«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Тыңдалым және айтылым Суретке мұқият қара. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?
Жоғалған бәтеңке
Тірек сөздерді мұқият тыңда.
Тірек сөздер: жаңа бәтеңке, үйдің ауласы, жаңбыр, көлшіктер, су кешу, іздеу, түстен кейін, күннің көзі, булану, табылған бәтеңке, қуаныш.
Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Жоспар: Жаңа бәтеңке
Бәтеңкені сынап көру
Бәтеңке іздеу
Күн көзінің көмегі
[6]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап
Балл
Қосымшаақпарат
1
Баланың жоғалған бәтеңкесін іздегені туралы/Баланың су кешіп жүріп, бәтеңкесін жоғалтып алғаны туралы/...
1
Тақырыпқа сәйкес басқа да жауаптар қабылданады.
Білім алушының ықтимал жауабы:
Анасы Қайратқа жаңа бәтеңке сатып
әперді. Ол бәтеңкесін киіп үйдің ауласына шықты. Жаңа ғана жаңбыр жауып өткен. Аулада көлшіктер жиналып қалыпты. Қайрат жаңа бәтеңкесін сынап көрмек болып, көлшік суды кеше бастады. Біраздан соң бір аяғындағы бәтеңкесі жоқ екенін байқады. Ол бәтеңкесі іздеуге кірісті. Таба алмай, үйіне кетті. Түстен кейін күн ысыды. Көлшіктегі су буланып, ұшып кетті. Оның орнында Қайраттың бәтеңкесі жатты. Бәтеңкесінің табылғанына Қайрат қатты қуанды.
1
Берілген тақырып пен жоспарға сәйкес мәтін құрастырады.