4-дәріс Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының мәні


Проблемалық оқытудың негізгі функциялары



бет8/14
Дата04.04.2023
өлшемі63,18 Kb.
#78954
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
ЖОО инновация

Проблемалық оқытудың негізгі функциялары.
Проблемалық оқытудың негізгі функцияларын М.И.Махмутов тұжырымдаған. Ол оларды жалпы және арнайы деп бөледі.
Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:

  • оқушылардың білімдер жүйесі мен ақыл-ой және практикалық іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі;

  • оқушылар интеллектісінің дамуы, яғни олардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы;

  • оқушылардың диалектикалық-материалистік ойлауының қалыптасуы;

  • жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы.

Проблемалық оқытудың арнайы функциялары:
- білімдерді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын тәрбиелеу (логикалық тәсілдер жүйесін немесе шығармашылық іс-әрекеттің жекелеген тәсілдерін қолдану);
- білімдерді шығармашылықпен қолдану дағдыларын (меңгерілген білімдерді жаңа жағдайда қолдану) және оқу проблемаларын шешу іскерліктерін тәрбиелеу;
- шығармашылық іс-әрекет тәжірбиесін қалыптастыру және жинау (ғылыми зерттеу, практикалық мәселелерді шешу мен болмысты көркем бейнелеу әдістерін меңгеру);
- оқу мотивін, әлеуметтік, адамгершілік және танымдық мотивтерді қалыптастыру.
Проблемалық оқыту түрлері мен деңгейлері.
Әрине, проблемалық оқыту әртүрлі жағдайларда тиімді бола бермейтіні сөзсіз. Тәжірбие көрсеткендей проблемалық оқыту процесінде оқушылардың интеллектуалды қиындықтарға жолығуында да, танымдық белсенділіктерінде де әртүрлі деңгейлер пайда болады: оқушылардың танымдық деңгейі не өте жоғары не мүлде болмауы мүмкін.
Осыған байланысты проблемалық оқытудың түрлері мен деңгейлерін бөліп көрсету қажет. М.И.Махмутов проблемалық оқыту түрлерін шығармашылық түрлері бойынша бөліп көрсеткен дұрыс деп есептейді. Осыған сәйкес ол проблемалық оқытуды үш түрге жіктейді:

  • ғылыми шығармашылық – теориялық зерттеу, яғни оқушылардың жаңа ережені, заңды, дәлелдемелерді іздеуі және ашуы; проблемалық оқытудың бұл түрінің негізінде теориялық оқу проблемаларын қою мен шешу жатыр;

  • практикалық шығармашылық – практикалық шешімді іздеу, яғни белгілі білімді жаңа жағдайда пайдалану, конструкциялау, жаңаны ойлап табу; проблемалық оқытудың бұл түрінің негізінде практикалық оқу проблемаларын қою мен шешу жатыр;

  • көркем шығармашылық – шығармашылық қиял негізінде болмысты көркем бейнелеу, ол сурет салуды, ойынды, музыкаға әуестенуді және т.б. қамтиды.

Проблемалық оқытудың барлық түрлері оқушылардың репродуктивті, продуктивті және шығармашылық қызметінің болуымен, проблеманы іздеу мен шешудің бар болуымен сипатталады. Алайда, проблемалық оқытудың бірінші түрі көбінесе проблеманы жеке, топпен немесе жаппай шешу үшін ұйымдастырылатын теориялық сабақтарда қолданылады. Екіншісі – лабораториялық, практикалық сабақтарда, пәндік үйірмелерде, факультативтерде, өндірісте қолданылады. Үшінші түрі – сабақта және сабақтан тыс уақыттарда қолданылады.
Жоғарыда аталған проблемалық оқыту түрлерінің барлығы оқушылардың танымдық белсенділік дәрежесі әртүрлі жағдайда жүруі мүмкін. Бұл дәрежені анықтау оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыру процесін басқару үшін өте маңызды болып табылады.
М.И.Махмутов проблемалық оқытудың төрт деңгейін шартты түрде бөліп көрсетеді:
1. Әдеттегі белсенділік таныту деңгейі.
2. Жартылай өз бетінше белсенділік таныту деңгейі.
3. Өз бетінше (продуктивті) белсенділік таныту деңгейі.
4. Шығармашылық белсенділік деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет