Виртуалды турларды қолдану мүмкіндіктері: 3D-турлар көп сұранысқа ие және де көптеген қызмет салаларында қолданылады. Олар көптеген компаниялардың сайттарына белсенді түрде енгізілуде. Виртуалды турлар жасау бойынша қызметтерге сұраныс өсуде.
Сфералық панорамалар тауарды немесе қызметті ерекше түрде көрсетуге мүмкіндік бере отырып, бизнес пен маркетинг саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашады. Сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, автосалондар, мейрамханалар және басқа да объектілер үшін бұл тұтынушыға тауар немесе қызмет туралы толық ақпаратты жеткізу тәсілі ғана емес, сонымен қатар жарнамалық құрал.
Виртуалды турларды медициналық қызмет көрсету ұйымдары, фитнес орталықтары, Спорттық клубтар мен сұлулық салондары пайдалана алады. Сфералық панорамалар кеңістіктер мен үй-жайларды көрсету үшін таптырмас құрал. Панорамалардың көмегімен алдағы уақытта орналасатын қонақ үйіңнің атмосферасын және қазіргі заманғы жабдықтардың болуын көре аламыз.
Қонақ үй бизнесі саласында виртуалды турлар жасау өте қолайлы жаңа инновация болып табылады. Нөмірді брондауға ниет білдіруші қонақ үй залдары мен бөлмелерде виртуалды саяхат жасай алады.
Ұшақ билетін сатып алу алдында әуе компаниялары салондарының 3D-панорамаларын қарауды ұсынады.
Риэлтерлік қызмет саласында виртуалды тур онлайн көру және жылжымайтын мүлікті таңдау мүмкіндігін береді. Болашақ үйіңнің сыртынан және ішінен қарап, интерьер бөлшектері мен ол орналасқан жерді зерттейді. Клиент объектімен үйде отырып, оған бармай-ақ таныса алады, бұл сатып алушы мен сатушының уақытын едәуір үнемдейді. Басқа қалалардағы үйлерді сатып алу процесі де жеңілдетіледі.
Кафелер мен мейрамханалар 3D-турлардың көмегімен өзінің қайталанбас интерьерін, атмосферасын көрсетеді. Болашақ келуші қонақ интернет арқылы үстелдерді таңдауға және тапсырыс беруге мүмкіндік алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Лапин Александр Иосифович, Издатель Л. Гусев Москва 2004 2. 205с. 2.Светлана Пожарская «Фотомастер», Издательство «Пента» 2001г. 333с.
3. Технология создания панорам: http://3dpano.pindora.com/3d-panorama-technology.html