№3(75)/2014 Серия филология


Поэзия Касыма Аманжолова и литературно-художественная критика



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата27.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Поэзия Касыма Аманжолова и литературно-художественная критика 

В  статье  рассмотрен  вклад  Касыма  Аманжолова  в  художественную  литературу.  Автором  показано 

влияние  метода  «соцреализма»  на  творчество  поэта,  а  также  проанализированы  статьи  поэта 

К.Аманжолова в области литературной критики. 

 

Zh.K.Smagulov 



Kasym Amanzholov's poetry and literary and art criticism 

In article Kasym Amanzholov's contribution to fiction is considered. The author of article shows influence of 

a method of «socialist realism» on creativity of the poet. And also articles of the poet K.Amanzholov in the 

field of literary criticism are analyzed. 

 

 

References 



1  Kirabayev S. White strainitsa of our literature, Almaty, 1995, р. 282. 

2  Momyshulу B. Book written by blood, Almaty, 1991, р. 229. 

3  Musrepov G. Dolg of the artist, Almaty, 1970, p. 187. 

4  Socialist Kazakhstan, 1989, December, 9. 

5  Dobrenko E. Fight against eternity, Literary newspaper, 1991, on June 26. 

6  Shayakhmetov Zh. Literature and art, 1951, p. 1–14. 

7  Sharip A. Kazakhskaya poetry and national idea, Almaty, 2000, p. 336. 

8  Tazhibayev A. Collection of compositions, 4, Almaty, 1981, p. 241. 

9  Duysenov M. Tsel of the poet, Almaty, 1967, p. 95. 

10  Bekturov Zh. Ana тili, 2011, September, 8–14. 

 

 


М.М.Иманғазинов 

38 


Вестник Карагандинского университета 

ƏОЖ 82.0 

М.М.Иманғазинов 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған 

(Е-mail:

 

jandossmagulov@mail.ru) 

Аллегориялық туындылардағы дидактика мен өткір тіл 

Мақалада  аллегориялық  туындылардағы  дидактика  мен  өткір  тіл  мəселесі  қарастырылды.  Автор 

əдебиеттанудағы  ірі  ғалымдардың  аллегориялық  туындылардағы  дидактика  мен  өткір  тілге  қатысты 

пікірлеріне  өз  ойларын  қоса  отырып,  мысал  жанрының  шығу  табиғаты  жайлы  өз  тұжырымдарын 

ортаға  салады.  Бұл  жанрдың  арнайы  үш  теориялық  бағытқа  сай  дамығанына  тоқтала  келе,  олардың 

бір-бірімен  сабақтаса  дамып  жатқанын  ғылыми  дəлелдеді.  Зерттеуде  аллегориялық  туындылардағы 

дидактика мен өткір тіл болмысы ғылыми тұрғыда зерттелген. 

Кілт сөздер: аллегория, туынды, дидактика, сатира, тіл, шығарма, Эзоп тілі, мысал жанры. 

 

Аллегориялық туындылар — көне дəуір кезеңіндегі пайда болған шығармалар. Мысал — əріден 



келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дəуірден біздің заманымызға дейінгі 

əлемнің  іргелі  ақын-жазушыларының  назарында  болған,  кейін  мол  ғылыми  еңбектердің  шығуына 

себепкер əдеби туынды. 

«Осы  жанрды  теориялық  жағынан  түсіндіруге  онша  көп  мəн  берілмеген.  Көне  дəуірдің 

ғалымдарының  еңбектерінен  «Аристотель,  Булан  еңбектерінен  кездестіре  аламыз»  деген  пікірді 

Г.В.Москвичева  айтса,  қазақ  ғалымы  Т.Шаңбаев  «Аристотель  заманынан  бастау  алған,  негізінен 

философтар  да  көңіл  аударған,  кейіннен  Г.Э.Лессинг,  В.Перри,  А.Потебня,  М.Н.Гаспаров  еңбек-

терінен көрініс тапқан», — дейді [1, 2]. 

Бұдан  шығатын  қорытынды  мысал  жанрына  ең  алғаш  тұжырымды  пікір  білдірген  Аристотель 

болса,  оның  айтқаны  мынаған  келіп  саяды.  Негізінен,  ғалым  бұл  жанрды  арнайы  үш  теориялық 

бағытқа апарып тірейді. 

Біріншісі — өзге  жанрдан  өзгешелендіріп  тұруы,  айтар  ойы  ғибрат,  тəрбие,  яғни  мораль, 

болғандықтан,  оның  философиялық-дидактикалық  сарынына  қарағанда  рационалды  бағыт  болып 

шығады. 


Екіншісі — негізінен  əңгімелеу  барысы  романтикалық  бағыт  алуы,  типологиялық  жағынан 

мысалдардың шығу тегі ертегілерден бастау алатындығынан. 

Үшіншісі — мысал  жанрының  психологиялық-эстетикалық  əсер  ету  қасиеттеріне  қарай,  оны 

психологиялық бағыт деп ой түюге болады. 

Осы үш бағыт бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірімен сабақтасып жатқанын аңғару да 

қиын  емес.  Мысал  жанры  жоғарыдағы  айтылған  жануарлар  туралы  ертегілермен  жақындығы, 

біріншіден,  жас  буынға  жануар  бойындағы  жақсы-жаман  қасиеттерді  көрсете  отырып,  тəрбие  беру 

болса, ертегінің де өзіндік атқарар ролі ой жүйесін арттыруға өз үлесін қосуы талассыз. Бұған тағы 

қосылар  ой — грек  мысалының  басында  тұрған  Эзопқа  байланысты  мына  жайтты  айту  орынды. 

Мысал  ертегі  сарындас  болып,  оның  ішіндегі  кейіпкерлердің  аң,  құс,  жан-жануар,  жəндіктердің 

болуы — Эзоптың  шығу  тегі — құл,  жалшы  болуынан  да  іздестіру  керек.  Эзоп  басы-байлы 

қожайнына  тəуелділігінен,  иесіне  «беті  мен  жүзіне  қарамастан»,  оның  кемшілік,  айыбын  бетіне 

басатын  мүмкіндігі  мен  қауқары  болмағандықтан,  еріксіз  халық  арасындағы  аса  танымал  болған 

жанрдың  бірі — ертегіге  көңіл  қойып,  мысал  түрінде  негізгі  кейіпкерлер — аң,  құс,  жан-жануар, 

жəндіктерді  мысал  түрінде  алып,  өз  туындыларын  дүниеге  əкеледі.  Осы  əрекеті  арқылы,  өз 

қожайнынан  кегін  алып,  айызы  қанады.  Халық  арасында  кеңінен  тараған  мысалдары  арқылы  кең 

танымал болған Эзоп кейіннен өз иесінен мəңгілік бостандық алып, өз еркімен өмір сүрген деседі. 

Эзоп  туралы  «Қазақ  əдебиеті»  газетінде  мынадай  дерек  келтірілген: «Алпысыншы  жылдары 

орақ тілді Оспанхан Əубəкіров «Лениншіл жас» газетіне қазақ сатирасының жай-күйі туралы мақала 

жазып, «Эзоптан  Ислам  Шұғаевқа  дейінгі  сатириктер»  деген  тіркес  қолданыпты.  Сөйтсе,  мұны 

оқыған  И.Шұғаев  «Эзоп  деген  кім?  Өзі  қайда  істейді?»  деп  сұраған  көрінеді.  Осы  сұрақ  қазір  де 

көлденеңдеп қоятыны бар [3]. 

Тарихта  екі  Эзоп  болған.  Біріншісі — біздің  дəуірімізге  дейінгі  VІ  ғасырда  өмір  сүрген  ежелгі 

грек  сықақшысы,  мысал  жанрының  негізін  салушы.  Аңыз  бойынша,  ол  жас  кезінде  өзінің  усойқы 



Аллегориялық туындылардағы дидактика мен өткір тіл 

Серия «Филология». № 3(75)/2014 

39 

тілінен  тартыпты,  оның  əжуасына  ызаланған  біреулер  оны  жартастан  лақтырып  жібереді  де,  аяғы 



сынып, өмір бойы ақсақ болып қалыпты. Бұл Эзоп өзі бас терісі келіспеген, кейіп-кеспірден жұрдай, 

басында  билігі  жоқ  құл  болған.  Сөйте  тұра  ол  өз  заманының  қияли  данышпаны  ретінде  халықтың 

құрметіне бөленеді. Эзоптың атақты мысалдары ежелгі Римнің мысалшысы Федр (б.д.дейінгі І ғ.) мен 

көне  гректің  мысалшысы  Бабрийден  (б.д.  І–ІІ  ғ.)  бастап,  бергі  Лафонтен  мен  Крыловқа,  Абай  мен 

Байтұрсыновқа дейінгі талай мықтылардың өңдеуінен өтіп, бүгінгі күнге жетті. 

Ал римдік трагик-əртіс болған екінші Эзоп Клодий (б.д.дейінгі І ғ.) туралы мəлімет мардымсыз», — 

дейді  де,  Эзоптың  айтып  кеткен  мысалдары  мен  даналық  сөздерін,  афоризмдерін,  қысқа  əңгімелерін 

келтірген.  Сол  шығармаларда  қазақтың  əфсаналары  мен  афоризмдік  қысқа  қайырымды,  дидактика 

тұрғысында  жазылған  əңгімелерінің  ішінде  формасы  мен  жанрлық  жағы  ұқсас,  тіпті  сюжеттік 

желелері дəл келетін мұралар ара-тұра кездесетінін айта кеткен абзал. 

Айталық, шамамен 1320 мен 1436 жж. өмір сүрген Сəйф Сараийдың «Гүлстан би-т–турки» («Гүл 

бағы») туындысындағы 178 хиқаяттан тұратын дидактикалық сарында жазылған шығармасында жəне 

шамамен ХІІІ ғасырда өмір сүрген Насретдин Рабғұзидің «Рабғұзи қиссалары» деген еңбегінде мол 

кезеседі.  Мысалы,  Эзоптың  «Өгей  шеше»  атты  мысалында: «Бірде  Ксанф  қасына  Эзопты  ертіп, 

дастарханға шөп-шалам алуға бақшашыға барыпты. 

Ксанф  өзіне  керек көкөністерін  таңдап  алып,  енді  ақшасын  төлейін  деп тұрған  кезде  бақшашы 

оған: 

– Егер  сен  маған  мынаны  түсіндірсең,  осы  алғандарыңның  бəрін  тегін  берер  едім:  мен  қанша 



баптасам да жерге еккен жемістерімнен гөрі, арам шөптер басып шығады, неге бұлай? — депті. 

Ксанф бұған жауап бере алмай аңтарылып қалады. Сонда Эзоп: 

 Егер екінші рет күйеуге шыққан əйелдің үйде өз балалары жəне күйеуінің бұрынғы əйелінен 

қалған балалары да болса, өзінен туған балаларына ол — ана, күйеуінің балаларына өгей шеше 

болады. Сонда ол, сеніңше, кімнің баласын жақсы көріп, көбірек тамақтандырар еді? — дейді. 

– Əрине,  өз  баласын, — деп  жауап  беріпті  бақшашы.  Міне,  жер  де  сондай.  Өзінен  туған 

өсімдіктерге ол ана да, сенің еккендеріңе өгей шеше емес пе? — депті сонда Эзоп. 

Рабғұзи  мысалындағы  төмендегі  хиқаят  сюжеті  дəл  Эзоптың  шығармасындағы  мазмұнды 

қайталамаса  да,  адамды  ойлантар,  тəрбиелік  жағы  басым,  сонымен  бірге  шешендік  өнердің  үлгісі 

афоризм тұрғысындағы жазылған, қысқа болса да нұсқа шығарма екендігін көрсетеді. 

«Хазірет  Лұқпанға  қожасы  бидай  ек  деп  бұйырады.  Бұл  кісі  арпа  екті.  Қожасы  айтты: «Мен 

бидай  ек  десем,  арпа  егіпсің».  Хазірет  Лұқпан  айтты: «Олай  болса,  не  үшін  жамандық  жасап 

жақсылықтан үміт етесіз?». Бұл əңгімеден кейін қожасы жаман істен тыйылды» 

Сəйф  Сараийдың  «Гүлстан  би-т–турки» («Гүл  бағы»)  туындысында: «Бір  уəзірдің  бір  біліксіз 

ұлы бар еді. Оны алып ғалымның қолына береді: «Баламды тəрбиеле, тəрбие алса, ақылы кірер», — 

деді.  Ғалым  біраз  тəрбиелеп  көрді,  оған  тəрбие  қонбады.  Сонда  ғалым  айтты: «Бұл  баланы  əкесіне 

апарып  салыңдар.  Сəлем  айтыңдар: «Балаңды  қанша  тəрбиелесем  де,  ақылды  болатын  емес,  оның 

есесіне мен ақымақ болуға айналдым», — деген екен. 

Тағы бір əңгімесінде: «Бір кісінің үйіне ұры кірді. Іздеп, алатын ештеңе таппады. Үйден ренжіп 

шықты.  Үй  иесінің  бір  кілемі  бар  еді,  ол  кілемнің  үстінде  жатқан.  Ұрының  ренжіп  бара  жатқанын 

көріп, бос кетпесін деп кілемін оған берді», — деп келетін қысқа əңгіме Эзопта да жоқ емес. 

Мəселен, Эзоптың айтып кеткен деген тағы бір мысалында: «Бір жолы көшеде Эзопқа қала əкімі 

жолығып қалып, қайда бара жатқанын сұрайды. 

– Қайда бара жатқанымды білмеймін! — деп қисық жауап береді Эзоп. Қаланың бастығы ол өзін 

мазақ қылып тұр деп ойлап, шамданып қалады да, сақшыларды шақыртып, Эзопты түрмеге жабуды 

бұйырады.  Олар  қолын  қайырып  əкете  бергенде  Эзоп: «Мен  саған  айттым  ғой!  Көшеде  кетіп  бара 

жатып түрмеге түсетінімді мен қайдан білейін?» — деп ышқына айқайлапты. Эзоптың тапқырлығына 

таңқалған əкім оны табанда босаттырып жіберген екен. 

Рабғұзидің  «Қисса-сул  əнбиясындағы»  тағы  бір  қиссасында  Лұқман  хəкім  турасында  мынадай 

хиқая бар: 

«Лұқман хəкімге патшасы: «Жақсы ет ас, жоғары мəртебелі қонақтар келеді» деген екен. Лұқман 

хəкім қой  сойып, жүрегі  мен  тілін  асып  береді. Біраз  уақыт өткен  соң, патшасы: «Келетін  қонақтар 

нашарлау, жаман ет ассаң да болады» деген екен. Бұл жолы да Лұқман хəкім, қой сойып, жүрегі мен 

тілін асып береді. Патшасы мұның мəнісін сұрағанда: «Тəтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ 

та тіл мен жүректен», — деп жауап берген екен


М.М.Иманғазинов 

40 


Вестник Карагандинского университета 

Рабғұзидің  аталмыш  қиссасындағы  хиқаяға  ұқсас,  айтар  ой  мен  идеясына  ұқсас  Эзоптың  «Əрі 

тəтті,  əрі  ащы»  əңгімесі  бар.  Оқиға  желісі  төмендегідей  келеді: «Бірде  Ксанф  Эзопқа  үйге  достары 

қонаққа  келетінін  айтып,  ең  бір  дəмді  тағамды  дайындап  қоюды  тапсырады.  Қонақтар  келгенде 

дүниедегі ең мықты тағам дайын тұрады, — дейді Эзоп саспай. Сөйтіп ол базардан тіл сатып əкеліп, 

қонақтарға қуырып береді. Қонақтар соншалық сүйсініп жей қоймайды. 

Дүниедегі ең мықтының түрі осы ма? — деп Ксанф көңілі толмай, ашу шақырады. 

–  Иə, — депті  Эзоп, — дүниеде  тілден  артық  ештеңе  жоқ.  Тілсіз  сен  дүниеде  ештеңе  де  істей 

алмайсың:  айтарыңды  айта  алмайсың,  ешкімге  бұйыра  алмайсың,  бере  алмайсың,  ала  алмайсың, 

мемлекет те құра алмайсың, онда тəртіп орнататын заң да шығара аламайсың, бəрі-бəрі, оның ішінде 

сенің философияң да бар, тілдің арқасында өмір сүреді, Ксанф! 

Эзоптың бұл сөзіне қожасы да, оның қонақтары да ештеңе айта алмапты. 

Келесі күні Ксанф тағы да достарын қонаққа шақырып, Эзопты сынау үшін: 

– Енді бүгін базардан ең дəмсіз  тағам сатып  əкел, — деп  бұйырыпты. Эзоп тағы да  тіл əкеліп, 

пісіріп беріпті. 

– Кеше сен дүниедегі ең дəмді тамақ — тіл демеп пе едің, бүгін енді оны неге ең дəмсізге санап 

отырсың? — деп мысқылдапты Ксанф. 

– Өте дұрыс айтасың, қожайын, — деп жауап беріпті сонда Эзоп бүлк етпестен, дүниеде тілден 

жаман не бар? Ерегесті де, төбелесті де бастайтын сол, алдау, арбау, қызғаныш, өсекті себетін, айтыс, 

тартыс, соғысқа апарып, жұртты қыратын да осы тіл емес пе? Міне қазір, Ксанф, сенің өзің де тілдің 

көмегімен мені сөгіп тұрған жоқпысың?..» — деп жауап береді. 

Қазақ əдебиетінде мысал жанрына анықтама беруде ұлы тұлға Ахмет Байтұрсыновтан бастаған 

жөн. Бұған қарағанда, бұрында қазақ əдебиетінде мысал жанры болмады деу деген пікір қалаптаспаса 

керек. 


Б.д.д. V ғасырда фригиялық ұсқынсыз құл Эзоп құрастырып жазып кеткен деген мысал жанры 

грек  халқының  арасында  аса  белгiлi  əдеби  мұралардың  бiрi.  Қазіргі  əлем  əдебиетінде  мысал 

жанрының  қалыптасуына  Эзоптың  енгізген  еңбегі  айтарлықтай.  Ежелгi  деректерде  ауыз 

əдебиетiндегi  мысал  жанрының  негiзiн  қалаған  да  осы  Эзоп  болса,  осы  автордың  қолынан  шыққан 

болар  дейтiн  жорамал  бойынша,  жазып  кеткен  мысалдарының  өзi 426 тарта.  Сол  мұралардың 

iшiндегi  қазақ  əдебиетiндегi  ең  белгiлерi «Қасқыр  мен  Қозы», «Қарға  мен  Түлкi», «Бақа  мен  Өгiз», 

«Шегiртке  мен  Құмырысқа», «Қасқыр  мен  Тырна»  т.б  шығармалар.  Бұлардың  iшiндегi  кейбiр 

шығармаларды  қазақтың  белдi  ақын-жазушылары  Абай  Құнанбаев,  Ахмет  Байтұрсынов,  Мəжит 

Дəулетбаев, Спандияр Көбеев қазақ тiлiне тəржiмалады. 

Кейiнiрек мысал жанрының қалыптасуына кейбiр сөз зергерлерi жiтi көңiл бөлiп, оны басқа да 

əдеби формалары мен жазылу əдiстерiн өмiрге əкелдi. Мəселен, б.д. д. I ғасырда өмiр сүрген римдiк 

ақындар Федр жəне б.д.д. II ғасырда өмiр сүрген Бабрий əлем əдебиетiндегi мысал жанрына өзiндiк 

қолтаңбаларын  қалдырды.  Осы  кəусар  бұлақтан  шығармаларына  шұрайлы  сюжеттер  мен  эпизод 

жолдарын  тапқан,  өз  тұсында  мысал  жазған,  замандастары  iшiнде  əлем  əдебиетiне  есiмдерi  белгiлi, 

жаңа  тұрғыдағы  мысалшылар — Франциядан  Лафонтен,  Германиядан  Лессинг,  Ресейден 

И.Хемницер, А.Измайлов, И.Крылов, А.Пушкин жəне т.б. шықты [4]. 

Антика дəуiрiнде өмiр сүрген авторлардың iшiнде мысал жанрының кейбiр үлгiлерiн Гесиодтың 

«Еңбек  пен  күндер»  шығармасында,  сонымен  бiрге  паростық, VII ғасырдың  басында  өмiр  сүрген 

Архилохтың  да  еңбегiнде  кездестiремiз.  Архилохтың  мысалының  iшiнде,  бiзге  үзiндiлерiмен  ғана 

жеткен «Қыран мен Түлкi» жөнiндегi мысалды Эзоптың құрастырған мысалдарында да ұшырасамыз. 

Ежелгi  гректердiң  халықтың  поэтикалық  шығармашылығында  (барлық  басқа  да  алғашқы  дəуiрдiң 

поэзиялық  үлгiлерiндегiдей)  синкретизм  жақын,  яғни  сөз  өнерi  əуенмен,  бимен  жəне  т.б.  ойындық, 

ритмикалық  дене  қозғалыстарымен  бiте  қайнасып  тұрады.  Мəселен,  жұмысшы,  егiншi,  жүзiм 

жинаушы немесе басқа да еңбек етiп жүрген адамның əр қозғалыс тактысы əуенмен, əндермен сəйкес 

келуi  керек.  Мұндай  əндердiң  кейбiр  үлгiлерi  Аристофанның  «Бейбiтшiлiк»  комедиясында, 

Плутархтың  б.д.д. VІІ  ғасырда  айтылып  жүрген  лесбостық  жұмысшы  əндерiнiң  бiрнеше  жолдары 

сақталып қалған. 

 

 



 

Аллегориялық туындылардағы дидактика мен өткір тіл 

Серия «Филология». № 3(75)/2014 

41 

Əдебиеттер тізімі 



1  Москвичева Г.В. Русский классизм. — М., 1986. — С. 172. 

2  Шаңбаев Т. Мысал жанрының стилі мен тілі. — Алматы, 1994. — 16–19-б. 

3  Есдаулетов Ұ. Эзоп туралы əңгімелер // Қазақ əдебиеті. — 2004. — № 22 (2860). — 4 маус. 

4  Ежелгі дəуір əдебиеті // Құраст. А.Қыраубаева. — Алматы, 1991. — 185-б. 

 

 

М.М.Имангазинов 



Дидактика и острый язык аллегорических произведений 

В статье рассмотрены проблемы дидактики и языка в аллегорических произведениях. Автором статьи 

высказано  мнение  о  происхождении  жанра  басни  в  литературоведении.  Проанализированы 

теоретические основы развития данного жанра. 

 

M.M.Imangazinov 



Didactics and sharp tongue in allegorical works 

In article didactics and language problems in allegorical works are considered. The author of article argues on 

an origin of a genre of the fable in literary criticism. Analyzes theoretical bases of development of this genre. 

 

 



References 

1  Moskvicheva G.V. Russky klassizm, Мoscow, 1986, р. 172. 

2  Shanbayev T. Yazyk and style of a genre fable, Almaty, 1994, р. 16–19. 

3  Esdauletov U. Kazakh literature, 2004, June, 4, 22 (2860). 

4  Literature ancient times // Comp. A.Kyraubayeva, Almaty, 1991, p. 185. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Р.С.Каренов 

42 


Вестник Карагандинского университета 

ƏОЖ 94 «19» (574) 

Р.С.Каренов 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(E-mail: rkarenov@inbox.ru) 

Алаштың Мұхамеджан Тынышбайұлы жəне оның 

шығыстанушы, тарихшы ретіндегі зерттеулері 

135 жылдығына орай 

Мақалада қазақ халқының біртуар ұлының, тарих, мəдениет жəне қазақтар тұрмысының, қазақ рулары 

шежіресінің  білгір  алыбының  сан  қырлы  өмірі  мен  қызметі  суреттелген.  Мұхамеджан 

Тынышбайұлының  публицистикалық,  ғылыми  жəне  өлкетанушылық  зерттеулерін  талдауға  жəне 

бағалауға  басты  назар  аударылған.  Оның  шығармаларында  «қазақ  халқы»  ұғымын  кұрған  қазақ 

рулары мен тайпаларының шежірелік түп тамырлары толығырақ бейнеленген. Тарихи зерттеулердің 

оны  жасаған  адамның  қайғылы  тарихын  қайталағаны  туралы  қорытынды  тұжырымдалған: «халық 

жауы»  ретінде  атылғаннан  кейін  ол  еңбектерге  тыйым  салынды,  кітапханалар  мен  сақтау 

қоймаларынан  алынып  тасталды.  Соңдықтан  қазақ  зиялыларының  көрнекті  өкілінің  алпыс  жылдан 

астам уақыт өткеннен кейін жарық көрген еңбектері толығырақ зерттелген. 



Кілт  сөздер:  Алаш  қозғалысы,  темір  жол  қатынасы,  атақонысы,  өмірбаяны,  саясат,  Түркісіб 

құрылысы, ғылыми еңбектері, ұлтжанды азамат, ұлттық мүдде. 

 

Кіріспе 

Өкінішке  орай,  Мұхамеджан  Тынышбаевтың  есімі  қалың  оқырман  қауымға  жете  таныс  емес. 

Оның  Қазақстанның  экономикалық  жағынан  қаз  тұруына  қосқан  елеулі  үлесі,  қазақ  халқының 

тарихын зерттеген іргелі еңбектері ұзақ жылдар бойы ауызға алынбай келуінің белгілі себептері бар... 

Мұхамеджан  Тынышбаев — II Мемлекеттік  думаның  депутаты,  Қоқан  автономиясының 

басшысы.  Саясат  ісіне  жетік, халыққа  таза  жолмен қашаннан  қызмет  етіп  жүрген  алдыңғы  қатарлы 

зиялы  азамат.  Қазақтың  көрнекті  саяси  жəне  қоғам  қайраткері,  Алаш  қозғалысының  негізін 

салушылардың  бірі,  Алашорда  үкіметінің  мүшесі  жəне  оның  төрағасының  орынбасары,  тарихшы-

ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол қатынастарының инженері. 

1879  жылы 12 мамырда  Жетісу  облысы,  Лепсі  уезі,  Мақаншы-Садыр  болысының  Ешкіөлмес 

тауының маңайында (қазіргі Алматы облысының Қабанбай ауданы) дүниеге келген [1]. 

Мұхамеджанның  əкесі — Тынышбай  кісілікті,  ел  жұртына  беделді  отағасы  екен.  Көне  көз 

қарттардың  айтуынша,  патша  үкіметі  зорлықпен  шұрайлы  жерлерді  казак-орыстарға  таратып,  алып 

бере бастағанда, намысқа шыдамай, соның соңынан дау айтып, өз бастықтарының есігін тоздырып, 

қуылғандардың алдыңғы легінде Тынышбай да жүрген. Азамат соғысы жылдарында қарт Тынышбай 

қызылдар қолынан қаза тапқан [2;27]. 

Мұхамеджаннның анасы — Шаһиазадабану (Шəкен) келбетті, ақжарқын жан болған. Тынышбай 

мен  Шаһизадабанудан  екі  ұл,  үш  қыз  туған.  Олар:  Ахмеджан  (Айналда),  Мұхамеджан,  Салмақты, 

Қадиша,  Қампаш.  Болашақ  кемеңгердің  балалық  шағы  атақонысы — Ешкіөлмес  жайлауы — суық, 

қыстауы — Сартарын,  Басқан  өңірлерінің  шөбі  шүйгін,  суы  шəрбат,  əсем  табиғат  аясында  өтеді. 

Кішкентайынан  қағылез,  алғыр  боп  өсіп  келе  жатқан  бес  жасар  Мұхамеджанға  бірде  Лепсідегі 

медреседе дəріс беретін Хамитмағзұм молданың ықыласы түсіп алғаш рет тілін сындырады. Қабілетті 

бала,  сөйтіп,  жылға  жетпей  арабша  хат  танып  шығады.  Осылайша  зерек  Мұхамеджанның 

еңбекқорлығы дүйім жұртқа жайылып, алты-жеті жасқа дейін-ақ ауылдың барша ұсақ жандығына көз 

болып, үлкендердің қолын ұзартып, алғысын алып жүреді. 

Бір  жолы  сарттарға  өрістегі  ауылының  «қызыл  қоқысын»  санасып  жүрген  ат  үстіндегі 

Мұхамеджан  қасқабас  аталған  ояз  бастығының  назарын  аудартады. Сол  күннен бастап  ояз  бастығы 

кішкентай досына іштартып қолынан келген қамқорлығын аямайды. Ол он жасқа толғанда Алматыда 

«бұратаналардың»  балалары  үшін  генерал-губернатор  Г.А.Колпаковский  аштырған  гимназияның 

дайындық  бөліміне  алынуына  тікелей  ықпал  етеді.  Лепсіден 500 шақырым  Алматыға  Тынышбай 

ұлын қос ат жеккен арбамен екі апта дегенде əрең жеткізеді. 

Осы жолы олар Барлыбек Сырттанұлының Қапалдағы үйінде болады. Петербор университетінің 

шығыстану факультетін алғаш бітірген төрт жігіттің бірі — Барлыбек шешен сөйлеп, мауқын басып, 


Алаштың Мұхамеджан Тынышбайұлы ... 

Серия «Филология». № 3(75)/2014 

43 

ішіндегі  дертті  шерін  тарқатқандай  көсіледі. «Ең  əуелі, — дейді  ол, — білімге  ұмтылу  керек. 



Сауатсыз,  надан  ел  түптің  түбінде  барлық  асыл  қасиетінен  айырылады.  Ұлттың  қадір-қасиеті  мен 

белгісінен  ажыраған  елдің  халықтық  мінез-құлқы,  қалыбы  да  өзгереді.  Білімді  жұрттар  күшті  де, 

мəдениетті  келеді.  Біздің  оларға  теңесуімізге,  төрт  құбыламыз  бүтін,  дербес  патшалық  құруымызға 

қолымызды жеткізетін жол біреу-ақ, ол — білімде». Бұл əңгімелердің сырын терең ұғынған сезімтал 

Мұхамеджанның  санасына  өшпес  із  қалдырғаны  сөзсіз.  Дəл  осы  жүздесуден  соң  Барлыбекті  үлкен 

жолға салған ұстазы санап, кейінірек шын көңілінен есіне алады. 

Өйткені  ол  Мұхамеджанды  оқуға  аттандырып  тұрып: «Жолың  болсын,  балақай!  Қазақтың  көзі 

ашық, көкірегі ояу азаматтарының көбеюі өте қажет. «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады». 

Қараңғы қазақтың күні қараң, осыны зердеңе сақтап жүр», — деп өсиетін айтыпты. 

Енді  екі  ғасыр  шекарасында  саяси-қоғамдық  дамудың  ең  күрделі  жылдарында  өмір  сүрген, 

халқының  ұлттық  мүдделері  жолында,  азаттық  қозғалысы  жолында  күрес  жүргізген  асыл 

тұлғаларымыздың бірінің өмірбаянына қысқаша тоқталып өтелік. 



Мұхамеджан Тынышбайұлының өмірбаянына қатысты маңызды мəліметтер 

Мұхамеджан 1889–1900 жылдары  Верный қаласындағы  ерлер  гимназиясында  оқиды. Алғашқы 

күннен  сабағын  жақсы  оқып,  орыс  тілін  жетік  меңгеруге  күш  салады.  Осындай  ынта-ықыласына 

табиғи  қабілеттілігі  қосылып,  ол  аз  уақыт  ішінде  гимназия  оқытушыларының  назарын  өзіне 

аударады.  Гимназияны  үздік  бітіргенде  педагогикалық  кеңестің  шешімімен  ол  ғылымда,  əсіресе 

математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады. Гимназияның Алтын 

медалі  мен  педагогикалық  кеңестің  жоғары  бағалаған  мінездемесі  жиырма  жасар  Мұхамеджанның 

Жетісу əскери губернаторының кеңсесіне тілмаш болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы 

жас жоғары білім алуға ұмтылып, император Александр I атындағы Петербург теміржол транспорты 

институтына  түсуге  тілек  білдіреді.  Бұл  жолы  да  оның  жолы  болып,  өзінің  мұғалімі,  гимназия 

директоры  М.В.Вахрушевтің  көмегімен  қазынадан 360 сом  жылдық  стипендия  алып,  Петербургке 

аттанады. Бұл институтты да үздік бағамен бітіреді [3; 95–96]. 

Институтты  тəмамдағаннан  кейін, 1906 жылдан  бастап  М.Тынышбайұлы  Орта  Азия  темір  жол 

құрылысында  инженер  болып  қызмет  атқарады. 1907 жылы  екінші  Думаға  Жетісу  облысынан 

депутаттыққа сайланып, басқа да далалык өкілдермен бірге патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық 

саясатына  қарсы  күрес  шараларын  ұйымдастырады.  Дума  таратылған  соң  Орта  Азия  темір  жол 

құрылысына  айырықша  уəкілетті  нұсқаушы-инженер  болып  тағайындалып, Əмудария  өзені  арқылы 

өтетін  көпірді  салуға  қатысады. 1911 жылы  Урсатьевск-Əндіжан  темір  жол  құрылысының  бастығы 

əрі  бас  инженері  болады. 1914 жылы  елге  оралып,  Жетісу  темір  жол  учаскесінің  Арыс-Əулиеата 

құрылысының  бастығы  əрі  бас  инженері  қызметіне  кіріседі.  Осы  кезде  оқуға  бара  жатқан  бозбала 

Тұрар Рысқұловпен кездесіп, оған ақшалай көмек береді [4]. 

М.Тынышбаев 1917 жылы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты үлкен үміт күткен 

еді. Сондықтан да бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық-саяси қайраткер ретінде тез танылады. 

Сол жылы көктемде Уакытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қатар осы үкіметтің 

Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалады. 

Алаштың  арысы  Əлихан  Бөкейхановтың  төңірегіне  топтасқан  ұлттық-демократиялық 

интеллигенция өкілдерімен бірге М.Тынышбаев та жалпыұлттық «Алаш»  партиясын құруға тікелей 

араласып, 1917 жылғы  желтоқсан  айында  жариялаған  Алаш  автономиясы  үкіметінің  он  бес 

мүшесінің бірі болады, «Алаш» автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің 

жобасын қабылдауға қатысады. 

Осының  алдында  ол  бүкіл  түркістандық IV Мұсылмандар  съезіне  қатысып,  онда  жарияланған 

Түркістан («Қоқан») автономиясының Премьер-министрі болып сайланады. 

1917  жылдың  соңында  құрылған,  құрамында  М.Тынышбаев  бар  Алашорда  үкіметі 1918–1920 

жылдардағы  азамат  соғысы  кезінде,  екі  жакқа  бірдей  соғыс  алаңы  болған  туған  жерді  қантөгістен 

құтқаруға,  қазақ  елі  дербестігін  қалпына  келтіруге,  ең  алдымен,  елдің  амандығын  сақтауға  бар 

мүмкіндікті  пайдаланып  бақты.  М.Тынышбаев  Алашорда  үкіметінің  басшыларымен  бірге  сол  кезде 

бірінен  соң  бірі  құрылып  жатқан  көптеген  əр  түрлі  үкіметтермен  (Уакытша  Сібір  үкіметі,  Уфа 

директориясы,  Колчак  үкіметтері  сияқты)  келіссөздер  жүргізіп,  хат-хабар  жазысады.  Мақсаты — 

Алашорда, қазақ елдігінің тағдыр-талайы еді. 


Р.С.Каренов 

44 


Вестник Карагандинского университета 

Бірақ  күн  тəртібінде  алғашқы  кезекке  ұлттық  мəселе  емес,  таптық  мүдделер  қойылған  шақта, 

Алашорда  үкіметі  көздеген  мақсатқа  жете  алмады.  Сондықтан  оларға  күннен  күнге  күш  алып  келе 

жатқан Кеңестік билікке берілуден басқа жол қалмады [2; 29–30]. 

Мұхамеджан 1920 жылдан  бастап  Ташкент  қаласындағы  Қазақ  халық  ағарту  институтында 

ұстаздық  етті.  Содан  кейін  əр  түрлі  деңгейдегі  шаруашылық  қызметтерде  болды. 1922 жылы 

Түркістан  АКСР-і  Су  шаруашылығы  басқармасында, 1924 жылы  Ташкентте  Жер  суландыру 

бөлімінде, 1925 жылы  Қызылорда  қаласына  шақырылды.  Жаңа  астана  Қызылорда  қаласын 

көріктендіру жүйесінің бас инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын көрсетті 

жəне  көптеген  жаңа  объектілер  салу  туралы  ұсыныстар  жасады. 1926 жылы  Жетісу  губерниясы 

атқару комитетінің Жол бөлімінде еңбек етіп, өзін білікті инженер-маман ретінде таныта білді. 

1927  жылдан  бастап  Тұрар  Рысқұловтың  қолдауымен  Түркістан-Сібір  темір  жолын  салуға 

қатысады. Осы құрылыстың жобалаушысы, негізгі маманы болады. Тынышбаевтың кəсіби шеберлігі 

осы Түркісіб құрылысын салу барысында айрықша танылады. 

Бірақ,  өкінішке  орай,  осы  алып  құрылыс  туралы  жазылған  зерттеулер  мен  əдебиет 

туындыларында бұл жолдың суығына тоңып, ыстығына күйген, құрылыстың басынан соңына дейін 

тер  төгіп,  еңбек  сіңірген,  аты  аңызға  айналған  инженер  туралы  ол  жылдары  бірауыз  жылы  лебіз 

айтылмай келді. Еңбегі еш, тұзы сор болды. 

Тіпті, отызыншы жылдардың басында Алаш арысы Кеңес үкіметінің қуғын-сүргініне ұшырады. 

Ақыры, НКВД-ның  темір  құрсауынан  босанып кете  алмай, қапас  түрмелердің  бірінде  сталинизмнің 

көп құрбандығының бірі болып, 1938 жылы дүниеден мезгілсіз өтті. 

Тегінде  Тынышбайұлының  тағдыры — Қазақстанның  революцияға  дейінгі  зиялы  қауым 

өкілдеріне  ортақ  тағдыр.  Кезінде  олардың  көпшілігі  ойдан  шығарылған  қайдағы  бір  астыртын 

орталықтың мүшелері ретінде айыпталды. Тек 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының, 1970 жылы 

КСРО  Прокуратурасының  жəне  Түркістан  Əскери  алқасы  Əскери  прокурорының  шешімімен 

Тынышбаевқа жабылған жалған айып алынып тасталды. Əйтсе де, соңғы уақытқа дейін оның ғылыми 

еңбектері  халық  игілігіне  айнала  қойған  жоқ.  Асылы,  Мұхамеджанның  қазақ  тарихы  мен 

этнографиясы жөніндегі еңбектері — мəдени мұрамыздың елеулі бөлігі. Демек, оларды халыққа һəм 

тарихқа қайтару — ғалым-инженердің өміріне екінші тыныс беру. 

Мұхамеджанның студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет