№45 (10644) 7 қараша жұма 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6128
  1   2   3

№45

(10644) 

7 қараша 

жұма 

2014 жыл

баянта


Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады

Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады

    

БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ

  

  



redakciyabayantau

redakciyabayantau@mail.ru

@mail.ru

у

АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП ТІЛЕКТЕС БОЛҒАН

Былтыр  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  

Жарлығы бойынша Қазақстанда «Еңбек күні» мереке-

сі қыркүйектің соңғы жексенбісіне белгіленген бола-

тын. Мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ Еңбек 

Қоғамын  құру»  туралы  идеяларының  шеңберінде 

өнімді  еңбекке  ынталандыру,  жастар  арасында 

жұмысшы  кəсіптерін  насихаттау  мен  жұмысшы 

əулеттерінің  көпжылдық  дəстүрлерін  нығайту 

мақсатында осы «Еңбек күні» биыл біздің облысымызда 

тұңғыш рет  өтіп, Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі 

де оны жақсы жалғастырды. Бұған арналған жиынға 

облыстық  орманшылық  шаруашылығы  кəсіподақ 

ұйымының  төрағасы  Большакова  Вера  Алексеевна, 

сондай-ақ,  еңбек əулеттерінің ісін жалғастырушылар 

арнайы  қонақ  ретінде  қатысты.  Сонау 1945 жылы 

орман шаруашылығы болып құрылған осы мекемеде 

талайлардың  ересен  күш-жігерімен  маңдай  терлері 

қаншама десеңізші!

Бертінде  мұнда  басшылық  еткен  Рубцов (1958-65 

ж.),  Т.Мақажанов (1967-73 ж.),  А.Қажмағамбетов 

(1973-74 ж.), Р.Теміровтерді (1974-86 ж.) баянауылдық 

байырғы тұрғындар жақсы білуге тиіс. 

1985 жылы ұлттық табиғи парк Республика бойын-

ша мемлекеттік қорғауға еніп, ұлттық саябақтың ал-

ғашқы директоры да осы кісі болған еді. Əсіресе,1986 

жылдан бастап 13 жыл бойы Қ.Құсайынов басқарған 

кездерде  көптеген  ұйымдастырушылық  жұмыстар 

жүргізуге  тура  келді.  С.Размазин (2000-2003ж), 

он  жыл  бойы  Т.Қасен  басқарып,  қай-қайсылары 

болмасын  талай  сын  сағаттарда  өздерін  абыройлы 

қызметтерімен  көрсете  білгендері  жөнінде  осы 

Баянауыл  ұлттық  мемлекеттік  саябақтың  бүгінгі 

директоры Болат Дүйсенбайұлы Рахметов көпшілікке 

айтып берді.

-  Солтаналин  əулеттерінен  Байқошқар  атамыз  ор-

ман шаруашылығында ертеден жұмыс істесе, баласы 

Нағым  ақсақал  сол  дəстүрді  жалғастырып, 41 жыл 

еңбек  етіп,  зейнеткерлікке  шықты.  Нағым  ақсақал-

дың балалары да əке жолын қуған. Сол сияқты еңбек 

жасаған  өтілдері 110 жыл  болған  Солтаналиндер 

əулетінің  ізін  Ислам  немересі  жалғастырып  отыр. 

Нұрғазин  Əбікен  ақсақалдың  əулеті 110 жылдық 

өтілінің 34 жылын баласы Секен атқарып келеді. 28 

жыл еңбек еткен ақсақал Жұмағұлов Рахметтің неме-

ре-жиендері  Рахметов  Қабиболла  мен  Жанболаттар 

ізін жалғастыруда. Шұғайыпов Жаңабай ақсақал жəне 

баласы Сағаттың қызметтерін жалғастырғандарына - 

60  жыл,  Теміров  Бейсенбай  ақсақалдың  əулеті - 67 

жыл, Досжанов Ермекбайдың əулеті - 69 жыл, Медов 

Магамед əулеті - 95 жыл, жалғастырушысы баласы-

Хамзат. 1950 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 

Имановтар əулетіне - 86 жыл, қазір баласы Қасымтай 

бөлім  басшысы  болып  істейді.  Баласы – Бірлік,  ата 

жолын қуған немересі Тасболаттың атасы Жетпісбаев 

Салықтың  əулетіне  де 98 жыл.  Ал,  Əбікенов 

Кəмалидің  əулетінің  еңбек  өтілі - 108 жылды  құрап 

отыр.  Күншуақовтар  əулеті 

140  жылдық  өтілді  құрады. 

Осы  лекте,  Белгібаев,  Мусин, 

Елубаев,  Бадығұлов,  Лозбин, 

Теміровтерді  атауға  болады. 

Кезінде  осындай  еңбектерімен 

ел  алғысына  бөленген  кейбір 

Əбілбеков  Болат,  Күншуақов 

Мұрат,  Əбікенов  Қуантай  сын-

ды  азаматтарымыз  арамыздан 

кетіп қалды. 

Міне,  бүгінгі  күнде  немере-

шөберелері 

ата-бабаларының 

еңбек  жолдарын  жалғастырып 

келе  жатқан  əулетті  тұлға-

ларымыздың  арқасында  таби-

ғатымыз көркейіп, жас ұрпаққа  

мұра болып қалды.

Қайсыбір қоғамда болсын өнімді еңбектің маңызы 

зор.  Осындай  мəртебеге  жеткен  жандар  əр  ортада 

бар.  Еңбек мерекесі  дəл осындай қызметіне қалтқы-

сыз  қызмет  еткен  адамдарды  ардақтап,  қоғамға 

үлгі  болуға  бағытталған  бастама  болғандығын 

айтып,  Қ.Күншуақов,  М.Садықов,  В.Степочкин, 

Ж.Шақпақбаев,  Қ.Мадиндердің  еңбектері  мақтауға 

тұрарлығын жеткізді. 

Жиын барысында əулеттік еңбек еткен Солтаналин, 

Күншуақов,  Теміровтердің  ісін  жалғастырушы 

ұрпақтары  марапатталып,  бағалы  сыйлықтарға  ие 

болды. Сондай-ақ, осы мекемеде қызмет етіп, еңбек 

сапасын    жақсартуға  қомақты  үлес  қосып  жүрген-

дерге сый-құрмет көрсетілді.

Орман  шаруашылығы  саласында 50 жылдан  аса 

қажырлы еңбек еткен Болат Əбілбаев, М.Күншуақов, 

Қуантай 


Əбікенов, 

Ақылбек 


Қажмағанбетов, 

Қадылбек Айнағұлов сынды ағалар еске алынды.

Саябақ қызметкерлері үшін жаз жəне күз мезгілдері 

ең негізгі жауапты маусымдар болып табылады.  Олар 

орманды жəне далалы алқапты өрттің қызыл тілінен 

құтқаруға байланысты жұмыстар жүргізіп, міндеттері 

əдеттегіден  еселене  түседі.  Бұған  қоса,  жыл  сайын 

Жасыбайға  демалысқа  келетін  жүз  мыңнан  аса 

демалушылар  легі  қарбалысты  күшейтеді.  Əсіресе, 

күтпеген өрт апатын қадағалау оңай емес. Сондықтан, 

табиғатты қорғаушылар дамыл таппайды.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жастар 

арасында табиғатты қорғауға, туған  жерінің тарихын 

білуге  көп  көңіл  бөліп  келеді.  Адамзаттың  назарын 

қоршаған  ортаны  қорғауға  аудару,  өсіп  келе  жатқан 

жас  ұрпақты  табиғатты  аялауға  үйрету  мақсатын 

көздеген түрлі шаралар жиі өткізіледі. Əсіресе, мектеп 

ұжымдарымен  бірлескен  іс-шара-лар,  Республика 

деңгейінде  жүргізілген  жобалар  да  аз  емес.  Осыдан 

екі  жыл  бұрын  Шымкент  қаласында  өткен  жас 

орманшылар  жарысында  С.Торайғыров  атындағы 

жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Абылай 

Əбішев пен Алтынай Қайролланың 3-ші орын алуы, 

Мəскеу қаласындағы сайыстан жүлдегері атануы да 

осының айғағы болар.

Былтыр  Ресей мемлекетінде өткен Х Халықаралық 

жасөспірім орманшылар сайысына 29 елден 35 жоба 

қатысты.  Қазылар  алқасының  құрамында  Ресей, 

Жапония, Канада, Бразилия сияқты алпауыт елдердің 

академиктері  мен  ғылым  докторлары  қатысыпты. 

Осы  сайысқа  Қазақстан  Республикасының  атынан 

Зейтін  Ақышев  атындағы  жалпы  орта  білім  беру 

мектебінің 11-сынып  оқушысы  Еламан  қатысып, 

жұмысын  еркін  қорғап,  қазылар  алқасы  тарапынан 

қойылған барлық сұрақтарға мүдірмей жауап бергенін 

жетекшісі,  Баянауыл  мемлекеттік  ұлттық  табиғи 

паркінің кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің 

басшысы Ж.Дүйсекеев мақтанышпен айтты. Өйткені 

ол,  өз  туған  жерінің  жанашыры  ретінде,  аудандағы 

Жасы-бай  көлін  антропогендік  əсердің  ғылыми 

тұрғыдан  баяндап  беріп,  халықаралық  шараның 

қорытындысында  ІІІ  орынға  ие  болуы,  ауданымыз 

үшін  үлкен  мақтаныш.  Мұнда  жетекшісінің  көп 

ізденісті еңбегінің нəтижесі де болғандығы түсінікті.

Еңбек  күнін  атап  өту  үлкен  мəртебелі  іс.  Түрлі 

салада еңбек етіп, еліне елеулі үлестерін қосып жүр-

ген  азаматтар  қай  салада  болсын  баршылық.  Сол 

себепті  олардың  еңбектерін  бағалау  əбден  орынды. 

Əрине,  бұл  еңбек  адамының  беделін  арттыруға 

бағытталып, олардың еңбек жолдарын насихаттаудағы 

аса маңызды қадам..

                                                                                                                        

Л.ТЕМІРТАСҚЫЗЫ, 

«Баянтаудың» арнаулы тілшісі.

ОРМАНШЫЛАР - ТАБИҒАТТЫҢ 

ОРМАНШЫЛАР - ТАБИҒАТТЫҢ 

ЖАНАШЫРЛАРЫ

ЖАНАШЫРЛАРЫ

«Еңбек күні» мерекесінің мəні

ҚҰРМЕТТІ БАЯНАУЫЛДЫҚТАР - СІЗДЕРДІ 

АУДАН ӨМІРІ ҚЫЗЫҚТЫРСА, ТЕГІС 

ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР “БАЯНТАУҒА”! 

“БАЯНТАУ”

Жазылу бағасы жеке 

тұлғалар үшін 1 жылға 

1000 теңге, мекемелер 

мен ұйымдарға 2500 

теңге.

Газетке тікелей редакцияға келіп, немесе 

жергілікті ауылдық, кенттік округтер 

арқылы жазылуларыңызға болады.

Біздің мекен-жайымыз: 

Сəтбаев көшесі, 49 үй.

Телефондарымыз: 9-15-50, 9-20-24.


№45 (10644) 7 қараша, жұма, 2014 жыл                                                  БАЯНТАУ

2

Біз - бақытты  ұрпақпыз.  Өйткені, 

Алаш  жұртының  арманы  болған 

азаттық  таңы  атқан  жылдардың 

куəсі  болдық.  Алаштың  мұраты 

жүзеге  асқан  осынау  қасиетті  күн-

нен  бергі  кезеңде  мемлекеттілікті 

қалыптастырудың  үлкен  үлгісі  артта 

қалып,  жаңа  Қазақстан  тарихының 

айқын беттері ашылды. Тəуелсіздікке 

жетуге ұмтылыс жасалды. Осы жолда 

жандарын қиған азаматтар қаншама. 

Кешегі  Абылай  ханнан  бастап, 

Кенесарының,  Исатай,  Махам беттің 

де,  Амангелді  Иманов  да  көтерілісі 

осын дай  ұлы  сезімнен  туды.  Бертін 

келе алаш көсемдерінің түпкі мақсаты 

да осы  еді.  

Алаш  арыстары  «қазақ  өзінің 

орнын  табуы,  бақытты  болуы  үшін 

оқуы  мен  білімі  аздық  етеді.  Ол 

үшін  қазақ  тəуелсіз  елдің  азаматы 

болуы керек!», деді. Сайып келгенде, 

Алаш  идеясы  оқу  менен  білімді  өз 

алдына  қарастырып, «ғасырлар  бойғы  саясат 

сіңір ген мешеулік проблемаларынан арылу үшін 

тəуелсіз  мемлекеттің  азаматы  болуы  керексің» 

дегенді  бірінші  мəселе  ретінде  көтере  алды. 

Сөз  жүзінде  айтып  қана  қоймай,  іске  асыруға 

ұмтылды. Тəуелсіз дік ті уағыздай тын газет ашты. 

Айқын  мақсаттарын  іске  асыру  үшін  күресетін 

партия құрды. Сөйтіп, дербес мемлекетке ұмтыл-

ды. Алаш орда мемлекетін құрды. Əрине, Алаш 

орда  аз  ғана  уақыт  өмір  сүрді.  Бір  жағынан 

Кеңес  Үкіметі  қыспаққа  алып,  екіншіден  жеке 

мемлекет  болуға  қиын-қыстау  жағдайда  тұрып, 

еш мүмкіндік болмады. Азаттықты аңсаған Алаш 

қайраткерлеріның  бірі,  қазақ  халқының  сүйікті 

перзенті,  асқан  дарынды  ақыны,  ағартушы, 

педагогі - Сұлтанмахмұт Торайғыров болатын. 

Аз  жасаса  да,  соңына  аса  бай,  мейлінше 

мол  əдеби  мұра  қалдырған  классик  ақын, 

ұлағатты  ұстаз,  педагог  «Қараңғы  қазақ  көгіне 

өрмелеп  шығып  күн  болуды»  арман  еткен 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  бүкіл  ғұмырын 

халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған. 

Ақын  еңбектерінде  өзі  өмір  сүрген  дəуірдің 

өзекті  мəселелерін,  яғни,  оқу-ағарту  жайын  сөз 

ете  отырып,  заман  сырын,  замандас  келбетін 

көркем  кескіндей  білген.  С.Торайғыров - нағыз 

ағартушы,  педагогқа  тəн  еңбектерінің  азабын 

тартқан  жазушы.  Ол  шындықтың  жолымен 

жүрді. 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  Ресей  тарихының, 



соның ішіншде қазақ халқы тарихының аса бір өр-

леу кезеңінде-тарихи дамулар, күрес-көтерілістер, 

қиян-кескі соғыстар, ұлы революциялар дəуірін-

де  жасады.  Осының  бəрі  ақынның  көз  алдында 

болды;  күнделікті  қызметіне,  шығармаларының 

тақырыптық  мазмұны  мен  жанр  түріне, 

көзқарасына  зор  əсер  етті,  із-таңбасын  салды. 

    Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға, 

Разымын не көрсем де осы жолда. 

Шаршармын, адасармын, шалдығамын, 

Бірақ  бір  табармын  деп  көңілім  сонда, - деп 

бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында 

қызмет  істеді.  Жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей, 

өзіне,  өз  халқына  өнер,  білім,  еркіндік,  бақыт 

іздейді. 

«Шəкірт ойы» деген өлеңінде: 



Мұздаған елдің жүрегін 

Жылытуға  мен  кіремін, - дейді  ақын. 

Сұлтанмахмұт.  Троицк  қаласында  мұсылман 

мектебінде  оқып  жүріп,  өз  бетімен  діни  емес 

ғылымдардың  негізін  оқып  үйренеді,  орыс  тілін 

терең  меңгереді,  ол  Пушкинді,  Лермонтовты, 

Крыловты оқиды. Оның ой-өрісі артады, дүниеге 

көзқарасы қалыптаса бастайды. 

Жарық  дүниеге 27 жыл  ғана  қонақ  болып, 

мəңгілік  өмірін  рухани  мұраларымен  жалғаған 

С . Т о р а й ғ ы р о в 

шығармашылығы өз кезеңінің шындық шежіресі 

ғана  емес,  бүгіннен  болашаққа  ұласқан  қысқа 

ғұмырының  ұзақ  та  мағыналы  жолы,  өнер 

сапарының  өнегелі  құбылысы  деуге  əбден 

болады. 

Аса  көрнекті  қайраткер  С.Торайғыровтың  əде-

би  мұрасының  зерттелу  тарихына  тоқталайық. 

Сұлтанмахмұт  шығармаларын  жинау,  бастыру, 

зерттеу  ісінің  де  ұзақ  тарихы  бар.  Ақынның 

өз  басы  да,  əдеби  мұрасы  да  дау-дамайға  көп 

түскені мəлім. Осындай уақытта ақынның кейбір 

өлеңдері  жоғалды,  табылғаны  дау  туғызды. 

Қолда  барының  кейбіріне  ұлтшылдық  қарғыс 

таңбасы  басылып,  қайта  жабылды.  Сондай 

шығармасының бірі - «Айтыс» (қала ақыны мен 

дала  ақынының  айтысқаны)  аталатын  дастаны. 

Бұл - аяулы  ақынның  кемел  ойлап,  кең  пішкен 

шығармасы.  Аяқталмауы  өкінішті.  Мұнда 

Сұлтанмахмұт  егеменді  еліміздің  тəуелсіздігі, 

тіл  теңдігі,  төл  өнеркəсіп,  ұлттық  қорғаныс 

тəрізді  аса  ірі  жəне  көкейкесті  мəселелерді  сол 

кезде-ақ 1919 жылы қозғап, тамаша жырлағанын 

көреміз.  Жиырма  жеті  жасында  дерт  меңдеп, 

тағдыр  кемесіне  ілінген  ақын  «Тым  болмаса 

екі  жыл  тұрмадым,  іштегіні  түгел  жарыққа 

шығара алмай кетіп барамын», - деп, «Айтысты» 

тəмəмдай алмағанын зор өкініш етіпті. «Айтыс» 

С.Торайғыров  қайтыс  болғаннан  кейін,  советтік 

заманда 1922 жылы Қазан қаласында белгілі ақын 

Бернияз Күлеев бастырған «Адасқан өмір» жəне 

1933 жылы Қызылордада шыққан «Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтың  толық  шығармалар  жинағы» 

кітаптарында жарияланды. 

Сұлтанмахмұттың  қазақ  əдебиетіне  сіңірген 

ұлан-ғайыр  еңбегін  танып,  оның  лайықты  баға-

сын  берген-Жүсіпбек  Аймауытов.  Сегіз  қырлы, 

бір  сырлы  дарын  иесі  Жүсіпбек  Аймауытов- 

қазақтың  көрнекті  жазушысы,  қазақ  əдебиетін 

еуропаша үлгіде қалыптастырушылардың бірі де, 

бірегейі. Ж.Аймауытовтың Торайғыров  мұрасын 

теру,  жинастыру  ісімен  қалай  шұғылданғанын 

жиырмасыншы 

жылдардағы 

баспасөз 

материалдары  негізінде  көзге  елестете  аламыз. 

«Əдебиет  дүниесінде»  деген  мақалада: «Ел 

аздап  сауаттанып  келеді.  Ел  оқу  құралдарынан 

басқа  да  оқитын  кітаптар,  сырлы  əдебиеттер 

сұрай  бастады.  Жалпы  оқушы  көбейіп  келеді»,-

деп  қазақ  қауымында  мəдениетке,  оқуға,  өнерге 

ұмтылыстың  көрініс  бергендігіне  іштей  қуана 

отырып,  мына  мəселені  хабарлайды: «Міне, 

осы  тілекті  қарсы  алып  Қазақстан  ағарту 

комиссариаты  «Шығарма  жинағын» 

бастыруға  кіріспек.  Бұл  ниетпен 

алдымен Абайдың, Сұлтанмахмұттың 

шығармалар 

жинағын 


бастырып 

шығармақ. 

Абай 

шығармаларын 



жинауды  Абайды  жақсы  білетін, 

Абаймен қоныстас, Абаймен рулас жас 

жүйріктеріміздің бірі Мұхтар Əуезовке 

тапсырғалы  отыр.  Сұлтанмахмұттың 

шығармаларын  өзімен  құлын-тайдай 

бірге өскен замандасы, досы, қазақтың 

белгілі 

жазушысы 

Аймауытов 

Жүсіпбекке  тапсырғалы  отыр».  Дəл 

осы  хабар  жарияланғаннан  соң  көп 

ұзамай тағы да сол «Еңбекші қазақта» 

Ж.Аймауытовтың 

«Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтың 

сөздерін 

жинау 

науқанына  ат  салысыңыздар»  деген 



үндеу-айдармен  ашық  хаты  жарық 

көрді. «Ашық  хатты»  оқығанда, 

Аймауытовтың 

Торайғыров 

ақын 

өмірін,  творчестволық  қызметін  өте 



жетік білетіндігіне ден қоясыз. «Ашық 

хатта»  Ж.Аймауытов  ақынның  қоғамдағы  орны, 

атқарар  қызметі  жайлы  ой  толғаған.  Оның 

пайымдауынша: «Ақын елінің тілі ғой, адал туған 

ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген 

ары  ғой,  айта  алмай  жүрген  зары  ғой.  Жаннан, 

ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін». 

Бар  болмыс-бітімімен,  кескін-келбетімен,  жан-

дүниесімен  халықтың  жоғын    жоқтап,  мұңын 

шертуші өнер иесінің келбеті көз алдыңа келеді.

1933 жылы ақын жинағын Жүсіпбек Аймауытов 

баспаға  дайындады. «Сұлтанмахмұт  өлген  соң 

(1920  ж)  оның  шығармаларын  он  жыл  бойы 

жинап-теріп,  баспаға  əзірлеп,  өмір  тарихын 

жазған  Ж.Аймауытовтың  еңбегі  айрықша 

екенін  баса  айту  керек.  Жүсіпбек  болмаса 

Торайғыровтың толық жинағының шығуы, оның 

толық  өмір  тарихын  білуіміз  неғайбыл  еді», - 

дейді  Қайым  Мұхамедханов.  Бұл-құптарлық 

пікір.  Бір  ескертпегіміз,  Жүсіпбек  Аймауытов 

Торайғыров  жинағын  түзу  барысында 1922 

жылғы  «Адасқан  өмір»  кітабын,  қолжазбала-

рын, қойын кітапшаларын, күнделік дəптерлерін, 

фотосуреттерін,  туыстарымен,  жолдастарымен 

жазысқан 

хаттарын, 

көрген-білгендердің 

естеліктерін,  мақалалары  жарияланған  газет-

журнал сандарын тұтастай, асқан ұқыптылықпен 

жиып-терген екен.

Түйіп  айтқанда,  бүгінгі  ұрпақтың  Жүсіпбек 

Аймауытовты  С.Торайғыровтың  шын  мəніндегі 

алғашқы  зерттеушісі  ретінде  тануы  заңды 

құбылыс,  қайта  құру  мен  жариялылық  заманы 

туғызған шындық. 

Сұлтанмахмұт 

шын 

мағынасында 



осы 

сөзге  татитын  ақын.  Ол  құйрықты  жұлдыздай 

ағып  түскен,  тұлпар  талант  еді.  Сондықтан 

Сұлтанмахмұт  есімі  қазақтың  жыр-дариясын 

құрайтын үлкен, асу, арналы өзенінің бірі болып 

қалмақ.  Ол  халық  жүрегінен  құрметті  орын 

алады. 

Қазақ əдебиетінің көгінде он-ақ жыл жарқырап 



тұрғанмен  халық  санасында  мəңгілік,  ұзақ 

ғұмырлы,  əдеби  асыл  қазына  қалдырды.  Қазақ 

көгіне  өрмелеп  шығып  күн  болуын  қалаған 

Сұлтанмахмұттың  арман  мақсаты-бүгінгі  күні 

орындалды. Бейбіт аспанымызда көк байрағымыз 

желбіреп,  тəуелсіздігіміздің  орнағаны  сан  ғасыр 

бабалар  аңсаған  арман-мақсаттың  орындалуы. 

«Ақын халық» атанған ата-жұртымыздың алтын 

күмбезді  əдебиетін  тіреп  тұрған  ұлы  тіректер 

болса, соның бірі-Баянауылдың киелі топырағына 

тамырын  жібере  тіреп  тұрған  Сұлтанмахмұт 

мұрасы. 


Н.СЕРІКБАЕВА,

С.Торайғыров 

мұражайының меңгерушісі. 

АЛАШ АРЫСТАРЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ПЕН ЖҮСІПБЕК

ҰЛЫЛАР ҮНДЕСТІГІ

2015  жылы  елімізде  Қазақ 

мемлекеттілігінің 550 жылдығы 

аталып  өтілмек.  Бұл  жөнінде 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Астана  қаласының  активімен 

кездесу барысында мəлімдеді.

Жиында 


Мемлекет 

басшысы 


Қазақстанның тəуелсіздігі - тұрақты 

ұғым, ал, оны сақтау - əрбір азаматтың 

борышы екенін баса айтты.

 - Кезінде америкалық үндістердің 

көпшілігі 

түрлі 


басқыншылар 

арқылы  өз  жерлерінен  қуылды 

немесе  жойылды.  Тегі  үндіс  бір 

кинорежиссерге  «байлық  бақыт 

болып  санала  ма?»  деп  сұрақ 

қойылады.  Бұған  ол: «Өзімде  жəне 

өзгелерде  бар  бүкіл  байлықты  мен 

халқымның бір күндік тəуелсіздігіне 

берер  едім, - деп  жауап  қатыпты. 

Сондықтан 

біздің 

баршамызға 



тəуелсіздігімізді  бағалаған  жөн, - 

деді Қазақстан Президенті.

Осы ретте, еліміздің тарихы тереңде 

екенін атап өтті. Нақтысы, қазақтың 

мемлекеттілігінің тарихы 1465 жылы 

Керей мен Жəнібек алғашқы хандық 

құрған  кезден  басталатынын  көптің 

есіне  салды.  Осылайша, 2015 жы-

лы  елімізде  қазақ  мемлекеттілігінің 

550  жылдығы  кең  көлемде  аталып 

өтпек.

-  Керей  мен  Жəнібек 1465 жылы 



алғашқы хандықты құрды, қазақтың 

мемлекеттілігінің тарихы сол кезден 

бастау алады. Бəлкім ол бүгінгі ше-

карасындағы,  бүкіл  əлемге  осынша 

танымал  əрі  беделді,  осы  ұғымның 

қазіргі мағынасын дағыдай мемлекет 

болмаған  да  шығар.  Бірақ  сол 

кезеңдегі басқа барлық мемлекеттер 

туралы  да  осылай  айтуға  болады. 

Ең  бастысы,  сол  кезде  оған  негіз 

қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы 

істерінің 

жалғастырушыларымыз. 

Бүгінде  біздің  еліміз  барлық  таяу 

мемлекеттермен 

көпғасырлық 

достық  жəне  тату  көршілестік 

дəстүрлерін  үзген  жоқ.  Осы  қарым-

қатынасты  əрдайым  сақтағанымыз 

жөн, - деді Елбасы.



ҚАЗАҚПАРАТ.

МЕМЛЕКЕТТІЛІГІМІЗГЕ 550 ЖЫЛ ТОЛАДЫ 

БАЯНТАУ                                                 №45 (10644) 7 қараша, жұма, 2014 жыл

3

Адреса: ул.Ак.Сатпаева 154, тел: 8-(718-2)-39-07-38, ул.Лермонтова 109, тел: 8-(718-2)-55-68-88, ул.Кутузова 46, тел: 8-(718-2)-68-73-08, 

ул.Кутузова 29, тел: 8-(718-2)-78-73-48, ул.Естая 134, тел: 8-(718-2)-68-94-69, ул.1 мая 189, тел: 8-(718-2)-78-73-43, 

г.Аксу, ул.Астана 44, тел: 8-(718-37)-67-838, с.Теренколь, ул.Ёлгина 88 «а», тел: 8-(718-33)-22-133.

СУ БҰРҚАҚ БУЫРҚАНБАЙ ҚАЛА МА?

О

сыдан  біраз  жылдар  бұрын  баянауылдағы 

орталық  алаңда  тұрқы  көрген  адамға 

құбыжықтай  əсер  қалдыратын,  селт  ет-

кізерлік  сəн-талғамнан  жұрдай,  көпшілік  арасында 

пішімі қолапай, былайғылар құлаққа түрпідей тиетін 

тым  оғаш  мысқыл-əжуаға  айналдырып  алған  су 

бұрқақтың болғаны əркімдердің əлі де көз алдында 

болар.

Кімнің  аузына  қақпақ  қоясың? 

Сол  ұсқынсыз  дүниені  орнатуға 

мемлекет есебінен мил-лиондаған 

қаржы  жұмсалып,  дау-дамайдың 

кезінде  сотқа  дейін  жеткенін 

қалай жасырып, жабарсың?

Жə,  қойшы,  болары  болды, 

бояуы  сіңді,  дегендей  бұған 

жауапты 


лауазым 

иелерінің 

қылшығы 

да 


қисаймағанын 

жақсы  білеміз.  Əйтеуір,  үкімет-

тің  талай  қаржысы  осындай 

бейберекеттіктің 

салдарынан 

желге  ұшқан  деректері  бұл  бір 

ғана емес. Кезінде қыруар қаржы 

жұмсалып 

салынған 

шағын 


аудандағы «КБМ»-нен бір шелек 

су  алғандарды  шырақ  алып 

іздесең  де  жолықтырмайсың. 

Қазір  сол  «КБМ»  состиып, 

жұмбағын  тереңге  бұғып  тұр. 

Сырттан  келгендер  жан-жағы 

темір  шарбақпен  қоршалып, 

едəуір  аумақты  алып  тұрған  оқ-

шау  құрылыстың  не  екенін  біл-

мей  дал  болады.  Оның  жылдар 

бойы  не  үшін  қаңқиып  тұрғаны 

түбі бір ашылатын болар. Сөйтіп, 

кезінде  көзсіз,  есепсіз  ысырап 

жасағандардың  тым  болмаса 

тəтті ұйқылары бұзылар. Тек аты 

өзгерсе де, заты қалған біркездегі 

қаржы  полициясының  құлағына 

алтын  сырға.  Оны  айтасыз,  кел-

меске  кеткен  Кеңес  үкіметімен 

бірге құрдымға түскен Баянауыл-

дағы  орталық  монша  əлі  күнге 

дейін сол қалпы. Марат Назарбаев 

деген соңғы үш жылдан бері қай-

та-қайта  жеңілдетілген  несие 

алып,  ештеңе  шығара  алмай 

келеді.  Сірə  мақсатты  несиенің 

қайда  кетіп  жатқанын  ауданда 

сұрап-білетін  ешбір    лауазымды 

тұлғалардың  табылмауы  таңқа-

ларлық  жағдай.  Тамыр-таныс-

тық,  сыбайластықтың  жымысқы 

тəсілі  екені  қазір  тайға  таңба 

басқандай  айқын  көрініп  жатқан 

жоқ па? 


Енді су бұрқақ жағдайын жіктеп 

көрейік.


Əділін  айту  керек,  соңғы 

жылдары  Баянауылды  көркейту 

жағынан  айтарлықтай  жұмыстар 

жүргізілді. 

Əлі 

де 


талай 

бағдарламалар  іске  асырылуға 

тиіс.  Орталық  алаңға  едəуір 

жерге тақтатас төселіп, көз жауын 

алғанымен,  жылдан  асса  да 

көкпар  тастайтын  қазанға  ұқсас 

ұра сияқты бірдеңе жасалған. Ол 

күні  бүгінге  дейін  бəз  қалпында 

тұр. 

Бұның  неге  аяқталмағанын 



мердігер 

Орал 


Сартаевтан 

сұрағанда  тағы  да  қосымша 

қаражат 

керектігін 

айтты. 

Бастапқыда 



қабылдап 

алған 


Баянауыл  ауылдық  округінің 

əкімі  Қаниев  Азат  Бақтанұлы 

Орал  Сартаевтың  есебіне  алдын 

ала  жасалған  келісім-шарт  бо-

йынша  тиісті  қаржы  аударған 

бірақ,  ол  сырғытпаға  салып, 

түрлі сылтаулар тауып жүр. Нені 

көксейтінін  білмеймін,  деп  аң-

таң. 

Ауа 


райының 

күтпеген 

құбылысымен 

шұңқырдың 

іші  көбік  қарға  толып  жатыр. 

Айналасында жасөспірім балалар 

қаннен-қаперсіз ойнап жүр. Тіпті, 

кейбіреулерінің  шұңқырдың  ер-

неуіне  мініп,  бірін-бірі  қуалап 

жүргенін  көзіміз  талай  шалды. 

Бетін  аулақ  қылсын,  жазатайым 

біреулері  мерт  болса,  кінəлі  кім 

болады? Бұл жағын ойлап жатқан 

ешкім  жоқ. Түбі не болар екен?

Баяғыда  біреу  ет  жемесем 

жемеймін,  етегіңді  жап  құдағи, 

деген екен. Су бұрқақ бұрқанған-

ша,  мердігер  мен  тапсырыс 

беруші  бірін-бірі  жеңгенінше 

талай  жылдар  жылжып  жүрмесе 

жарар еді.

Əйтеуір,  көзге  ұрып  тұрған 

бір  дүние.  Тізе  берсе  мұндай 

олқылықтар аз емес. Мұны ешкім 

жоққа шығара алмас. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет