4-модуль. ТҰЛҒалық дамудағы стресс-менеджменттің психологиялық ерешеліктері



бет3/4
Дата17.02.2023
өлшемі25,75 Kb.
#68901
1   2   3   4
Байланысты:
4-модуль. Т Л алы дамуда ы стресс-менеджментті психологиялы е

Түпкі түйін.
Дәрісте айтылған практикалық бағдарланған бағытта берілген танымдық ақпараттарды корыта келе, барлық оқырмандарға ортақ келесі психологиялық кеңестерді ұсынуға болады. Американдық атақты психолог, Американдық психологтар ассоциациясының Гордон Оллпорт атындағы сыйлықтың лауреаты Дэвид Майерстің (David G.Myers) «Бақытты артынан қуу» деген еңбегінде берілген:
1. «Ұзақ уақытты бақытты сен жалғыз жасай алмайтыныңды ұғыну қажет» – адамдар өзгерген жағдайға бейімделе (адаптациялана) алады, тіпті аяқ астынан пайда болған байлық немесе мүгедек (инвалид) болып қалу. Байлық жоқ болса бақытсызбыз, ал байлықтың болуы бақытты болуға кепілдік бермейді, бұл жағдай барлық сыртқы жағдайлардың жағымды болуына ұмтылулардың бәріне қатысты болады.
2.«Лезділікке, кірпік қаққанша өтіп кететін қас қаққан сәтке ләзаттаныңыз» – «Бақыт өте сирек болатын керемет ұлан ғасыр сәттіліктен ғана байланысты емес, бақыт күнде басымыздан өтіп жатқан өте керемет жағымды сәттермен байланысты» деген атақты Бенджамин Франклиннің сөзі жауап бере алады. Лезде өтіп кететін керемет сәттерді жіберіп алмаңыз.
3. «Өз өміріңізді жоспарлаңыз» – бақытты адамдар уақытын босқа өткізбейді, өздеріне үлкен мақсаттар кояды және күнделікті орындайтын міндеттерге бөліп оырады. Әрине әдетте күнделікті жасай алатындарымызды қатты бағалап жібереміз, ол орындалмаған соң ренжиміз, стресске түсеміз, сонымен қатар күнделікті қаншалықты істей алатынымызды да қатты бағалай алмай қаламыз, көбіне аса киындыкпен жылдар бойы жетеміз, себебі күнделікті өмірде жанымызды кинамай аздап ғана жұмыс жасаймыз.
4. «Өзіңізді олай болмасада соған сеніп бақытты екеніңізді көрсететін қылық танытыңыз» – біздер уақытша болсада өзімізге қажетті нәрсе маған тән деп сенуге бейімбіз. Адамдар амалсыздан күлсе де, олар өздерін жақсы сезініп қалады; ал егер өзімізді төменгі көңіл-күймен сезінсек, әлем бізге қараңғы болып кетеді. Әңгімелескенде міндетті түрде өзіңізде жоғарғы өзіндік бағалаудың кейпін жасаңыз және өмірге оптимистік көзқараста болып көрініңіз.
5. «Белгілі бір ептіліктерді талап ететін жұмысты және бос уақытты өткізуді (досуг) таңдаңыз» – бақытты адамдардың жұмысы мен бос уақыттарын өткізу әдетте, өздерінің шамасы келетіндей болады, алайда қызықты нәрселерді шешуге бағытталады. Өте қымбат бос уақытты өткізу (мысалы теңіз круизі) бақшадағы жұмысқа, қол ісімен айналысуға қарағанда аз қанағаттандыру әкеледі. Қысқасын айтсақ, бір орында отыра бермеңіз, ең болмаса картоп егіңіз.
6.«Көп қимылдаңыз» – көптеген зерттеулер көрсеткендей, аэробикамен айналысу денсаулықты жақсартып қана қоймай, әрі мазасыздану сезімдерінен, ауыр емес депрессиядан құтылуға көмектеседі. Дені саудың жаны сау.
7. «Ұйқыны қандырыңыз»- Бақытты адамдар әдетте өте белсенді әрекет жасайды, алайда дем алу мен ұйқыға көп уақыт қалдырады. Студенттер көбінесе ұйқылары қанбай жүреді, содан таяқ жейді, ол тез шаршауға, белсенділікті төмендетуге және құлазыған көңіл күйге әкеледі.
8. «Өте жақын қатынастарды артық көріңіз» – Сізді жақсы көретін, сіз туралы қамқор болатын адаммен жақсы қатынаста болу бақытты болудың нағыз кілті. Мұндай жақындық жанымыз үшін де тәніміз үшін де жағымды. Отбасында осындай қатынастарды ұстаңыз, жұбайыңызды бағалай біліңіз, басқа адамдарға қарағанда оған өте мейірімді қатынас жасаңыз, бір-біріңізге сеніңіз, қайғыны да қуанышты да бірге бөлісіңіз. Бұрынғы керемет сезімдерді жандандырғыңыз келсе, өзіңізді дәл солай жанданған сияқты сипатта ұстаңыз.
9.«Өз жаныңызды ұмытпаңыз» – көптеген зерттеулерге сүйенсек, нағыз сенімге берілген адамдар өздерін жиі бақытты сезінеді екен. Бір нәрсеге сенім (вера) адамдарға өмірдің мағынасын береді, өзінің өмірдегі орны мен рөліне сенімділік береді, өзінің жеке басына емес одан да мәнді қызықты нәрселереге сенім береді және тағдырдың көптеген қиыншылықтарын жеңуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет