4-дәріс Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының мәні



бет13/14
Дата22.07.2023
өлшемі63,18 Kb.
#104630
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЖОО инновация

5-дәріс
Тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы.
Оқыту мен дамыту проблемасының қатынастары педагогикада негізгі проблемалардың бірі болып қала береді. Адамды оқыту мен дамытудың байлынысы – білім берудің негізгі мәселелерінің бірі. Оны қарастырған кезде мыналарды атап өту маңызды: а) дамудың өзі күрделі инволюциондық-эволюциондық үдемелі қозғалыс, оның барысында адамның өзінде прогрессивті және регрессивті интеллектуалдық, жеке тұлғалық, мінез-құлықтық, іс-әрекеттік өзгерістер болады; б) даму, әсіресе жеке тұлғалық даму адам өмірінің соңына дейін жалғаса береді, тек бағытын, қарқынын сипаты мен сапасын өзгертеді.
Білім берудің кез келген жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушының жек тұлғасын дамыту туралы айт отырып, ең алдымен қазіргі таңдағы психологияның негізгі ережелерінің бірін атап кету керек, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы жеке тұлғалық дамуының тек шарты ғана емес, сонымен бірге негізі және құралы болып табылады.
Табиғи нышандарды дамыту үшін оқытудың рөлі негізгі екенін мойындау педагогиканың негізін қалаушы Я.А.Коменскийдің жұмыстарында болған. Бұл идеяны көптеген педагогтар мен психологтар одан кейінгі ғасырларда да, тіпті қазіргі күнге дейін мақұлдаған. Белгілі ғалымдар К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, Н.Х.Вессель, П.П.Блонский, Л.С.Выготский жұмыстарында да бұл идея өз бейнесін тапқан.
Сонымен бірге, жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуындағы оқыту мен дамытудың арақатынасының ерекшелігі туралы мәселе білім беру теориясы мен практикасында өте талас тудыратын сұрақ болып қалып отыр. ХХ ғасырдың басында ол өте өткір талқыға салынып, «ат пен арба» деген мысқыл түсіндірмеге ие болған. Жалпы айтқанда қайсысы басшы, ал қайсысы жетектелуші болуы керек – оқыту ма, әлде дамыту ма?
Бұл мәселені шешу үшін көптеген көзқарастар айтылды. Сонымен, оқытудың ерекшелігін әркім әртүрлі түсінгенімен, олардың біреуіне сәйкес оқыту дегеніміз дамытудың өзі. Екіншісіне сәйкес, оқыту – бұл жетілу, даму үшін сыртқы жағдай болып табылады.
Л.С.Выготский жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызды психологиялық құрылымдар мен функциялардың қалыптасуы мен дамуындағы оқыту мен тәрбиелеудің шешуші рөлінің негізін қалады. Выготскийдің айтуы бойынша: «оқытудың дамуда тек алыс емес, сонымен бірге жақын нәтижелері болуы мүмкін, оқыту тек дамудың артында ғана емес, сонымен бірге дамумен бірге, сондай-ақ дамудың алдында да, оны ары қарай жылжыта отырып, онда жаңа нәрселерді туындата отырып жүруі мүмкін».
Выготскийдің пікірінше баланың психикалық дамуы іс-әрекеттің тарихи анықталған формалары мен тәсілдерін меңгеру арқылы жүреді. Психикалық дамудың қозғаушы күші – оқыту. Оқыту мен даму - әртүрлі процесстер екені мұнда анық көрініп тұр. Даму процесінің өзін-өзі жылжытуының ішкі заңдары бар. Оқыту баланың дамуындағы қажетті кезең. Оқыту дамытумен тең емес: ол жақын даму аймағын қалыптастырады, яғни, баланы өмірге құлшындырады, дамудың ішкі процестерін оятады және қозғалысқа әкеледі.
«Жақын даму аймағы» - бұл жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуы заңының салдары. Бірлескен іс-әрекет барысында психикалық процесс қалыптасқанда, ол жақын даму аймағында болады; ал қалыптасып болғаннан кейін ол субъектінің көкейкесті даму формасына айналады.
Дамыта оқыту технологиясы мен әдістерінің ғылыми негіздерінің келешегі ең алдымен Л.С. Выготский қозғаған ойларының арқасында пайда болған. Жоғарыда айтылып кеткенге сәйкес, ХХ ғасырдың 30 жылдарында Л.С.Выготский жаңа оқытудың негізгі принциптерінің бірін тұжырымдады: «Оқыту дамытудың артынан ілеспейді, керісінше осы жетектеп жүреді».
Л.С.Выготскийдің, Д.В.Элькониннің және В.В.Давыдовтың зерттеулері дамыта оқыту концепциясының негізін қалады. Выготскийдің мына ережелері дамыта оқыту практикасының әдіснамалық алғышарттары болады:
- психикалық дамытудың қозғаушы күштері жөніндегі түсінік;
- «дамудың жақын аймағы» мен «жасқа байланысты жаңа нәрселердің қалыптасуы» категориялары;
- дамудың бірқалыпты жүрмейтіндігі және кризистік кезеңдері жөніндегі түсінік;
- дамудың әлеуметтік жағдайы жөніндегі ереже;
- интериозация механизмі жөніндегі түсінік;
- оқытудың іс-әрекеттік сипаты жөніндегі ұғым;
- белгілер арқылы психиканы дамыту концепциясы;
- сананың дамуы мен жүйелік мағыналық құрылым жөніндегі ереже.
Адамның психикалық дамуының қозғаушы күші оның білімдерінің, дағдыларының, қабілеттерінің дамыған деңгейі, мотивтер жүйесі мен оны қоршаған ортамен байланыстыру типтерінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, жақын даму аймағы жеке тұлғаның оқыту процесіндегі жылжу тәсілін көрсетеді. Осында психикалық даму жек тұлғаның прогрессивті сапалық өзгеруі деп түсіндіріледі, оның барысында жасқа байланысты жаңа нәрселердің қалыптасуы пайда болады.
Дамудағы кенеттен болатын қозғалыстар, қарама-қайшылықтардың өршіп кетуі, бағытының өзгеруі өткір кризис формасына ие болуы мүмкін.
Баланың мәдениет тәжірбиесін меңгеруі Л.С.Выготскийдің пікірінше интериоризация механизмі деп көрсетіледі.
Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап Л.В.Занковтың жетекшілігімен ғылыми ұжым оқыту процессінің объективті заңдылықтарын экспериментальді түрде зерттеу жұмыстарын бастады.
Л.В. Занков ұжымының күші ақыл-ойды, ерік-жігерді және сезімдерді дамыту ретінде түсінілетін жалпы психиканы дамытуды алдына мақсат етіп қоятын төменгі сынып оқушыларының оқыту процессінің жүйесін жасауға бағытталды.
Л.В. Занков дамудың үш бағытын атап көрсетті:
1. Дерексіз ойлауды дамыту.
2. Талдап қабылдауды дамыту.
3. Практикалық дағдыларды дамыту.
Ол оқушылардың қарқынды түрде дамуын алдын ала мақсат етіп қоя отырып, оқу материалын жеңілдету, оны оқытудың баяу жүруі және бірнеше рет қайталануды әділетсіздік деп критикалық бағалайды. Оқу материалының өзі де көбінесе теориялық білімдердің жұтаңдылығымен, олардың үстірт сипаты мен дағдыларды дарытуға бағынышты болуымен жеткіліксіз болып жатады. Дамыта оқыту ең алдымен оқытудың осы кемшіліктерін жоюға бағытталған.
Л.В. Занков жасаған дамыта оқытудың эксперименталды жүйесінде мына принциптер негізге алынған:
- қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту принципі. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін сақтауды, кедергілерді жеңуді, зерттелініп отырған құбылыстардың өзара байланысын ұғыну мен бір жүйеге келтіруді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет