№3(75)/2014 Серия история. Философия


Возглавляемый большевиками Коминтерн и его политика



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата15.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#9295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Возглавляемый большевиками Коминтерн и его политика  
на международной арене (1919–1943 гг.) 
В  статье  всесторонне  освещена  попытка  большевиков,  пришедших  к  политической  власти  в  России 
после  Октябрьского  переворота 1917 г.,  путем  создания III Коммунистического  Интернационала 
организовать «штаб мировой революции» на международной арене того времени. В связи с этим на 
основе  привлечения  многих  документов  и  источников  и  исходя  из  принципов  исторического 
объективизма  показана  политика  Коминтерна  по  поддержке  во  многих  странах  коммунистических 
партий,  рабочего  и  национально-освободительного  движения  для  осуществления  «экспорта» 
социалистической революции в эти государства. 
 
B.K.Adambek
 
Bolsheviks led the Comintern and its policies  
in the international arena (1919–1943) 
Article comprehensively highlights attempt of the Bolsheviks, who came to political power in Russia after the 
October revolution in 1917, by creating the communist international iii, turning it into a «the scale of the 
world revolution» on the international arena at the time. In this regard, on the basis of documents and many 
pictures, and on the basis of principles of historical objectivism, is shown the Comintern's policy in order to 
support communist parties, labor and national liberation movements for implementation of «export of the so-
cialist revolution» in these countries. 
 
References 
1  Soviet Historical Encyclopedia / Eds. Ye.M.Zhukov, 7, Moscow: Sov. Encycl., 1965, р. 768. 
2  Lenin V.I. The Proletarian Revolution and the Renegade Kautsky: Complete set of works, 37, р. 304. 
3  Big Soviet Encyclopedia: In 30 vol., 3-th ed., 12 / Eds. A.M.Prokhorov, Moscow: Sov. Encycl., 1973, p. 623. 
4  World History: In 10 vol., 8 / Eds. M.Ye. Manez, Moscow: Publ. socio-economic literature, 1961, 643 р. 
5  Modern history of foreign countries. XX century: Textbook for universities: In 2 vol., 1 (1900–1945) / Eds. A.M.Rodriguez, 
Moscow: VLADOS, 1998, 360 р. 
6  Firsov F.I. Modern and Contemporary History, 2, 1982, p. 32. 
7  Vert N. History of Soviet country 1900–1991 /Trans.from Freanch, 2-nd, Moscow: Progress-Academy, 1995, 544 р. 
8  Modern Soviet History. XX century: Textbook for universities / Eds. Ye.M.Shagin: Book 1: In 2, Moscow: VLADOS, 2004, 
447 р. 
9  Adambekov B.K. Russian Empire in XX century, History of Soviet Country and CIS: Tutorial. — Karagandy: KSU publ., 
2005, 102 р. 
10  50 years of the Great October Revolution: Resolution of Plenum CC of the CPSU. T Theses of CC of the CPSU, Moscow: 
Politizdat, 1967, р. 59. 
11  Modern history of Soviet. XX century. Textbook for universities / Eds.: A.S.Kiselev: book 1: In 2, Moscow: VLADOS, 1998, 
469 р. 
12  Soviet Historical Encyclopedia / Eds. Ye.M.Zhukov, 4, Moscow: Sov. Encycl., 1963, р. 318. 
13  Sokolov A.K. Course of Soviet History 1917–1940: Textbook. Manual for universities, Moscow: High school, 1999, р. 120. 
14  Berhin I.B. History of USSR. The Soviet period. Textbook. Manual for universities, Moscow: High school, 1987, р. 147. 
15  Adambek B.K. Herald of KSU, 2013, 2, p. 4. 
16  Karr E. History of Soviet Russia. Book 1: Vol. 1 and 2. Bolshevist revolution 1917–1923 / Trans. from Eng., Moscow: Pro-
gress, 1990, р. 278. 
17  History of USSR in document and illustrations (1917–1971), Eds. V.I.Vinogradov, Мoscow: Prosvechshenie, 1981, p. 100. 
18  Grigorev A.M. Modern and Contemporary History, 1982, 2, p. 27. 
19  Zuyev M.N. History of Russia: Textbook for universities, Moscow: Prior-izdat, 2005, р. 486. 
20  History of USSR foreign policy (1917–1985): In 2 vol., 1, Moscow: Nauka, 534 р. 
21  Second world war history 1933–1945: In 12 vol., 1, Moscow: Nauka, 1973, р. 54. 
22  Mesheryakov M.T. Modern and Contemporary History, 1991, 3, p. 20. 
23  World History: In 10 vol., 10 / Eds. E.N.Zhukov, Moscow: Mysl, 1965, р. 584. 
24  Modern History of Mankind. XX century: Textbook for universities: In 2 vol., 2 / Eds. A.S.Kiselev, Moscow: VLADOS, 
1998, р. 188. 
 

Г.М.Смағұлова, Ж.М.Кенжеғали 
30 
Вестник Карагандинского университета 
ƏOЖ 556.001.25 (574/575) 
Г.М.Смағұлова
1
, Ж.М.Кенжеғали

1
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; 
2
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана  
(E-mail: zharas_k @mail.ru) 
Орталық Азия елдеріндегі ұлттық қауіпсіздікті сақтауда 
 су ресурстарының алатын орны 
Мақалада Орталық Азия елдеріндегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі су ресурстарының орны 
мен рөлі қарастырылған. Аймақтағы трансшекаралық сулардан туындап отырған сұрақтардың шешілу 
жолдарына  сараптама  жасалған.  Су-энергетикалық  мəселелерді  аймақтық  деңгейде  шешу  үшін 
халықаралық  тəжірибені  қолдану  қажеттілігі  аталған.  Су  ресурстары  ұлттық  қауіпсіздікті  сақтауда 
«қауіпсіздік» ұғымының негізгі компоненттерінің бірі екендігі жайлы тұжырым жасалған. 
Кілт сөздер: Орталық Азия аймағы, су ресурстары, трансшекаралық сулар, ұлттық қауіпсіздік. 
 
Қазіргі  кезде  əлем  бойынша  су  ресурстарының  тапшылығынан  туындайтын  түрлі 
қақтығыстардың  саны  өсіп  келе  жатыр.  Ал  біз  өмір  сүріп  отырған  Орталық  Азия  аймағында  бұл 
жағдай қандай сипатқа ие? Бұл сұраққа жауап беру үшін, алдымен, Орталық Азия мемлекеттеріндегі 
суға байланысты жағдайды айқындап алған дұрыс. Сарапшы-мамандардың пікірінше, Орталық Азия 
елдерінде су-энергетика мəселесіне байланысты жағдай күн тəртібінде өткір тұр. 
Орталық  Азия  аймағының  басты  су  ресурстарын  осындағы  екі  ұлы  өзені — Əмудария  мен 
Сырдария,  сонымен  бірге  бірқатар  ұсақ  өзендер  мен  көлдер  құрайды.  Осындағы  мемлекеттерде 
экономиканың  түрлі  салаларының  шапшаң  қарқынмен  дамуына  байланысты  бұл  су  ресурстарының 
қоры оларға аздық етуде. Сонымен бірге Орталық Азия мемлекеттеріндегі халық санының тез өсуіне 
байланысты  күнделікті  тұрмыста  да  судың  көп  жұмсалынуы  оған  деген  қажеттілікті  күн  сайын 
арттыруда. 
«Орталық  Азияда  судың  жеткіліксіздігі  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында,  негізінен  Орталық 
Азияның көптеген аудандарындағы көшпелі малшылардың  отырықшы  шаруашылыққа қарай өтуіне 
байланысты  пайда  болды» [1] деген  Орталық  Азия  аймағындағы  су  ресурстарына  байланысты  бұл 
пікір  шаруашылыққа  деген  сұранысты  көрсете  отырып,  осы  мəселенің  өткен  ғасырларда-ақ 
туындағанын  айқындай  түседі.  Ал  ХХ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  қазақ  зиялыларының  бірі 
Нығмет  Нұрмақов  Қазақстандағы  су  мəселесі  бірден  бір  тікелей  көрші  елдерге  байланысты  екенін 
«...водное  хозяйство  у  нас  всецело  зависит  от  Среднеазиатских  республик», — деп  ашық  айтқан 
болатын [2]. Бұл  жағдайдың  Қазақстанға  аса  ауыр  тиетіні  рас.  Себебі  Қазақстан  жеріндегі  өзен-
сулардың басым бөлігі шекараның арғы жағынан бастау алады. Шекара арқылы ағатын су жолдары 
халықаралық  қатынастарда  «трансшекаралық  сулар»  деген  ортақ  атаумен  белгілі.  Мысалы, 
Қазақстандағы  «трансшекаралық»  деген  атауға  ие  болып  отырған  су  көздеріне  Сырдария,  Ертіс, 
Жайық, Іле т.с.с. жатқызамыз. 
Трансшекаралық  су-энергетика  мəселесі  Орталық  Азия  мемлекетеріне  айтарлықтай  біршама 
қауіпті проблемаларды туындатып отыр. Оған ұлттық қауіпсіздіктің басты құрамдас бөліктері болып 
табылатын саяси, экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздіктерді жатқызуға болады. 
Қазіргі  халықаралық  қатынастарда  трансшекаралық  су  мəселелері  бүгінгі  күні  екі  жəне 
көпжақты  келісімдердің  нəтижесінде  шешілу  керек  екенін  талап  етіп  отыр.  Өкінішке  орай,  көп 
жағдайда Орталық Азия мемлекеттерінің су мəселесіне байланысты қызығушылықтары мен мақсат-
мүдделері  сай  келмейді.  Сонымен  бірге  бұл  мəселе  тек  Орталық  Азия  мемлекеттерінен  басқа 
шекаралас  мемлекеттер — Ауғанстанның,  Қытайдың  жəне  Ресейдің  қатысуымен  де  шешілу  керек 
екендігі  біраз  уақыттан  бері  айтылып  жүр.  Ол  үшін  əлемдік  тəжірибеге  сүйеніп,  халықаралық 
шарттар  мен  келіссөздерге  көңіл  аударған  жөн.  Осыған  байланысты  Қазақстан  мен  Орталық  Азия 
аймағындағы  су-энергетика  мəселелеріне  байланысты  мемлекетаралық  деңгейдегі  атқарылған 
шараларға  тоқталатын  болсақ,  олардың  бастамасы  Қазақстан,  Қырғызстан  жəне  Өзбекстан 
Республикалары  Президенттерінің 1995 жылғы 14 сəуірде  Шымкент  қаласында  кездесу  барысында 
алғаш  рет  көтерілген  болатын.  Нəтижесінде  тəуелсіз  Орталық  Азия  мемлекеттері  арасында  бірінші 
рет  су-энергетика  мəселесіне  арналған  ресми  мəлімдеме  жасалды. 1996 жылы  Орталық  Азия 

Орталық Азия елдеріндегі ұлттық қауіпсіздікті ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
31 
Республикаларының  Премьер-министрлері  Мемлекетаралық  Кеңестің  отырысында  аймақтың  жылу-
энергия  жəне  су  ресурстарын  пайдалану  сияқты  бірқатар  мəселелерді  қарады.  Осыдан  кейін 
Қазақстан,  Қырғызстан  жəне  Өзбекстан  Республикалары  басшыларының  Бішкек  қаласындағы 
кездесулері  кезінде  трансшекаралық  су-энергетика  ресурстарын  пайдалану  туралы  мəселені 
қарастырды [3]. Кездесу  барысында  трансшекаралық  мəртебедегі  су  көздерін  реттейтін  немесе  су 
жіберетін  құбырлары  бар  мемлекет  өз  су-энергетика  ресурстарын  пайдалануда  тəуелсіз  құқыққа  ие 
болады  деп  шешті.  Көрші  мемлекеттердің  қоршаған  ортасын,  оның  ішінде  су  көздерін  ластамау 
айтылды.  Мысалы,  Сырдария  өзені  бассейніндегі  су-энергетика  ресурстарын  пайдалануда  Арал 
теңізіне  тигізіп  отырған  əсерін  ескере  отырып,  аймақтағы  су-энергетика  ресурстарын  тиімді 
пайдалануда  Шартқа  қатысушы  мемлекеттердің  экономикалық  дамуының  қажеттілігін  ескере 
отырып  шешу,  керек  делінді [4]. Бұл  құжаттар  сол  жылдары  қызмет  атқарған  Орталық  Азия 
экономикалық қауымдастығы (ОАЭҚ) аясында жүргізілген іс-шаралар аясында жасалды. 
Орталық Азияның ірі су көзін құраушы Сырдария өзеніне байланысты, оның бассейніндегі су-
энергетика  ресурстарын  пайдалануға  қатысты  Қазақстан,  Қырғызстан  жəне  Өзбекстан 
Республикаларының  арасында  ұзақ  мерзімді  Келісімге  қол  қойылды.  ОАЭҚ  шеңберіндегі  Премьер-
министрлер  Кеңесінде 1998 ж.  тағы  бір  келісімге  қол  қойылған  болатын.  Келісім  бойынша 
мемлекеттер  таяу 5 жылдың  ішінде  Орталық  Азия  аймағындағы  су  шаруашылығының  жағдайын 
шешпекші  жəне  энергиямен  қамтамасыз  етуді  тұрақтандырмақшы  болды.  Алайда  қабылданған 
келісім-шарттар өз мəнінде жұмыс атқара алмады. Сондықтан аймақтың су-энергетика ресурстарын 
қолданыста  тиімді  пайдалану  үшін,  Орталық  Азия  мемлекеттерінің  басшылары  Халықаралық  су-
энергетикалық  консорциум  құру  қажет  деп  шешті. 1998 ж.  ОАЭҚ-ның  Мемлекетаралық  Кеңесінде 
Консорциум  құру  туралы  шешім  қабылданды.  Оған  қатысты  жалпы  сұрақтар,  ұйымдастыру 
жұмыстары,  мақсат-міндеттері,  консорциумның  іс-əрекетінің,  қызметінің  негізгі  бағыттары  сияқты 
бірқатар  мəселелер  қарастырылды  жəне  соған  байланысты  заңдар  бекітілді.  Консорциумға 
байланысты арнайы комиссия құрылды. Сарапшылар консорциумға қатысты түрлі жобалар əзірледі. 
Нəтижесінде  ОАЭҚ-на  мүше-елдердің  консорциумға  қатысты  ұсталынып  отырған  позициялары 
толығымен  қаралып,  консорциумды  құру  уақытша  кейінге  қалдырылды.  Дегенмен  бұл  бағыттағы 
жұмыстар  мүлде  тоқтап  қалған  жоқ.  Ол  баяу  болса  да  атқарылуда.  ОАЭҚ-ның 2000 жылға  дейінгі 
Мемлекетаралық  экономикалық  интеграцияның  бағдарламасында (26 шілде 1998 ж.)  Орталық  Азия 
елдерінің 2010–2030 жж.  отын-энергетика  жүйесінің  тұрақты  дамуына  тиісті  ұйымдардың  болжау 
жасауы,  су-энергетика  ресурстарын  тиімді  пайдалану,  Орталық  Азия  аймағындағы  су-энергетика 
құрылыстарының 1-ші кезектегі объектілерінің келісілген тізімін көрсету айтылған еді [5]. 
Алайда, арада біраз жылдар өткеніне қарамастан, бұл проблема тек қағаз жүзінде ғана шешіліп 
отыр.  Қазақстан  мен  Орталық  Азия  елдеріндегі  су-энергетика  ресурстарын  тиімді  пайдаланудың 
бүгінгі күні көп қыры бар. 
Қазақстанда  су  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  байланысты  тиісті  ведомстволарда  қаралып 
жүр. Сонымен бірге  қолданудың 2013 жылғы 30 мамырдағы  Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаевтың 
№ 577  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  «жасыл  экономикаға»  көшуі  жөніндегі 
тұжырымдамада [6] су  ресурстарын  орнықты  пайдалану  туралы  айтылған.  Осы  құжатта  су 
ресурстары  бойынша 2020 жылға  қарай  Қазақстан  халқын  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  жəне 2040 
жылға  қарай  ауыл  шаруашылығын  сумен  қамтамасыз  ету  проблемаларын  шешу  жөніндегі  міндет 
тұрғандығы көрсетілген. Аты айтып тұрғандай, «жасыл экономиканың» шаруашылық секторларының 
басым  көпшілігі  суды  қажет  етеді.  Сол  себепті,  ең  алдымен, «жасыл  экономикаға»  көшудің  басым 
міндеттерінің  ішінде  алғашқы  орынды  ресурстары  алып  отыр. «Осы  ресурстарды  пайдалану  мен 
басқару тиімділігін көтеруде» су мəселесі бірінші аталған жəне де ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде 
су қауіпсіздігін көтеруді атаған. 
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама үш кезеңмен іске асырылмақшы.
 Аталмыш 
тұжырымдаманы  іске  асыру  мақсатында 
Қазақстанда  су  ресурстарын  басқару  жөніндегі 2014–2040 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарлама  əзірлеу  жоспарланып  отыр.  Онда  мыналар  ерекше 
айтылған:  
– пайдаланылатын  ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  суару  тиімділігін  арттыруға,  су 
сыйымдылығын  төмендетуге,  суару  арналарындағы  ысырапты  азайтуға  бағытталған  шараларды; 
өнеркəсіпте суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды; 
–  сумен  жабдықтау  жəне  суды  бұрудың  муниципалды  кəсіпорындарының  суды  пайдалану 
тиімділігін арттыру бойынша шараларды; 

Г.М.Смағұлова, Ж.М.Кенжеғали 
32 
Вестник Карагандинского университета 
– 2015, 2020, 2025 жылдарға  жəне  қорытынды 2040 жылға  белгіленген  аралық  мақсаттармен 
салыстыру арқылы көрсетілген секторларда суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды 
іске асыру тиімділігін үнемі қадағалау тетігін; 
– су-техникалық құрылыстарды салу мен жаңғыртуға арналған операциялық шығындарды жəне 
күрделі  шығыстарды  толық  өтеуге,  сондай-ақ  суды  пайдалану  тиімділігін  арттыруға  бағытталған 
ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар əзірлеуді; 
–  сумен  жабдықтауды  жақсартуға  (мысалы,  дамбалар  салу,  оның  ішінде  мемлекеттік-жеке 
меншік  əріптестік  негізінде)  бағытталған  неғұрлым  қолайлы  инфрақұрылымдық  жобаларды 
инвестициялық  бағалауды,  басымдық  беруді  жəне  олардың  қысқа  тізімін  құруды  қамтитын  суды 
пайдаланудың  тиімділігін  арттыруға  бағытталған 2014–2040 жылдарға  арналған  Су  ресурстарын 
басқарудың мемлекеттік бағдарламасын əзірлеу [7]. 
Трансшекаралық  су-энергетика  мəселесі  Қазақстан  Республикасы  үшін  Қытай  Халық 
Республикасымен  де  тікелей  байланысты.  Қазақстан  мен  Қытайдың  арасындағы  трансшекаралық 
өзендер мəселесі өткен ғасырдың 70-ші жылдардың аяғы-80-ші жылдардың басында биполярлы əлем 
кезінде  пайда  болды.  Сол  жылдары  трансшекаралық  өзендерді  бірлесіп  пайдалану  мен  қорғау 
мəселелерін  реттейтін  мемлекетаралық  келісімді  жасау  туралы  құрамына  Қазақстан  мен  Орта  Азия 
мемлекеттері  кіретін  Кеңестер  Одағы  Қытаймен  уағдаластыққа  қол  жеткізді.  Бірақ  бұл  мəселе  дер 
кезінде  шешілмей  қалды.  Оған  КСРО-ның  тарауы  себеп  болды.  Осыдан  кейін  бұл  мəселе  кейінге 
қалдырылды.  Қазақстан  тəуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейін  трансшекаралық  өзендер  мəселесі 
мемлекетаралық қатынастардағы басымдылық беріп қарастыратын проблемалардың біріне айналды. 
Қазақстан  Республикасы  мен  Қытай  Халық  Республикасы  арасында  өзекті  болып  отырған 
трансшекаралық Ертіс жəне Іле өзендерінің мəселесі қазақстандықтарды аз алаңдатып отырған жоқ. 
Қытайдан  Қара  Ертіс  деп  бастау  алатын  Ертіс  өзені  проблемасы  шекараны  делимитациялаудан 
кейінгі  ең  бір  өзекті  проблемаға  айналған  болатын.  Ертістің  мəселесі 1990-шы  жылдардың  екінші 
жартысынан бастап екі мемлекеттің арасындағы шешімін таппай отырған проблемаға айналды. 
Қытайдың  Шыңжан-Ұйғыр  автономиялы  ауданындағы  Қарамай  қаласы  осы  елдің  Батыс 
аймағындағы мұнай өңдейтін ірі орталықтардың бірі болып табылады. Бұл аймақтың Қытай үшін тек 
геосаяси  жағынан  ғана  емес,  геоэкономикалық  жағынан  алғанда  да  маңызы  бар.  Себебі  Шыңжан 
Қытай Халық Республикасындағы ірі шаруашылық кешені ғана болып қоймай, түрлі ресурстардың, 
оның ішінде жоғары сапалы пайдалы қазбалардың орталығы болып табылады. Бұл ауданда пайдалы 
қазбалардың жүзден аса түрі табылып отыр. Сондықтан «Батыс өлкені игеру» саясатына байланысты 
Қытай үкіметі соңғы жылдары бұл аймаққа үлкен көңіл аударуда. Осы саясатқа байланысты Шыңжан 
үкіметі  шаруашылық  қажеттерге  су  ресурстарын  пайдалану  мақсатында  тез  арада  Қара  Ертіс — 
Қарамай  каналын  салуды  бастаған  болатын.  Қара  Ертістің,  сол  сияқты  қосымша  Іле  өзенінің  суын 
бұрмалау  шекаралық  мемлекеттерді — Қазақстан  мен  Ресейді  осы  кезден  бастап  қатты  алаңдата 
бастады. «Қытай  жағының  мəлімдеуі  бойынша,  ауданға  судың  үнемі  жетіспеушілігіне  байланысты 
оны сумен қамтамасыз етіп отыру үшін жыл сайын Ертістен 450 млн кубометр мөлшерінде су алады, 
ал  болашақта  оның  көлемін 1,5 млрд кубометрге  дейін  өсірмекші» [8]. 1997 жылы  Қазақстан, 
Қырғызстан  жəне  Ресей  мемлекеттері  əрқайсысы  жеке-жеке  Қытай  тарапына  трансшекаралық 
өзендердің  мəселелері  бойынша  қысқаша  түсіндірме  жазбалар  жіберді.  Ресейдің  бұл  мəселеге 
қатысуы  Ертіс  Обь  өзенінің  саласы  болып  отырғандығында.  Ал  Шыңжан  Ұйғыр  автономиялы 
ауданындағы  Тарым  ойпатының 75 пайызын  суландыратын  Сарыжас  өзенінің  суы  Қырғызстанның 
аумағында жинақталады. Қытай тарапы жауап ретінде бастапқы кезеңде екі жақты үлгіде келіссөздер 
жүргізуге  ыңғай  білдірді,  мұны  олар  əрбір  жағдайда  жеке  бағдар  ұстану  қажеттігімен  түсіндірді. 
Қазақстан Ертіс өзені бойынша болатын диалогты міндетті түрде Ресейдің қатысуымен шешу керек 
дейді жəне ол үш жақты сипат алады деп санайды [9]. Өйткені ол осы су арнасы аумақтары бойынша 
ағып  өтетін  үш  мемлекеттің — Қазақстанның,  Ресейдің  жəне  Қытайдың  ұлттық  мүдделеріне  жауап 
береді.  Сол  сияқты  су  ресурстарын  ұтымды  пайдалануда  тең  жауапкершілік  жүктеу  қажеттігінен 
туындайды. 
Ертіс  өзенінің  суына  Қытай  жағы  ғана  мұқтаж  емес.  Ірі  өнеркəсіп  орталықтары  орналасқан 
Павлодар, Шығыс Қазақстан жəне Орталық Қазақстан облыстарын қамтамасыз етіп отырған Ертістің 
суын  Қазақстан  да  аса  қажет  етеді.  Əсіресе  Ертіс-Қарағанды  каналының  бойында  орналасқан 
республиканың  ірі  өнеркəсіп  орталықтары — Қарағанды  мен  Теміртау  қалалары  жəне  олардың 
маңындағы  серіктес  қалалар  соңғы  жылдары  су  проблемасына  жиі  килігуде.  Бұл  негізінен  су 
шаруашылығы  жүйелерінің  ескіруіне  байланысты  суды  тасымалдауда  көп  жағдайда  ақырына  дейін 

Орталық Азия елдеріндегі ұлттық қауіпсіздікті ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
33 
жетпей,  далаға  ысырап  болып  кетуде.  Мысалы,  мұндай  факторды  бір  ғана  Теміртау  қаласында  жиі 
кездестіруге  болады.  Ауыз  суының  жетіспеушілігінен  мұнда  көп  жағдайда  халыққа  суды  су 
тасымалдайтын машиналар жеткізіп отыр. 
Бұл  проблема  тек  Ертіске  ғана  емес,  Іле  өзеніне  де  байланысты  болып  отырғандықтан, 
Қазақстанды  бей-жай  қалдыра  алмайды.  Сарапшылардың  есептеулері  бойынша,  Қытай  жағы  өз 
жоспарларын іске асыра бастаған уақытта қалыптасқан сумен қамтамасыз ету жүйесі бұзылады жəне 
ол  Қазақстанның  солтүстік-шығыс  жəне  орталық  аудандарындағы  өнеркəсіп  орындары  мен  ауыл 
шаруашылығына  қатты  ықпалын  тигізеді [10]. Ең  маңыздысы  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс 
аймағында да екінші Арал проблемасы туу қауіпі бар. Дер кезінде бұл мəселені қолға алмаса, Балқаш 
пен  Зайсан  көлдері  маңы  да  экологиялық  апат  аймағына  айналуы  мүмкін.  Сондықтан  да  Қазақстан 
жағының алаңдайтын реті бар. 
«Қара Ертістен аталған көлемде суды алу (жылына 1 текше км-ден 3 текше км дейін) Ертіс ГЭС-і 
сарқырамасында  электр  қуатын  өндіруді  азайтуды (25 пайызға  дейін);  Зайсан  мен  Бұқтырма  су 
қоймасы  алаңының  бөлінуіне  əкелді,  Ертістің  осы  бөлігінде  кеме  қатынасы  тоқталды,  балық 
шаруашылығы  мен  экологиялық  жай-күй  елеулі  түрде  нашарлады,  Ертіс-Қарағанды  каналына  су 
беруді азайту қауіпі туындайды», — деген маман-ғалымдардың пікірлері өте орынды [11]. 
2001  жылдың 16 мен 25 маусым  аралығында  Қытайда  трансшекаралық  өзендер  бойынша 
қазақстан-қытай  сарапшылар  жұмыс  тобының  екінші  мəжілісі  болып  өтті.  Мəжілісте  Тараптар 
шекара  ауданында  Ертіс,  Іле  жəне  Текес  өзендері  ағымдарының  көлемі  туралы  мəліметтермен 
алмасып  отыру  жөнінде  уағдаласты  жəне  осы  өзендердің  су  сапасын  сипаттайтын  ақпараттармен 
алмасып  отыруға  келісілді [12;14]. Осы  жылдың 17 тамызында  Алматы  қаласында  қазақстан-қытай 
келіссөздерінің  бесінші  раунды  өткен  болатын.  Екі  жақты  осы  кездесу  кезінде  трансшекаралық 
өзендердің  суын  бірлесіп  пайдалану  жəне  қорғау  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  Келісімнің 
жобасы  жасалынды [12;14]. Соған  қарамастан,  бұл  проблема  əлі  күнге  дейін  түбегейлі  шешімін 
таппай  отыр.  Бірақ  күн  тəртібіндегі  міндет — трансшекаралық  өзендердің  қажетті  су  балансын 
сақтауға,  оларды  бірігіп  пайдалану  мен  қорғаудың,  ластау  мен  судың  сарқылуын  болдырмаудың 
ортақ ұсыныстарын жасауға бағытталуы тиіс. 
Трансшекаралық су мəселесі бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы 
арасында  екі  мемлекеттің  территориясында  ағатын 24 өзен  бойынша  су  бөлісу  туралы  келісім 
жасалмақ. «Қазақстан  мен  Қытай  арасындағы 24 трансшекаралық  өзеннің 18-і  Алматы  облысында, 
қалғандары — Шығыс  Қазақстан  өңірінде.  Алдағы  жылы  екі  ел  трансшекаралық  өзендердің  суын 
бөлісу  туралы  өзара  келісімге  келмек.  Арнайы  құрылған  бірлескен  комиссия  құрамында  əрбір  өзен 
бойынша жұмыс топтары құрылып, жұмыс жасауда» [13]. 
Қазақстан  Республикасы  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің  Балқаш-Алакөл  бассейні 
инспекциясының  бастығы  С.Мұқатаевтың  пікірінше,  трансшекаралық  өзен  суларын  бөлісуде 
реттегіш  су  тораптарының  маңызы  өте  зор.  Бүгінгі  күні  елімізде  қазақ-қырғыз  шекарасындағы  Шу 
өзені  мен  қазақ-қытай  шекарасындағы  Қорғас  өзенінде  осындай  су  тораптары  жұмыс  жасап  тұр. 
Оның  алғашқысы  өткен  ғасырдың 50–60 жылдары  салынса,  екіншісі  таяуда  ғана  іске  қосылды. 
Инспекция  бастығының  айтуынша, «суды  бөлісудің  тетіктері  толық  жұмыс  істейтін  болса, 
трансшекаралық  өзендерге  қатысты  мəселенің  бəрі  рет-ретімен  шешіле  бастайды.  Мəселен,  Балқаш 
көліне  құятын  судың 80 пайызы  Іледен  келеді. 2012–2013 жылдары  Іледен  келетін  судың  көлемі 
біршама  азайып  кетті.  Қапшағай  су  қоймасына  көктемнен  бері  жиналатын  судың  көлемі  биылдың 
өзінде жылдағыдан 70 млн текше метрге кем болып отыр» [13]. 
Трансшекаралық өзендерді пайдалану жəне қорғау саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен 
Қытай Халық Республикалары арасындағы жан-жақты стратегиялық əріптестіктің маңызды құрамдас 
бөлімі болғандықтан, екі мемлекет те осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану 
жəне қорғау, олардың  ластануы мен  сарқылуын болдырмау мəселелері бойынша  жалпы ұстанымды 
қалыптастыруға ұмтылуда. 
2013  жылғы 19–20 тамыздағы  Қазақстанға  ресми  сапары  барысында  Қытай  Халық 
Республикасының Сыртқы министрі Ван И: «Егер трансшекаралық сулар туралы айтар болсақ, Қытай 
Қазақстан мүддесіне нұқсан келтіретін ештеңе жасап жатқан жоқ. Біз екі тараптың күш салуымен осы 
мəселені міндетті түрде абыроймен реттеу жолын табамыз жəне екі ел арасындағы трансшекаралық 
өзендер  біздің  екі  халықты  тығыз  байланыстыратын  түйін  болады  деген  сенімдеміз», — деп 
мəлімдеген болатын [14]. Ал 2013 жылдың қыркүйек айының 6–8 күндері аралығында Қытай Халық 
Республикасының  Төрағасы  Си  Цзиньпиннің  Қазақстанға  жасаған  алғашқы  ресми  сапарының 

Г.М.Смағұлова, Ж.М.Кенжеғали 
34 
Вестник Карагандинского университета 
барысында  екі  ел  басшылары  қол  қойған  жан-жақты  стратегиялық  əріптестікті  одан  əрі  тереңдету 
туралы бірлескен декларацияда трансшекаралық өзендер мəселесіне ерекше назар аударылған. Бұдан 
байқайтынымыз,  трансшекаралық  өзендер  бойынша  су  бөлісу  мəселесі  тек  Қазақстан  үшін  емес, 
Қытай жағына да маңызды. 
Су ресурстарын тиімді пайдалану мəселесі — бұл ұлттық қауіпсіздіктің кепілі. Сол себепті осы 
саладағы бүгінгі жағдайды Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі жіті бақылап келеді. Оның 
болжамына сəйкес, 2025 жылға қарай əлем халықтарының 80 пайызы су тапшылығы мəселесіне тап 
болады. «Өкінішке  орай,  бүгінде  Қазақстан  сыртқы  су  ресурстарына  тəуелді.  Себебі  жыл  сайын  ол 
судың 40 пайызы  шекараның  арғы  жағынан  келеді.  Оның  азаюы  көптеген  экологиялық  апаттарға 
себеп  болып,  елдің  əлеуметтік-экономикалық  даму  болашағына  үлкен  қауіп  төндіреді», — дейді 
Қауіпсіздік кеңесінің өкілдері [15]. Олардың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Орталық Азия аймағында 
су  ресурстарын  басқарудың  интеграциялық  жүйесін  енгізу  аса  маңызды.  Алайда  онымен  кейбір 
көрші  мемлекеттер  келіспей  жатыр.  Бұл  түптің-түбінде  сан  алуан  теке-тірестерге  əкеліп  соқтыруы 
ықтимал. 
Орталық  Азия  аймағындағы  су  энергетикасы  мəселелері  əдетте  ауыл  шаруашылық 
проблемаларымен,  ең  алдымен  суару  мəселесімен  түйістіріле  отырып,  тығыз  байланыста  шешіледі. 
Бұл  өңірде  ауыл  шаруашылығын  сумен  қамтуға  жалпы  тұтынылатын  тұщы  судың 79–91 % 
пайдаланылады. Көптеген орталықазиялық өзендерде су қоймаларының құрылысы ұсақ қана емес, ірі 
өзендердің  де  ағыстарын  кеңінен  реттеуге  мүмкіндік  береді.  Өз  бетімен  суару  үшін  өзендердің 
таулардан  жазықтыққа  шығар  бойындағы  ағыстарының  күрт  бұрылыстары  мен  өзен  алаптарының 
дөңестігі,  яғни  ірі  өзен  арналарының  төменгі  ағыстары  ағатын  жазықтықтардан  едəуір  жоғары 
орналасуы,  қолайлы  болып  табылады.  Əсіресе  төмен  орналасқан  шөлейтті  жазықтықтармен  ағатын 
өзендердің  жаз  ортасында,  яғни  Орталық  Азияның  оңтүстігінде  бір  де  бір  тамшы  жауын-шашын 
жаумайтын,  ал  мəдени  дақылдары  қауырт  өсу  кезеңінде  болған  кезде  таситынының  маңызы  зор. 
Алайда Орталық Азия елдерінде шаруашылық қызметте қор пайдалану көзқарасы басым болып, суды 
ауыл  шаруашылығы  мен  энергетика  қажеттілігіне  ғана жұмсау  мəселесі  қарастырылып, оның  басқа 
қызметі ескерілмей келді. Су ағыстарының реттелмеуі жəне ластануы балық қорларының қысқаруына 
əкеліп  соқты,  аймақта  экологиялық  қауіпсіздік  проблемасын  тудырды.  Мысалы,  Қырғызстан  Шу, 
Талас,  Нарын,  Ақ  Бура,  Қарадария  шекарааралық  өзендерінің  ағыстарын  реттеу  жəне  шекаралас 
елдерді  суландыру  мақсатында  Кеңес  Одағы  кезінде  салынған 10-нан  астам  ірі  су  қоймаларының 
бүгінгі  жағдайы  экономикалық  ахуалының  қиындығына  байланысты  осы  объектілерді  толық 
қаржыландырмау  себебінен  су  қоймаларына  батпақтану,  сортаңдану,  су  жайылу  т.б.  экологиялық 
қауіпі  төнуде.  Ал  Өзбекстанда  суды  дұрыс  пайдаланбаудан  Хорезм,  Қарақалпақстан 
Республикасында,  Бұқара,  Навои  жəне  Қашқадария  облыстарында  ауыз  су  тапшылығы  мəселесін 
тудырып,  су  арқылы  жұғатын  аурулар  санының  көбеюіне  əкеліп  соғуда.  Соңғы  проблема  тек 
Өзбекстанда  ғана  емес,  Орталық  Азияның  басқа  да  мемлекеттерінде  жиі  кездесетін  факторға 
айналды. 
Трансшекаралық  су-энергетика  ресурстарын  мемлекеттердің  пайдалануында  Орталық  Азияда 
саяси  жағдайды  да  туындатып  отыр.  Ол  негізінен  ұлтаралық  қақтығыстар  арқылы  байқалып  жүр. 
Оның  көрінісін  Тəжікстан  мен  Қырғызстандағы  ұлтаралық  шиеленістерден  көруімізге  болады. 
«Тəжікстанның  Шаартуз,  Кабодиен,  Пяндж  деп  аталатын  оңтүстік  аудандарында  көшпелі  арабтар 
мен өзбектердің қаратегін тəжіктерінің арасындағы жанжал негізінен жер мен суды бөліске салудан 
туындады» [16]. 
Соңғы 20 жылдың  ішінде  Тəжікстанның  Ходжанд  облысы  Исфара  ауданындағы  тəжіктер  мен 
Қырғызстанның  Ош  облысындағы  Баткен  ауданындағы  қырғыздардың  арасындағы  жүрген 
қақтығыстар да су мен суармалы жерге байланысты пайда болды. Фергана жазығында ежелден жер 
өңдеумен айналысып келе жатқан осы екі этностың арасындағы шиеленіс саяси сипат алды. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  сарапшы-мамандардың  айтуынша,  бүгінде  сыртқы  саяси 
күштердің  араласуымен  де  Орталық  Азиядағы  су  тартыстары  орын  алып  отыр.  Мəселен,  қазір 
Сырдария  мен  Əмудария  өзендері  бойымен  су  дұрыс  тарамай  жатыр.  Себебі  осы  трансшекаралық 
өзендердің  басында  отырған  Қырғызстан  мен  Тəжікстан  суды  жеке  энергетикалық  мақсаттарға 
пайдалануды  көздейді.  Ол  үшін  Қырғызстан  Сырдария  өзені  бойында  «Қамбар  ата-1»  гидро-электр 
станциясын  салуды  жоспарлап  отыр.  Биіктігі 275 м  болатын  алып  құрылысқа 5 млрд  долл. 
жұмсалмақшы. Аталған құрылысқа АҚШ-тың инвестициясы тартылып отыр деген ақпарат бар. Бұл 
сыртқы саяси күштердің араласуында үлкен саяси стратегиялық мəн жатқандығын байқалтады, яғни 

Орталық Азия елдеріндегі ұлттық қауіпсіздікті ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
35 
суға  байланысты  туындайтын  этносаралық  қақтығыстарды  өз  мақсаттарына  пайдалану.  Нақтырақ 
айтатын  болсақ,  осындай  келеңсіз  оқиғаларды  мемлекетаралық  қақтығыс  деңгейіне  жеткізіп,  өздері 
осы мемлекеттердегі табиғи ресурстарға ауыз салу. 
Бір өзеннің бойында орналасқан суды тұтынушылардың арасындағы суға байланысты туындаған 
мəселелерді  реттеудің  түрлі  нормалары  ерте  дүние  дəуірінде  басталғаны  тарихтан  белгілі.  Оны 
растайтын тарихи жазба деректер мен археологиялық ескерткіштер де бар. 
Су  ресурстарын  бірлесіп  пайдалануға  байланысты  даулы  мəселелерді  реттеу  мен  шешу 
мемлекеттердің  өзара  келісімдер  мен  шарттар  жасасуы  арқылы  ғана  мүмкін  екендігін  тарихи 
тəжірибе көрсетіп отыр. Дүние жүзі бойынша су ресурстарына қатысты туындаған мəселелерді шешу 
жолында  түрлі  мемлекеттердің  қарым-қатынастарын  реттейтін  халықаралық  шарттарға  қол 
қойылғаны мəлім. 
Сондықтан  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін  Орталық  Азия  аймағындағы  су-
энергетикалық  ресурстарын  дұрыс  пайдалана  отырып,  аймақ  елдері  арасындағы  ықпалдастықты 
тереңдетпейінше,  бұл  мəселені  бірден  шешу  мүмкін  емес.  Сол  себепті  де  Орталық  Азия 
республикаларының  барлығы қатысатын  жəне интеграцияға  ұласатын  тығыз  ынтымақтастық  қажет. 
Толыққанды  ынтымақтастық  орнағанда  ғана  аймақта  су-энергетикалық  мəселелерден  туындаған 
қауіп-қатердің алдын алуға болады. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Асанбаев  М.Б.  Некоторые  проблемы  водной  проблематики  в  Центральной  Азии // Саясат. — 2000. — № 3(4).  — 
С. 96. 
2  Бейсенбекова  Н.А.,  Сақтағанова  З.Ғ.,  Шотбақова  Л.Қ.  т.б.  Сарыарқаның  ұлы  азаматтары  (ХХ  ғасырдың  басы): 
Моногр. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 438 б. 
3  Заявление глав государств Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Республики Узбекистан об использова-
нии водно-энергетических ресурсов: Сб. документов по междунар. праву. Т. І. Сост. Атанов М.М., Ибрашев Ж.О. и др. — 
Алматы, 1998. — С. 470–471.  
4  Смағұлова  Г.М.  Орталық  Азия  ынтымақтастығы  елдеріндегі  су-энергетика  ресурстарының  кейбір  мəселелері // 
ҚазҰУ жаршысы. Халықаралық қатынастар жəне халықаралық құқық. — 2003. — № 2 (10). — 53–57-б. 
5  Примбетов  С.,  Сабиров  М.  Региональная  энергетическая  интеграция — надежная  основа  будущих  инвестиций // 
АльПари. — 2000. — № 1. — С. 12–25. 
6  Қазақстан  Республикасының  «жасыл  экономикаға»  көшуі  жөніндегі  тұжырымдама // [ЭР].  Қолжетімділік  тəртібі: 
http://www.eco.gov.kz/files (дата обращения 30.05. 2014). 
7  Қазақстан  Республикасының  «жасыл  экономикаға»  көшуі  жөніндегі  тұжырымдаманы  іске  асыру  жөніндегі 2013–
2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі 
№ 750  Қаулысы // [ЭР].  Қолжетімділік  тəртібі: http://online.zakon.kz/Document/? doc_id=31430041 (дата  обращения 31.05. 
2014) 
8  Современный Синьцзян и его место в казахстанско-китайских отношениях / Под общ. ред. К.Л.Сыроежкина. — Ал-
маты, 1997. — С. 82. 
9  Ыдырысов Е. Ертіс пен Іле — ізгі көршілестік пен достық өзендері // Егемен Қазақстан. — 1999. — 23 қараша. 
10  Ортақ өзендерді пайдалану жайы қалай шешілмек // Егемен Қазақстан. — 2000. — 2 қараша. 
11  Северский И.В. Тағы да Ертіс туралы // Егемен Қазақстан. — 1999. — 10 желт. 
12  Трансшекаралық өзендер бойынша қазақстан-қытай сарапшылар жұмысшы тобының екінші мəжілісі (16–25.06.2001) 
// Дипломатия жаршысы. — 2001. — № 3.  
13  [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.inform.kz/eng/article/2574647) (дата обращения 30.05. 2014) 
14  [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://mfa.gov.kz (дата обращения 30.05. 2014) 
15  [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://alashainasy.kz/main/41957/ (дата обращения 21.05. 2014) 
16  Олимов  М.,  Камолиддинов  А.  Региональное  сотрудничество  по  использованию  водных  и  энергетических  ресурсов 
Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. — 1999. — № 2(3). — С. 12. 
 
 
 
 

Г.М.Смағұлова, Ж.М.Кенжеғали 
36 
Вестник Карагандинского университета 
Г.М.Смагулова,  Ж.М.Кенжегали
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет