4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты



бет3/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Экологиялық құқық әдісі мәжбүрлеу әдісі кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, өйткені кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады. Экологиялық құқықта келесі әдістің пайда болуы республикада нарықтық қатынастардың қалыптасуымен, басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдіске көшуімен байланысты болады. Экологиялық құқықтың бұл әдісі экономикалық әдіс деп аталады. Осы әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғатты ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі. Осы әдістің негізінде табиғат қорғау шараларын материалдық ынталандыру жөніндегі құқық қатынастары қалыптастырылады, ал бұл кең ауқымды кешенді іс — экологиялық жағынан таза өндірістерді ұйымдастыруға кредит беру, жеңілдікті жәрдем ақшалар, экологиялық банктерді құру. Экономикалық әдіс қаржы құқығына жатады және экологиялық құқық үшін алып пайдалану әдісі болып табылады. Экологиялық қатынастарды реттеудің халыкаралық-құқықтық әдісі кажет әдіс, өйткені экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады.

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау принципі, оның өмірі үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қамтамасыз ету экологиялық заңнаманың өзекті мәні, табиғат пен қоғамның арасындағы қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін құқықтық реттеу үшін негіз болып табылады. Бұл принцип мынаны білдіреді: мемлекет өзінің табиғатпен қатынасын адам қызметі адамның өзінің денсаулығы мен өміріне зиян келтірмеуі үшін, бұл өзара қатынас адам үшін қолайлы жағдайлар жасайтындай етіп құруға тиіс, сондықтан атап айтқанда осы мақсатқа барлық экологиялық қатынастар бағындырылуға тиіс. Өз кезегінде, қазіргі шындық қоршаған табиғи ортаның ластануы нәтижесінде экологиялық апаттардың, жаппай уланулардың, биологиялық жаңа белгілердің пайда болуының және қырылудың талай мысалдарын келтіреді, бұл адам денсаулығы мен өміріне төнген қатер фактісін толық растайды. Табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеуді кезең-кезеңімен енгізу принципі мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу республикада нарықгық қатынастарды қалыптастыруға сәйкес келеді.

Табиғат қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу принципі дегеніміз табиғат сапасын сақтау жөніндегі табиғатты пайдаланушылардың қызметін көтермелеу тетігін құру деген сөз. Мынаны атап көрсеткен жөн: заң шығарушының осы принципті жариялауына қарамастан бүгінгі таңда табиғат қорғау қызметін көтермелеу шараларының жүйесі әлі болса да әзірлене қойған жоқ. Бұрынырақта қолданылған моральдық және материалдық көтермелеу шаралары (сыйлықтар тапсыру, алғыс жариялау, қызыл жалаушалар және т.б.) қазір қолданылмайды, ал жаңаларын заң шығарушы әлі де жасай қойған жоқ.

Әрине, экологиялық заңнаманың маңызды принциптерінің бірі қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау принципі, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы болып табылады. Бұл принцип осы саладағы біздің мемлекетіміздің құқық қорғау органдарының жалпы қызметінен шығады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықтың, қоғамдык бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысу принципі бұрын қолданылған заңнамада көрінісін тапқан болатын.

Экологиялық проблеманы шешу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық принципін қолданудың зор маңызы бар. Экологиялық проблема барлығы үшін бірдей, сондықтан оны шешудің тиімділігі әлемдік қауымдастықтың барлық субъектілерінің бірлескен күш-жігері, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл принципті жүзеге асырудың құқықтық тетігі халықаралық-құқықтық актілерді қабылдау арқылы қамтамасыз етеді, ал олардың негізінде экологиялық ұлттық құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдау жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет