4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Миндалиналар, олардың құрылысы мен дамуы. Миндалиналардың шұңқырлары мен крипталары. Миндалина фоликуллалары және олардың жасушалық құрамы



бет46/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

33. Миндалиналар, олардың құрылысы мен дамуы. Миндалиналардың шұңқырлары мен крипталары. Миндалина фоликуллалары және олардың жасушалық құрамы.
Миндалиналар немесе бадамша бездер лимфоэпителиалды мүшелерге жатады. Себебі бұларда эпителий мен лимфоциттер өзара әрекеттесіп орналасқан. Миндалиналар ауыз қуысының түбінде , өңеште көптеп кездеседі. Жұп миндалиналар таңдайда және жұтқыншақ пен тілде жекеленіп орналасқан. Лимфоэпителиальді Пирогов-Вальдейер сақинасы болып табылады . Бұлар тыныс алу жолдары мен ас қорыту түтікшелерін қоршай орналасады.

Миндалиналардың қызметі :


-Антигенге тәуелді «Т» мен «В» лимфоциттерін дифференциялануы жүреді .
-Барьерлік- қорғаныс қызметі
-Цензорлық қызметі – тағамның микрофлорасының жай күйінде бақылау жасайды.
Дамуы : эмбриогенезде миндалиналар ұрықтың 3-5 айлар аралығында қалыптаса бастайды. Даму барысында эпителий, ретикулярлы тін мен лимфоциттер өзара әрекеттесіп байланысуынан қалыптасады.
Таңдай миндалиналар-сопақша келген екі денешік түріндегі құрылым, кілегейлі кабығында катпарлары болады. Кілегейлі қабық эпителий көп қабатты муйызделмеген, құрамында эпителийдің меншікті пластинкасына енген 10-20шақты лакуналар немесе крипталар түзеді. Лакуналардың биразы тармақталып кетеді. Лакуналарды тыстайтын эпителиінде көптеген лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер қоныстанған.
Тіл миндалиналары – тілдің кілегейлі қабығының көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиінің құрамында 100 – шақты тар сақталмаған крипталар болады . Ал , кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасына ғы крипталарды қоршаған лимфоидты тін . Бұл тін диффузды түрде не түйін түрінде де кездеседі . Түйіннің құрамында мантийлі аймағы мен көбею орталығы көрінеді .
Жұтқыншақ миндалинасы- мұрынның жұтқыншақ бөлігінің дорзалді қабырғасында орналасқан . Құрылысы жағынан басқа миндалиналар ға ұқсас . Балаларда жұтқыншақ миндалинасының кілегейлі қабығының құрамында бір қабатты , қатарлы , кірпікшелі , призмалы эпителийі болса , ал ересектерде көп қабатты жалпақ муйызделмелы эпителий . Балалық шақта жұтқыншақ миндалинасы шамадан тыс өсіп , мұрынмен дем алуға кедергі жасауы мүмкін.
34-37
34. Өңеш және жұтқыншақ. Қызметі, қабырғасының құрылысы, дамуы. Өңеш қабырғасының әртүрлі бөліктерінің құрылысы. Өңеш бездері.

Тағам ауыз қуысынан кейін жұтқыншаққа, одан өңешке, кейін асқазан мен ішектерге барады. Асқорыту жүйесінің алдыңғы бөлгіне: ауыз қуысы, оның туындылары және жұтқыншақ, өңеш жатады. Олар эктодермадан дамиды. Жұтқыншақта тыныс алу және ас корыту жолдары киылысады. Осыған байланысты жұтқыншақты: мұрын, ауыз және көмекей бөлiктерiне ажыратамыз. Мұрын-жұтқыншақ бөлiгiнiң шырышты қабығының эпителийі көп қатарлы кірпікшелі болып келеді, құрамында аралас бездерi болады. Ауыз-жұтқыншақ пен көмекей-жұтқыншақ бөлiктерiнiң шырышты қабығының эпителийі көп қабатты жалпақ меншікті пластинкаға бекінген, құрамында эластин талшықтары болса, ал шырышасты негiзiнде күрделі шырышты бездердiң соңғы бөлiктерi орналасады. Бұлшықетті қабаты екi қабаттан тұратын көлденең жолақты бұлшқ ет тіні. Жұтқыншақтың сыртқы қабығы - адвентиция.


Өңеш
Өңештің эпителийі алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан прехордальді табақшадан түзіледі. Қалған қабаттары оны қоршап жатқан мезенхимадан бастау алады. Алдымен өңештің эпителиальді жабыны бірқабатты призма тәрізді эпителимен тысталады. 4-күндік эмбрионда ол екі қабаттыға айналады. Ұрықтық дамудың 3-айына таман өңеш бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителимен тысталады. 4-айдан бастап кірпікшелі жасушалар біртіндеп шар тәрізді жасушалармен алмасады, кейін олар гликогенге бай жалпақ жасушаларға ауысады. 6-айдан бастап өңеш эпителийі көпқабатты жалпақ эпителимен тысталады.
Жалпы өңеш 4 қабаттан тұрады: шырышты қабықша, шырышасты негіз, бұлшықет қабықша, адвентициалды қабықшадан тұрады. Өңештің шырышты қабықшасы эпителий пластинкасы, меншікті пластинкасыжәне бұлшықет пластинкасынан тұрады. Шырышты қабықшаның эпителийі – көпқабатты жалпақ мүйізделмеген. Шырышты қабықшаның меншікті пластинкасы эпителиге кірігіп орналасқан дәнекер тінді емізікшелерді түзеді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры орналасады. Меншікті пластинкада өңештің кардиальді бездері орналасады. Шырышты қабықшаның бұлшықет пластинкасы эластин талшықтарының торларына оралған тегіс бұлшықет жасушаларының шоғырынан тұрады.
Шырышты және шырышасты қабықтарынан өңештің куысына 7-10 шақты қатпарларды түзіп, тағамды қозғалтып, жылжытуға қатысады. Шырышасты негізінде өңештің бездері орналасқан. Олар күрделі, тармақталған альвеолярлы-түтікшелі болып келеді және таза шырышты секрет бөледі. Бұлшықетті қабығы екі қабаттан тұрады. Өңештiн үштен бір жоғарғы мойын бөлiгiнде көлденең жолақты бұлшық ет тіні. Төменгі бөлігінде-тегіс салалы бұлшықет тінінің миоциттері, ал ортанғы бөлігінде бұлшықет тiнiнiң екі түрі де кездеседі. Өңештің асқазанға кіреберiсiнде сфинктерi (қысқышы) болады. Өңештің сыртын адвентиция коршайды. Өңеште кардиальді және меншікті бездері бар. Каридиальді бездер- қарапайым тармақталған түтікшелі бездер тобына жатады. Олардың соңғы бөлімдері цитоплазмасы түйіршікті, кейде муциннен тұратын куб тәрізді және призмалы эпителиоциттерден тұрады. Кардиальді бездердің кейбірінің соңғы бөлімдерінде хлорид өндіретін париетальді жасушалар орналасады. Меншікті бездер күрделі қатты тармақталған альвеоярлы түтікшелі бездер болып табылады. Олардың соңғы бөлімдері шырышты жасушалардан тұрады. Олардың сұйықтығы ұсақ шығару өзектеріне құйылады.Бұл өзектер шырышты қабықшаның бұлшықет пластинкасы арқылы өтеді және меншікті пластинкада ірі ампула тәрізді өзектер түзеді.
35. Асқазан. Морфофункциялық сипаттамасы, эмбрионалды дамуы мен шығу көздері. Асқазан қабырғасының құрылысы, оның тіндік құрамы, әртүрлі бөліктеріндегі шырышты қабықшасының құрылыс ерекшеліктері. Асқазан бездерінің орналасуы, құрылысы, жасушалық құрамы. Асқазанның қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Асқорыту жүйесінің ортаңғы бөліміне: асқазан, жіңішке ішек және тоқ ішек, бауыр, ұйқы без жатады. Асқазан эмбриогенездің 4 аптасында ішек түтігінің энтодермасынан бастау алады. Ұрықтық мезенхимадан дәнекер тіні мен бұлшықет тiндерiнiң жасушалары дамиды. Ұрықтың 2 айында асқазан бездерiнiң эпителийі калыптасады. Сырткы мезотелийі спланхнотомнын висцеральдi жапырақшасынан дамиды. Функциясы:
  • эндокринді функциясы –гистамин, мотилин, гастрин, Р заты, серотонин сияқты биологиялық белсенді заттарды секрециялау


  • сіңіру функциясы — онда қанттардың, спирттің,судың, тұздардың сіңірілуі жүреді.


  • қозғалтқыштық функциясы – тағамдық массаны жинақтау, олардың механикалық өңделуі және ары қарай ішектерге жылжуы;


  • секрециялық – түскен тағамнан В12 витаминін сіңіруге жағдай жасаушы антианемиялық Каслфакторын бөлу ;


  • экскреторлы (бүйрек жеткіліксіздігі кезінде арта түседі);


  • қорғаныс (бактерицидті) — тұз қышқылының есебінен


Макроскопиялық зерттеулер бойынша асқазан: кардиальді, функциональдi, денесi және пилорикалық бөліктерден тұрады. Ал гистологиялық зерттеулер бойынша үш бөліктен тұрады: түбі, денесі және пилорикалык бөлiгі. Асқазан қуысты мүше және оның қабырғасында қабықтары бар. Қабырғасында кiлегейлi, кілегейасты негiзi, бұлшықетті және серозды қабықтары ажыратылады. Кілегейлі қабықта шұңқырлар, аймақтар, қатпарлар орналасады. Асқазан шұңқырлары - кілегейлі қабық эпителиiнiң меншікті пластинкаға ойыс жасап енетін жер. Қатпарлары - асказанның кiлегейлi қабығы мен кілегей асты негізінің асқазан куысына карай көтеріліп шығуы. Аймақтары - бездердің топтасып орналасқан тұстары. Кiлегейлi қабық үш қабаттан тұрады: эпителий, эпителийдің меншікті және бұлшықетті пластинкалары. Эпителий қабаты - бір қабатты бездi, призмалы пiшiндi эпителиоциттерден тұрады, олардың көбi мукоциттер. Мукоциттердiн апикальді және базальді полюстері болады. Базальді бөлігінде-ядросы, түйіршікті, түйіршіксіз ЭПТ, апикальдi бөлiгiнде-көптеген шырышты көпiршiктерi көрiнедi. Шырыштың құрамында антидене анықталған.


Асказаннын жабынды эпителийі секреторлы компонент бөлiп, кілегейлi қабыққа әсер ететін зиянды заттарға төзімділік қасиет береді. Осылардың нәтижесінен асказанда шырышты-бикарбонатты барьер түзіледі.
Кілегейлi қабықтың меншiктi пластинкасы БТКДТ- нен тұрады. Бұл пластинкада көптеген бездер болады. Асказан бездері қарапайым түтікшелі, тармақталмаған. Өзектерi асказан шұнқырына ашылады. Асқазан бездерi үш бөліктен тұрады: түбі, денесі және мойыны. Асқазан бөлiктерiнде орналасуына байланысты бездер топтарға жіктеледі: кардиальдi, фундальдi және пилорикалық. Сан жағынан ең көбі фундальді бездері болып табылады. Олар нашар тармақталған. Құрамындагы жасушалары: негізгі,париетальді,шырышты немесе қосымша жасушалар, эндокриноциттер, мойын мукоциттері.
Негiзгi жасушаларының пішіні призма тәрізді, апикальді бөлiгiнде зимогенді түйіршіктері болады. Қызметі: профермент - пепсиногендi синтездейді. Және қышқылдық ортада белсенді болып пепсинге айналады. Жас балаларда негiзгi жасушалары липаза мен химозиндi өңдейдi.
Париеталдi жасушалары - iрi, оксифильді боялған. Цитоплазмасында өте iрi кристалары, жаксы дамыған митохондриялары байкалады. Ерекшелігі: көптеген микробүрлері мен секреторлы каналдары бар. Қызметі: тұз кышкылын синтездейдi (HCL). Секреторлы каналдары тұз қышқылын НСL жасушадан шығарады.
Шырышты жасушалары немесе мукоциттерінің, пішіні призма тәрiздi, цитоплазмасында гольджи комплексі жақсы дамыған. Қызметі - шырышты өңдеу.
Эндокринді жасушалары: P, EC, ECI, G, D1 ,D1, А т.б. түрлері болады. Эндокриноциттердің ерекшеліктеріне: цитоплазмасы ашық түске боялған түйіршікті ЭПТ, Гольджи комплес және секреторлы түйiршiктерi болады.
Р-жасушалары бомбезин синтездеп, өт кабынын мускулатурасынын кызметiн және париетальдi жасушалардың тұз қышқылын бөлуiн реттейдi.
ЕС-жасушалары серотонин, мелатонин және Р-затын бөледі.Серотонин кілегейлi қабықтың қан айналым қызметiн реттейді. Сонымен қатар, негiзгi және шырышты жасушаларының белсенділігін реттейді. Мелатонин жасушалардың биоритмдік (күндізгі және түнгі) қызметін реттейді. Р-заты ішектердің моторикасына әсер етеді.
ЕСL-жасушалары гисталинді синтездеп, асқазанның қабырғасының жиырылғыштығын, жасушаларының қызметін реттейді.
G-жасушалары гастринді синтездеп, негізгі және париетальді жасушалардың қызметін реттейді.
D- жасушалары соматостатинді бөліп, бездердің синтезін, жасушалардың сөл бөлуін реттейді.
D1-жазушалары вазоинтестинальді полипептидтерді бөледі, қан қысымын төмендетіп, асқазан бездердің қызметін реттеп, бұлшықет миоциттердің қызметін тежейді.
A-жасушалары энтероглюкогенді синтездеп,қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, асқазан эпителийінің шырыш бөлуін реттейді.
Мойын мукоциттері- бездердiң мойын бөлiктерiне орналасады. Бұлардың цитоплазмасында муциннің синтезіне катысатын шырышты көпіршіктері болады. Эпителиоциттерден бөлінген шырыш жасушаларды тұз кышкылы мен пепсиннің әсерінен сактайды. Мукоциттер аз дифференцияланған, митоз жолымен көбейетін жасушалар. Сондыктан бездер мен шырышты қабаттың эпителиоциттерiнiң регенерациясына катысады.
Асқазанның меншікті бездері– біршама көп. Адам асқазанында оның саны 35 млн. құрылысы бойынша бұл бездер қарапайым тармақталмаған түтікшелі бездерге жатады. Әр бездің құрылысында осындай бөлімдерді көреміз: қылтасын (перешейка), мойыны және негізгі бөлімі. Негізгі бөліміне денесі мен түбі жатады. Меншікті бездер 5 түрлі жасушалардан тұрады:
  1. негізгі экзокриноциттер-көбіне бездің денесінде және түбінде орналасады. Жасушалардың ядросы дөңгеленген, жасушаның дәл ортасында орналасады. Негізгі жасушалар профермент (зимоген) – пепсиногенді секрециялайды, ол өз кезегінде тұз қышқылының әсерінен белсенді түрі- пепсинге айналады.


  2. париетальді экзокриноциттер- негізгі және шырышты жаушалардың базальді мембранасына жанасып, олардың сыртынан орналасады. Олар негізгі жасушалардан көбірек, пішіні дөңгеленген, бұрыс пішінді. Асқазанның меншікті бездеріндегі париетальді жасушалардың негізгі қызметі +Н- ионын және хлоридті өндіру. Нәтижесінде екеуі бірігіп, тұз қышқылы (HCl) түзіледі.


  3. шырышты, мойын мукоциттері – олардың екі түрі бар. Біріншілері меншікті бездердің денесінде орналасады және жасушаның базальді бөлімі жағында тығыз ядросы болады. Басқа шырышты жасушалар меншікті бездердің тек мойынында орналасады (мойын мукоциттері). Бұл жасушалар азмаманданған эпителиоциттер болып табылады. Олар бездің секреторлы эпителиінің де, асқазан шұңқырлары эпителиінің де регенерациясының қайнар көзі болып табылады.


  4. эндокринді (аргирофильді) жасушаларасқазанның меншікті бездері эпителиальді жасушаларының арасында жеке эндокринді жасушалар да орналасады, олар АПУД-жүйеге жатады.


  5. азмаманданған эпителиоциттер- олар регенерацияға қатысады.


Пилорикалық бездер асқазанның 12-елі ішекке кіреберісінде орналасады. Пилорикалық бездер меншікті бездерден бірқатар белгілерімен ерекшеленеді: сирек орналасады, тармақталған, қуысы кең, көптеген пилорикалық бездерде париетальді жасушалар болмайды. Пилорикалық бездердің соңғы бөлімдері меншікті бездердің шырышты жасушаларына ұқсайтын жасушалардан тұрады. Олардың ядролары жалпақ болып келеді. Цитоплазмасын арнайы бояу әдісімен бояғанда шырышты көріге болады. Пилорикалық бездердің жасушалары дипептидазаға бай.


Кардиальді бездер қарапайым түтікшелі, соңғы бөлімдері қатты тармақталған болып келеді. Шығару өзектері (мойыны) қысқа, призма тәрізді жасушалармен астарланған. Жасушаның ядросы жалпақ, жасушаның табанына жақын орналасады. Цитоплазмасы ашық. Муцикарминмен арнайы бояғанда онда шырышты көруге болады. Дипептидазаға бай. Кейде кардиальді бездерде аз мөлшерде негізгі және париетальді жасушалар кездеседі.
Васкуляризация. Асқазанның қабырғасын тамақтандыратын артериялар серозды және бұлшықет мембраналарынан өтіп, оларға тиісті бұтақтар береді, содан кейін күшті шырышасты өрімге өтеді. Бұл өрімнің бұтақтары шырышты қабықтың өз пластинасына еніп, сол жерде екінші өрім түзеді. Кішкентай артериялар осы өрімнен шығып, қан капиллярларына, бездерге еніп, асқазан эпителийінің тамақтануын қамтамасыз етеді. Шырышты қабатта орналасқан қан капиллярларынан қан ұсақ тамырларға жиналады. Эпителийдің астында жұлдыз тәрізді формадағы салыстырмалы түрде үлкен посткапиллярлы тамырлар өтеді. Асқазан эпителийінің зақымдануы, әдетте, осы тамырлардың жыртылуымен және айтарлықтай қан кетумен бірге жүреді.
Иннервация. Асқазанда эфферентті иннервацияның екі көзі бар: парасимпатикалық және симпатикалық. Асқазанның қабырғасында үш жүйке өрімдер бар: бұлшықет аралық, шырысасты және субсерозды. Ең күшті бұлшықет аралық өрімнің ганглиясы негізінен I типті жасушалардан және II типті жасушалардың аз санынан тұрады. II типтегі жасушалардың ең көп саны асқазанның пилорикалық аймағында байқалады. Шырышасты өрім нашар дамыған. Вагус нервінің қозуы асқазанның жиырылуын жеделдетуге және асқазан сөлінің бездерімен секрецияның жоғарылауына әкеледі. Симпатикалық нервтердің қозуы, керісінше, асқазанның жиырылу белсенділігінің баяулауына және асқазан секрециясының әлсіреуіне әкеледі.
36. Жіңішке ішек. Даму көздері. Морфофункциялық сипаттамасы. Қабырғасының құрылысы. «Крипта- бүрлер» жүйесі ішектің құрылымдық функциялық бірлігі ретінде. Ішектің әртүрлі бөлімдеріндегі (12-елі ішек, ащы ішек, мықын ішек) шырышты қабықшасының құрылыс ерекшеліктері. Жіңішке ішектің қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Тағам асқазаннан ашы ішекке барады. Ашы ішек асқорыту жүйесінің ортаңғы бөліміне кіреді. Қызметтері:
Тағамды қорыту: ұйқы безінен бөлінген сөл мен фермент дипептидазаның көмегiмен тағам қуыстық және қабырғалық корытылып, сорылады.
Coру қызметі: тағамның құрамындағы көптеген пайдалы өнімдерді кан мен лимфаға сорып, сіңіреді.
Секреторлы қызмет: шырышты, ферментті ішек сөлін бөледі.
Экскреторлы қызмет: аш ішекте зат алмасудың соңғы өнімдері пайда болады.
Эндокринді қызмет: жекеленіп орналасқан эндокриноциттері көптеген гормондар бөледі.
Қорганыс-барьерлік ықзметі: шырыш пен лимфоидты түйіндердің көмегімен жүреді.
Дамуы. Жіңішке ішек эмбриогенездің 5-ші айында дами бастайды. Жіңішке ішектің бүрілер және крипталар эпителийі ішек энтодермасынан пайда болады.Эпителиоциттердің дифференцировкасы дамудын 6-12 апталарында басталады. Бүрлер мен крипталар дамудың 8-10 аптада түзіледі. 20-24 апталар бойында циркулярлы қатпарлар қалыптасады және дуоденалды бездер пайда болады. Дамудын 5-ші аптасында бокал тәрізді жас-р, 6-ші аптада эндокринді жас-р дифференцияланады. Жіңішке ішектің дәнекер тіні (7-8 апталары) және бұлшықет тіні (8-28 апталары) мезенхимадан дамиды. Эмбриогенездің 5-ші аптасында серозды қабықша қаланады.
Жіңішке ішек үш бөлімнен тұрады: он екіелі ішектен, ашы және мықын ішектен. Олардың барлығы төрт қабықшадан тұрады: шырышты, шырышасты, бұлшықетті және серозды. Құрылысының айырмашылықтары: бірінші айырмашылық, бүрлердің санында, жалпақтығында және биіктігінде, екіншіден шоғырланған лимфоидті фолликулдардың болуы, олардың басым бөлігі мықын ішекте болады, алайда 12 елі ішекте және ашы ішекте де табылады, үшіншіден дуоденалды бездердің болуы (12елі ішекте). Ішкі шырышты қабатта қатпарлар, бүрлер, крипталар болады. Ішек бүрілері–ішек қуысына саусақтарға және жапырақтарға ұқсап шығып тұратын шырышты қабықшаның бөліктері. Бүрілердің көбісі 12-екі елі және ашы ішекте болады, мықын ішекте аздау болады. Бүрілердің түзілуіне шырышты қабықшаның құрылымдық элементтері қатысады. Ішек крипталары– эпителийдің шырышты қабықшаның өзіндік пластинкасына ойыстанып түтікшелер түрінде енеді. Қатпарлар –шырышты және шырышасты негізінің ішек қуысына шығып тұрған аймақтарды айтамыз. Ашы ішектің шырышты қабағы 3қабаттан тұрады: эпителий (бірқабатты призмалы жиекті); өзіндік пластинка (борпылдақ талшықты дәнекер тін); бұлшықетті пластинка (тегіс бұлшықет тін). Шырышты қабықты тыстайтын эпителий ішекте бір қабатты, призмалы әрі жиекті. Жіңішке ішектің шырышасты негізі БТДТ тұрады, оның құрамында май тіннің бөліктері кездеседі. Бұлшықетті қабықшасы екі қабаттан тұрады: тегіс бұлшықет тіннің ішкі –циркулярлы және сыртқы–бойлай қабаттарынан. Серозды қабықшасы жіңішке ішекті сыртынан жауып тұрады және серозды қабықша БТДТ және мезотелийден қалыптасады.
Ішек эпителийінде 4 түрлі жасушалары: бағаналы экзокриноциттер, бокал тәрізді экзокриноцитттер, Панет жасушалары, эндокриноциттер болады.
Ішек эпителийiндегi ең көп жасушасы ол - баганалы экзокриноциттері. Экзокринді, ацидофильдi түйіршіктері болатын Панет жасушалары топтасып, кейде жекеленіп те орналасады. Түйiршіктерінің құрамында белокты - полисахаридтер комплексі, ферменттер, лизоцим болады. Панет жасушалары iшектiң микрофлорасына катысып, антибактериоцидтiк кызмет атқарады.
Ішек эндокриноциттерiнiн ең көбі ЕС-жасушалары, бөлетiн гормондары: мотилин, серотонин, Р-заты; А- жасушалары - энтероглюкагон синтездейдi; S-жасушалары - секретинді өңдейді; G-жасушалары гастриндi, Д және Д1-жасушалары пептидтердi бөледi.
Он екі елі ішектiн кұрылыс ерекшеліктеріне: бiрiншiден шырышасты негiзiндегi дуоденальді бездердің болуы тән, ал екiншiден ішектiң бұл бөлiгiне екі өзек келiп ашылады: бауырдан өт өзегі және ұйкы безінің өзегі. Осыған байланысты он екі елі ішекте белсенді түрде пайдалы енiмдердiң сорылу үрдістері жүредi. Дуоденальді бездер адамдарда альволярлы-түтікшелі, тармакталған. Секретi-таза шырышты (мукозды) болып келеді. Кызметтері: ас қорыту, қорытылган асты сорып-сiнiру; корғаныс, механикалык, химиялык зиянды әсерлерден қорғау.
Аш ішек құрсақ және краниальды мезентеральды (шажырақайлы) артериялармен қамтамасыз етіледі. Бауыр артериясы құрсақтан бөлініп, он екі елі ішектің бастапқы бөлігінің бұтақтарын береді. Краниальды мезентеральды артерия жіңішке ішек бойымен доғаны құрайды, одан органның қабырғасына бір-бірімен анастомоз жасайтын көптеген тікелей артериялар шығады.
Аш ішек вагус (кезбе) нервтеріне (парасимпатикалық жүйке жүйесі) және жартылай айдың постганглиясының (симпатикалық жүйке жүйесі) тармақтарына енеді.
37. Тоқ ішек. Даму көздері. Морфо-функциялық сипаттамасы. Қабырғасының құрылысы. Атқаратын қызметіне байланысты шырышты қабықшасының құрылыс ерекшеліктері. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Ашы ішектен кейін тоқ ішек орналасады, тоқ ішекте асқазанның ортаңғы бөлігіне жатады. Функциялары:
1)сіңіру – су, аз мөлшерде минералды заттарды сорады.
2)Экскреторлы – организмнен ауыр металдардың тұздары, зат алмасудын соңғы өнімдері шығарылады.
3)Клетчатканың ыдырауы– бактериялар ферменттері арқылы жүзеге асырылады.
4)Тосқаул-қорғаныштық,
5)Эндокринді.
6)В және К витаминдерді өндіреді.
Дамуы. Жуан ішектің шырышты қабықшасының эпителийі ішек энтодермасынан бастау алады. Тік ішектің тері және аралық аймақтарының эпителийі эктодермадан қалыптасады. Жуан ішектің дәнекер және бұлшықет тіндері мезенхимадан, серозды қабықшаның мезотелийі спланхнатомның висцералды жапырағынан дамиды.
Жуан ішектің қабырғасы шырышты қабықшадан, шырышасты негізінен, бұлшықетті және серозды қабықшалардан тұрады. Жуан ішекте бүрлер болмайды. Шырышты қабықшасының эпителийі –бірқабатты бағаналы, үш түрлі жасушалардан қалыптасқан: бағаналы эпителиоциттерден, бокалтәрізді экзокриноциттерден, эндокриноциттерден. Шырышты қабықшаның өзіндік пластинкасы крипталар аралығында жұқа дәнекертінді қабаттарды түзеді. Бұл пластинкада жеке лимфоидті фолликулдар кездеседі. Шырышты қабықшаның бұлшықетті пластинкасы жіңішке ішекке қарағанда жақсы дамыған және екі қабаттан түзілген: ішкі –циркулярлы, сыртқы –бойлай орналасқан тегіс бұлшықет жасушалардың шоғырларынан тұрады.
Шырышасты негізі БТДТ қалыптасқан, құрамында көптеген май жасушалары болады. Осында тамырлар және нерв өрімдері, көптеген лимфоидті түйіншектер орналасады. Бұлшықетті қабықшаның екі қабаты болады: ішкі –циркулярлы, сыртқы – бойлай қабаты алайда тұтас емес, ол бойлай ленталар түрінде түзіледі. Қабаттардың аралығында БТДТ қабаттары орналасады, құрамында тамырлар, бұлшықетті-ішек нерв өрімдері болады. Серозды қабықша БТДТ және мезотелийден түзілген, оның май тіннен тізілген ілгері шығып тұратын бөліктері болады.
Иннервация және қанмен қамтамасыз етілуі: Проксимальды бөлімдерден бастап, тоқ ішектің парасимпатикалық бұлшықет-ішек нерв өрімдері I типті моторлы нейрондар біртіндеп сезімтал II типті нейрондармен алмастырылады, олар тік ішекте сезімтал нерв талшықтарына айналып, басым болады. Жуан ішек краниальді және каудальді шажырақайлық артериялармен қанмен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет