсырма.  Бұл  жағдайда  карта  үзіндісі  сұрақтың  бір  бөлігі  ретінде  пайдаланылады. 

Оқушылардың  үлкен  картадан  үзіндінің  жалғасын  табуы  және  үзіндіге  (2-сурет)  берілген  



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

61 

географиялық сипаттағы сұрақтардың жауабын еске сақтауы қажет. Мұндай тапсырмаларды 

орындау  үшін,  тек  қана  картаны  білу,  бағдар  жасай  білу  білімі  ғана  емес,  сонымен  қатар 

жалпы географиялық білімі, жалпы білімдарлығы талап етіледі. 

 

 

 

 

2-сурет 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

 

№3(26), қыркүйек 2015 

 

62 

 КОНКУРС 

 

«ЖАС ТАЛАП-KZ көшбасшысы»

 

 

І тур 

 

1-тапсырма.  Сауд  Аравиясы,  Нигерия  және  Мексиканың  экономикалық-географиялық 

салыстырмалы сипатамасын жүргізу.  

(20 балл) 

 

 



Жоспар 

Сәйкестік

тері 

Айырмашылықтары 

Сауд  

Аравиясы 

Нигерия  Мексика 

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық типі  

 

 

 



 

2. Мемлекеттік құрылымы және астанасы 

 

 

 



 

3. Географиялық жағдайы 

 

 

 



 

4. Табиғи жағдайы және ресурстары 

 

 

 



 

5. Тұрғындарына тән ерекшелік 

 

 

 



 

6. Маманданған өнеркәсіп салалары 

 

 

 



 

7. Маманданған ауылшаруашылық салалары   

 

 

 



 

2-тапсырма.  Кестеде  берілген  мәліметтер  бойынша  минералды  шикізаттардың  кейбір 

түрлерімен  қамтамасыздандырылуын  есептеу  керек.  Алынған  мәліметтерді  кестенің 

«ресурстық қамтылуы» бағанасына жазу керек. 

(20 балл) 



 

Кейбір елдердің минералды шикізаттың кейбір түрлерімен ресурстық қамтылуы 

 

Мемлекеттер 

Қоры 

(млрд тонн) 



Қазба байлығы 

(млн тонн) 

Ресурстық қамтылуы

  

(жылына) 



мұнай 

көмір 


темір 

рудасы 


мұнай 

көмір 


темір 

рудасы 


мұнай  көмір 

темір 


рудасы 

Жалпы 


дүниежүзі  

139,7 


1725 

394 


3541 

4700 


906 

 

 

 

Ресей 


6,7 

200 


71,0 

304 


281 

107 


 

 

 

Германия 

0,2 

111 


2,9 

12 


249 



 



 

 

Кытай 


3,9 

272 


40,0 

160 


1341 

170 


 

 

 

Сауд Ара-

виясы 

35,5 


404 





 



 

 

Индия 


0,6 

29 


19,3 

36 


282 

60 


 

 

 

АҚШ 


3,0 

445 


25,4 

402 


937 

58 


 

 

 

Канада 


0,7 

50 


25,3 

126 


73 

42 


 

 

 

Бразилия 

0,7 

12 


49,3 

61 


29 

162 


 

 

 

ОАР 


130 


9,4 

206 



33 

 

 

 

Австралия 

0,2 

90 


23,4 

29 


243 

112 


 

 

 

 

 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

63 

3-тапсырма.  Келтірілген  сурет  бойынша  географиялық  нысандарды  анықтаңыздар. 

Арал  қайсы  мемлекеттің  меншігіне  жатады?

 Суреттегі  барлық  географиялық  нысандардың 

атауын көрсетіңіз.  

(20 балл) 

 

 



 

4-тапсырма. Сіз 

Афанасий Никитин  туралы және оның «Ү

ш теңізден ары қарай саяхат

» 

атты  әдеби  шығармасын  естідіңіз  бе?  Оның  туған  жылы  белгісіз,  ал  қайтыс  болған жылы  – 



1475  жыл,  қаңғырып  кеткеннен  кейін  үйіне  қайтпаған.  А.  Никитин  болған  дүниенің  бөлігін, 

теңіздердің қазіргі және бұрынғы атауларын атаңыз.  

(20 балл) 

 

5-тапсырма

А) Картада Токиодан Пекинге дейінгі арақашықтық 30 см, бұл аралық жер бетінде 1500 км. 

Осы аралыққа картаның қандай масштабы сәйкес келеді?  

 (5 балл) 

В)  Келесі  аспаптар  не  үшін  пайдаланылады:  нивелир,  барометр,  компас,  флюгер, 

рулетка? 

(5 балл) 

С) Жер шарын айналып шығу саяхатының қайсысы ең қысқа:  

1) 60

0

 параллель бойынша немесе экватор бойынша? 



2) 60

0

 меридиан бойынша немесе  30



0

 меридиан бойынша? 

Жауабын дәлелдеңіз.  

(10 балл) 



 

 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

64 

«СӘУЛЕТ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

 

Сәлеметсіздер ме, қымбатты жоғарғы сынып 

оқушылары! 

Сәулет өнері оның мамандығына, әлеуметтік жағ-

дайына  қарамай  адам  өмірінде  үнемі  кездеседі.  Уақы-

тымыздың басым бөлігін біз тұрғын үй, мектеп немесе 

университет, кеңсе, дүкен, кинотеатр, ресторан неме-

се  басқа  ғимараттарда  өткіземіз.  Қаладағы  барлық 

әрекетіміз  –  бір  ғимараттан  басқасына  ауысу.  Сана-

мыздан тыс, қай жер ыңғайлы болса, сол жерде көбірек 

қалғымыз  келеді,  қай  жер  қолайсыз  болса,  тезірек 

кеткіміз  келеді.  Ғимаратты  тартымды  әрі  қолайлы 

етудің  құпиялары  өте  көп.  Бұл  атқаратын  қызмет-

терінің  өзектілігі  және  бөлмелер  құрамы,  сыртқы 

келбеті  мен  конструкциясы,  сол  секілді  дизайн  эле-

менттері  –  жарық  пен  түс,  материал,  фактура, 

қондырғы, көрінетін коммуникация және басқалар.    

Қала  ішін  аралай  жүріп,  сәулет  өнері  мен  сәулет-

тік  дизайнның  әсеріне  берілеміз.  Құрылыс  саласының, 

жеке кәсіпкерліктің қазіргі заманауи даму шарттарын-

да, білікті сәулетші және дизайнер мамандарының рөлі 

арта түсуі таңғаларлық емес.  

Сәулет  өнерін  оқып  үйрену  күрделі  де,  қызықты,  оны  тек  аудиторияда  оқыту 

жеткіліксіз.  Өз  бетінше  көп  жұмыс  істеу  қажет,  әдебиеттерді,  нормативтік 

анықтамаларды  оқу  қажет,  заманауи  ағымдарды  көзден  таса  жібермеу  қажет. 

Сәулет  өнерін  ең  тамаша  оқу  –  тарихи  және  заманауи  төл  туындылармен  тұрған 

жерінде тікелей барып танысу.  

Өскеменде  XIX-XX  ғасырдың  басындағы  сәулет  өнерінің  тамаша  ескерткіштері 

бар, олармен студенттер жаздық – өлшемдік, танысу, пленэрлік практикаларда оқып 

танысады.  Өскеменнің  тарихи  сәулет  өнері  және  студенттердің  практикалары 

жайлы журналдың осы нөмірінен оқи аласыздар. Әлемдік сәулет өнерінің тарихымен 

таныстыруды  жалғастыра  отырып,  осы  нөмірде  XIX    ғасырдағы,  Өскемен  сәулет 

өнерінде де көрініс тапқан – тарихилық ағымы жайлы мақала ұсынылған. «Шығарма-

шылық емтихандарға дайындаламыз» бөлімінде сурет және сызу бойынша емтихан-

дарға өз бетінше дайындық үшін кезекті әдістемелік нұсқаулар берілген.  

Барлық  сұрақтар  бойынша  мына  мекенжайға  хабарласыңыз:  070010,  Өскемен  қ., 

Серікбаев  к.,  19,  Д.  Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ,  «Сәулет  өнері  және  дизайн» 

кафедрасы, ауд.  Г-2-205, Г-2-208, тел. 8-723-2-54-09-53, e-mail: 

PMikhnova@ektu.kz

,  

 

 

«СӘУЛЕТ» БӨЛІМІНДЕ 

 

ОҚУ ҮРДІСІ 

Университеттен тыс оқыту: жаздық практикалар ........................................ 65 



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРҒА ДАЙЫНДАЛАМЫЗ 

Гипс бас элементтерінің суреті. І бөлім – көз суреті.................................... 67 

Сызу. Өз бетінше жұмыстарға арналған есептер ........................................ 69 

МҰРА 

Тарихилық – ұмытылмас өткен уақыт ......................................................... 71 

Өскемен қаласының ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы 

сәулет өнерінің ерекшеліктері ...................................................................... 73 

 

Полина Михнова, 

сәулет өнері кандидаты, 

сәулет және дизайн 

кафедрасының аға оқытушысы 

 


 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

65 

 ОҚУ ҮРДІСІ 

 

УНИВЕРСИТЕТТЕН ТЫС ОҚЫТУ: 



ЖАЗДЫҚ ПРАКТИКАЛАР 

 

Материалды дайындағандар: Полина Михнова, сәулет өнері кандидаты,  

сәулет өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы;  

Зухра Есполова, жалпыинженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы  

 

ЖОО-да  оқу  үрдісі  аудитория  партасында  отыру  ғана  емес,  әсіресе,  егер  ол  сәулет 



өнері  және  дизайн  жайлы  болса.  Студенттер  сабақтардың  әртүрлі  формалары: 

аудиториялық  жұмыс,  студенттің  өз  бетінше  жұмысы,  кітапханада  әдебиетті  оқу  және  тағы 

басқалар  арқылы  білім  алады.  Студенттердің  оқу  жылының  соңында  өтетін  түрлі 

практикаларының  маңызы  зор.  Практика  Өскемен  қаласында  немесе  басқа  қалада  өтуі 

мүмкін.  Кез  келген  практика  барысында  студенттер  оқу  жылы  көлемінде  алған  білімдерін 

бекітіп,  жетілдіреді.  Бірінші  курсты  аяқтаған  соң,  студенттер  өлшемдік  практиканы, 

таныстыру  (дизайнерлер)  практикасын,  геодезиялық  (сәулетшілер)  практиканы  өтеді;  ал 

екінші  курстан  соң  –  пленэр  (сурет,  көркемсурет)  практикасын  өтеді.  Бұл  мақалада  біз 

өлшемдік және пленэрлік практика жайлы кеңірек айтатын боламыз.  

Студенттер  бірінші  курс  бойында  сәулет  өнерін  тарихи  ескерткіштер  негізінде  оқып 

үйренеді:  пішін  құралуының  негізгі  заңдарымен,  констуктивті  жүйелермен,  қасбет 

композициясымен,  сондай-ақ  сызбаларды  орындау  ережелерімен  танысады.  Осы  алынған 

білімдер  өлшемдік  практика  арқылы  бекітіледі.  Өскемен  қаласында  өлшем  жұмыстарын 

жүргізу  объектілері  ретінде  Халықтар  достығы  үйі,  облыстық  драмтеатр,  мұражайлар 

ғимараттары,  ММҮ  және  тағы  басқа  тарихи  ескерткіштер  алынады.  Егер  осы  сынды 

жұмыстар  ШҚО  мәдениет  департаменті  тарапынан  талап  етілсе,  онда  студенттерді 

жетекшілерімен  бірге,  құнды  сәулеттік  ескерткіштердің  өлшемін  алу  үшін  басқа  қалаларға 

(Семей,  Зырян)  жібереді.  Бүкіл  процесс  екі  кезеңнен  –  даладағы  жұмыстар  және 

аудиториядағы  жұмыстардан  тұрады.  Студенттер  бірінші  кезеңде  нақты  объектінің 

өлшемдерін  жасап,  ғимараттың  пропорцияларымен,  конструкция  ерекшеліктерімен,  қасбет 

пластикасымен, сәулеттік сынықтармен танысады (1-сурет). Өлшемдері бар эскиздер кроки 

деп  аталады.  Осылардың  негізінде  аудиторияда  студенттер  қасбет,  план,  бөлшектер 

сызбаларын орындайды. Барлық сызбалар бір жинаққа тігіледі. 

Бұл  жұмыс  студенттерді  ұжыммен  жұмыс  жасауға  үйретеді,  себебі  мұнда  барлық 

сызбалар  бір-бірімен  байланысқан.  Өлшемдерді  салыстырып,  оларды  түзету  қажет,  басқа 

беттерге  сілтемелер  жасау  керек,  сондықтан  студент  өзінің  жеке  жұмысын  орындамаса, 

бүкіл топқа кедергі болуы мүмкін.  

Өлшемдік  практикада  дәлдік  қажет  инструменттер  қолданылады  (деңгей,  теодолит, 

тіктеуіш (отвес)), сызбаларды ыждағаттылықпен орындауды талап етеді. 

 

 



 

 

Халықтар достығы үйі, Өскемен 

Баспахана. Семей 

1-сурет – Студенттер өлшемдік практикада

 


 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

66 

Студенттер  екінші  курстан  соң,  пленэрлік  практика  өтеді.  Өлшемдік  практикаға 

қарағанда  бұл  практика  студенттің  шығармашылық  потенциалын  аша  түседі.  «Пленэр» 

термині француздың en plein air  «на открытом воздухе – ашық ауада» деген сөз тіркесінен 

шыққан,  табиғи  жарықтағы  объектілерді  кескіндеудің  көркемдік  техникасын  білдіреді. 

Пленэрлік  практика  сурет  және  көркемсуреттен  тұрады.  Студенттер  өсімдіктер,  жәндіктер, 

жапырақтар,  гүлдер  элементтерін  салады.  Содан  кейін  жеке  тұрған  ағаштарды  салады. 

Біртіндеп  күрделене  түседі,  олар  көп  планды  пейзаждар,  көше  перспективаларын,  бірегей 

сәулеттік объектілерді орындайды (2, 3-суреттер).   

 

 



 

 

 



2-сурет – Студенттер пленэрлік практикада

 

 



 

 

3-сурет – Пленэрлік практикада салынған сурет. Жамбыл паркі

 

 

Суретте  перспектива  сызығы  аса  маңызды  болатын қала ортасына, сәулетіне, панора-



малық  көріністерге  үлкен  роль  жүктеледі  (3-сурет);  көркемсуретте  сулы,  бұлтты,  гүлді 

табиғат  пейзаждарына  зор  маңыз  беріледі,  яғни  түсіне,  жоспарлылығына,  кескініне  және 

рефлекстерге  акцент  жасалады.  Соңында  барлық  жұмыстардан  паспарту  (сурет 

айналасындағы  жиектеме)  жасалады.  Таңдаулы  жұмыстар  өнер  залының  көрмесіне 

қойылады.  

Практикада жұмыс істеу қызықты, университеттегі қоңыраудан қоңырауға дейінгі кестеге 

қарағанда, икемді кесте бойынша жүргізіледі. Өлшемдік және пленэрлік практика парктерде, 

қаланың  тарихи  бөліктерінде,  табиғатта,  су  жағасында,  оқуды  демалыспен  ұштастыра 

отырып  жүргізіледі.   

 

 



 

 

 



 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

67 

 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРҒА  

ДАЙЫНДАЛАМЫЗ 

 

ГИПС БАС ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ СУРЕТІ. 



І БӨЛІМ – КӨЗ СУРЕТІ  

 

Материалды дайындағандар: Елена Феоктистова, сәулет өнері кандидаты,  

сәулет өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы; 

Зухра Есполова, жалпы инженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы  

 

Гипс бастың салынуының негізгі кезеңдері мен принциптерін меңгерген соң, көз, мұрын, 



және ауыз секілді жекелеген элементтердің суреті әдістемесін оқып үйренуге көшеміз. Әдет-

те, Давид көзін натурадан сала отырып, көзді бейнелеуді бастаймыз (1, а, б-сурет). 

 

 

 



а 

б 

1-сурет –  а) Давидтың басы; б) Давид көзінің гипс моделі 

 

Салуды  бастамас  бұрын  көздің  пластикалық  анатомиясымен  танысу  қажет  және  көз 



бөліктерінің бірнеше негізгі атауларын есте сақтау керек (2-сурет, сол жақта). Көздің негізін 

көз  алмасы  құрайды,  оның  пішіні  шарға  ұқсас  (2,  1-сурет).  Көз  алмасы,  түрлі  факторларға 

байланысты, көз ойығында түрлі жағдайда орналасуы мүмкін.  

 

 



 

1 – көз алмасы, 2 – құбылмалы қабық, 3 – қарашық, 4 – жоғарғы қабақ, 5 – төменгі қабақ,  6 – жасағар,            

8  –  көздің  ішкі  бұрышы,  9  –  көздің  сыртқы  бұрышы,  12  –  жоғарғы  қабақ  қатпары,  13  –  төменгі  қабақ 

қатпары, 14 – көз үсті шеті, 15 – қас 

2-сурет – Көздің анатомиялық құрылымы (негізгі элементтері) – сол жақта; 

көз алмасының формасы – оң жақта 

 

 



 

 


 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

68 

Жоғарғы және төменгі қабақтың суретте кескінделуге тиісті қалыңдығы болатынын есте 

сақтаған  маңызды.  Мұнда  қабақтың  қалыңдығы  көз  пішіні  бойынша  көзқарас  пен  ракурс 

бағытына  сәйкес  өзгеруі  тиіс.  Жоғарғы  қабақтың  қалыңдығы  құбылмалы  қабықтан  өте 

отырып, сәл көтеріледі. 

Көз  суретін  бетте  композициялық  орналастырудан  және  жалпы  габарит  өлшемдерін 

(биіктігі,  ені,  ұзындығы),  перспектива-

ны  ескере  отырып,  белгілеуден  бас-

таймыз.   

Ары  қарай  көздің  ірі  бөліктерінің:  

көздің  ені  және  биіктігін,  қабақтың 

енін,  жасағар  мен  қарашықтың  орна-

ласуына  орай  қатынастарын  анықтай-

мыз.  Көздің ең кең ашылатын жерінде 

вертикаль осьтік сызық белгіленеді, ол 

үнемі  құбылмалы  қабықтың  ортасы 

арқылы  өтеді.  Көздің  орналасуын 

анықтайтын  және  өзгеріссіз  қалатын 

маятниктік нүктелер ретінде көздің ішкі 

бұрыштары  қала  береді.  Анфаста 

орналасқан  көз  ромб  тәрізді  болады, 

ал  профиль  орналасқан  көз  үшбұрыш 

тәрізді болады (3-сурет). 

Көздің  барлық  бөліктерін  мұқият 

біріктіре  отырып,  жасағар  пішініне,  көздің  жоғарғы  және  төменгі  бөліктерінің  қатынасына 

назар  аударамыз.  Әдетте  жоғарғы  жартысы  жоғарғы  қабақтың  айқын  иілуінің  нәтижесінде 

төменгі  жартысынан  біршама  үлкен  болады.  Ары  қарай  жарық-реңдік  сурет  құралдары 

көмегімен көз көлемін анықтауға көшеміз (4-сурет). 

 

 

 



 

4-сурет – Көздің жарық-реңдік суретінің бастапқы кезеңі [1]

 

 



 

Жоғарыда  келтірілген  материалды  меңгеру  үшін  төмендегі  жаттығуларды  орындау 

ұсынылады: 

1. А3  форматының  бетінде  жарық-реңдік  орайластыруды  қолдана  отырып,  4-сурет 

көшірмесін орындаңыз.   

2. А4  форматының  бетінде  адам  көзінің  натурадан  кішкентай  кескіндемелерін  анфас, 

профиль, төрттен үш сынды  ракурстарда орындаңыз.  

3. А4  форматының  бетінде  Давид  көзінің  1,  б-суретін  кескінін  қолдана  отырып  орын-

даңыз.  

_________________________  



Ескерту: мақаланы әзірлеуде төмендегі әдебиеттер қолданылған:  

1.  http://plusphotoshop.ru/kak_narisovat_glaza/ сайты материалдары 

 

3-сурет – Түрлі ракурстағы  

көз формасының кескіндері [1] 

 

 



 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

69 

СЫЗУ. ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСТАРҒА 

АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР

 

 

Материалды дайындағандар: Ольга Голубева, 

 сәулет өнері магистрі, cәулет өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы; 

Зухра Есполова, жалпы инженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы 

 

1. Оқу сызбаларын көркемдеу ережелері 

 

Тапсырма мақсаты. 

Сызбаны Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандартымен белгілен-

ген барлық ережелерге сай дұрыс әрі сауатты көркемдеу.   

Жұмысты көркемдеуге талаптар. 

 А3  форматын  горизонталь  орналастыру  керек.  Оң  жақ    төменгі  бұрышында  –  «Негізгі 

жазулар» стандартына сәйкес орындалған негізгі жазу орналастырылады. 

Жұмысты орындауға әдістемелік ұсыныстар

Әр  сызбада  шеткі  сызықтары  болуы  керек.  Шеткі  сызық  форматта  кескінді  салуға, 

өлшем  және  белгілерді  қоюға  орынды  шектейді.  Шеткі  сызықтардың  ішіндегі  орын  сызу 

аумағы деп аталады.  

Шеткі сызықтар тұтас қалың сызықпен сол жақ шеттен 20 мм, жоғарғы, оң жақ, төменгі 

жақ шеттен 5 мм қалдырылып салынады (1-сурет). 

Сызбаларда негізгі жазу орналастырылады (2-сурет). 



 

1-сурет – Сызу аумағы 

 

 

 

2-сурет – Негізгі жазу 

 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

70 

2. «Проекциялық сызу» графикалық жұмысы 

 

Тапсырма мақсаты. 

Сызбада  бөлшектің жеткіліксіз проекциясын дұрыс әрі сауатты орындау.  



Жұмысты көркемдеуге талаптар. 

Сызба масштабы – 1:1.  

Сызбада өлшемдерді өлшем сызықтарын қою ережелеріне сәйкес қою.  

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! 

Өлшем  сызығынан  оған  жақын  нүкте  немесе  объектіге  дейінгі  минимум  арақашықтық 

МЕСТ бойынша – 10 мм, ал бірнеше параллель өлшем сызықтары арасы – 7 мм.  

 

3. «Аксонометриялық проекциялар» графиктік жұмысы 



 

Тапсырма мақсаты. 

Сызбада бөлшектің аксонометриялық проекциясын дұрыс орындау.  



Жұмысты көркемдеуге талаптар. 

Сызба  масштабы  –  1:1.  Қажет  болған  жағдайда  үлкейтуге  болады,  мұнда  үлкейту 

коэффициенті қолданылады.  

 

ЕСКЕРТУ! 

 Аксонометриялық проекцияларда өлшемдер қойылмайды. 



№ 1-есеп                                                                 № 2-есеп  

 

       

 

Сәттілік тілейміз! 



Шығарылған есептерді мына мекенжайға жіберіңіздер: 

070010, Өскемен қ., Серікбаев к.,19, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ 

Г-2-205, Г-2-208, сәулет өнері және дизайн кафедрасы, 

тел.: 8-7232-540-953 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

71 

 МҰРА 


 

ТАРИХИЛЫҚ – ҰМЫТЫЛМАС ӨТКЕН УАҚЫТ 



 

Материалды дайындағандар: Зинаида Попова,  

сәулет өнері және дизайн кафедрасының доценті;  

Зухра Есполова, жалпы инженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы  

 

Сіз  Лондонда  болмасаңыз  да,  Big  Ben  атақты  мұнарасын  кинодан  көрген  болуыңыз 

керек, оны суреттен тани аласыз. Сіздердің кейбіреулеріңіз бұл құрылыстың сәулеттік стилі 

готикалық  стильді  еске  салатынын  білетін  боларсыздар,  себебі  готика  стиліне  тән 

бағыттауышы бар вертикаль бөліністер сынды көптеген бөлшектердің болуы, шын мәнінде, 

тарихилық  (историзм)  деп  аталады.  Бұлай  аталуы  кездейсоқ  емес,  себебі  бұл  сәулеттік 

стильде  кез  келген,  бұған  дейін  танымал  болған,  стильдерге  сілтемелер  жасалуы  мүмкін, 

бірақ бұл тууы, дамуы және қалыптасуынан біршама уақыт өткен соң болып жатқандықтан, 

бұл  «тарихилық»  деген  жалпылама  атауға  ие  болды.  Ағылшын  парламентіне  қатысты  оны 

нақты түрде нео-готика деп атауға болады.  

 

   



             

 

Лондон. Ағылшын парламенті ғимараты. 1840-1857 жж. Сәулетші Барри, Пьюджин 

 

Англиядағы «Gothic Revival» деп аталатын готикалық қайта өрлеу XIX ғасырдағы ұлттық 



сәулеттік қозғалыстың сипаттарына ие болды, бұл өзгерістер  XVIII жүзжылдықтың соңынан 

бастап байқала басталған.  

Англия  –  XIX  ғасырда  готика  жайлы  естеліктер  кең  қанат  жайған  Европаның  жалғыз 

мемлекеті  емес,  онда  бүгінгі  таңда  да  әйгілі  әрі  маңызды  үймереттерде  материалдық 

көріністер орын алған.  

 

 



 

Будапешт. Венгрия парламенті ғимараты.  

1885-1904 жж. Сәулетші И. Штейндль 

 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

72 

XIX  ғасырдың  70-жылдарында  Венгрия  парламенті  ғимаратына  конкурста  готиканы 

дәріптеуші  Имре  Штейндль  жеңіске  жетті.  Жер  телімі  Дунайдың  шығыс  жағалауынан 

таңдалды, сол жерде бүгінде де Венгриядағы ең ұзын, ұлы сарай орын алды.  

Ресейде Николай I басқарған уақытта граф С. Уваров  ұран тастаған халықтық идеясы 

«православие,  самодержавие,  халықтық»  триадасында  ұлттық  орыс  стилін  іздеуге  әкелді, 

бұл үнемі тарихи ұлттық және діни тамырларына үңілумен байланысты. Осының нәтижесін-

де византиялық сәулеттік мотивтер әйгілі болды, ол Ресейге Православиенің қайдан келге-

нін  еске  салады.  Бастапқы  Рим империясының құлауымен байланысты Византия астанасы 

Константинопольға, ал одан Мәскеуге көшкен кезде, үшінші Римнің әйгілі идеясы шығады.   

XIX ғасырдың басы Ресей мен Наполеондық Франция соғысымен тарихи тұрғыда әйгілі 

болды.  Византиялық  сәулет  өнерін  әйгілі  еткен  сәулетші К. Тон Мәскеудегі Христос Спаси-

тель  храмын  осы  соғыс  жеңісіне  және  онда  қаза  болған  әскерлер  мен  офицерлерге  арнап 

тұрғызған.  Ол  «Шығармашылықтың  Императорлық  Академиясы  сәулетшісі  және  түрлі  ше-

телдік  Академия  мүшесі  Константин  Тон  ойлап шығарған шіркеулер жобалары» атты типтік 

жобалар  жинағын  жасаған.  Ресейде  XX  ғасырда  әлеуметтік  толқулар,  революциялар,  төң-

керістер басталып, биліктің ауысуы ғана емес, сонымен қатар сенімді жоққа шығарып, дінге 

тыйым салуға әкелді: атеизм белең алды, бұл бүкіл ғибадатханалық сәулетті жою толқынын 

шақырды,  мұнда  ресейлік  қана  емес,  кез  келген  елдің  даму  тарихы  жасырылған.  1931  ж. 

Христос  Спаситель  храмы  бұзылып,  оның  орнында  көптеген  онжылдықтар  бойы  «Москва» 

бассейні  орналасты.  Ал  XX  ғ.  аяғында  көзқарастар  өзгерісі  жаңа  идеологиялық өркендеуге 

әкелді: дін біртіндеп адамдар санасына, сонымен қатар қала кеңістігіне ене бастады. 

 

  

 



 

Мәскеу. Христос Спаситель храмы. 1839-1883 жж. Сәулетші К. Тон 

 

Историзмнің  бөлігі  болып  табылатын  орыс-византиялық  стилі,  ғибадатханалық  сәулет 



өнерінде  өз  көрінісін  тапты.  Оның  пішіндерін  салуда  XIX  ғасырдағы  Ресейдің  саңлақ 

сәулетшілер  тобы  еңбек  етті.  Олардың  қатарында  Д.  Гримм,  Кронштадтағы  Морской собо-

рының авторы В. Косяков, Новосибирскідегі Қасиетті Александр Невский ғибадатханасының 

сәулетшісі Н. Соловьев және басқалар бар.   

 

 

 



Мәскеу. Христос Спаситель храмының  

заманауи ғимараты 

 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

73 

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ –  

XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Материалды дайындағандар: Анна Буханцева, дизайн магистрі,  

сәулет өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы;  

 Зухра Есполова, жалпытехникалық пәндер кафедрасының оқытушысы

  

 



Өскемен  қаласының  сәулеттік  келбетін  жасау  біртіндеп  және  ретімен  орындалды, 

1720  жылы  салынған  қамалдан  және  Ильинская,  Троицкая,  Үлкен  Андреевская  сынды 

алғашқы  көшелерден  бастап,  дамуы  бүгінгі  күнге  дейін  жалғасып  келе  жатқан  қазіргі 

сәулеттік сюжеттерге дейін жалғасты.  

Қаланың ежелгі көшелерінің бірі – Карл Либкнехт көшесі, оның бойында алтын кәсібімен 

айналысушы  Меновщиковтің  үйі  орналасқан.  Қазір  ол  ғимаратта  өнер  мұражайы  орналас-

қан.  Ғимаратты  өзінің  көркемдік-композициялық  ерекшеліктеріне  сай  эклектик  стиліне 

жатқызуға болады.  

Ескі Өскеменнің Киров паркіндегі бұрышы біртұтас сәулеттік кешен болып табылады. Ең 

алдымен, ол Мир көшесі, бұрынғы атауы – Андреевская. Бұл көше Ертістен басталып, базар 

алаңына,  өрт  депосымен  жанасып,  бос  жермен  аяқталатын.  Мөлшермен  1899 жылы саяси 

жер  аударылғандар  Жамбыл  атындағы  паркті  –  қала  бағын  салған.  Мұнда  XIX  ғасырдың 

аяғында XX ғасырдың басында салынған ғимараттар сақталған. Ең танымал, маңызды және 

көрнектісі  Бұрынғы  Халық  үйі,  қазіргі  – облдрамтеатры (1-сурет). Планды ұйымдастырудың 

ерекшелігіне  және  қасбеттің  өзіндік  әрленуіне  қарай,  бұл  үймеретті  эклектика  стиліне 

жатқызуға  болады.  Сәулеттік  бөлшектердің  көптігі  (пилястралар,  дөңгелек  аркалы  терезе-

лер,  шатыр  шетін  орап  тұратын  мұнаралар)  фактуралы-пластикалық  сәулеттік  үймереттің 

образын  құрайды.  Ғимарат  1902  жылы  О.Ф.  Костюриннің  және  басқа  да  жер  аударылған 

халықшылардың  бастамасы  бойынша,  олар  жинаған  садақаға  салынған.  Қаланың  осы 

алғашқы  мәдени-ағарту  мекемесінде  кітапхана,  мұражай  бөлмесі,  көрермен  залы  орна-

ласқан. Бұрынғы 1905-1907 жылдардағы революция кезінде ғимаратта көп адамдық митинг 

пен жиналыстар өтті.  

 

 

 



1-сурет – Облыстық драмтеатр ғимараты 

 

1881 жылы салынған, бұрынғы жұмысшы жастардың №1 мектебі ғимараты да қызығар-



лық ғимарат. Үймерет екі қабатты, оның біреуінде ерлер училищесі болған (оған кіретін есік 

қазіргі  Мир  көшесі  жағынан  болған).  Төменгі  қабатта  әйелдер  бастауыш  училищесі 

орналасқан.  Кеңес  өкіметі  орнағаннан  кейін,  ғимарат  жалпы  білім  беретін  мектеп  ретінде 

қолданылды, ал қазіргі таңда ғимаратта этнографиялық музей орналасқан (2-сурет). 

1935  жылға  дейін  Киров  көшесі  Большая  деп  аталды.  Ол  кезде  ең  ірі  әрі  шулы  көше 

болған.  Бұл  жерде  алғашқы  тас  және  ағаш  тротуарлар  салынған,  халықтық  мерекелер, 

жаңажылдық  маскарадтар  өтетін,  алтын  кәсібімен айналысушылар Меновщиков пен Касат-

кинге  тиесілі  үйлер,  көпестер  Семенов  пен  Курочкиннің  үйлері,  тері  өңдеу  зауытының  иесі 

Уфимцевтің  үйлері  тұрғызылды. Көшенің басында саяси жер аударылушы  Михаэлистің үйі 

болған.  Осы  жерде  «Эхо»  («Октябрь»)  кинотеатры  орналасқан,  оған  қарама-қарсы  екі 

қабатты Орест Костюриннің шеберханалары болған.  


 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

74 

 

2-сурет – Облыстық этнографиялық музей

 

 

«Эхо»  кинотеатрына  «Сауле»  дүкені  (революцияға  дейін  –  көпес  Семеновтың  дүкені) 



ғимараты тіреледі (3-сурет). Ғимараттың эклектика стиліне тиістілігі өзіне тән сипаттарымен: 

фронтальдылық, осьтік симметрия, көлем пішінінің берілуі, элементтердің күрделі бағының-

қылығының болмауы – біркелкілік, бір маңыздылық, бірдей ерекшеліктерімен анықталады. 

«Октябрь»  кинотеатрының  ғимараты  (1929  жылға  дейін  кинотеатр  «Эхо»  деп  аталды), 

1909-1911 жылдары О.Ф. Костюриннің бастамасы бойынша салынды (4-сурет).  Ғимараттың 

бар келбетінде және оның жекелеген бөлшектерінде эклектикалық композициялық принцип 

байқалады.  Бас  қасбеттің  қабырғаларын  әрлеудің  негізгі  мотиві  –  оны  тікбұрышты 

пилястралармен  бөлшектеу.  Қасбет  центрінде  пилястралар  кіреберісті  ерекшелейді  және 

декоративті балкон үшін тірек қызметін атқарады. 

 

 



 

 

3-сурет – «Сәуле» дүкені ғимараты

 

 

4-сурет – «Эхо» кинотеатры ғимараты



 

 

Урицкий көшесінің бұрынғы атауы – Соборный  шолақ көшесі. Көптеген жылдар бойы ол 



транспорт  артериясы  ролін  атқарды,  қаланың  қалақұрылымдық  композициясын  құраудың 

басты қатысушысы болды. ХХ ғасырдың басында дәл осында Мариинскийдің әйелдер учи-

лищесі ғимараты салынған, қазіргі кезеңде бұл этнографиялық мұражай ғимараты (5-сурет). 

Мариинск әйелдер училищесі 1902 жылы  Орест Федорович Костюрин, Александр Николае-

вич  Федоров,  Евгений  Петрович  Михаэлистердің  бастамасы  бойынша  салынған.  Училище 

көлемінде  бастауыш  училищелер  мұғалімдерін  даярлаушы  екіжылдық  педагогикалық  курстар 

жұмыс  істеді.  Ғимарат  бір  қабатты,  төрт  құламалы  шатырлы  және  жарты  циркульді  терезелі, 

терезе  үстілік  фронтондардың  жарты  шеңберлілігімен  ерекшеленеді,  ал  бұрыштық  күректері 

рустпен көмкерілген. Үймеретті тұтастай эклектика стиліне жатқызуға болады.  

1936  жылы  Өрттік  (Пожарный)  шолақ  көшені  Максим  Горький  көшесі  деп  өзгертті. 

Алғашқылардың бірі болып ол таспен көмкерілді, кейіннен асфальт төселді, 1973 жылы осы 

көшеде  Орталық  әмбебап  дүкені  салынды,  сондай-ақ  мұнда  этнографиялық  мұражайдың 

көрме залы орналасқан.  


 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

75 

 

 

5-сурет – Этнографиялық мұражай ғимараты

 

 



Бұрынғы  «Алтай»  рестораны  немесе  этнографиялық  мұражайдың көрме залын 1914 жылы 

чех  тұтқындары  салған  (6-сурет).  Бастапқыда  ғимаратта  Иван  Николаевич  Кожевников 

деген көпестің шыны, фаянс және басқа да ыдыстарын сататын дүкені орналасқан. Чехтар 

қасбетті әрлеуде белсенді қатысушылар болған, медальондардағы тарихи мәтіндер – оның 

куәсі. Кеңес дәуірінде ғимаратта «Алтай» рестораны орналасқан, ал қазір ол этнографиялық 

мұражайдың  көрме  залы.  Үймерет  эклектикаға  жатады,  оған  тарихи  стильдердің  араласу 

тенденциясы  тән.  Қасбет  Ренессанстың  дәстүрлі  мотивтерімен  көркемделген:  композиция 

рационалдығы  болған  жағдайда,  мұнда  беттік  декоративтілік  сипаттары  байқалады. 

Ресторан  ғимараты  жүйелі,  конструктивті,  айқын  және  қарапайым  пішінді  және  декоративті 

элементтер  ретінде  өсімдіктік  мотивтер  қолданылған  (жүзімнің  иілмелі  сабағы  көбірек 

қолданылады).  Аркалы  терезелер  валюталардың  жазық  кескінімен  аяқталады,  ал  жүзім 

сабағы  –  чех  мәдениетінің  айқын  көрінісі.  Пішінде,  бөлшектерде  және  ғимарат 

элементтерінде классицизм әсері сезіледі. 

 

 



 

6-сурет – Этнографиялық мұражай көрме залы

 

 

Сонымен,  қарастырылып  отырған  кезеңде  Өскемен  қаласының  сәулет  өнерінде 



эклектикаға  (кірпіш  стилі)  басымдылық  берілгені  байқалады.  Шығыс  Қазақстан  сәулетінің 

құралуы  Батыс  Сібірдің  губерниялық  қалалары  мен  Ресей  астаналық  бұтағынан  тамыр 

алған  сәулеттік-шығармашылық  мотивтер  әсерінен  жүргізілді.  Өскемен  қаласының  тарихи 

сәулеттік  өнері  бірегей  және  өзінше  ерекше.  Өкінішке  орай,  осы  кезеңдегі  сәулеттік 

объектілердің  көп  бөлігі  түбімен  жойылды,  ал  біраз  сақталған  үймереттер  бөлігі  оларды 

қорғауға және зерттеуге арналған.  

 

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

76



 

 

«ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ» журналының  

редакция алқасы 

 

Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы, 

ШҚМТУ  ректоры,  биология  ғылымдарының 

докторы, 

профессор, 

журналдың 

бас 

редакторы, редакция алқасының төрағасы 

Линок Николай Николаевич, 

ШҚМТУ  оқу  және  әдістемелік  жұмыстар 

жөніндегі  проректоры,  экономика  ғылым-

дарының кандидаты 

Нұрғазиев Асқар Қисаұлы,  

Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқарма-

сының жетекшісі 

Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы,       

ШҚ  «Дарын»  ӨҒПО  директоры,  педагогика 

ғылымдарының кандидаты 

Хисамиев Назиф Ғарифуллаұлы, 

ШҚМТУ  жоғары  математика  кафедрасының 

профессоры, 

физика-математика 

ғылым-

дарының докторы  

Плотников  Сергей  Викторович,  ШҚМТУ 

энергетика  және  техникалық  физика  кафедра-

сының меңгерушісі, физика-математика ғылым-

дарының докторы 

Денисова Наталья Федоровна, ШҚМТУ 

ақпараттық  жүйелер  және  компьютерлік 

үлгілеу  кафедрасының  меңгерушісі,  физика-

математика ғылымдарының кандидаты 

Куленова Наталья Анатольевна, 

ШҚМТУ  химия,  металлургия  және  байыту 

кафедрасының  меңгерушісі,  техника  ғылым-

дарының кандидаты 

Краузе  Виктор  Эвальдович,  ШҚМТУ            

теориялық  және  қолданбалы  экономика 

кафедрасының доценті 

Наумова  Вера  Ивановна,  ШҚМТУ  сәулет 

және  дизайн  кафедрасының  меңгерушісі, 

профессор, сәулет өнерінің кандидаты 

Манашева Венера Каирдиновна,  

ШҚМТУ  Жоғары  оқу  орнына  дейінгі  дайындау 

және  университетке  қабылдау  бөлімінің 

басшысы, техника ғылымдарының кандидаты 

Ершова Наталья Александровна, 

ШҚМТУ баспасөз хатшысы

 

Жоғары сынып оқушыларына  

арналған «ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ» 

ғылыми-көпшілік журналы  

№1(1), шілде 2008 

Жылына төрт рет шығады 



Құрылтайшы: 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  «Д.  Серікбаев  атындағы  Шығыс 

Қазақстан  мемлекеттік  техникалық  университеті» 

шаруашылық 

құқығындағы 

Республикалық 

мемлекеттік кәсіпорны.  

 

Басып шығаруға жауапты: 



Венера Манашева 

Баспа жетекшісі: 



Оксана Николаенко 

Редактор-корректор: 



Гүлбаршын Жантасова 

Дизайн және беттеген: 



Сәуле Мамыраздықова 

Нөмірдегі фотосуреттер: 



Александр Проскуряков 

 

Редакцияның мекенжайы: 070004, ШҚО, Өскемен қ.,  



ШҚМТУ, Протозанов к., 69, 110-бөлме 

Телефон: 24-54-29 

Тел/факс: 8 (7232) 26-74-09

 

 



 

Журналда  жарияланған  мақалалардағы  ой-

пікірлер  редакцияның  көзқарасын  білдірмейді. 

Редакция  оқырмандарға  жауап  бермейді  және 

кері  қайтармайды.  Жарнамалық  материал-

дардың  мазмұнына  жарнама  беруші  жауапты. 

Редакцияның  жазбаша  келісімі  болған  жағдайда 

ғана материалдарды қайта басуға болады. 

Журнал  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінде 

тіркелген.  

 

Тіркеу куәлігі № 10051-Ж 



2 наурыз 2009

 

жыл. 



Басуға 24.09.2015 ж. қол қойылды. 

Пішімі 70х108/16. Офсеттік қағаз. 

Шартты баспа табағы 6,81 Есептік баспа табағы 8,21. 

Тапсырыс № 1043-15. Таралымы 500 дана. 

Бағасы келісімді. 

 

 



Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан 

мемлекеттік техникалық университеті                                           



 

Document Outline

  • Математика
  • Физика
  • Химия
  • Информатика
  • География
  • архитектура
  • Выходные данные


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет