Сөйлемдер арасынан талғаулы салалас құрмаласты көрсет.
а) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. в) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естігенін айтар. с) Қаз дауысты Қазыбек би – шешендік сөздің майталманы. д) Сақталған қалалар: Түркістан, Тараз. е) Бұл қала ерекше гүлденіп, Иасы деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлемді тап.
а) Бұл мұражай үйінде жазушының өзінің даусы жазылған күйтабақтар мен таспалар бар. в) А.Байтұрсынов 1891 жылы мектепті бітіргендіктен, Орынборға оқуға келеді.
с) Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. д) Шешендік өнердің тілі ойлы, мағыналы, дәлелді болып келеді. е) «Бұған не болды екен?» деп таңданды.
Ханмен бірлесе отырып, бүкіл хандықты сұлтандар басқарған. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарынан басыңқы сыңарына қойылатын сұрақты тап.
а) қайткенде? в) қашан? с) қайтсе де? д) қайтіп? е) неге?
..., себебі ... . Көп нүктенің орнына себеп-салдар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемді тауып жаз.
а) «Отан» деген сөзді күнде естиміз, Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. в) Сын түзелмей, мін түзелмейді. с) Сәуле де бір орнында қозғалмай тұр. д) Күн сәулесі кеткендіктен, үйдің іші күңгірт. е) Ынтымақ болса, береке болады.
Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін? деген сұрақтар сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?