4 Дәріс Дәріс тақырыбы: «Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар



Дата29.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#111791
Байланысты:
Лекция-1663267666681 (1)


4 Дәріс
Дәріс тақырыбы: «Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

«Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
4) 4-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.


«Сабақ барысында зерттеулерді жүргізу оқушыларға оқыту процесін «аңғаруға» мүмкіндік береді. Біз өзімізді оқыту жайлы пікір алмасамыз: өзімізді тану, нені үйреніп жатырмыз және оқушы ретінде өзімізді қалай жақсарта аламыз деген мәселелерді қарастырамыз. Білім алу - бұл оқушыға жасалған жағдай емес, оқушы нені үйренетіндігі жайлы үрдіс». Кэт Мердок Зерттеулер негізінде білім беру саласындағы сарапшы • Оқушылардың білім алуға үйрену қабілетін дамыту үшін қандай әдістер мен тәсілдер қажет? • Зерттеу, іс-қимыл және ұғыну процесстерін байланыстыру үшін оқыту процесін қалай ұйымдастыру керек?
• оқыту бағдарламасымен интеграциялау;
• оқытудын конструктивисттік әдісі;
• кіші топтарда әр-түрлі контекстердегі зерттеулерді орындау;
• аутентикалық оқытуды қамтамасыз ету үшін шанайы өмірдегі проблемаларды анықтау;
• пәнаралық және мәдениетаралық байланыс орнату;
• оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қолдау;
• оқушылардың бұрыңғы тәжерибесімен байланыс құрастыру;
• сұрақ қою мәдениетін қалыптастыру;
• «Үй – мектеп» арасындағы байланысты нығайту;
• сынаптағы оңтайлы эмоционалды жағдайды ынталандыру.
«Топтық жұмыстың тиімділігі»
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет.Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен – әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Аталған мұғалімнің үш көмекшісі сапалы әрі табысты білім беруіне жол ашады.Оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осындай нәтижеге жету үшін мен өз сыныбымда топтық және жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамын. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс жасағанда, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда, мейілінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы-оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Қазіргі заманауи мектептерге білімді дайын күйінде беруші емес, алдын ала тыңғылықты жоспарланған оқу қызметін ұйымдастырушы қажет екені барлығымызға белгілі.Ал ұйымдастырушы болу үшін бізге топтық жұмыс көмектеседі.
Топтық жұмыс оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады.Бұл жерде «неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі,оқушылар үшін ең маңыздысы – қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу,өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді.Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларына сабақта топтық жұмыс жүргізу тартымды болып табылады.Алайда, тәжірибе көрсеткендей,топтық жұмысты алғаш ұйымдастыру сәтсіз болуы мүмкін: артық шу, баяу жұмыс жасау,оқушылардың бірігіп жұмыс жасай алмауы және т.б.Бірақ уақыт өте келе оқушылар топтық жұмыс жасауға біртіндеп үйрене бастайды.Сонымен қатар топтық жұмыс оқытуды өз бетінше ұйымдастыру түрі болып табылады. Өткізген сабақтарымда аталған жұмыс түрлерін қолдана отырып, бұл технологияның инновациялық оқытудың бір түрі болып табылатынынакөзім жетті.Зерттеу жұмыстары нәтижесінде оқушылар өз бетінше білімді меңгереді.
Топтық жұмысты оқушылардың мектеп табылдырығын аттағанынан бастап қолданудамын: бірінші сыныпта негізінен оқушылар тұрақты шағын топтарда жұмыс жасайды. Себебі, олардасыныптастарымен қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптаспаған, топта жұмыс жасауға бірден бейімделе алмайды. Топпен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар күрделі емес және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай беріледі.Мысалы, сауат ашу сабағында элементтерден әріпті жинау, әріптің баспа және жазба түрлерінің қатынасын табу, «Қатесін тап» деген сияқты тапсырмалар беріледі.Математика пәнінен «Көпбұрыш» тақырыбын өткен кезде жеке бөліктерден фигураны жинау тапсырмасын беруге болады. «Жыл мезгілдері» тақырыбына байланысты сабақ барысында жеке бөліктерден бір жыл мезгілін құрастырып, аталған жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу тапсырылады. Оқушылар топтарға берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырыпты өздері аша алады.Сонымен қатар тест тапсырмаларын орындау кезінде де топтық жұмысты қолдануға болады. Мысалы, әр оқушыға тест тапсырмалары таратылады, алдымен әрбір оқушы тапсырманы жеке орындайды. Уақыт аяқталған соң, оқушылар топта орындаған жұмыстарын салыстырады, айырмашылықты анықтайды, өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдейді.Келесі этапта мұғалімнің берген дұрыс жауаптарымен салыстырады да, қай бөлімнің жеткіліксіз меңгерілгені анықталады.
Оқушыларды топтарға бөлу кезінде түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер, туған күндері, есімдерінің әріптері, мозайкалар, фигуралар,тақырыпқа байланысты терминдер,қағаз қиындылары, ән, ұқсас ерекшеліктері, жағымды сөздер бойынша бөлужәне т.б. тәсілдер.
Оқушыларды топқа бөле отырып, тренинг де өткізуге болады.Мысалы,суреттер арқылы топқа бөле отырып, «Амандасу» тренингін өткізуге болады:

  • «Күн» бейнеленсе, жақсы ықыласпен тілек айтамыз;

  • «Жүрек» бейнеленсе, бір-бірімізбен құшақтасамыз;

  • «Қол» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз;

  • «Күлкі» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдеп қараймыз.

Сөйлемдегі сөздерді қайталау арқылы да топқа бөлуге болады.Мысалы, «Мен өте керемет адаммын».
Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, неғұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Өз тәжірибемде дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, оқушылардың қызығушылығы төмен болатын. Ал топтық жұмыста оқушылардың қызығушылығы артып, бірігіп жұмыс жасай біледі.
Бүгінгі күні әлем кеңістігіне еніп қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеу міндеті қойылып тұрған уақытта оқушыларға әдебиет пәнін оқытуда көп қиындықтар кездеседі. Оқушылар сабақ кезеңіндегі тапсырмамен шектеліп, қосымша әдебиеттерді оқымайды.Өз бетімен ізденіп көркем әдебиетті оқитын оқушылар бірден бір. Бұл қиындықтарға мыналар жатады: 

  • оқушылардың оқулықтағы мәтінмен шектелуі; 

  • шығарманың түпнұсқасын оқымауы; 

  • қосымша көркем әдебиеті оқымауы; 

  • өз бетімен шығарманы талдай алмауы; 

  • өз бетімен ізденушілік қабілет танытпауы; 

Мен осы қиындықтарды жою мақсатында топтық жұмысты ұйымдастырдым. Топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Мерсердің (2005) тұжырымдамасы бойынша құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Бір-біріне сұрақтар қоя біледі. Ең бастысы топта оқушы оқшауланып оқымайды.Топта бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады.Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында сыныптағы оқушылардың белсенділік қызметін ұйымдастыру мақсатында топ ережесін жасау арқылы тәртіп талабын жасап алдым. Ережені оқушылардың өздеріне құрғыздым. Оқушылар ережеге мынадай тәртіп талабын жазды: 
- уақытты тиімді пайдалану; 
- сабаққа түгел, ұйымшылдыпен қатысу; 
- бір-бірінің пікірін тыңдау; 
- бірін-бірі сыйлау; 
- берілген тапсырманы нақты орындау; 
- бірігіп, белсенді жұмыс жасау; 
Әр топта жұмыс жасаған оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, олардың өзгергені көп кешікпей көрінді. Тұйық оқушылар ашыла бастады. Қабілетті оқушылардың ізденіп, әдеби шығармаларды оқуға көп көмегін тигізді. Үлгерімі төмен Анель,Дильназ сынды оқушылар қысылмай ойларын ашық айтатын болды. Сабақта шығарма мәтінін меңгертуде, шығарманы оқыту қиындығын шешуге ЖИКСО әдісінің көмегі көп болды. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді парақтарға жазып жеке-жеке таратып оқыттым. Әуелі жеке, содан соң жұппен оқыттым. Басында оқушылар өз беттерімен жеке оқуға мойынсұнбай, оқығысы келмеді. Соңында топтағы қызу талқыны көріп, өздеріне берілген бөлімді сұраған кезде, оқымауға болмайтынын түсінді.Осы жерде топтық жұмыста ынтымақтастықта белсенді жұмыс жүргізді. Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін суреттер салды, сахналық көрініс қойды.Түрлі дәлелдер келтіре отырып, өмірмен салыстырды. Бір-біріне сұрақтар дайындап, өз беттерімен сұрақтарға жауап берді. Топта оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында Б.Блумның сұрақ қою өлшемін жиі пайдаландым. Олар жеңілден ауырға, қарапайымнан терең ойлауға жетелейді.Осындай сұрақтар қойылған кезде, көшбасшылыққа бейім,озат оқушылар Шыңғыс,Наргиз,Ахмет,Әміре топтың басқа мүшелерімен ынтымақтастықта қарым-қатынас орнатып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Олардың күннен-күнге қосымша мәліметтер әкеліп, әдебиеттерден мысалдар келтіріп өмірмен байланыстырды. Әдеби шығармаларды өз беттерімен оқуға бет бұрды. Көркем шығармадан алған білімдерін сабақта қолданып, жаңа ақпараттарды саралап, қорытындылап беретін болды. Топтық жұмыстың тағы бір тиімділігі – топ ішінде шығарманы жан-жақты талдауға көмектеседі. 
Шығарманы жан-жақты талдау үшін топтарға мынадай тапсырмалар беруге болады: 

  • І топ шығарманың мазмұнын айтады;

  • ІІ топ шығарманың сәтті жағын айтады;

  • ІІІ топ шығарма бойынша шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • ІV топ шығармаға байланысты сезімдерін тұжырымдайды; 

Топта оқушылардың сөздік қорын дамыту барысында топ мүшелері сөздіктерді жиі пайдаланады. Сабақта топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі, қызығушылығы артқанын байқадым. Оқушыларымның көркем әдебиетті оқи бастағанына көз жеткіздім.
- қойылған сұрақтарға нақты дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденді, дағдыланды;
- мәтінді оқи отырып түсініксіз сөздер тізбегін жасап, тұрақты тіркесті анықтады;
- мәтін бойынша жоспар құрды;
- мәтін кейіпкерлерінен бөлінетін эпизодтарынан оқиға суретін салды;
- кейіпкерлерді сөзбен суреттеді.
Сабақты топтастырып өткізу оқытуда жаңа нәтижеге қол жеткізеді
1. Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік туады.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс жасауға үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

«Көршіңмен сырлас» әдісі. Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріледі.Өз ойымен көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұрау. Бір-бірінің жауабын толықтырып,берілген тақырып бойынша білімдерін ортаға салуын тапсыру.«Сұраққа жылдам жауап»әдісі. Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап қайтаруды тапсыру. Мысалы,«Мадина, Болаттың жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?»«Болат,Әсемнің жауабын қалай толықтыруға болады?» «Марат, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?» Бірлесе топта жұмыс жасағанда оқушылар пікір таластырады,басқалардан үйренеді. «Сұхбат алу »әдісі. Мұнда топтағы үш оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады.Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі. Бұл әдіс бойынша топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады.



Жұқа сұрақтар(қысқа жауап)

Қалың сұрақтар (дәлелдеме, мысал, түсініктеме)

Кім? Не?

Неге екеніне түсініктеме бер

 Қашан?

Қалай ойлайсың?

Болды ма?

Неге солай ойлайсың

Келісесің бе?

Айырмашылығы қандай

Дұрыс па?

Не болар еді?

«Ақпаратпен бөлісу» әдісі бірінші топта ақпараттың 50 пайызы. Екінші топта ақпараттың 50 пайызы бар. Топ мүшелері бір – бірінің ақпараттары нтолықтырады. «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі. Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан).


Одан кейін олар өз идеяларын сыныптастарымен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс) .
Мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.
Мысалы, 1-сыныпта «Азайту амалына берілген есептер» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім.Оқушыларды есеп тақырыбына байланысты шарты, сұрағы ,шешуі, жауабы деген төрт топқа бөлдім.Оқушылар осы төрт топта бірлесе жұмыс жасап,талдау жұмыстарын жүргізе отырып,сурет бойынша есеп құрастырды.Есептің шешуін таба отырып жаңа тақырыпты өздері ашып берді.Келесі тапсырма бойынша төрт топқа бір флипчарт таратылып, әр топ өз атауына байланысты кезектесіп тапсырманы орындады, мысалы, 1-топ есептің шартын құрастырды, 2- топ сұрағын жазды, 3-топ шешуін тапты, 4-топ жауабын жазды.Топпен жұмыс барысында оқушылардың барлығы белсенді түрде жұмыс жасады. Ассоциация жасау барысында білгендерін естеріне түсіріп, жұппен, топпен талқылай отырып негізгі идеяларынан постер дайындап қорғады. Бұрынғы сабақтарымызда біз сұрақты тек ауызша қоятынбыз, оған тек белсенді бір-екі оқушының жауап бергенімен шектелетінбіз. Мұндай жағдайда басқа бала сабаққа тыңдаушының рөлінде отыра беретін. Енді топпен жұмыс атқара отырып, бірлескен әрекеттің бірнеше артықшылығын байқадым. Мысалы, балалар бірін-бірі тыңдауды, барлық оқушының жауап бергенін бақылай отырып, білім алуына мүмкіндік беруді, бірі басқаларды артқа тартпауға, керісінше топта оның орны бар екенін өз жауабының құнды екеніне көздері жетті. Сабаққа деген қызығушылығы артты. Аз уақыт ішінде бір-біріне тақырыпты талқылай отырып көп мәлімет бере алды. Бұл кезде жұптық, топтық жұмыс іске асырылды.Топтар бір-бірін бас бармақпен, смайликтермен, бағдаршам тәсілі арқылы бағалап отырды.
Топтық жұмыс оқушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Мақсатым-топта отырып оқушыларымның жұптық әңгіме арқылы сыни тұрғыда не ойлайтынын, олардың білім деңгейін көтеру үшін сабағымда қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ оларды нені жақсы көретінін, не орындағысы келетінін түсіну. Дүниетану пәнінен «Қазақстанда жасалған» тақырыбына сабақ өткіздім. Сынып оқушылары оңтүстік,солтүстік, батыс, шығыс топтарына бөлінді. Осы орайда «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы оқушылардың түсінік танымын арттыруды көздей отырып төрт топқа тапсырмабердім. 1-топ: Қазақстанда жасалған тауарлардың суретін салу, 2-топ: «Қазақстанда жасалған» таңбасын салу, 3-топқа өздері қандай тауар ұсынатынын салу. 4-топ біздің өңірде өндірілетін тауарлардың суретін салу. Бұл тұста оқушылар сыни пікірлер айтып, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауға дағдыланды. Ой ұшқырлығы, сөйлеу мәдениеті дамып, сөздік қоры молайды. Оқушылардың жеке ерекшелігін анақтау бағытында суретпен жұмыс жүргізілді, сурет бойынша әңгіме құрастыруда оқушылар арасында «Суреттегі мына бейнелер кімдерге бағытталған?», «Не себепті осылай салдың?», «Тақырыпты неге «сапалы» деп таңдадың?» деген сұрақтар туындады. Сабақ барысында әрбір тапсырмадан соң бағалау түрлері, атап айтсам, жетонмен, өзін өзі бағалау парағы арқылы, жұппен және топпен бағалау, «Үш шапалақ», «Басбармақ», «Екі жұлдыз , бір ұсыныс», критерий бойынша бағалау әрекеттері орындалды.Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуда танымдық дамуға көп көңіл бөлдім.

Топтық жұмыс түрлерін көрсету мақсатында төменде жаратылыстану пәнінен «Алуан түрлі жануарлар» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар үлгісін ұсынып отырмын:



Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі жануарлар



Күні:



Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:
2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.2.1. Жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер.

Сабақ нәтижесі:



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:



  • топтық жұмысты бірлесе орындайды;

  • өз бетінше жұмыс жасайды;

  • сұраққа жауап береді;

  • қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:



  • оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.




Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.



Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :



Бағалау түрлері

Басталуы
5 минут

Сәлемдесу.
Топқа бөлу:
«Мультфильмнің жануар кейіпкерлері» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды суреттерді алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
Топ ережесін құру:бір-бірін сыйлау, көмектесу,бір-бірін тыңдау, бірігіп жұмыс жасау,уақытқа бағыну.



Мультфильм кейіпкерлерімен топтарға бөлу.

Жаңа білім
10 минут



Білу және түсіну
Топтарға тапсырма:суреттерді топтастырады.
Оқушылар әзірге өздері білетін үй жануарлары, аңдар, құстар деген топтарға топтастырады.
Топтар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірін смайликтермен бағалайды.
Сонымен қатар бауырымен жорғалаушылар,қосмекенділер деген топтарға бөлінетінін айтып өту.
Тірек сөздерді жіпке ілу: қосмекенділер,бауырымен жорғалаушылар.

Слайд: жылан, кесіртке
-Олар қалай қозғалады?
Зеттеу жұмысы: бір оқушы көрсетеді жылжиды.
-Сен не сезіндің?
-Ал,балалар, не байқадыңдар?
Жылан секілді бауырлай қозғалды
-Тағы қандай жануарлар осылай қозғалады?
Слайд көрсету:тасбақа, қолтырауын.
Слайд көрсету:
-Ал мыналар қандай жануарлар:бақа, саламандра.
-Олар қайда мекендейді?
-Суда да, құрылықта да мекендейді.-Сондықтан олар қосмекенді деп аталады.Қосмекенділер сырт қара- ғанда бауырымен жорғалаушыларға ұқсайды.
-Айырмашылығы бауырымен жор- ғалаушылардың терісі құрғақ, ал қосмекенділердің терісі ылғалды болады.




Оқулық,
мәтіндер.

Оқушы жыланның қозғалысын көрсетеді.



Сергіту сәті
2 минут

Сергіту сәті. Қыдырып қайт




Оқушылар би билеп, сергіп қалады.




  • Балалар, суқоймаларға нелер жатады?

  • Өзен, көл

  • Суқоймада нелер тіршілік етеді?

  • Балықтар,ұлу, қосмекенділер

Топтық жұмыс: топтар өздері балықтың дене құрылысын анық тайды. Тақтаға іледі, өз жауаптарын қорғайды.
Слайд көрсету: балықтың дене құрылысы.Балалар топ жұмыстарын бас бармақпен бағалайды.




Оқушылар балықтың дене құрылысы ның қызметін айтады.




Жұппен жұмыс.
Бір оқушы кез-келген жануарды ым- ишарамен көрсетеді,ал оның жұбы қай жануар екенін шешу керек.
Бір-бірін үш шапалақпен бағалайды.



Балалар бір-бірін үш шапалақпен бағалайды

Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

Ой қорыту
Оқушылар зерттеу жұмысын жүргізеді.

Топтарға тапсырма.
Диаграммаға қосмекенділер, балықтар, бауырымен жорғалаушылардың ұқсастығын,айырмашылығын жазады.
Бағдаршам тәсілімен бағалайды.
«Пентамино» ойыны.Оқушылар слайдтан қай жануар бейнесі екенін ажыратады.



Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Кері байланыс
3 минут

«Күн,бұлт» кері байланыс
Ашық күн бәрі түсінікті, ала бұлтты сұрағым бар, бұлтты түсініксіз екенін білдіреді.

Алған әсерлерін күн, бұлт суреттері арқылы көр сетеді.

Оқушылар топтарға бірлескен жағдайда топ мүшелерінің жеке қабілеттері мен топқа қосқан үлесі құрметтеледі; жұмыс барысында механикалық есте сақтау мен қайталау процестерімен бірге, ақпараттар өңделіп, қорытындыланады, топ мүшелерінің әрқайсысы басқа оқушылардың көзқарасымен таныса отырып, өзіне қажеттіні алады және оған өз көзқарастарын білдіре отырып, соны қорғауға мәжбүр болады да, өз ойларын тұжырымдап үйренеді.
Топтық жұмыс жүргізу төмендегі жетістіктерге жеткізді:

  1. Оқушылардың оқу және танымдық қабілеттері дамиды.

  2. Оқушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы төмендейді

  3. Сабақтыңуақытытиімдіүлестіріледі.

  4. Сыныптағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі.

  5. Берілген білім берік қабылданады, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра алады.

  6. Сыныптағыжұмыссараланады.

Топпен жұмыс жасау дағдылары кейін есейген кезде де қажет болады деп есептеймін. Себебі күнделікті өмірде біз көбіне топпен жұмыс жасаймыз.Өз пікірлерін, көзқарастарын және басқалардың ойларын дәлелдей біледі. Сондықтан мен топтық жұмыс өте маңызды деп шешіп, өзімді де, оқушыларды да өзгертудемін деп ойлаймын.Тoптық жұмыcты ұйымдacтыpy apқылы oқyшылapдың лoгикaлық oйлay қaбiлeтiн дaмытyғa ықпaл eтy, қызығyшылығын apттыpy жoлдapын қapacтыpy, дағдыларын қалыптастыру – мeнiң нeгiзгi көздeгeн мaқcaтым бoлып отыр. Ceбeбi, тoппeн жұмыc жacay бapыcындa, oқyшылap cыныптacтapымeн бipгe әpeкeт eтiп, бipiн-бipi түciндipiп жeтiлдipiп oтыpaды.
Оқушының белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын топпен және жұппен жұмыс жасау кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, не қателігін мойындауға, қателігін көрсете білуге, пікірлесе отырып; шешім қабылдауға үйретуді жөн көрдім. Сол арқылы оқушыларда өз білімін бағалау және бақылау, өзін-өзі реттеу дағдысы меңгеріледі. Жаттанды емес терең ой елегінен өткізіп, жаңалықты өзі ашқан түрде игереді.
Қорытындылай келе, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқушылардың белсенділігін жетілдіреді, қызығушылықтарын арттырады. Өйткені, оқушылар топтық жұмыс кезінде ашылады. Сол сияқты топтың да жалпы пікірін білу маңызды. Себебі, ол бірнеше оқушының пікірлерінен пайда болады. Кішкентай бүлдіршіндер топтық жұмыс арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, мектепке деген қызығушылықтары арта түседі. Бір-бірімен ақылдасып, пікір алмасып, араласып үйренеді. Өздерін еркін ұстап, бір-бірін бағалай біледі. Тіпті сөздік қорлары дамып; қолданысқа мынадай сөздер де енеді: «Сен келісесің бе…?», «Сен қарсы емессің бе..?», «Қалай ойлайсың..?» және т.б. Нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканыңдамуына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер жұптық, топтық жұмыстарды пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көтеруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет