Байланысты: ЧАЛГЫМБАЕВА АЙНУР 2-ПРАКТИКАЛЫК ЖҰМЫС ИНКЛЮЗИЯ
Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру.
Жаппай білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларды табысты оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу көбінесе барлық деңгейдегі басқару буынының біліктілігі және ынталылығына, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагог кадрлардың кәсіби даярлығына байланысты. Бірінші кезекте арнайы курстан жалпы білім беретін мектептердің басшылары өтуі тиіс, өйткені ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға ең басты жауапкершілік директорға жүктеледі. Мектепте арнайы сыныптардың немесе ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы сыныптарда болуы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға маңызды өзгерістер енгізеді. Басқару құрылымы өзгереді – күн тәртібі, сабақ кестесі, мектептегі сабақтың ұзақтығы, жоспарлау, реттеу жұмысының тиімділігін және сапасын бақылау, түзету, мектепте міндетті түрде психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің құрылу және т. б. Әкімшіліктен арнайы жағдай жасау, ғана сондай-ақ мейірімді қабылдау, қатаң емес педагогикалық режимі, оқу-тәрбие үдерісінің ең жоғарғы түзету бағытына да байланысты. Сондықтан біліктілікті арттыру жүйесінде мектеп басшыларын, сондай-ақ, аудан, қала және облыстық білім департаменттерінің қызметкерлерін оқытуды жүзеге асыруы өте маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмектің тұтас жүйесін жасауда маңызды қадам ол осы балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау болып табылады. Мұғалім ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың даму ерекшеліктері туралы кешенді пәнаралық білімді, дамуындағы ауытқуларды тудыратын себептер туралы, сондай-ақ жалпы білім беретін әр түрлі пәндерді оқытудың арнайы әдістемесін меңгеру қажет. Мұғалімдерді оқыту тұрақты болуы тиіс –курстық дайындау (модульдік) түрінде және біліктілікті арттыру институттар базасында ғана емес сонымен қатар мектептерде де жүргізілуі керек. Теориялық дайындықпен қатар оқыту орнында практикалық оқытуды қарастыру қажет, мұғалімдерге өз мәселелерін талқылауға үнемі кездесуге, тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік жасау қажет. Ұқсас жағдайларда мұғалімдердің қалай жұмыс жасап жатқаны туралы ақпарат басқа педагогтарға өзіндік іс-әрекеттерін талдауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруда сенімділік пен алға ұмтылуға көмектеседі. Тұрақты қолдау мен кеңес беруді мұғалімдер түзету-дамыту жұмысын жүргізетін арнайы педагогтардан алуға тиіс. Олар психологиялық-педагогикалық сүйемелдейтін мектептегі қызметтің немесе психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары. Білім беру үдерісінде ерекше орынды ата-аналар алады. Олар білім беру және түзете-дамыту үдерісінің белсенді қатысушылары болуы керек. Ата-аналарға арнайы педагогпен балаларының түзету және консультативтік сабақтарына қатысуға мүмкіндік жасалуы тиіс. Арнайы педагог баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға ұсыныстар жасайды. Бала үйде оқыған материалмен сабаққа келгенде бірін бірі қайталайтын оқытуды болдырмау өте маңызды. Егер табысты оқыту үшін бұл жалғыз мүмкіндік болса, баланы жалпы мектепте оқыту туралы мәселе туындайды. Бұл оқушыға дені сау балалармен сабақтан тыс жұмыстарды, мерекелер және спорттық іс-шараларды бірге өткізуді ұйымдастыру пайдалы.