2008 жылдың 7 шілдесінде Квебек (Канада) қаласында өткен ЮНЕСКО-ның
32 сессиясында Наурызым қорығы "Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның далалары мен
көлдері" номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра
тізіміне енгізілді. Әлемдегі ерекше бақылауды талап ететін Халықаралық маңызы бар,
қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Рамсар Конвенциясының 2009 жылы
тіркелген.
Қорық 1931 жылы 30 шілдеде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік
Республикасы (РКФСР) Халық Комиссарлары Кеңесінің № 826 Қаулысымен
ұйымдастырылды.
Қорық алғашында құрамына көлемі 250 мың га даланы енгізіп, екі ірі бөліктен
тұрған. 1936 жылы қорық 320 мың гектарға дейін кеңейді. Кұрылғаннан бастап оның
аумағы бірнеше рет өзгерді. 1951 жылы Наурызым қорығы Кеңестік Одақтағы баска да
қорықтар сияқты орынсыз таратылды, ал оның орнына Наурызым орман шаруашылығы
кұрылды. Қорық аумағына 1966 жылы ғана қайта тәртіп келтіріліп, құрамына 85,7 га жер
енгізілді. Қазіргі кезде қорықтың жалпы көлемі (2004 жылдан бастап ) 191,4 мың гектарды
құрайды.
Наурызым сөзінің этимологиясы белгісіз. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ол
қалмақтың – «намырзын» сөзінен пайда болуы мүмкін. Ол қазақ тілінде күзек деген
мағынаны білдіреді екен. Екінші мағынасы қарағай деген ұғымды да білдіреді. Соған
қарағанда бұл сөздің негізгі түп тамыры түркілік сөздерден бастау алады. Қалмақтар бұл
аймаққа 1601-1660 жылдары көшіп-қонған. Болжам бойынша бұл топонимнің мағынасы
күзектегі қарағайлы белдеуге саяды.
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Еуразияның ертеден келе жатқан
қорықтарының бірі. Қорықты құрудың негізгі мақсаты Солтүстік Қазақстанның дала
аймағының әдеттегі, сирек кездесетін және бірегей табиғат кешендерін, жануарлар мен
өсімдіктер әлемін табиғи күйінде сақтау болып табылады.
Жалпы қорықтың аумағы бір-бірімен оқшау жатқан 3 бөліктен тұрады. Тірсек –
Қарағай, Сыпсын – Ағаш, Наурызым – Қарағай, көлді жүйелерден Сарымойын, Ақсуат
көлдері және жеке жатқан Жаркөл көлі бар. Қорық аумағы 191400 гектар жерді алып жатыр.
Қорықтың бірегейлігі - оның су-батпақты жерлері құстардың ең мықты
миграциялық маршруттарында орналасқандығы және көші-қон құстардың патшалығы
болып табылатындығы. Жүздеген мың арктика қаздары, үйректері, тырналары,
балшықшылары және өзге де құстар көктемде және әсіресе күзде көлге ұшып келеді.
Олардың арасында көптеген жайылып бара жатқан түрлері бар.
Қорықтың басты қазынасы – қарағайлы ормандары. Олар үшінші және төртінші
дәуірден бері өзінің бастапқы келбетін сақтап тұр. Флорасы өсімдіктердің 687 түрінен