14
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
66. Студенттің оқу жүктемесінің кӛлемі оның оқу жылы ішінде әрбір оқу
пәні немесе оқу жұмысының түрі бойынша меңгеретін кредит санымен
ӛлшенеді.
ӘАОО-ларда курсанттың ӛзіндік жұмысы оқытушының жетекшілігімен,
оның ішінде аудиториялық сабақтар түрінде жүргізіледі.
67. ОПҚ-ның оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық
оқу сабақтарының кестесі бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін
жеке бекітілген график бойынша оқытушының студентпен байланыс
жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
68. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
Студиялық, зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтары бұдан ӛзгеше,
онда бір академиялық сағат тиісінше студиялық сабақтар үшін – 75 минутқа
немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минутқа
тең.
Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері
үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
ӘАОО-ларда барлық оқу сабақтарының түрлеріне, практикалардың және
қорытынды аттестаттаулардың барлық түрлеріне қатысты бір академиялық
сағат кемінде 40 минутты құрайды.
69. Оқу жұмысының кӛлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойында студенттің
аудиториялық жұмысының;
2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;
3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша
жұмысының;
4) студенттің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен
оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру
қажет.
70. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен
және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу
сағаттарының кӛлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 40, 50, 75 немесе
100 минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының
академиялық сағаттары тиісті СӚЖ сағаттарының санымен толығады,
осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір
аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Дәрістермен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі студенттің
оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс
сағаты 2 сағат СӚЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӚЖ сағаттарымен қамтылмайды.