33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар



бет5/48
Дата29.09.2023
өлшемі278,89 Kb.
#111529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

Байламдары:

Ligamentum laterale-самай сүйегінң беттік өсіндісінен төменгі жақ сүйектің айдаршықты өсіндісінен мойнына қиғаш келетін байлам және 2 байлам ол төменгі жақ сүйек ілініп тұруына мүмкіндік жасайды олар- lig. Sphenomandibulare et lig stylomandibulare.


  1. Биомеханикасы: фронтальді- алдыға, артқа; сагитальді- оңға, солға; горизантальді:жоғары, төмен.


  2. Қарапайым. Буын түрлерінің барлық түрі бар.


Шынтақ буыны, articulatio cubiti.Бұл буын күрделі буындарға, articulatio composita, жатады. Себебі, буынды құраушы буынның құрамы жағынан және буын беттерінің түр ерекшеліктері жағынан өз алдына дербес, тек қана буын қапшығы мен буын қуыстығы ортақ үш буыннан: иық-кәрі жілік, иық-шынтақ жілік ж әне проксималды кәрі жілік- шынтақ жілік буындарынан тұрады.


  1. Иық — кәрі жілік буыны, articulatiohumeroradialis. Буын басы тоқпан жіліктің айдаршығының басынан capitulum humeri, буын ойысы кәрі жілік басының ойығынан, fovea articularis, құралған. Буын бетінің сыртқы пішіні шар тәрізді болып келген. Буын беттері гиалин шеміршегімен көмкерілген және өзара сәйкес келген.


  2. Иық-шынтақ буыны, articulatio humeroulnaris, буын басы тоқпан жілік айдаршығының шығырынан, trochlea humeri, буын ойысы шынтақ жіліктің шығырлық тілігінен, incisura trochlearis, құралған. Буын бетінің сыртқы пішіні жағынан бір білікті, шығыр тәрізді буындарға жатады. Буын беттері гиалин шеміршегімен көмкерілген және өзара сэйкес келген.


  3. Проксималды кәрі жілік-шынтақ жілік буыны, articulatio radioulnaris proximalis.Буын басы кәрі жілік басынан шеңбер бағытта орналасқан буын бетінен, circumferentia articularis, буын ойысы: шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігінен, incisura radialis ,құралған. Буын беттері гиалин шеміршегімен көмкеріліп, өзара сэйкес келген. Бұл буын сыртқы пішініне қарай бір білікті цилиндр тәрізді буындарға жатады.


Шынтақ буынының буын қапшығы, capsula articularis, жоғарыда айтылып өткен барлық буындарға ортақ. Ол тоқпан жіліктің: алдындатәждік, кәрі жіліктік шұңқыршалардан жоғарырақ бүйір қапталында буын бетінің жиегіне барып бекісе артқы қапталында, шынтақ жіліктік шұңқыршасынан жоғарырақ барып бекиді. Буын қапшығының алдыңғы қабырғасымен артқы жағы бостау болып келсе, бүйір қапталы тартылып орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет