а) Біз Астанаға бардық. в) Кітап оқуды жақсы көремін. с) Биыл қыс жылы болады. д) Қазақстан – егеменді мемлекет. е) Қараша айы өте суық.
Қандай? Қанша? деген сұрақтар қай сөйлем мүшесіне жатады?
а) бастауыш в) анықтауыш с) пысықтауыш д) толықтауыш
е) күрделі баяндауыш.
Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан да көп мүшелер... деп аталады.
а) тұрлаулы мүшелері в) сөйлем мүшелері с) тұрлаусыз мүшелері
д) сөйлемнің бірыңғай мүшелері е) сөйлемнің айқындауыш мүшелері.
Мына сөйлемнің баяндауышы қай сұраққа жауап береді? Жақсы – ісімен жақсы.
а) не істеді? в) қандай? с) кім? д) нешеу? е) қалай?
Анықтауыш дегеніміз не?
а) Сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын мүше. в) Іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін мүше. с) Сөйлемде затты, нәрсені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. д) Қимыл-әрекеттің иесін білдіретін мүше. е) Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан да көп мүше.
Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді тап.
а) Оның суы тұщы. в) Мұнда қоңыр аю, елік, ақ қоян, борсық, арқар қорғауға алынған. с) Ұялмас бетке талмас жақ береді. д) Күлтай есіктен кіріп келгенде, қуанғаным сондай. е) Желтоқсан айы жақындады, бірақ әлі суық түспеді.
Мына сөйлемдерден күрделі баяндауышы бар сөйлемді тап.
а) Мектепте ата-аналар болды. в) Ата-аналар жиналысқа кешігіп келді. с) Мектеп жиналысында күрделі мәселелер қозғалды. д) Бұл жиналысқа ата-аналардың көбі келмеді. е) Жиналыстың соңында ата-аналар мен меткеп әкімшілігі бір-бірімен келісті.