“Туындатушы себеп – бәрінің түпкі себебі. Бұл себеп болмыстың алдында ғана емес, ол – белсенді туындатушы. Олай болса, бүкіл дүниені өз қалауымен жасаған бір түпкі негіз болуы тиіс. Ол түпкі себеп – Құдай”
Т. Аквинаттың «Теология жинағына»
Д. Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін» кітабынан берілген түсіндірмесінен
«Барлықтың түп есебі Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз, бар себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады»
Шәкәрім, “Үш анық”
3. Кездейсоқтықтың сөзсіздігі (жоқтығы)
“Кездейсоқтық арқылы дәлелдеу. Олардың өмір сүруін, бар болуын ештеңе қажет етпесе де, көптеген зат өмір сүреді. Олар кездейсоқ, бар болады да, жоқ болады. Ендеше оларды есепке алу қажеттілігі болмаса, ештеңе өмір сүрмеген уақыт болған деген сөз. Бар болып отырғанның бәрінің бастауында тұрған, бәрін түсіндіретін тіршілік иесін Құдай деп атаймыз”
Т. Аквинаттың «Теология жинағына»
Д. Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін» кітабынан берілген түсіндірмесінен
Томас Аквинскийдің айтуынша, заттар 3 формада өмір сүреді:
“Бар және жоқ заттардын болмыс деңгейі арқылы дәлелдеу. Айналамыздағы кей заттар басқаларына қарағанда нақтырақ деген кезімізде, біз сол заттардың мазмұндырақ және өзіміз үшін маңызы зор екенін меңзейміз. Бірақ бар дүниенің, ақиқаттың, мейірімнің өрлеу шкаласында да белгілі бір шек болуы керек. Бұл шек – сол шкаладағы есептелуі мүмкін сапалық көрсеткіштердің ең жоғарғысына ие мән. Ол мәнді біз Құдай деп атаймыз”
Т. Аквинаттың «Теология жинағына»
Д. Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін» кітабынан берілген түсіндірмесінен
«Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне…:
- Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? - деді.
Ол айтты:
Толып жатыр, қазірет.
Бірінің атын аташы, - дейді.
Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сыйпатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын, - деп, соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты.
Олай болса, кім артықша ғажайыптануға лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма? – дейді»