5. 4. 1. 1
ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
6. 4. 1. 1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу
7. 4. 1. 1
мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу
8. 4. 1. 1
мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу
9. 4. 1. 1
мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, аннотация, шолу, нұсқаулық жазу
2.
Эссе жазу
5. 4. 2. 1
эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
6. 4. 2. 1
эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу
7. 4. 2. 1
эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу
себептерін айқын көрсетіп жазу
8. 4. 2. 1
эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну
9. 4. 2. 1
эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу
3. Көркемде
гіш құралдар
ды қолданып жазу
5. 4. 3. 1
жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу
6. 4. 3. 1
жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу
7. 4. 3. 1
жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу
8. 4. 3. 1
жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу
9. 4. 3. 1
жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу
4.
Мәліметтерді жинақтау
5. 4. 4. 1
мәліметтер
ді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау
6. 4. 4. 1
мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау
7. 4. 4. 1
тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну
8. 4. 4. 1
тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану
9. 4. 4. 1
тақырып бойынша түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу
5. Орфогра
фия және пунктуация
5. 4. 5. 1
жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
6. 4. 5. 1
жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
7. 4. 5. 1
тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер);
оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
8. 4. 5. 1
тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер); сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
9. 4. 5. 1
тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу; сөйлем ішінде қойылатын
тыныс белгілерді орынды қолдану
4) жазылым:
Білім алушылар:
10-сынып
11-сынып
1. Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру
10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазу
11.4.1.1 ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, баспасөз парағы, аннотация, үндеу жазу
2. Эссе жазу
10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
11.4.2.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
3. Шығармашылық жазба жұмысы
10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу
11.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарындакөркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу
4. Мәліметтерді жинақтау
10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация)
11.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстыру (тірек-схема, менталды карта, презентация)
5. Жинақы мәтін құрастыру (компрессия)
10.4.5.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастыру
11.4.5.1 ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерден басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастыру
6. Орфография және пунктуация
10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
11.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу