44.​Қазіргі философиялық жүйелердегі адам өмірінің мәні мәселесі



Дата14.12.2022
өлшемі17,13 Kb.
#57282
Байланысты:
Документ Microsoft Word (19)


43. Жаңа заман философиясындағы тәжірибе ұғымының эволюциясы (Ф. Бэкон, Дж. Локк, Дж. Беркли).Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл-ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы-Френсис Бэкон (1561—1626 жж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида», т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты- табиғат күштерін игеру. Джон Локк (1632-1704 жж.)-ағылшын философы, психологы, педагогі. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе». Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. жордж Беркли (1684—1753 жж.)-ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды.
44.​Қазіргі философиялық жүйелердегі адам өмірінің мәні мәселесі.
Қазіргі заманның философиясы— ХІХ-XX ғасырлардағы философия, көбінесе батыс мәдени дәстүрінің қазіргі философиясы.
45.​Қоғамдық сана және оның құрылымын атау. Әлеуметтік және жеке сананың диалектикалық байланысын көрсетіңіз.
Қоғамдық сана — қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнелеу.
Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады.
Әлеуметтік сана ол жеке сананың емес,бір қоғамның санасы болып есептеледі.Әлеуметтік бірнеше жеке сананың қосындысы болып табылады.Яғни,айтқанда әлеуметтік сана болып кетеді.
46. Қазақ ағартушысы Ш. Уәлихановтың әлеуметтік-саяси көзқарастары.
Шоқан Уәлиханов әлеуметтік-саяси көзқарастарында демократиялық бағытты ұстанды. Қазақ елін еркін жайлап, көшпенді тұрмыс салтын ұстаған халықтың жайын, тұрмысын салыстырып, өзге ел мәдениетімен таныстығы ұлғайған сайын елінің артта қалғандығына көзі анық жетіп яғни оның болашақ тағдырын ойлады. Ресейдегі және де Европаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістерімен жақсы таныс Шоқан патша үкіметі жүргізіп отырған отарлық саясаттың зардаптары туралы ұсыныстары мен пікірлерін батыл білдіріп, жүргізіліп жатқан өзгерістердің адам мүддесіне сәйкес келуі қажеттігін атап көрсетті.
47. Абайдың дүниетанымдық философиялық көзқарастары, «Толық адам» концепциясы.
Абайдың дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы болып табылады. Оны біз ақынның шығармаларынан, қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан аңғара аламыз. Абай бес асыл іс пен бес қашық болатын істі ашып көрсетеді. Ең алғаш «толық адам» ілімінің бастауы осы «Ғылым таппай, мақтанба!» өлеңі. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» - адам бойында болмауы керек мінездер. Яғни Абай Құнанбаев дүниетанымындағы «Толық адам» концепциясы-адам жаман іс-әрекеттерден бойын аулақ ұстап, жақсы ғибратты істерге ұмтылуы тиіс.
48. В. Соловьевтің «біртұтастық» идеясының философиялық мәнін түсіндіріңіз.
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас деп айтылады. Соловьевтің «біртұтастық» (бәрінің бірлігі) идеясы адамзаттың бұдан да артық, жоғарғы сатыдағы эволюцияға өтуін дайындайды. Оның шыңына жетіп, «Құдай-адам» пайда болады. Соловьев жүйесінің негізгі теологиялық бағыты осы. Материализм мен революциялық-демократиялық ой-пікірге ол қарсы болды. Христан діні мен платонизмді, классикалық неміс философиясын (Ф. Шеллинг) және ғылыми эмпиризмді біріктірумен айналысты.
49. Орыс философиясының негізгі бағыттарына сипаттама беріңіз.
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі — Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. маңызды.Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектеледі.
50.Маркс пен Энгельстің әлеуметтік-философиялық көзқарастары
К.Маркс пен Ф.Энгельс диалектикалық материализм философиясының негізін қалаушылар болып саналады. К.Маркс пен Ф.Энгельс капитализмнің экономикалық теориясын жасады. , философияд диалектикалық және тарихи материализм сияқты бағыттарды дамыта отырып, өздерінің негізгі идеяларын табиғатқа, қоғамға, адамға қолданды. Оларға «иеліктен шығару» теориясы, таптық күрес теориясы, пролетариаттың қоғамдық дамудағы тарихи рөлі туралы теория, қоғамдық дамудың формациялық теориясы, когнитивті мәселелерді зерттеу, сонымен қатар негізгі қасиеттері, шарттары және материяның тіршілік ету формалары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет