№4 ДӨЖ: Б. Сағындықұлы «Ғаламның ғажайып сырлары»



Дата19.04.2023
өлшемі16,26 Kb.
#84359

№4 ДӨЖ: Б. Сағындықұлы «Ғаламның ғажайып сырлары»
Дінтәнге дәрі, жанға шипа. Адам баласы дүниеге келгеннен кейін өз еркімен екі айрық жолдың біріне түседі. Бірі оңай – шайтанның жолы, екіншісі қиын – алланың жолы. Шайтанның жолы жердің бетін жапқан қарға ұқсайды, себебі онда еш нәрсе өсіп-өнбейді. Бұл жолдың оңайлығы мынада: әркімнің өз ойына не келсе соны істеуіне хақысы бар. жазатайым ұсталып қалмасаң болды, асылық пен қылмыс атаулының бәріне жол ашық: ұрлық істе, өтірік айт, өсек айт, адам өлтір, пара ал, зинақорлық жаса, адамдарды араздастыр, қолыңнан келсе бір-бірімен соғыстыр, адамдықпен ләззат, рақатқа, шат-шадыман думанға толы өмір сүр, т.с.с. Қысқасы, таудай күнәң болса да о дүниеге жазалайтын, сұрақ алатын құдай жоқ. Ал бұл дүниедегі адамдардыалдап, тақырға отырғызып кету түкке де тұрмайды. Қылмыстылардың бір тоғызы ұсталып, тоқсан тоғызы сайрандап жүре береді. Құдайсыздың ұғымы бойынша, осының бәрі еркіндік. Бастаушысы шайтан болғандықтан, бұл жол «шайтан жолы» атанады.
Құдайдың жолы бүгін тартсаң майы шығатын құнарлы топыраққа ұқсайды. Адамгершілік, ізгілік, имандылық, жоғары мораль – бәрі-бәрі осы топырақтан өсіп-өнеді. Алла жолының қиындығы мынада: әркім өз ойына келгенін істей алмайды, өйткені алланың әмірімен пайғамбарлар салып берген сара жол бар, нұсқау бар. одан шығып кетуге болмайды. Өмір бойы адал жүріп, адал тұруың керек. Мақсатыңа ақ адал еңбегіңмен жетуің қажет. Құдайға тағат, ғибадат етуің керек. Адамгершіліктің ала жібін аттамауың қажет. Мұның барлығы бір сөзбен айтқанда – бейнет. Кейде жолдан таймаймын деп жүріп азап-ахирет те көресің. Құдайсыздыққа берілген бүкіл еркіндік тұсалады. Құдайдан қорқып, адамның ұялуына тура келеді. Бастаушысы Жаратушы иенің өзі болғандықтан, бұл жол «құдай жолы» делінеді.
Осы екі жолды айырып-ажыратып беретін ғылымның, діннің аты – ислам. Ислам – әрі ғылым, әрі дін. Ғылым болатын себебі оның негізін қалаған ғұламалардың ғұламасы – Алла тағала. Алла тағаланың бір аты – Ғылым. Осы себепті де ислам Адам ата, Хауа ана заманынан осы кезге дейін өмір сүріп келеді. Бір адамның екінші бір адам арқылы үшінші біреуге сәлем жолдағаны сияқты Алла тағала да періштелер, пайғамбарлар, нәбилер арқылы пенделерге әрдайым сәлем жолдап отырған. Ислам – Алла тағаланың жүние жаратылғалы адамзатқа жолдаған сәлемдерінің жиынтығы деген сөз. Ол сонымен қатар «Алла сәлеміне илану» деген мағына береді. Жер бетіне жеткізілген бүкіл сәлемді жинақтаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Алла тағаланың сәлеміне иланушы, оны мойындап, бұлжытпай орындаушы «мүсілім» атанады. «Мүсілімнің» көпшесі – мұсылман. Бәрі «сәлем» деген сөзбен түбірлес.
Сонымен көпшілікке кеңінен таныс «ислам» сөзі діни әдебиеттерде екі түрлі мағынада түсініледі. Кең мағынасында бір жүз жиырма төрт мың пайғамбар, олардың шын үмметттері ұстаған дін – ислам деп аталады. Тар мағынасында Мұхаммед пайғамбар негізін қалаған дін ғана ислам делінеді. Халыққа тар мағынасы көбіре тарап кеткен. Егер жер бетіне ислам орнаса бейбітшілік орнайды. Осыдан оның «бейбітшілік» деген мағынасы шығады. Қазір ғұламаларымызы осы мағынаны біледі.
Алла тағаланың бірде-бір пенденің көмегінсіз өз қалауы бойынша жүзеге асыратын ісі құдірет деп аталады.
Мұғжиза да – құдайдың құдыреті. Бірақ ол пенделердің қалауы бойынша орындалады. Мұғжиза дегеніміз – оқымыстылардың да, қарапайым адамдардың да ақылына сыймайтын, сенімнің (иманның) нәтижесінде ғана байымдауға, сезінуге болатын ғажап іс. Мұндай істер алла тағаланың ғылымымен бола тұрса да, пайғамбар жасаған сияқты әсер қалдырады. Нұх пайғамбардың кеме жасап, топан судан бүкіл жанды мақұлқаттың ұрығын аман қалдыруы, салих пайғамбардың қара тастан ақ түйе шығаруы, аса пайғамбардың өлген адамдарды оп-оңай тірілте алатын қабілеті болуы, тағы осы сияқты ірі істер – мұғжиза.
Керемет те қарапайым халықтың ақылы жетпейтән, құдайдың құдіретімен орындалатын ғажап іс. Мұғжиза қайталанбайтындығы арқылы ерекшеленеді.тіпті бір пайғамбардың мұғжизасын екінші пайғамбар қайталай алмайды. Ал әулие, машайықтар бірінің кереметін екіншісі қайталай береді. Керемет – таза ниет, адам еңбекпен, ыстық ықылас, тағат-ғибадатпен келетін киелі қасиет. Өзін құдай жолына шын бағыштаса, кез келген адам әулие болып кетуі ықтимал.
Сиқыр дегеніміз – алла тағаланың бір заманда періштелерге, пайғамбарларға жіберген құдірет күші бар, аса қасиетті дұғаларын, тыйым салынғанына қарамастан, қаскөйлердің теріс мақсатта пайдалануы. Бұлардың үстіне зұлым рухтардың, адам шайтандардың көмегімен тылсымданған теріс дұғаларды қосыңыз. Алла тағала тарапынан пенделеріне ақиқат жеткізілетін жолдың бірі – ілһам деп аталады. сәлем періштелер арқылы хабарланса, ілһам жүрек арқылы берілетін аян.мұхаммед пайғамбардың хадистерінің көпшілігі оның ақыл-парасатынан, тәжірибесінен туындағаны ақиқат. Бірақ адам санасы жете бермецтін қиын сәттерге душар болған уақытта өзіне берілген ілһам арқылы оң жауабын тауып отыраған.
Қарапайым мұсылмандарға көрсетілетін кереметтің ең кішісі – түс. Бірақ түс үш түрлі болады: Бірінші. Шайтани түс – шайтан көрсететін түс. Басы да, аяғы да жоқ, түні бойы мазалайтын шым-шытырық быжырақай түс. Кейбір сәттері болмаса, негізінен ұмытылып қалады. Екінші. Қияли түс – шайтанның яки періштенің әсерінсіз, адамның өзі көретін сөз. Өңінде ойлаған ойларының немесе істерінің белгілі бір шамада өзгеріске ұшыраған түрі. «Түс – түлкінің боғы» дегеніміз осы. Үшінші. Малаики түс – періштелер көрсететін түс. Белгілері таң алдында көрінеді, өте қысқа болады, ап-айқын болғандықтан өмір-бақи ұмытылмайды.
Әдебиет:

  1. Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары. – Алматы: Ғылым, 1997. – 295 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет