4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен
арақатынасы.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы
жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал,
қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар
сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың
әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.
Әлееуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-
әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен
техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік
ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы
ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база
қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып,
экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік
экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің
нәтижесінде — құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану;
педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет,
тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану,
көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге
тарта) пайда болды.
Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе
деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы
олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын)
қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.
Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларының тұжырымдамаларын, т.б.
толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне,
деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап,
орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның
даму тенденцияларын (бет алысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін
арттырады.
Әлеуметтану пәні даму үшін басқа ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Сол
үшін әлеуметтану байланысты ғылымдарға жеке-жеке тоқталып кетейік:
1) Әлеуметтану және философия. Бұл екі пәннің ұқсастығы екеуіде қоғамның дамуын
зерттейді. Социологияға қарағанда философия қоғам өмірін философиялық бағытта, яғни —
мағына құраушы сөздермен зерттейді. Социология болса қоғамды — эмпирикалық
методтармен зерттейді. Социология пәні бастауды философиядан алғандықтан екеуінің
арасындағы қарым-қатынас өте тығыз.
2) Әлеуметтану және психология. Психология бағыты – жекеменшік «Менді» зерттеу, сомен
қатар психикалық жеке қасиеттерді зерттеу (инстинкт, темперамент), адам психикасын
қайталанбас керемет әлем іспеттес зерттеу. Әлеуметтан бағыты – қоғамды зерттегендіктен,
сол қоғам арасындағы және адам арасындағы арнайы қасиеттерді, оның әлеуметтік
позицияларын, рөлдік күтілімдерін зерттейді. .
3)Экономика және әлеуметтану. Бұл екі пәннің ұқсастығы — материалдық керек жарақтар
және де экономика бұл қоғамдағы басты заттардың және мәселелердің бірі. Экономика
математикалық өнімдерді және жабдықтарды зерттесе.Әлеуметтану қоғамдағы адамдардың
экономикалық жағдайын, адамдар арасындағы әр түрлі экономикалық жағдайларды
зерттейді.
4) Әлеуметтану және саясаттану. Саясаттану политикалық бағыттарды зерттейді,
структурасын, режимдерін, мемлекеттің қоғамға ықпалын зерттейді. Әлеуметтану болса,
политикалық бағыттарды адамдардың қатысы арқылы және ол қоғамға қалай әсер ететінін
зерттейді.
5) География және әлеуметтану. Соңғы кездері адамдар арасында территорияға байланысты
көптеген даулар болып жүр. Әлеуметтану қоғамға миграция, эмиграция, қоныс аудару жайлы
көптеген көмегін бере алады.
6) Экология және әлеуметтану. Қазіргі таңда қоғамда ең көп кезедесетін проблема ол —
экологиялық мәселе болып саналады. Табиғатты қорғау мәселесі, қоғамдық қатынастар және
де қоршаған ортаның әсерін әлеуметтік анализдер арқылы анықтауға болмайды. Соған орай
қазір «әлеуметтік экология» бағыты пайда болды, ол табиғатты қорғаумен тығыз
байланысты.
7)Медицина және әлеуметтану. Қоғам ішіндегі адамдардың денсаулығын зерттеу, олардың
алдын алу осы арнайы бағыттың келуіне себепші болды.
Социологияның басқа ғылымдармен — экономикамен, саясаттанумен, этнографиямен және
т.б. байланыс теориялары салалық деп аталады. Бұл теориялар қоғам өмірінің әр түрлі
салаларындағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың көрініс табу нысандары мен әрекет
ету механизмдерін зерделейді. Олардың объектісі болып табылатындар: экономика, саясат,
құқық және т.с.с. қоғамның жеке “бөліктері”, олар социологияның басқа ғылымдармен
байланысын жалғастырады. Олардың айырмашылығының негізін зерттеу объектісі
атқарады, ол социологиялық оқу пәнінің атауында көрсетіледі: “экономикалық социология”,
“саяси социология”, “құқық социологиясы”.Бұл теориялар ерекшеленген социологиялық
категорияларды: әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым және т.б. пайдалана
отырып, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларын олардағы әлеуметтік қарым-қатынастар
көзқарасы тұрғысынан зерделейді. Аталған оқу пәндеріндегі “социология” термині қоғам
өмірінің социология пәнімен және әдісімен шарттастырылған тиісті салаларына ерекше
көзқарастарды көрсетеді.
5. Әлеуметтік институттар мен процестер.
«Әлеуметтік институт» ұғымы қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу,
заңдастыруды сипаттайды. Ал сол стандарттау, реттеу, заңдастыру процесін
«институттану» дейді. Ол заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ережелер,
принциптер, нормалар мен бағдарларды құрайды. Бұлар адамдардың әрқилы
қызметтерін, әркелкі іс-әрекеттерін бір әлеуметтік рольдер мен статустар жүйесіне, іс-
әрекеттер жүйесіне ұйымдастыру үшін керек.
Батыс социологтарының тұжырымдауынша (Липсет, Блау, Ланберг т.б.), әлеуметтік
институттар адамдардың, бұқараның тіршілікте қайталанып тұратын іс-әрекеті мен
қызметін, дәстүрі мен дағдыларын, мінез-қылық нормаларын саналы түрде реттеп,
тұрақтандырады, жаңартып отырады.
Қоғам — әлеуметтік институттардың біртұтас жүйесі. Әлеуметтік институттардың
әрқайсысы өзінің функцияларын, міндеттерін атқара отырып, қоғамның қалыпты
тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Қоғамдағы орнына, атқаратын міндеттеріне,
қызметінің сипатына қарай оларды ғалымдар бірнеше топқа біріктіре отырып
қарастырады. Айталық, бірінші топта — экономикалық институттар. Олар ұлттық және
трансұлттық корпорациялар, қоғамдық өндірісті, шикізат өнімдерін өңдеуші барлық
зауыт, фабрикалар, экономикалық бірлестіктер, шағын және орта кәсіпорындар мен
шаруашылықтар, индустрия және ауыл шаруашылығында қызмет көрсетуші
субъектілер, шару шаруашылықтары, экономика институттарын өзара
байланыстырушы жүйелер, банктер т.б. Әлеуметтік қызметтері — өндіріс жиынтығын
қамтамасыз ете отырып, қоғамдық байлықты жасау және оны бөлу, экономиканы
қоғамның басқа салаларымен үйлестіру. Сонымен қатар заң талаптарымен санаспай,
табысы үкімет назарынан тыс қалып жатқан көлеңкелі экономиканың да қоғамда орын
алып келе жатқанын ескеру қажет.
Екінші топта — қоғамның саяси ұйымы: мемлекет (заң шығарушы, атқарушы және
соттық билік жүйесі); саяси партиялар (әлеуметтің әркелкі топтары мен қабаттарының
мүдделерін бейнелей отырып, бұл мәселелердің мемлкеттің қатынасуымен шешілуін
қамтамасыз ету, оған бақылау жасау және бұл істерге тікелей ат салысу, қоғамдық сана
мәселері); мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар (халық және оның әркелкі әлеуметтік
топтарының өмірлік мүдделерін бейнелеу, шешу немесе оны мемлекет алдына қою,
мемлекетпен бірлесе отырып іске асыру). Саяси ұйымның аталған үш элементтерінің
(институттарының) қызметтері — қоғамның өркениет жолымен басқарылуын, дамуын
қамтамасыз ету және өркениетті даму идеологиясын, стратегиясын жасау,
құндылықтарын нақтылау негізінде әлеуметтік ұйымдастыру. Әрине, жеке тұлға да
басқару субъектісі. Ол ешбір ұйымға, партияға енбей-ақ, өзінің ғылыми, жасампаздық,
мамандық еңбектері арқылы, ақпарат құралдарын пайдалану, сайлау құқын адал
пайдалану т.б. жолдармен басқару, бағдарлау ісіне өз үлесін қоса алады. Сайлаудың
демократиялық мүмкіндігін өзі мен халық таңдырын сеніп тапсыратын тұлғаларды
дұрыс таңдауға саналы түрде пайдалану оның қоғам игілігіне тікелей қосқан үлесі деуге
болады.
Келесі топта — әлеуметтендіру институттары: отбасы, балабақша, мектеп т.б. білім
мекемелері, арнайы мәдени қызмет көрсету институттары (театр, әдебиет пен өнер,
бұқаралық ақпарат құралдары, музей, кітапхана т.б.). Міндетті қызметтері — жас
ұрпақты қоғам мен әлеуметтік уақыт талабына сай жан-жақты тәрбиелеу, әлеумет
мәдениетін, денсаулығын, интеллектуалдық рухани байлығын, азаматтық тіршілігін
қамтамасыз ету. Төртінші топта — әлеуметтік бақылау институттары: сот жүйесі; ішкі
қоғамдық тәртіпті, елдің қауіпсіздігін сақтау, ел іргесін қорғау органдары жүйесі және
заңды бұзғандарды түзету мекемелері. Бұлардың қызметінің негізі — заң, Ата заң
рухында даярланған заңдық — нормативтік құжаттар. Әрине, заңды оны
қорғаушылардың өзі бұзса, өте өкінішті.
Сөйтіп, аталған әлеуметтік институттар өзінің тиісті қызметтерін барынша тиімді
атқарса, қоғамның жоғары дамыған өкениетті әлеуметтік кеңістік екеніне еш күмән
болмайды.
Қызметін атқаруға дәрменсіз әлеуметтік институт «дисфункцияға» (тиісті қызметін
атқара алмауы) шалдығады. Оны реттеудің екі жолы бар. Біріншісі — оның қызметі ел
үшін әлі қажетті болса, онда оны рефомалау. Құлаққа жиі естілетін «реформалау»
ұғымының негізгі мәні де осында. Мекеме (ұйым) жұмысын қазігі сұранысқа
сәйкестендіріп реттеу (мәселе кадрда ма, нормативтік құжаттарда ма, әлде дұыс
басқаылмай ма, соны нақтылау арқылы), қажетті жолға салу. Екіншісі — қызмет етуге
дәрменсіз, түзетуге келмейтін мекеме ретінде оның ісін тоқтату. Кей жағдайда өз
уақытында қажетті болған, жаңа кезеңде қажеттілігі қалмаған институттар да енді өз
қызметін тоқтатады.
Кез келген әлеуметтік институттың пайда болып, қалыпты қызмет етуінің, яғни
институттануының және қызметінің тиімді және дұрыс орындалуы мына факторларға
байланысты:
• бұл мекеменің (ұйымның) қызметіне қоғамдық сұраныстың болуы;
• мекеменің (ұйымның) заңдық, нормативтік негіздері мен мақсат, міндеттерін
дұрыс анықтаған құжаттардың болуы және реттелуі;
• әлеуметтік институттың функцияларын орындаушы маманданған кадрладың
жеткіліктігі және олардың біліктілігі;
• мекеме немесе ұйым алдына қойылған функцияларды атқаруды қамтамасыз ете
алатын матеиалдық базаның болуы.
Істі атқарушы адамдар осы институт қызметі идеясын және міндеттерін өзінің ісі деп
қабылдап, оны ішкі түсінігіне және қажеттілігіне айналдырған жағдайда ғана олар
барлық күш-жігерімен еңбек етеді. Ал шын ниетімен емес, тек роль атқарушы адамдар да
(тіпті осы істің маманы бола тұра), өмірлік тәжірибеде кездесіп тұратын құбылыс. Бұлар
«қызметі» арқылы өздері қызмет етіп жүрген әлеуметтік институттардың қоғамдық
міндеттерін дұрыс атқаруына нұқсан келтірері сөзсіз.
Сөйтіп, аталған алғышарттарға сай жаңа әлеуметтік институт пайда болып, бой көтеріп,
адамдар мен қоғам игілігіне тиімді қызмет атақара бастаса, оның институттану процесі
аяқталады деуге болады. Бүкіл даярлық жолы мен істің басталу барысын «әлеуметтік
институт» процесі яғни «институттану» дейді.
6. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани
шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа
адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды
байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар
арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.
Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың
барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары
мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара
әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде
қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін
жүйе болып табылады.
Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты — қоғам туралы түрлі ілімдерді
қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.
Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке
келтірілген элементтер жиынтығы.
Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың
мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар,
индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін
меңгереді.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің зерттеу пәніне қазіргі жүйелердің жалпы теориясының
негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе — өзара әрекеті оны құрайтын бөліктерге,
компоненттерге тән емес, жаңа интегративті қасиеттердің қалыптасуына міндетті түрде
әкелетін объектілердің жиынтығы деген сөз. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты оның міндетті
түрде біртұтас болуын білдіреді.
Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет
ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің
бар болуын жатқызуға болады.
Біртұтастылық – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр:
материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік
жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары
және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге
бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз.
Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп
атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік
институт, тұлға) «әлеуметтік жүйе» деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы
ретінде болады.
Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті, белгілі бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни,
олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін
(мысалы, экоәлеуметтік – географиялық аудан, немесе әлеуметтік – техникалық – қала,
агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді бола алады.
Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын
жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар
танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы
салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны «дифференциацияланған
таза» түрде қарастыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |