Байланысты: 4 тақырып. Параметрлері бар сызықты электр тізбектеріндегі өтпел-www.emirsaba.org
4 тақырып. Параметрлері бар сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі кезеңдер
№4 тақырып. Параметрлері бар сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі кезеңдер.
Электр тізбегі дегеніміз электр тогын өткізетін элементтер мен құрылғылардың тізбегі.Тізбек бойындағы үдерстер ЭҚК , ток ,кернеу шамаларының көмегімен сипаталады.Сызықты элементтер дегеніміз параметрлері түсірілген кернеу мен өтетін ток күшіне тәуелсіз тізбек элементі.Парамерлері тұрақты элементтер дегеніміз параметрлері уақытқа тәуелсіз сызықты элементтер.Параметрі айнымалы элемент дегеніміз параметрлері уақыт өткенде белгілі бір заңға сай өзгеріп отыратын тізбек элементАктив элементер бұл энергия көздері.Элементтің ЭҚК көзі кернеу не ток көздері сиякы түрлеріне ажыратуға болады.Идеал ЭҚК көзі ол ұштарындағы кернеуі бойынан өтетін ток күшіне тәуелсіз электр энергиясының көзі.Идеал ЭҚК тұйықтанғанда ішкі кедергісі 0ге тең боғандықан оның юойынан улкен ток жүреді.Феал ЭҚК көздеріндегі ток күші қысқа тұйықталу кезінде ішкі r ішкі кедергімен сипатталғандыктан түпкілікті мәнге ие болады.Идеал ток көзі деген бойындағы ток күші ұштарындағы кернеуге тәуелсіз болатын электр энергисяның көзі.Электр тізбектерін классификациялау тізбекті құраушы элементтердің сипаттамалары мен оларды түсіндіреін негізгі теңдеулерді есепке алу арқылы жүреді,
Пассив тізбек дегеніміз құрамында электр энергиясы көзі болмайтын тізбек.
Актив тізбек дегеніміз құрамында кемінде бір энергия көзі болатын электр тізбек.
Сызықты тізбек дегеніміз құрамында ешкандай сызықтық емес элемент болмайтын электр тізбегі.
Сызықты емес тізбек дегеніміз құрамында кемінде бір сызықтық емес элемент болатын электр тізбек.
Егер электр тізбегі құрамында айнымалы параметрлі элемент болатын болса онда ол тізбек айнымалы параметрлі тізбек деп аталады.
Мұндай тізбектер сәйкесінше сызықтық немесе сызықтық емес диференциалды теңдеулермен айнымалы немесе тұрақты коэф көмегімен сипатталады .
Шындығында барлық тізбек сызықтық емғс тізбекке жатады .Алайда идеалдау көмегімен көпдеген реал тізбектерді сызықты деп карастырады. Ол сызықтық тізбек теориясын қолданып есептеулерді жеңілдету үшін қажет.Реал тізбектің геометриялық көлемі 1 мен тізбекке әсер етуші электромагниттік тербеліс толқындарының ұзындығының қатынасына байланысты параметрлері жинақталған және параметрлері таралған тізбектерді бөлуге болады.Параметрлері жианақталған электр тізбектерінде барлық кедергілер , тндуктивтік және сыйымдылқтар тізбектің белгілі бір бөліктерінде жинақталған деп есептеледі.Параметрлері таралған тізбекерде бұл шамалар тізбек бойына біртекті таралған.Мұндай тізбек мысалы ретінде ұзын байланыс желілерін алуа болады.
http://emirsaba.org