4 – тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата24.04.2023
өлшемі17,71 Kb.
#86217
түріИнтервью

Күні: 03.05.2021 жыл
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 10-«Б»
Оқушының аты-жөні:


4 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты:
10.2.3.1. - көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.
10.4.5.1 - сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
*көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
* сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз

Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген. Олар:


а) беріктік - инженерлік есеп;
ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.

1.Мәтінді талдаңыз:



  • Мәтіннің құрылымы:

  • Мәтіннің рәсімделуі:

2.Жанрлық ерекшеліктерін талдаңыз:





Стиль

Жанр

Тілдік ерекшелігі










3.Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін түсіндіріңіз.

  • А) Архитектура, сәулет өнері құрылысты жобалау салу оған көркемдік бейне беру өнері.




  • Ә) Бағаналар антаблементті арқалықты көтеріп тұрады. 

  • Б) Қадір-қасиеті еленіп, ел арасында «Екінші Мекке» атанған Түркістан қаласы тарихи сәулет ескерткіштерімен танымал. 


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды

1-2

Мәтін құрылымын талдайды

1

Мәтіннің рәсімделуін талдайды

1

Мәтін стилін ажыратады

1

Мәтіннің жанрын айқындайды

1

Тілдік ерекшеліктерін талдайды

1

Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді қолдана біледі

3

1-сөйлем

1

2-сөйлем

1

3-сөйлем

1

Барлығы

8


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет