37. Массаалмасу аппараттарда келесі массаалмасу процестері атқарылады



Pdf көрінісі
Дата17.12.2022
өлшемі207,12 Kb.
#57837
Байланысты:
37-40-41



37.Массаалмасу аппараттарда келесі массаалмасу процестері атқарылады:
абсорбция, адсорбция, экстракция, ректификация жəне кристаллдану.
Бұл процесстерді басым жағдайда бағаналы типтегі аппараттарда атқарады. Бұл
аппараттар өздігінде биіктігінің диаметріне қатынасы елеулі сипаттағы (L/D>10)
цилиндрлік ыдыс болып табылады.Бағананың ішінде əрекеттесуші фазалардың кқжетті
бетінің қалыптасуын бейімдеуші түрліше конструкциядағы əрекеттестіру құрылғылары
орнатылады, жəне де бұл құрылғылар негізгі жұмысшы орта болып табылады. Бұл
əрекеттестіруші құрылғылар конструкциясы бойынша алуан түрлі, жəне де олардың
нақтылы қолданылуы массаалмасушы процесстің түріне жəне əрекеттесуші
орталардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты қабылданады.Массаберілу
теориясынан мəлім болғандай, бір ортадан екінші ортаға өтетін заттардың мөлшері
фазалық əрекеттесу бетіне жəне процестің қозғалушы күшіне,яғни қарастырушы
компоненттердің концентрациясының айырмасы бара-бар.Массаалмасу процесінің
қозғаушы күші шектеулі шама болғандықтан процестің қарқындылығын арттырудың
жалғыз жолы əрекеттесуші фазалардың əрекеттесу бетін арттыру болып табылады.
.Массаалмасу аппараттарын есептеу.
Массаалмасу аппараттарын жобалау барысында технологиялық жəне конструктивті
есептеулерді орындайды.
Массаалмасу аппараттарын технологиялық есептеулерде процестің физикалық
моделін, сипаттамалары мен процестің параметрлерін ескере отырып аппараттың
диаметрі мен биіктігін, ішкі құрылғылардың гидравликалық кедергісі, материалдың
жəне жылулық баланстарды есептейді. Конструктивті есептерде анықталатыны:
аппарат элементтерінің беріктік жəне тұрақтылық теориясы жəне жұмыс жағдайы
тұрғысынан алғандағы өлшемдері - қаңқа қабықтарының түптері мен қақпақтарының,
келтекұбырдың, ішкі құрылғыларының өлшемдері; жел жəне сейсмикалық күштері
ықпалына төтеп беретін тұғырлық бөлігінің түрі мен өлшемдері (ашық орындарда
орналасқан аппараттар үшін).Массаалмасу аппартарының негізгі түрлері үшін
технологиялық есептеулерді орындау əдістемесі, «химиялық технологиялардың
процестері мен аппараттары» курсында зерделенген. Сондықтанда біз жалпылама
мағлұмат берумен шектелеміз.Көптеген химиялық жабдықтардың, олардың құрамды
бөліктерінің беріктіктік есептеулері «химиялық жабдықарды есептеу жəне
конструкциялаудың негіздері» пəнінде зерделенген.Жоғарыда айтылғандарды назарға
ала отырып есептеулерді орындаудың жалпылама əдістемесін
қарастырамыз.Бағаналы массаалмасу аппараттарын есептеулер келесі алғашқы
мəліметтер негізінде орындалады; яғни фазалардың көлемдік жəне массалық
шығындары (əдетте аппараттың өнімділігін анықтаушы фазаның) процеске қатысушы
компоненттердің бастапқы жəне соңғы конструкциялары; процеске қатысушы
компоненттердің физико-химиялық жəне жылу физикалық сипаттамалары; процестің
температуралық тəртібі мен қысымы; ағындардың, олардың компоненттерінің аппарат
материалына əсер ету сипаты;тоғыстырушы құрылғының конструктивті ерекшелігі;
ағындардың қозғалу бағыты жəне т.б.Аталған алғашқы жəне есептемелік мəліметтер
көмегіменен келесілерді анықтау қажет. аппараттың диаметрі мен биіктігі; сұйық
фазаның шығынын (абсорбциялауда), жылутасымалдағыштардың немесе
шығындарын (қажетті жылуалмасу бетін анықтауменен, негізінен ректификациялау
процестері үшін); аппараттың гидравликалық кедергісін, аппаратгың негізгі
конструктивті элементтердің өлшемдерін пысықтау; аппараттың жылуизоляциялық түрі
мен өлшемдерін есептеу.


40.Тамақ өнімдерінің негізгі құрылымдық – механикалық қасиеттері. Құрылымдық –
механикалық қасиеттер күштің орналасуына байланысты (тиеу, қысым) өнімге əсер
еткенде, бір-бірімен байланысқан үш топқа бөлінеді: жылжымалы компрессионды жəне
де и беттік.
Негізгі жылжымалы реологиялық материалдардың қасиеттеріне –жылжудың
салыстырмалы қысымы , Па·с, тұтқырлығы , Па·с, серпімді тұтқырлық , Па·с,
релаксация уақыты , с.Аталған топ қасиеттері материалдың ішкі өзектілігін толығымен
сипаттайды жəне сондықтан да ол топты негізгі деп санайды. Аталған топтың
арқасында технологиялық құбырлардағы материалдардың ағысы анықталады,
сонымен қатар машинаның жұмысшы бөліктері жəне аппарат саны, өнімнің
ығыстырылу деңгейі анықталады. Сондай – ақ олар өнімнің сапасын, деңгейін жəне де
өңдеу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар механикалық қасиетін
анықтайды, топтың қондырғылармен жабдықталуы негізінде тұрақты өнім
алынады.Негізгі компрессионды (көлемді) материалдардың қасиетіне жатады: бірінші
қатардағы серпімділік модулі , Па; екінші қатардағы серпімділік модулі G, Па,
тепе-теңдік модулі , Па; тұрақты қысым кезінде дефармацияның релаксациялау
аралығы ; с, салыстырмалы деформация ; көлемді салыстырмалы деформация ;
тығыздығы ρ, кг/м .Аталған сипаттамалар шприцтеу, қалыпқа келтіру, мөлшерлерге
бөлу, құбырлар көмегімен материалдарды тасымалдауға, сонымен қатар өнім сапасын
бағалауға көмек береді жəне де қолданылады.Негізгі беттік қасиеттеріне - адгезия Па,
жабысқақтық , Па, сырттай соғу коэффициенті жатады.Олар материалдардың беттік
байланыспен қалыпты жылжу кезінде əсерлесуін сипаттайды (адгезия). Осы кезде
тамақ өнімдерінің айырмашылық өзгерісі адгезиялы, когезиялы, адгезиялы – когезиялы
(араластырылған) бола алады.
41.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет