4. ДӘрістер тезистері


Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық іске асырудың күтілетін нәтижелері мен кезеңдері



бет7/14
Дата15.04.2023
өлшемі247,5 Kb.
#82871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
лекция матер инклюзия

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық іске асырудың күтілетін нәтижелері мен кезеңдері
Тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге , барлық
адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз
етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына , мүмкіндіктері шектеулі
тұлғаларды толерантты қарым -қатынас қалыптастыруға ; инклюзивті білім
беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және
ұйымдастырушылық -экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік
береді.
1. Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру
үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады:
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру
және оларға психологиялық -медициналық -педагогикалық кеңес беру жүйесін,
психологиялық -педагогикалық түзеу кабинеттерін , оңалту орталықтарын және
басқа да білім беру ұйымдарын , әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды
дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін
және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын
әзірлеу;
- жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру
бағдарламаларын әзірлеу;
- оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат ,
диплом);
- білім берудің барлық деңгейлерінде « кедергісіз» орта құру , білім беру
ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет
ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен
қамтамасыз ету;
- жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғаларды кешенді ( әлеуметтік және медициналық -психологиялық -педагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру ;
- арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету
бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру ;
- жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды
ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған
жағдайларды қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар
қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту.
2. Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың
біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады:
- жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық
мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар
мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды
қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және
оқыту ;
- инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру
ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді , педагогтарды және
мамандарды (педагог -психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік
педагогтарды ) кезең-кезеңмен қайта даярлау;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру
ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін , ерекше оқытуды қажет
ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін , кемсітушілікті жою және жағымсыз
жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру .
3. Ғылыми ж ә не оқу -әдістемелік қолдау:
- жалпы білім беру ортасына ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды
қосудың вариативті үлгілерін әзірлеу және эксперименттік түрде ендіру ;
- инклюзивті білім беруде инновациялық үлгілерді, оқыту әдістері мен
технологияларды қолдану, халықаралық озық тәжірибені зерделеу және
қолдану;
- білім беру жүйесінде инклюзивтік процестердің тиімділік критерилерін
әзірлеу;
- оқушылар білімін бағалаудың икемді ( бейімделген) критерилерін және
инклюзивті білім беру жүйесінде қолданылатын икемді ( бейімделген) жалпы
білім беретін оқу бағдарламалар мен жалпы білім беру стандартын әзірлеу;
- ерекше оқытуды қажет ететін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін
ескере отырып жеке оқу бағдарламалар әзірлеу мен бағалаудың икемді
критерилерін қолдану бойынша және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды
психологиялық -педагогикалық қолдау , әлеуметтік оңалту бойынша әдістемелік
ұсынымдар , оқу-әдістемелік құралдар жасау.
4. Іске асыру кезеңдері
Бірінші кезең - 2014 -2015 жылдар
- инклюзивті білім беруді дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесін
зерделеу ;
- инклюзивті білім беру жүйесін дамытуды ресурстық қамтамасыз етудің
нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық -экономика лық негіздерін
жетілдіру;
- бастауыш білім мазмұнының жаңартылуын ескере отырып, ерекше
оқытуды қажет ететін адамдарды жалпы білім беру ортасына қосудың
вариативті модельдерін апробациялау бойынша экспериментальдық алаң –
ресурстық орталықтар құру ;
- инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік және қолданбалы зерттеулер
жүргізу;
- инклюзивті педагогика қағидаттарын және білім беру практикасына
ендіру жүйесін әзірлеу;
- ерте диагностикалау және ерте жастағы балаларды түзету -педагогикалық
қолдау тәсілдері мен әдістерін әзірлеу;
- мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалау жүйесін әзірлеу;
- инклюзивті білім беруді ендіру мәселелері бойынша республикалық және
өңірлік ғылыми -практикалық семинарлар өткізу ;
- медиажоспарларды, ақпараттық қолдауды және мүмкіндіктері шектеулі
тұлғаларға қоғамның толерантты қарым -қатынасын қалыптастырудың кешенді
бағдарламасын іске асыру .
Екінші кезең– 2016 - 2017 жылдар:
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды мектепке қабылдау дайындығын
бағалау индикаторларын әзірлеу және ендіру ;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне
қосу модельдерін әзірлеу және апробациялау ;
- білім беру ортасын бейімдеу мен жеке жоспарларды, оқу
бағдарламаларды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың икемді жүйесін қосатын оқушыларды қолдау жүйесін
құру ;
- оқу жоспарларына « Арнайы педагогика негіздері », « Инклюзивті білім
беру » пәндерін қосу арқылы педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттырудың
типтік оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу;
- әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушылар мен мүмкіндіктері
шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының
қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру .
Үшінші кезең - 2018 -2020 жылдар:
- барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында инклюзивті
білім берудің ұлттық модельдерін кешенді ендіру;
- инклюзивті білім беру бағдарламаларын техникалық және кәсіби , жоғары
білім беру деңгейлерінде жүзеге асыру ;
- алдағы уақытта жұмыспен қа мтылуын ескере отырып мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін ендіру .
5. Инклюзивті білім беруді мониторингілеу:
- бірыңғай және сәйкес қағидаттар , сапалық және сандық көрсеткіштер мен
тәртіп негізінде инклюзивті білім беруге мониторинг жүргізу және оның
тиімділігін бағалау.




8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет