4-дәріс тақырыбы



бет1/2
Дата06.10.2023
өлшемі65,5 Kb.
#113055
түріСабақ
  1   2

4-дәріс тақырыбы : Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары
Оқу нәтижелері
1. Физика сабақтарының түрлерін біледі;
2. Оқу материалын тақырыптық және сабақтық жоспарлауды түсіну;
3. Физикадан сабақ жоспарын қолдану;
4. Физика бойынша өтілетін оқу сабақтарының жүйесін талдау;
5. Тақырыптық және сабақтық жоспардың дұрыс жасалуын бағалау.
Жоспары:
1. Оқу материалын тақырыптық және сабақтық (күнтізбелік) жоспарлау
2. Физика бойынша өтілетін оқу сабақтарының жүйесі


1. Физикадан білім беру үрдісінде оқу жұмыстарын ұйымдастырудың мынадай формалары қолданылады: әртүрлі типтегі сабақтар, экскурсиялар, үй жұмыстары, кеңестер, конференциялар, семинар сабақтар, факультативтік сабақтар мен оның практикумы.
Мектепте оқытуды ұйымдастырудың едәуір кең тараған формасы - сабақ.
Әрбір сабақ белгілі көлемдегі оқу және тәрбие міндеттері мен мақсаттарын шешуге арналған, әбден ойластырылып, белгілі жоспармен жүргізілетін, аяқталған сипатта болуы керек. Ол белгілі айқын мақсатқа байланысты жаңа білім беруге, жаңа ұғымды қалыптастыруға, алған білімдерін практикада қолдануға дағдылануға, тереңдетуге, білімдерін бекітуге, қайталауға, алған білімдерін тексеруге және есеп шығаруға арналады.
Сабаққа дайындалған кезде мұғалім – сабақтың ең басты мақсатын анықтап, осы мақсатқа жету үшін тиімді оқыту әдісін және оқытуды ұйымдастыру жұмысының түрін таңдайды.
Физикадағы оқыту әдістері сабақты өткізуді ұйымдастыруға және сабақ түріне, сабақтың құрылымына тығыз байланысты. Кей жағдайларда оқыту әдісі сабақтың түрін және құрылымын анықтайды. Мысалы, зертханалық жұмыстар, есептер шығару немесе сабақ түрлерін (практикум, семинар) анықтайды.
Сабақта жетекші рольді мұғалім атқарады. Ол бүкіл оқу үрдісін пән бойынша жоспарлайды және ұйымдастырады.
Сабақтың басты белгісі – мұғалімнің оқыту кезінде неге ұмтылатынын көрсететін дидактикалық мақсаты. Осы басты белгісіне сәйкес анықталған сабақ типтері және оның кезеңдері 1-кестеде көрсетілген.
Осы сабақ типтерінде физиканы оқытудың әдістерін түгелдей біріктіре отырып қолданады.
Қазіргі кездерде сабақты жетілдірудің мынадай негізгі жолдары қолданылады: өтілетін тақырыпты жоспарлаудың көмегімен сабақты шығармашылықпен қарау, орнын дұрыс анықтау; сабақтың құрылымын анықтауға шығармашылықпен қарау; сабақта оқушылардың ойлау қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын арттыру; сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу элементтерін енгізе отырып оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану; оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын бақылаудың формалары мен әдістерін жетілдіру; оқушылармен жеке жұмыс істеуді жүзеге асыру.
Оқу материалдарын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау алдында белгілі тақырыпты оқытудың жалпы жағдайларын белгілеу мақсатын қою. Өйткені оны жеке сабақтарға бөлу, оларды жүргізудің тізбектілігін белгілеу бағдарламада көрсетілмейді, оны мұғалімнің өзі орындайды.
Сабақтың типтері мен кезеңдері:

Сабақтың түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет