4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет29/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

3. Тамырлық компонент: қабырғасы өте жұқа болып келеді. Ерекше посткапиллярлы синус тамырлары болады және осы тамырлардың қабырғасын иммунды функция атқаратын эндотелиоциттер жауып жатады. Базалды мембраналар көп кездеспейді. Синус қабырғасының саңылауы арқылы тек қана толық дамыған қан жасушалары өте алады.
Сүйектің қызыл кемігінің негізгі қызметі бұл қан жасушаларын түзу болып табылады.Эритропоэз(эритроциттердің дамуы)- эритробласттық аралшықтарда жүреді. Гранулоцитопоэз(гранулоциттердің дамуы) көбіне сүйек кемігінң шетіндегі аралшықтарда жүреді. Мегакариоцитопоэз, тромбоцитопоэз( мегакариоциттердің, тромбоциттердің дамуы) жүреді. Және де моноцитопоэз (моноциттердің дамуы); лимфоцитопоэз (В-лимфоциттердің дамуы, Т-лимфоцит ізашары) жүзеге асырылады.
Сүйектің сары кемігі түтікшелі сүйектердің диафизінде орналасады. Олар май жасушалары адипоциттерден тұрады. Бір ерекшелігі қанөндіру қызметін атқармайды. Адам организмінде 12 жасқа дейін сүйектің эпифиз және диафизінде сүйектің қызыл кемігі болады , ал ол 18 жастан кейін диафиздегі сүйектің сары кемігіне ауысады. Егде жасқа келгенде екеуі де сілемейлі консистенцияға ауысып, желатинозды сүйек кемігі деп аталады.
Регенерациясы. Сүйектің қызыл кемігі физиологиялық және репаративтік регенерациялық қабілетке ие. Сүйек кемігіндегі гемопоэтикалық жасушалардан дамитын бағаналы жасушалар ретикулярлы тінмен тығыз байланысады. Осы бағаналы жасушалардың практикалық медицинада маңызы зор. Мысалы,қатерлі ісік химиотерапиясы, қанның туа біткен сырқаттарын емдеу және де трансплантациялау мақсатында гемопоэздік бағана жасушаларды кіндік бау қанынан, плацентадан, сүйектің қызыл кемігінен алу секілді ем шаралары осы бағаналы жасушалар көмегімен жасалынады. Жалпы сүйек кемігінің регенерациялық жылдамдығы микроқоршау мен арнайы гемопоэтикалық өсу факторларға байланысты жүреді.
18. Тимус. Құрылысы мен қызметі. Оның Т- лимфоцитопоэздегі маңызы. Қыртысты және милық заттарының тіндік құрамы. Гематотимустық тосқауыл.Тимустың адам жасына байланысты және акцидентальды инволюциясы.
Тимус лимфоцитопоэз бен иммуногенездің орталық мүшесі. Сүйек кемігінен келген Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз ізашарлары тимуста дамып жасушалық иммунитет реакцияларын жүзеге асыра отырып ағзадағы гуморальды иммунитететі реттейді. Тумистың қалыптасуымен иммунитет тығыз байланысты. Егерде тумис дұрыс қалыптаспаса немесе ерте инволюцияға ұшыраса иммунитеттің бәсеңдеуі мүмкін. Сонымен қатар лимфоциттердің саны азайып, ағзаның иммундық қорғаныс қызметі бұзылуына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда көптеген инфекциялы аурулар пайда бола бастайды.
Тимус жалпы эбриогенездің 2-ші айында 3-ші және 4-ші желбезек қалталарынан бастау алады. Ұрықтық дамудың 6-7 апталарында алғашқы лимфоциттер пайда бола бастайды. Ал 8-ші аптасынан бастап тимустың мезенхимасының бөліктері, қыртысты және боз заты қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет