4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет48/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Васкуляризациясыұйқы безіне қан жоғарғы шажырқай ртриясы арқылы келіп, безде капилляр торын түзеді. Лимфа тамырлар жүйесі без ацинустарымен аралшықтардың арасындағы саңылаулы капиллярдан бастау алады, ірі лимфатикалық тамырларға айналып безден шығады.
Иннервациясы – ұйқы безін кезеген және симпатикалық нервтердің эфферентті талшықтары нервтендіреді. Ұйқы безінің құрамында сезімтал нерв талшықтары без бөлікшелерінің арасында көптеген рецепторлар түзеді, оның ішінде пластинкалық денешіктерде кездеседі.
40. Бауыр. Морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы мен шығу көздері. Бауырдың қан айналымының ерекшелігі. Бауыр бөлікшесі құрылымдық-қызметтік бірлігі ретінде. Портальді бөлікше және бауыр ацинусы туралы түсінік. Бөлікшеішілік гемокапиллярлардың гистофункциялық сипаттамасы. Гепатоциттер, олардың құрылысы мен қызметтері. Бауыр регенерациясы
Бауыр – асқорыту жүйесінің ең үлкен без. Қызметі өте күрделі құрылым.
Ағзада бауыр деполық қор жинау қызметін атқарады. Яғни, бауырда гликоген, А,Д,Е,К витаминдері жиналады.
Зат алмасу процесіне қатысады, сонымен қатар улы заттар, гормон, ксенобиотиктерді залалсыздандырады.
Қорғаныс-сүзгі қызметі, қан белоктарының синтезіне қатысады. Қанның ұюын реттеуге қатысатын – фибриноген мен протромбинді синтездейді. Өтті синтездйді
Антигендік және ағза температурасының тұрақтылығын сақтайды
Қанға көп мөлшерде белоктарды және басқа да заттарды бөледі
Бауыр эмбриогенездің 3-ші аптасында ішектің кеуде бөлімінің энтодермасынан бастау алады. Екіге бөлінеді: жоғарғы – краниальді, төменгі – каудальді. Краниальді бөлігі – бауыр мен бауыр өзегінің, ал каудальді – өтпен өт өзегінің даму көзі болып табылады. Краниальді бөлігінің жасушаларының арасындағы мезенхимадан синусоидты капиллярлары, бөлікаралық дәнекер тін қалыптасады.
Бауыр бөліктеріндегі қан тамырлар жүйесін үш топқа бөлуге болады.
  • бауыр бөліктеріне қанды әкелуші


  • бөлік ішіндегі қан тамырлар жүйесі


  • қанды әкетуші жүйелер.


Қанды әкелуші қақпа венасы мен бауыр артериясы. Қақпа венасы венозды қанды бауырға бүкіл тақ ағзалардан жинап әкеледі. Ал бауыр артериясы оттегімен қаныққан қанды бауырға тасымалдайды. Бұл тамырлар бауырға келе: бөліктік, сегменттік, субсегменттік, бөлік аралық вена мен артериялар жатады. Бұлардың бойы мен өт өзектері қатарлас жүріп, бөлік арасында бауырдың триада құрайды. Бөлік аралық артерия мен вена қосыла келе бөлік ішіндегі синусоидты капиллярларға айналады. Және оның ішінде аралс қан жылжиды. Бағыты радиальды және орталық венаға ұласады. Орталық венадан қан бөлік сыртындағы жинағыш венаға, ол одан бауыр венасына, кейін төменгі қуыс венаға айналады. Сонымен бауыр паренхимасы қан капиллярларына өте бай келеді де, бөліктерде қан баяу жылжиды, ал бқл болса қан мен бауыр жасушаларының арасындағы зат алмасуын реттеп, қорғаныс, залалсыздандыру қызметін атқарады.


Бауыр паренхиматозды ағза. Оның стромасы: көкетпен тұтасып кеткен ТТДТ капсуладан
( Глиссон капсуласы), және ағзаны бөлікшелерге ажырататын БТДТ қабаттарынан тұрады. Бөлікшелер – бауырдың құрылым-қызметтілік бірліктері. Бөлікшелердің ішінде строма гемокапиллярлар және бауыр балкаларының аралығында орналасқан ретикулярлы талшықтардан түзілген. Қалыптыда адам бауырында бөлікшеаралық перделері нашар дамыған, сондықтан бөлікшелердің шекаралары айқын белгіленбейді. Цирроз ауруы кезінде дәнекер тіннің қабаттары қалындап кетеді.
Бауыр бөлікшесінің құрылысы - бауырдың паренхимсы классикалық бөлікшені қалыптастыратын гепатоциттерден түзіледі. Классикалық бөлікше – бауырдың құрылымдық қызметтілік бірлігі. Оның пішіні алтықырлы призмаға ұқсаған. Бөлікшенің ені 1 -1,5 мм, биіктігі -3 -4 мм. Бөлікшенің шеті бөлікшеаралық кеністікке қарап жатады, онда триадалар (бөлікшеаралық артерия, вена және өт түтігі), сондай-ақ лимфалық тамырлар және нерв бағаналары болады. Бөлікшенің ортасында орталық вена (бұлшықетсіз вена) орналасады. Бөлікшенің негізін бауыр балкалары құрайды. Олар бір бірімен десмосома арқылы байланысқан гепатоциттердің екі қатарынан түзілген. Балкалардың аралығында бөлікшеішілік синусоидті қан капиллярлары өтеді. Синусоидті капиллярлардың қабырғасы тек жалпақ эндотелиоциттер тыстайды, олар зат алмасу процесстерге қатысады, эндотелиоциттердің бір бірімен қосылған аймақтарында ұсақ саңылаулар болады. Бұл аймақтар саңылаулы аймақтар деп аталады. Эндотелиалды жасушалардың аралығында көптеген жұлдызша макрофагтар орналасады. Басқаша Купфер жасушалар деп атайды, олар қорғаныштық функцияны атқарады. Жұлдызша макрофагтарға және эндотелиалды жасушаларға синусоид қуысы жағынан шұнқырша жасушалар немесе pit-жасушалар бекітіледі. Олардың нақты киллерлік қасиеттері болады және олар эндокринді функцияны атқарады. Бауыр аурулар кезінде олар киллерлер секілді зақымдалған гепатоциттерді жояды, ал жазылған кезде эндокринноциттер секілді гепатоциттердің көбеюін ынталандырады.
Капиллярлар перисинусоидалды кеністікпен (Диссе кеністігі) қоршалған, ол эндотелиалды жасушаларды гепатоциттерден бөліп тұрады. Бұл кеністіктерде қан плазмасы компоненттері болатын сұйықтық, макрофагтардың, гепатоциттердің , өсінділері, аргирофилді талшықтар және перисинусоидалды липоциттердің (Ито жасушалардың) өсінділері болады. Перисинусоидалды липоциттер гепатоциттер аралығында орналасады, олардың цитоплазмасында майда май бөлшектері болады. Негізгі функциясы – майда еритын витаминдерді жинақтайды. Олардың саны бауырдың созылмалы ауруларында көбейіп кетеді. Патология кезінде бұл жасушалар фибробластар секілді жасушааралық затты бөле бастайды.
Классикалық бөлікшеде 3 аймақты ажыратады: перипорталды, аралық, орталық. Бауыр бөлікшелерінің схемасы. Бөлікшелердің: перипорталдық (шеткі) аймағы, аралық аймағы, орталық аймағы.
Өт өзекшелердің өзінің қабырғасы болмайды, олардың қабырғасын екі гепатоциттердің терендеп ойысқан цитолеммалары қалыптастырады. Өт өзекшеге қарап жатқан гепатоциттердің беткейінде микробүрілер болады. Олардың жиырылу қасиетінің жоғалуы кезінде бауырда холестаз пайда болуы мүмкін яғни өттің өт өзекшелерде тұрып қалуы . Өт өзекшелері бөлікшенің ортасында басталып, бауыр балкасы бойымен оның шетіне өтеді. Сол жерде олар холангиолаларды қалыптастырады .Холангиола қабырғасы эпителиалды жасушалар – холангиолациттерден тұрады. Оның құрамында бауырдың бағанды жасушалары орналасады. Холангиолалар бөлікшеаралық өт өзекшелеріне барып қосылады. Сонымен, өт өзекшелері бауыр балкалардың ішінде орналасады, ал бауыр балкалардың аралығында қан капиллярлары өтеді. Сондықтан әрі бір гепатоциттің екі аймағы болады. Бір аймағы билиарлы – өт өзекшеге қарап жатады, оған өтті секрециялайды, екінші аймағы васкулярлықан капиллярға бағытталған, капиллярға гепатоцит глюкозаны, қан плазмасының нәруыздарын, несепнәрді және т.б. бөледі. Қан капиллярлар мен өт өзекшелердің аралығында байланыс түзілмейді өйткені оларды бір бірінен бауыр және эндотелиалды жасушалар бөліп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет