4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы


Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы пәнінен сынақ аяқталды



бет4/5
Дата15.02.2022
өлшемі79,04 Kb.
#25566
1   2   3   4   5
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы пәнінен сынақ аяқталды

Оқу сауаттылығы

Мәтінді түсініп оқы.

Мысойған

Батыр атын тебініп қалады да жаудың ту сыртынан тиіседі. Мұны көрген қазақ әскері де кері бұрылып, жоңғарларды қыспаққа алыпты. Қыспаққа шыдамаған жау быт-шыт болады, бет-бетімен қашып, жеңіліске ұшырапты. Содан кейін үш жүздің баласы бірігіп, мына Ұлытаудың жартасына таңбаларын ойыпты.

Кейін батыр әлгі шұңқырға келсе ішінде сап-сары бір нәрсе жатады. Ол-мыс екен. Ұсталар әлгі мысты қажетінше ойып алып, керегіне жаратқан екен. Содан бастап бұл ара «Мысойған» аталып кеткен, балам!

Қаныш аңызды қызыға тыңдап, өңі бал-бұл жанды. Ол аңыздың ақиқат екеніне сенді. Бірде ақсақал оны Мысойған шұңқырына ертіп барады. Қаныш бұл шұңқырды ұзақ зерттейді. Мысойғанның түбінен жұдырықтай табиғи мыс қоспасын тауып алып, қапшығына салады.

.... Кейін Мысойғаннан үлкен шахта ашылып, Жезқазған кенті құрылды.

1 сұрақ: Қазақ әскерлері кімдерді қыспаққа алды?

А) моңғолдар

В) жоңғарлар

С) қыпшақтар

D) түркілер

2 сұрақ: Қай таудың жартасына таңбаларын ойыпты?

А) Ұлытау

В) Қаратау

С) Алатау

D) Алтай

3 сұрақ: Батыр шұңқырдан не тапты?

А) күміс


В) қола

С) мыс


D) жез

4 сұрақ: Қаныш аңызды тыңдап отырып, қандай сезімге енді?

А) қуанды

В) құлазыды

С) шаттанды

D) бал-бұл жанды

5 сұрақ: Шұңқыр қалай аталды?

А) Мысойған

В) Жезкент

С) Жезқазған

D) Ұлытау

6 сұрақ: Мәтін қазақтың қай ұлы адамына арналған?

А) Ә. Қастеев

В) Ә. Қашаубаев

С) Қ. Сәтпаев

D) Б. Аюханов



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет