4 ДӘріс. Химиялық термодинамикаға кіріспе. Негізгі термодинамикалық (ТД) ұғымдар: тд жүйесі(система), химиялық фаза және компонент, гомо және гетерогенді жүйелер, тд параметрлер мен функциялар. Термодинамиканың бірінші заңы



бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі70,84 Kb.
#17321
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 Дәріс ЖХ2

Адиабаттық процесс

Адиабаттық процесс қоршаған ортамен жылу алмаспайтындықтан q = 0, жұмыс ішкі энергияның азаюымен жүреді A = - U U = CV T, ендеше А = CV (T1 – T2) (1.26)



Көлем тұрақты болғандағы реакция жылуы - qv

Тұрақты қысымдағы реакция жылуы - qp

Әдетте, көптеген химиялық реакциялар тұрақты атм.қысымда жүргізіледі. Тұрақты қысымдағы реакция жылуы qp деп тұрақты қысымда реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу энергиясын айтады. qp = Н.

Ендеше qp де qv сияқты күй функциясы болады. Реакция жылуын есептегенде осы маңызды қасиетіне сүйенеді.

Идеал газдар қатысатын реакциÿлар ¾øiн qP мен qV арасында¹ы қатынастар

qp = Н. Н = U + PV. Н = U + PV және PV = nRT болғандықтан,

Н = U + nRT, qp = U + nRT немесе qp= qv + nRТ (1.27)

Ендеше, бұл теңдеу тұрақты қысымдағы реакция жылуы мен тұрақты көлемдегі реакция жылуының арасындағы байланысты анықтайды. n – түзілген газ өнімдерінің моль санымен бастапқы газ күйіндегі реагенттердің моль сандарының айырымы. R – универсалдық газ тұрақтысы. Т - өнімдер мен реагенттердің температурасы.

Мысалы мына реакция үшін:

Н2(г) + ½ О2(г)  Н2О(ж) n = 0 -1,5 = -1,5


Термохимия. Гесс заңы

Химиялық реакцияның жылу эффектілерін қарастыратын термодинамиканың бөлігін термохимия деп атайды. 1880 жылы Гесс термохимияның негізгі заңын ашты. Ол заңды термодинамиканың 1-заңының химиялық түрі деп айтуға болады.

Егер реакцияны бірнеше жолмен жүргізуге болатын болса, онда энтальпияның жалпы өзгерісі (тұрақты қысымдағы реакцияның жылу эффектісі) реакцияның жолына тәуелді емес.

Гесс заңы P = const және V = const жағдайындағы процестер үшін дәл орындалады:

qv = U; qp = Н.

Тек осы жағдайлар үшін жылу эффектісі жолға байланысты емес, химиялық реакцияның ерекшелігіне байланысты.

Бірақ бұл заңды қолдану үшін мына шарттарды сақтау міндет: процестерде бастапқы және соңғы күйлері бірдей болу керек. Онда тек қана химиялық құрамын ғана емес, олардың тұрған жағдайлары (Т, Р т.б.) және агрегаттық күйі, ал кристал заттар үшін кристал модификациясы бірдей болуы міндетті.

Гесс заңынан термохимиялық есептеулер үшін практикалық маңызы бар бірнеше салдар шығады.



1-салдар. Реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің түзілу жылулары мен бастапқы реагенттердің түзілу жылуларының айырмасына тең.

аА + вВ +…... = dД + eE +...

H= (dHтүз. Д + eHтүз. Е +...) - (aHттүз. А + вНтүз. В+...)

немесе (1.28)

Жай заттардың түзілу жылуы нөлге тең деп қабылданады.

(Түзілу жылуы деген не? Еске түсіріңіз).



2-салдар. (Жану жылуын еске түсіріңіз). Егер реакцияға қатысушы заттардың жану жылулары белгілі болса, онда реакцияның жылу эффектісін есептеуге болады.

Гесс заңынан шығатын тұжырым бойынша реакцияның жылу эффектісі бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің жану жылуларының айырымына тең.



(1.29)

Жану жылуларын да заттың 1 молі үшін табады (арнаулы калориметрде) және анықтама кестесінде мәндері келтірілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет