Вирустар – құрамында нуклеин қышқылдары, белоктар, ал кейде липидтер болатын және тек қана клетка иесінде көбейе алатын бөлшектер. Көпшілігінде ферменттердің жоқтығынан олар клеткасыз ересек вирус бөлшектерін жасай алмайды, сондықтан «бедеу« күйде болады. Құрылымдылық жағынан клетка деп есептелмесе де вирустар арқылы организмнің тұқым қууы жөніндегі мәселе қаралғанда олардың атқаратын рөлі өте зор. Вирустар пішіні, көлемі және күрделігі жағынан әр түрлі: Оларды жұқтыратын немесе денесіне өндіретін клетка иелерінің шеңбері де тым кең, дегенмен, әрбір вирусқа тең қасиет – иесін таңдау