4 сынып Оқушылардың стандарт бойынша білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар



бет24/29
Дата10.05.2023
өлшемі82,35 Kb.
#91482
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
e94ca7cd23c30bbc80a4e6efe6e3e8d8

Өздік жұмысы №12
Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Аудан өлшем бірлігі және оны табу;

  • Амалдарды жазбаша орындау;

Қолдана алуы керек:

  • Жазбаша амалдап шығару;

  • Қозғалысқа берілген есепті шығару;

  • Өрнектің мәнін табу.

№12

1 нұсқа

2 нұсқа

№1.Өрнектерді ықшамда
(234+ 124) х а + 237 х с
(а+в) х 235 + 349 х а +35

№1.Өрнектерді ықшамда
569 х а + (69 +77) х а
15 х ( а +в +с) + 32 х в

№2.Бассейн екі құбырдығ көмегімен суға толды.Бірінші құбыр суды 50м³/сағ, екінші құбыр 40м³/сағ жылдамдықпен құяды.Неше сағаттан кейін бассейндегі судың көлемі 270м³ болады?

№2.Бассейнде 270м³ су бар. Екі құбырда да бір мезгілде ашылды.Біреуі арқылы 40м³/сағ жылдамдықпен су құйылып жатыр, ал екіншісі арқылы 50м³/сағ жылдамдықпен су сыртқа ағып жатыр.2 сағаттан кейін бассейнде қанша су болады?

№3.Есепте
8кг 250г х 32 24 ц 36кг : 6
9 м 90 см х 41 4т : 250 кг

№3.Есепте
140кг200г х 7 205т 2ц х 25
6 м : 30см 6350 кг : 25


І. ТҮСІНІК ХАТ
«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.
Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Пәнді оқытудың мақсатыоқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:

  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

  • алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  • өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.


Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.
Оқу жылындағы барлық сағат саны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет