Түсінік хат
Пәні: Қазақ тілі (таңдау пәні)
Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Үлгілік оқу жоспары: Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу бағдарламасы:
ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Кіріктірілген кешенді курстарды қалыптастыру қазақ тілі пәнінің қызметін арттыру, оқушылардың біліктілігін көтеру, яғни олардың өмірлік компетенциясын қалыптастыру бағдарлы мектептегі қазақ тілі пәнінен ғылыми-теориялық жаңалықтарына жатады.
Курстың мақсаты:
мұғалім сабақ түсіндіру арқылы оқушының жаңа ұғымдағы білімін, біліктілігін арттыру;
қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілеттілігін арттыру.
Жалпы орта білім беру мектепте «Қазақ тілінің синтаксисі» арнайы курсын оқыту, оқушыларды төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік жасайды: -білім мен білігі тереңдейді;
-ғылыми жұмыстар орындауға икемділіктер қалыптасады; -статистикалық деректерді, ғаламтор, ақпарат жүйесін өз бетімен өңдеуге үйренеді; -сайыс, тест, пікірталас, диспут кездерінде өз білімдерін қолдана алады.
Әдістемелік нұсқаулар
Ұсынылған бағдарламада арнайы курс бойынша меңгерілетін тақырыптар сағаттарының жоспары, үлгі сабақ мазмұндары көрініс тапқан. Оқушыларға білім беруде грамматикалық негізгі объектілерін барынша терең оқытып, қиын мақсаттарға қойылған талаптарды мүлтіксіз орындап, лекция және жарыс, іздену сабақ түрінде ұйымдастырылады.
Лекция сабақтары алған білімдерін тереңдетуді, жүйелеуді жүзеге асырып, өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарына іскерлік дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді.
«Қазақ тілінің синтаксисі» курсы жан-жақты терең, жүйелі білім беру мақсатында 34 сағат көлемінде жоспарланған.