4-сынып «Қазақ тілі Т2» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің ісәрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.
4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру
Ұзақтығы-40 мин Жалпы бал саны -20 Оқылым — Сәлем, достар! Менің атым – Аружан. Мен Қазақстаннан келдім. Менің елім — үлкен, тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде ормандар, көлдер, биік таулар мен кең далалар бар. Қазақ халқы – бейбітшілікті сүйеді. Біздің туымызда күн мен қыран бейнеленген. Олар – бейбітшіліктің белгісі.
— Сәлем! Менің атым – Энди. Мен Американың Огайо штатынан келдім. Огайо «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Өйткені біздің жерімізде үлкен өзен бар. Бізде қазір ауа райы өте ыстық болып тұр
— Менің атым – Акира. Мен Жапония елінен келдім. Біздің салт-дәстүрлеріміз көп. Аружан, мен өткен жылы Қазақстанда болдым. Қазақстан халқы маған өте ұнады.
— Иә, Акира. Біздің халық өте мейірімді әрі қонақжай. Қонақтарды қуана қарсы алады. Достар, сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!
— Біз де қуаныштымыз!
1. Мәтін бойынша сөйлемдерді сәйкестендір
Аружан А) өз елінің атауын түсіндірді
Энди В) өз елінің салт-дәстүрлері туралы айтты
Акира С) өз елінің табиғаты, халқы, рәмізі туралы айтты 3балл
3.Көп нүктенің орнына қосымшаны дұрыс жаз.(қалау рай)
Анама гүл сыйла… келеді.
Оның доп ойна… келеді.
Сендердің ән айт….. келеді.
Сіздердің басқа қалаға бар….. келеді. 2 балл 4.Жіктік есімдіктерді дұрыс орналастыр.
……. үлкенді сыйлаймын …… үлкенді сыйлаймыз
……. үлкенді сыйлайсың …….үлкенді сыйлаңдар
……..үлкенді сыйлайсыз …….үлкенді сыйлаңыздар
……. үлкенді сыйлайды ……..үлкенді сыйлайды
Сен,біз,ол,мен,сендер,олар,сіз,сіздер. 5 балл 5.Суретке қарап, сұраққа жауап жаз. Өз мысалыңды кестеге жаз.