4 дәріс Еліміздегі әлемдік маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықтар. Биоалуантүрлілікті сақтаудың тұжырымдамасы мен қағидалары. Әлемдік табиғи мұралар тізіміне тіркелген қорықтар-Қорғалжын және Наурызым қорығы. Флорасы мен фаунасы


 жылдың 7 шілдесінде Квебек (Канада) қаласында өткен ЮНЕСКО-ның



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата09.05.2023
өлшемі400,25 Kb.
#91307
1   2
2008 жылдың 7 шілдесінде Квебек (Канада) қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 
32 сессиясында Наурызым қорығы "Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның далалары мен 
көлдері" номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра 
тізіміне енгізілді. Әлемдегі ерекше бақылауды талап ететін Халықаралық маңызы бар, 
қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Рамсар Конвенциясының 2009 жылы 
тіркелген. 
Қорық 1931 жылы 30 шілдеде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік 
Республикасы (РКФСР) Халық Комиссарлары Кеңесінің № 826 Қаулысымен 
ұйымдастырылды. 
Қорық алғашында құрамына көлемі 250 мың га даланы енгізіп, екі ірі бөліктен 
тұрған. 1936 жылы қорық 320 мың гектарға дейін кеңейді. Кұрылғаннан бастап оның 
аумағы бірнеше рет өзгерді. 1951 жылы Наурызым қорығы Кеңестік Одақтағы баска да 
қорықтар сияқты орынсыз таратылды, ал оның орнына Наурызым орман шаруашылығы 
кұрылды. Қорық аумағына 1966 жылы ғана қайта тәртіп келтіріліп, құрамына 85,7 га жер 
енгізілді. Қазіргі кезде қорықтың жалпы көлемі (2004 жылдан бастап ) 191,4 мың гектарды 
құрайды. 
Наурызым сөзінің этимологиясы белгісіз. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ол 
қалмақтың – «намырзын» сөзінен пайда болуы мүмкін. Ол қазақ тілінде күзек деген 
мағынаны білдіреді екен. Екінші мағынасы қарағай деген ұғымды да білдіреді. Соған 
қарағанда бұл сөздің негізгі түп тамыры түркілік сөздерден бастау алады. Қалмақтар бұл 
аймаққа 1601-1660 жылдары көшіп-қонған. Болжам бойынша бұл топонимнің мағынасы 
күзектегі қарағайлы белдеуге саяды. 
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Еуразияның ертеден келе жатқан 
қорықтарының бірі. Қорықты құрудың негізгі мақсаты Солтүстік Қазақстанның дала 
аймағының әдеттегі, сирек кездесетін және бірегей табиғат кешендерін, жануарлар мен 
өсімдіктер әлемін табиғи күйінде сақтау болып табылады.
Жалпы қорықтың аумағы бір-бірімен оқшау жатқан 3 бөліктен тұрады. Тірсек – 
Қарағай, Сыпсын – Ағаш, Наурызым – Қарағай, көлді жүйелерден Сарымойын, Ақсуат 
көлдері және жеке жатқан Жаркөл көлі бар. Қорық аумағы 191400 гектар жерді алып жатыр. 
Қорықтың бірегейлігі - оның су-батпақты жерлері құстардың ең мықты 
миграциялық маршруттарында орналасқандығы және көші-қон құстардың патшалығы 
болып табылатындығы. Жүздеген мың арктика қаздары, үйректері, тырналары, 
балшықшылары және өзге де құстар көктемде және әсіресе күзде көлге ұшып келеді. 
Олардың арасында көптеген жайылып бара жатқан түрлері бар. 
Қорықтың басты қазынасы – қарағайлы ормандары. Олар үшінші және төртінші 
дәуірден бері өзінің бастапқы келбетін сақтап тұр. Флорасы өсімдіктердің 687 түрінен 


тұрады. Бұл аймақта: бүршікбас, қос ұялы қалақай, кәдімгі құлмақ, қызыл қайың, жебір, 
кәдімгі мойыл және қаракөк тал өседі. Кейбір түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына 
енгізілген. Қазақстанның жабайы табиғатында қызғалдақтың 34 түрі өседі. Оның 12 
эндемикалық, яғни тек қана Қазақстанның жабайы табиғатына ғана тән өсімдіктер. Ал 
Наурызым қорығында қызғалдақтың 4 түрі кездеседі. Атап айтар болсақ, шренк 
қызғалдағы, қосгүлді қызғалдақ, жатаған қызғалдағы, биберштейн қызғалдағы. Бұл 
қызғалдақтардың 4 түрі де «Қызыл кітапқа» енгендіктен ерекше қорғауға алынған, жұлуға 
рұқсат етілмейді.
Қорық аумағында омыртқалы жануарлардың 342 түрі тіркелген. Дәлірек айтқанда, 
аңдардың 44 түрі, құстардың 282 түрі, балықтың 10 түрі, бауырымен жорғалаушылар мен 
қосмекенділердің 3 түрі бар. Бұл табиғи кешенде тиін, құлақты кірпі, қоян және дала суыры 
мекен етеді. Сүтқоректілердің ең ірі өкілдері – бұлан, елік және қабан. Аңдардан аққұлақ, 
қасқыр, ақкіс, саскүзен, қарсақ, түлкі және борсық кездеседі. Наурызым жыртқыш 
құстардың көптігімен ерекшеленеді. Қыранның 4 түрі ұя салады: бүркіт, қарақұс, аққұйрық 
субүркіт, дала қыраны. Сондай-ақ, кәдімгі күйкентай, бөктергі, жағалтай, құр, құлақты 
жапалақ, 
қара 
кезқұрйық 
сияқты 
қанаттыларды 
кездестіруге 
болады. 
https://www.youtube.com/watch?v=0VSdpA10gtU 
https://naurzum.kz/o-zapovednike
 
https://rsis.ramsar.org/ris-search/?f[0]=regionCountry_en_ss%3AKazakhstan
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет