4-ДƏріс тақырыбы : Көркем шығарма



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі129,12 Kb.
#6752

 

4-ДƏРІС 

 

Тақырыбы

: Көркем шығарма 

 

Жоспар



 

  1. Көркем шығарма - əдебиеттің өмір сүру амалы 

2.Мазмұн мен пішін бірлігі 

3.Тақырып-шығарманың заттық болмысы 

4. Идея жəне идеялық. 

 

1. Көркем шығарма - əдебиеттің өмір сүру амалы 

Дүниедегі  қандай  бір  заттар  мен  құбылыстар  болса  да  мазмұн  мен 

форманың тұтастығынан тұратындығы ғылыми тұрғыдан дəлелденген жай.  

Көптеген  ғалымдар  көркем  шығарманың  мазмұны  мен  формасын  бір-

бірінен  бөлмей,  бірінсіз  бірі  өмір  сүре  алмайтын,  бірімен  –  бірі  тығыз 

байланысты, бір нəрсенің екі қасиеті деп біледі. 

Мазмұн,  белгілі  бір  форма  арқылы  көрінсе,  форма  белгілі  бір  мазмұнды 

айқындайды,  яғни  форма  мазмұнды  жарыққа  шығарады,  оны  жұртшылыққа 

түсінікті айқын етіп жеткізеді. 

Сонымен  əдеби  шығарманың  мазмұны  -  өз  эстетикалық  идеясының 

тұрғысынан  суреткер  таныған  ақиқат  өмірде,  пішіні  –  осы  шындық 

тұтастырыла  жинақталған  көркем  образдар  жүйесі,  яғни  əдеби  қаһармандар 

өмірі. 

Мазмұн əлеуметтік категорияға жататындықтан да, қоғам өзгеруіне орай 



ол да өзгеріп, жаңа сипат алып отырады. Жаңа мазмұн жаңа форманың тууын 

талап етеді. Бірақ жаңа форма бір дегеннен туа қалмайтындықтан да алғашқы 

кездерде  жаңа  мазмұнның  өзі  уақытша  блса  да  ескі  форма  арқылы  көрініп 

отырады. Осы кезде мазмұн мен форма арасында алшақтық тууы да мүмкін. 

Жаңа  мазмұнды  ескі  форма  айқын  көрсете  алмаса,  оның  маңызын  жояды. 

Мұндай  жағдайда  жаңа  мазмұнға  жаңа  форма  керек.  Жаңа  мазмұн  жаңа 

форманы  туғызғанда  бұрынғы  бар  ескі  формалардың  негізінде,  өңделіп, 

жарық  көріп  отырады.  Сонымен  жаңа  форма  бұйрықпен  немесе  жеке 

адамдардың тілегі бойынша жасалынбайды. Ол қажеттіліктен, творчестволық 

іздену  арқылы  бірте–бірте  жасалады.  Əдебиеттің  көркем  формасы  əр 

халықтың  өмірі,  тіршілігі,  мінез  өзгешеліктері,  əдет-дəстүрлерімен  тығыз 

байланыста болады. 

Қазіргі  кезде  жалпыға  ортақ  əдебиет  формасы  саналатын  жəйттер  бір 

кезде  мазмұн  болған.  Мысалы,  қайта  өрлеу  кезінде  пайда  болған  новелла  

жаңалық, хабар сипатында көрінген. 

2.Мазмұн мен пішін бірлігі 

Мазмұн  мен  форма  жайын  сөз  еткенде  бірінші  мазмұнның  бірнеше 

формасы  болатыны  өмірде  жде  өнерде  де  солай.  Сонымен  қатар  мазмұнға 


қарағанда форманың өзгерімпаздығы. Бір мазмұнның өзі əр дəуірде əр түрлі 

формаға көшіп отырады. 

Мазмұн  мен  форма  тарихи  категория.  Əрбір  жаңа  дəуірде  көне  мазмұн 

тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, əр дəуір өз шындығын, 

демек, өз мазмұнын ала келеді. 

Сонымен,  əдебиеттегі  мазмұн  мен  форманың  бірлігі  дегеніміз  сөз 

өнеріндегі  орасан  маңызды  заңдардың  бірі,  өнер  туындысының  көркемдігі 

үшін ауадай қажет жағдай  боп  табылады.  Көркем  шығармадағы  мазмұн  мен 

форманың бірлігі – оның эстетикалық бағалылығы.  

Əдебиеттегі  мазмұн  мен форманы  көркем  шығармаға көшірсек  шығарма 

мазмұны  –  оның  ақиқат  шындыққа  негізделген  тақырыбы  мен  идеясы  да 

форма-əдеби  қаһарманның  өзара  қарым-қатынасына,  тағдыр  тартысына 

негізделген 

сюжеті, 


композиция 

жəне 


жазушының 

өмірді 


өнерге 

айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, көркем шығарманың тілі. 

Əдебиеттегі  пішін  мен  мазмұн  –  философиядағы  пішін  мен  мазмұн 

категорияларына  сүйене  отырып,  өз  бойына  əдеби  туындының  ішкі  жəне 

сырқы жақтары жайлы түсініктерді тоғыстырған əдебиеттану ұғымы. 

Əдебиеттегі  пішін  мен  мазмұнды  саралай  қарастырғанда,  əркез  есте 

ұстайтын  жəйттер    бар:  біріншіден,  əңгіме  ғылыми  абстракциялыққа 

негізделетіні,  яғни  мазмұн  мен  пішін  шындығында  еш  бөлшектенбейтіні. 

Себебі, пішін дегеніміз – мазмұнның қабылдану сипаты да., мазмұн дегеніміз 

– берілген пішіннің ішкі мəні. 

Ал,  əдеби  туындының  пішіндік  (стиль,  жанр,  композиция,  көркем  тіл, 

ырғақ), 


мазмұндық 

(тақырып, 

фабула, 

конфликт, 

характерлер, 

жағдайлар,көркем  идея,  тенденция)  немесе  мазмұндық  –  пішіндік  (сюжет) 

көріністері  болып  табылатын  түрлі  бөлшектері,  жекелеген  жақтары  пішін 

мен  мазмұнның  біртұтас  күйдегі  шындығы  болып  табылады.  Бұл  –  басқа 

мəселе.  

Екіншіден,  пішін  мен  мазмұн  ұғымдары  барынша  жинақталған 

философиялық категория болғандықтан, оларды нақты – дара құбылыстарды 

талдау барысында аса абайлай қолдану қажет. Бұл, əсіресе, өзінің мазмұндық 

–  пішіндік  тұтастығы  өзгені  мүлде  қайталамайтын,  сол  қасиетімен  де 

маңызды  саналатын  бірегей  бітімді  көркем  туындыларға  қатысты.  Мысалы, 

жалпы  философиядағы  мазмұнның  бірінші,  пішіннің  екіншілігі  жайындағы; 

пішіннің  артта  қалушылығы;  пішін  мен  мазмұн  арасындағы  қарама  – 

қайшылық  туралы  қағидалар  жеке  бір  туындыны,  əсіресе  сол  туындының 

бөлшектерін  зерттеу  кезінде  сақталуы  міндетті  өлшемдер  бола  алмайды. 

Өнер  мен  əдебиеттегі  пішін  мен  мазмұн  қарым  –  қатынастағы  ерекшелік 

жалпы  философиялық  ұғымдарды  əдебиеттануға  көшіре  салуға  жол 

бермейді. Өйткені көркем туындының өмір сүруінің ең қажетті шартының өзі 

–  пішін  мен  мазмұнның  жарасымы  болып  табылады.  Мұндай  жарасым 

болмаған жағдайда əдеби туынды қалай да өзінің көркемдігінен айырылады. 

Сонымен қатар, мазмұнның «біріншілігі», пішіннің «артта қалушылығы», 

пішін  мен  мазмұнның  «үйлеспеушілігі»  мен  «қарама  –  қайшылығы» 

ұғымдарын  жеке  қаламгердің  шығармашылығын,  əдеби  даму  кезеңдерін 



жəне тұтастай дəуірлерін (əсіресе, өтпелі де шұғыл өзгеріске толы дəуірлерді) 

қарастырғанда  қолдануға  болады.  Мұндай  кезеңдердегі  пішіннің  мазмұннан 

кейіндеп  қалуын  бір  қаламгер  шығармашылығын  жеке  алып  қарамай,  əдеби  

даму үрдісі аясында қарастырғанда ғана аңдай аламыз. 

Əдебиеттегі  пішін  мен  мазмұн  ұғымдары  арасына  шек  қою  тек  XVIII 

ғасыр  мен  XIX  ғасырдың  басында  ғана,  ең  əуелі  немістің  классикалық 

эстетикасында жүзеге асты. Гегель мазмұн категориясын енгізіп қана қоймай, 

оған  айқын  сипаттама  да  береді.  Бұл  жағдай  əдебиеттің  табиғатын 

түсіндіруде  орасан  мəнді  қадам  болды,  сонымен  бірге  бұл  тұста  пішін  мен 

мазмұнды  бір  –  бірінен  алшақтату  қаупі  де  ьолды.  XIX  ғасыр 

əдебиеттануында  мазмұн  мəселелеріне  баса  назар  аударылса,  XX  ғасырда 

керісінше,  мазмұнды  жеке  алып  зерттеуде  кеңінен  таралғанымен,  əдебиетке 

пішіндік тұрғыдан үңілу басымырақ болды. 

3.Тақырып-шығарманың заттық болмысы 

Əдебиетке  тəннегізгі  сипаттардың  бірі-оның  идеялылығы.  Идеялылық-

өнер  туындыларындағы  көркем  обаздар  арқылы  бейнеленген  оқиғалар  мен 

характерлердің мəні жайындағы ой-пікірлерінің көрінісі.  

Демек,  идеялылық  ұғымын  қаламгер  позициясы,  авторлық  идея 

мəселерінен  бөле-жара  қарастыру  мүмкін  емес.  Өйткені  авторлық  идеясыз 

қандай  да  бір құбылысты,  кейіпкерді, оқиғаларды  іріктеп алу  да,  соған орай 

оларды  бейнелеу  де,  бағалау  да  болмас  еді.  Қаламгердің  шуақты  ойымен 

сəулеленбеген  кез  келген  əдеби  туындыны  танымдық  та,  тəрбиелеушілік  те 

мəн  иелене  алмайды.  Жекелеген  кездейсоқ  құбылыстарыды,  мағынасыз  ой-

сезімдердібейнелеумен ғана  шектелетін немесе ой-сезімнен  құралақандығын 

пішіндік əшекейлеулермен жасыруға ұмтылған идеясыз туындылар дебиетке 

жүктелген  көркемдік,  тарихи  міндеттерді  шешуге  қашан  да  қабілетсіз 

болмақ. 


Əдебиеттің  идеялылығы    жəне  оның  қаламгердің  тəрбиелеушілік 

сипаттағы ұлы парызын жүзеге асырудағы маңызы жайында сөз еткен кезде 

көркемдік ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін əркез есте сақтау қажет. Себебі – 

образды  ойлау  ерекшеліктерін  білмейінше,  əдебиеттің  идеялылығы 

мəселесінің күрделілігін дұрыс түсіну мүмкін емес. 

4. Идея жəне идеялық.  

Идеялық  бағыттылықтың жақсы  немесе  жаман  болуы  тек қана  мазмұнға 

(ілгерішілі  немесе  керітартпа,  реакциялық  сияқты)  қатысты  емес,  сонымен 

қатар  бейнелеу  пішіні  (формасы)  арқылы  да  анқыталады.  Көркем 

туындылардағы  идеялар  сөз  арқылы  тікелей  берілмей,  негізінен,  көркем 

образдар  арқылы  тікелей  берілмей,  негізінен,  көркем  образдар  арқылы 

жанама  түрде  көрінетіндіктен,  олар  көзге  ұрып  тұрмайды,  туындының  өне 

бойында тұтас күйінде, шығармадағы тілдік-бейнелік образдар тұтас күйінде, 

шығармадағы тілдік-бейнелік образдар байланысы арқылы ашылады. 

Идеялылық  –  көркем  туынды  мазмұнына  тəн  сипаттарды,  яғни 

тақырыптың  əлеуметтік,  саяси,  философиялық  немесе  этикалық  маңызын, 

қоғамдық бағыттылығы мен идеологиялық тенденциялығын, көркем идеяның 



шынайылығын  біріктіре  бағалайтын  эстетикадағы  өнердің  жалпы  өлшемі 

(критерий). 

Өнер  мен  əдебиеттегі  идеялық  мəселесін,  негізінен,  суреткердің 

қоғамдық-саяси  айқын  көзқарасы  немесе  оның  қандай  да  бір  идеологияны 

саналы түрде қолдауы деп түсінуге де болады. Десек те, түрлі қаламгерлердің 

идеялары  тек  өздеріне  ғана  тəн  ой  болып  табылмайды.  Солай  бола  қалған 

жағдайда 

олар 


кездейсоқ 

сипат 


иеленіп, 

адамзат 


болмысының 

қалыптасуында  маңызды  роль  атқара  алмас  еді.  Шындығында  əдебиеттің 

маңызды  туындыларындағы  идеялар,  қалай  болғанда  да,  ақиқат  өмірдің 

қозғалысын,  адамдардың  өмірлік  тəжірибесі  мен  мүддесін  көрсетеді. 

Сондықтан да олар көптеген адамдардың ой-сезімдерімен үндесіп, қоғамдық 

өмірде үлкен маңызға ие болады. 



Əдебиеттің

 көркемдігі. Көркем образ. 

Əдебиеттің  басты  мұраттарының  бірі  –  адам  баласының  рухани 

əлеміндегі  жарасымдылықты  қалыптастыру,  өмірде  адамзатқа  ортақ 

ізгіліктердің  қалыптастыру,  өмірде  адамзатқа  ортақ  ізгіліктердің  негізгі 

ұстанымдарын  дəріптеу  жəне  бүкіл  адам  баласын  адамгершілік  жолындағы 

іс-əрекетке  үндеу.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін  қаламгер  адам  болмасына 

үңілдеді.  Өзі  суреттеп  отырған  оқиғаны  да,  көріністі  де,  ой-сезімді  де  адам 

төңірегінен  өрбітеді.  Себебі  өнер  атаулының,  оның  ішінде  əдебиеттің  де 

нысаны  –  адам.  Мақсаты  –  адам  игілігіне  қызмет  ету.  Өмір  шындығын, 

оқиғалар мен құбылыстарды. Баршаға ортақ ой-сезімдерді жекелеген адамдар 

мен  оқиғалар  арқылы  жинақтап,  бейнелі  түрде  көрсету  -  өнерге  тəн  қасиет. 

Демек,  əдебиеттегі  өмір  қаламгердің  ой  сүзгісінен  екшеліп  шыққан 



көркемдік  əлемі  болады  да,  соған  орай  əдебиеттегі  адам  көркем  бейне 

болып шығады. 

Қалай  болғанда  да,  əдебиеттің  ең  басты  өлшемі  күні  бүгінге  дейін 

көркемдік  болып  келгені  де,  алдағы  күндерде  де  солай  болып  қала  берері 

анық. 

Көркемдік  –  шығармашылық  еңбек  нəтижелерінің  өнер  саласына  тəн 

екендігін анықтайтын шарттардың үйлесімділігі. 

Көркемдік  қуаты  көркем  туындыдағы  шығармашылық  ізденістердің 

оқырманға  қаншалықты  дəрежеде  əсер  еткендігі  арқылы  анықталады. 

Оқырманға  əсер  ету  жолдары,  яғни  көркемдік  шарттары  көптеп  саналады. 

Солардың арасында ең қарапайым, əрі ең бастысы – көркемдік шындық.   



Көркемдік

 шындық – қаламгердің шығармашылық көрігінде қорытылып, 

сұрыпталып  барып,  əдеби  туындыда  көркем  суретке  айналған  өмір 

шындығының  бейнелі  көрінісі.  Көркемдік  шындық  жазушының  өмірлік 

шындыққа деген өзіндік көзқарасынан, қарым-қатынасынан өрбиді. Шынайы 

өмірде əрбір адам қандай маңызға ие болса, көркемдік əлемінде көркем бейне 

де  сондай  роль  атқарады.  Көркемдік  шындық  көркем  образ  арқылы 



жасалады. 

Ендеше, «көркем образ» дегеніміздің өзі не? Ол қалай жасалады? 

Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен 

қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тəн ерекше тəсілін 



сипаттайтын  эстетикалық  категория.  Сонымен  бірге  көркем  шығармада 

жасалған  алуан  құбылыстарды  да,  көбінесе  кейіпкерлер  мен  əдеби 

қаһарманды,  «образ»  деп  атаймыз.  Мысалы,    «Абай  жолындағы»  заман 

бейнесі, дала бейнесі, халық бейнесі, Абай бейнесі, т.с.с. 

Көркем  образ  -  өте  күрделі  ұғым.  Күрделі  дейтін  себебіміз  –  образ 

ұғымында  1)  объективті-танымдық  жəне  2)  субъективті-шығармашылық 

сипаттардың бірдей ұштасып келуіне байланысты. 

1. Негізінде образдың ерекшелігін екі мəселеге, яғни нақты шындық пен 

ойлау  үрдісіне  қатысты  қарастыру  дəстүрі  қалыптасқан.  Соған  сəйкес, 

образдың  объективті-танымдық  сипаттары  2  түрлі  жағдайға  байланысты 

анықталады. 

Əдеби  шығарма  туралы  əңгімені  тақырптан  бастаған  жөн.  Өйткені 

тақырып  -  өнер  туындысының  ірге  тасы.  Жалпы  шығармаға  атау  болып 

тұрған сөзді немесе сөз тіркесін тақырып деп білу қарапайым түсінік. Себебі 

«тақырып»  ұғымының  мəні  одан  гөрі  əлдеқайда  кең.  Мəселен,  қазіргі 

кезеңнің өзінде «тақырып» деген термин екі түрлі мағынада қолданылады: 1) 

Шығармада  бейнеленген  өмірлік  материал  ұғымында  қолданылады.  2) 

Шығармада  көтерілген  негізгі  қоғамдық  проблема  ұғымында.  Міне  осының 

ішінде  екінші  анықтама  «тақырып»  ұғымының  мəнін  неғұрлым  дəл  береді. 

Оның  сыры,  біріншіден,  бұл  анықтама    бойынша  тақырыпты  өмірлік 

материал  деп  қабылдай  отырып,  өмірлік    материалды  танып-білу 

шығармадағы  бейнеленген  құбылыстарды  талдауға  негізделеді.  Екіншіден, 

тақырыпты  шығарманың  басты  проблемасы  деп  түсінуге  тақырап  пен 

идеяның  органикалық  бірлігі  себепкер  болады.  Көркем  шығарманы  тұтас 

дүние  ретінде  мұқият  қарастырғанда  ғана  тақырыпты  дұрыс  анықтауға  қол 

жекткізуге болады. 

Суреттелген 

өмірлік 


шындықты 

жан-жақты 

танып 

алмайынша, 



шығармада  көтерілген  мəселелердің  мəніне  тереңдеп  үңіле  алмаймыз. 

Мəселелердің  мəнін  айқындау  арқылы  ғана  шығарма  тақырыбын  нақты 

ажыратуға  болады.  Қандай  шығармада  болса  да,  қаламгер  бейнелеген 

оқиғалар,  жағдайлар,  мінездер, іс-əрекеттер  т.б.  барлығы шығарманың  бүкіл 

мазмұнын қамтитын ең негізгі проблеманы шешуге бағытталады. 

Қаламгер  мақсаты  өз  шығармасында  əлде  бір  проблемаларды  көтерумен 

шектелмейді.  Сонымен  бірге  сол  проблемаларды  шешу  жолдарын  да 

қарастырып,  қоғамдық  иделдардан  өрбитін  ой-пікілерін  де  аңғартады. 

Сондықтан да  шығарма тақырыбы оың негізгі идеясымен тығыз байланысты. 

Көркем  шығарманың  тақырыбы  авторлық  суреттеудің  өзегіне  алынып, 

шығармада көрініс тапқан  ақиқат болмыстағы  заттардың,  құбылыстардың, 

оқиғалардың  жиынтығы  болып  табылады.  Немесе  жазушының  шындық 

шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейді. 

Өнер  өмірден  тұратын  болса,  суреткердің  өмірден  ең  алдымен  іздеп 

табары  -  өз  шығармасының  тақырыбы.  Тақырып  табу  –  бір  күннің  не  берер 

əрекеттің  шаруасы  емес,    жазушының  күллі  қаламгерлік  қимылының  өн 

бойында  жататын,  творчестволық  процестің  барлық  кезеңдеріне  бірдей  

ортақ  жұмыс.  Егер  творчестволық  процестің  3  түрлі  1.  Материал  жинау,  2. 



Жинақталған материалды қорыту, 3. Қорытылған материалды жазу кезеңі бар 

десек, тақырып осынау 3 кезеңнің өн бойында тұтас желі  тартып жатады. 

Əдеби    проблемалардың  авторлық  шешімдерді  өзара  ұштаса  келіп, 

туындыдағы  көркем  идеяларды  құрайды.  Егер  тақырып  –  жазушының 

суреттен отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі  суреттеп 

отырған  өмір  құбылысы  туралы  айтқысы  келген  ойы,  көзқарасы  берген 

бағасы болады.  

Мазмұн  мен  пішіннің  байланысы  секілді  тақырып  пен  идея,  əрқашан 

бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. 

Кез  келген  көркем  шығарманың  негізінде  бірін-бірі  туғызып,  бірін-бірі  

дамытып  жатқан  тақырып  пен  идея  болады.  Жазушы    өмір  шындығын 

көркем  образдарға  жинақтап,  өз  шығармасының  тек  идеялық-тақырыптық 

негізінде  ғана  суреттеп  көрсете  алады.  Кейде,  шартты  түрде,    шығарманың 

тақырыбы  –  сауал  да,  идеясы  –  жауап  деуге  болар  еді.  Сонымен  қатар  1 

тақырыптан    бір  емес,  бірнеше  идея  тууы  мүмкін.  Кейде  шығарма    идяесы 

тақырып,  сюжет,  образдар  арқылы  нақты  көрінуі  де  мүмкін.  Көркем 

шығармада түрлі деңгейде көрініс табатын  философиялық, əлеуметтік, діни, 

моральдық,  гуманистік,  педагогтік  т.с.с.  идяелардың  қандайы  болса  да, 

образдар арқылы, шығармадағы нақты қаһармандар қарым-қатынасы арқылы 

өнерге тəн идеяға айнала алады. 

Өнерде,  əсіресе,  əлеуметтік  идеялар  маңызды  роль  атқарады.  Автор  өз 

туындысында  əлеуметтік  идеяларды    бейнелеуді  мақсат  тұтса  да,  қарымды 

қаламгерлердің  көркемдік  дүниесінде    бұл  идеялардың  болуы  заңды 

құбылыс.  Көркем  шығарманың  идеялығы    дегенде,  негізінен,  əлеуметтік 

идеяның  басты  назарда  болатыны  да  сондықтан.  Əдебиеттің  əлеуметтік 

идеялығы оның халықтық сипатынан танылады. 

Бір  əдеби  шығармада  бір  ғана  тақырып  жəне  бір  идея  болуы  шарт  емес. 

Проза мен поэзияның шағын  түрлерінде, солай болуы  мүмкін. Ал көлемді, 

кесек  шығармаларда,    əсіресе  орта,  немесе  кең  көлемді  эпикалық    түр  

туындыларында бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея болады. 

Алайда  көркем  шығарманың  тақырыптар  мен  идеялар  қанша  көп 

болғанымен,  олардың  бəріне  ортақ  желі,  бəріне  дəнекер  бірлік  болады.  Ол 

бірлік – идеялық бірлік. Оның өзі шығармаға арқау боп отырған шындықтан 

туады.  Сонымен,  осындай  бір  шығармадағы  бірнеше  жəгне  əр  алуан  жеке 

тақырыптар  мен  идеялардың  басын  бір  жерге  қосып,  бір  арнамен  өрбітіп 

тұрған  бірегей,  өзекті  мəселені  негізгі  идея  дейміз.  Жазушының  ой  өзегі 

əрқашан қаз-қалпында көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан келеді де əр 

шығармадағы  авторлық  жəне  объективтік  идеялар  туралы  ұғым  туады. 

Авторлық  идея  –  суреткердң  о  бастағы  ой  өзегі,  объективтік  идея  –  нақты 

шығармадан туатын смақсатты нəтиже. Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді. 

Кейде  тіпті  авторлық  идеяға  объективтік  идея  керағар  кеп,  қарама-қарсы 

шығуы  да  мүмкін.  Ал  оқырманға  керегі  –  автордың  идеялық  мақсаты  ғана 

емес, шығарманың идеялық нəтижесі. 

Тақырып пен идея - əдеби шығарманың мазмұны. 



Əдебиеттануда  көркемдік    əдіс    ұғымымен  ұқсас  бағыт,  ағым,  стиль, 

əдеби мектеп, əдеби топ деген түсініктер бар. Бұлардың барлығы да  түптеп 

келгенде бірнеше суреткер шығармашылығына тəн ортақ сипат  белгілерден 

туындайды.  Ал  ортақ  белгілер  дегенде,  жазушының  əлеуметтік,  идеялық, 

позициялық, тұрғыдағы ұқсастығы. 

 

 



Негізгі

 əдебиеттер: 

1.

 



Ахметов К. Əдебиеттануға кіріспе. Қарағанды, 2004. 

2.  Атымов М. Идея жəне композиция. А., 1970. 

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991. 

4. Нұрғали Р Əдебиет теориясы.  Астана ,2004 

5. Жұмалиев Қ. Əдебиет теориясы. Алматы, 1970 

6. Əдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы, 1998 

 7. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1983 

 8.Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978 

9. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. – Алматы, 1989ж. 

10. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы,    

1995ж. 

 

 



Қосымша

 əдебиеттер 

11. Əдібаев Х. Көкжиек. А., 1977. 

12. Тілепов Ж. Тарих жəне əдебиет. А., 2001. 

13. Рахымжанов Т. Романның көркемдік əлемі. А., 1997. 

14. Серікқалиев З. Ақ жол. А., 1990. 

15. Мүсірепов Ғ. Заман жəне əдебиет. – Алматы, 1982ж. 

16. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. – Алматы, 1966ж. 

17. Тəжібаев Ə. Өмір жəне поэзия. – Алматы, 1960ж. 

18. Тимофеев Л. Основы теории литературы. – Москва, 1976ж. 

19. Горький А. Əдебиет туралы – Алматы, 1984ж. 

20. Хасенов М.  Ұнамды образ жəне типтендіру. – Алматы, 1966ж. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет