46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет13/46
Дата12.03.2017
өлшемі6,55 Mb.
#9175
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46

Пайдаланылған әдебиет тізімі: 
1.  И.Х.  Бахирова,  Б.С.  Бурыхин.  Кейс-стади  как  интерактивный  метод  в  образовании 
студентов  экономистов  в  процессе  изучения  дисциплины  «Управление  персоналом».  Вестник 
Томского Государственного университета, Серия экономическая, №3 (19), 2012. 
2.  Метод  изучения  ситуаций  (кейс-стади)  в  образовании:  его  история  и  применение.  
[электронный ресурс]. URL:http//elitarium.ru. 
3.  Долгоруков  А.  Метод  кейс-стади  как  современная  технология  профессионально-
ориентированного обучения. [электронный ресурс]. URL:http//www.vshu.ru/lection.php?_id 
 
 
 
Әбілдин Т.С., Әубәкіров Е.А., Ташмухамбетова Ж.Х., Василина Г.Қ.,  
Жакирова Н.Қ., Ермолдина Э.Т. 
 
УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ӨНДІРІСТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН НЫҒАЙТУ  
ЖОЛДАРЫ 
 
«Қазақстан-2050»және  МИИДБ-2 (Индустриалды-инновациялық  даму  Мемлекеттік 
бағдарламасы-2)  стратегиялық  жоспарлардың  жүзеге  асырылуы  білім  мен  ғылымның 
қарқынды дамуы менжаратылыстану, инжиниринг және технология саласындағы мамандардың 
біліктілігінің артуының нәтижесінде өз шешімін табады.  
Әртүрлі өндіріс орындарын кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатындағы МИИДБ-
2  бағдарламасын  жүзеге  асыру  барысында  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дің  химия  және 
химиялық  технология  факультетінде  оқытушы-профессорлық  құрамға  қойылатын  талаптар 
күшейтіліп,  озық  технологияларға  негізделген  көптеген  білім  беру  бағдарламалары 
әзірленді[1].  
Өнеркәсіптік  химия  бағытындағы  бағдарламаларға  сәйкес  дайындалған  білім  беру 
бағдарламалардың  бірі«Мономерлер  мен  полимерлерді  селективті  катализдік  синтездеу 
технологиялары» атты пәнге арналған. 
Біздің  Республикада  арнайы  құнды  заттар  өндіруге  қолданатын  көмірсутектік 
мономерлер  және  полимерлер  алуға  мүмкіндік  туғызатын  мол  табиғи  шикізат  қоры  –мұнай 
баршылық және де болашағы бар материалдарды өндіру мақсатында өнеркәсіп қалдықтарында 
пайдаға асыруға болады. 
Мұнайды  және  көмірді  терең  өндеудегі  түзілетін  ароматты  қосылыстарды  полимерлер 
өндірісінде пайдалану қазіргі заманның талабы[2]. 
Мұнайды  және  көмірді  терең  өндеудегі  түзілетін  ароматты  қосылыстардың  ішіндегі 
маңызды  химиялық  заттардың  бірі – ксилолдар  (п-,  м-ксилолдар).  п-,  м-Ксилолдардан 
каталитикалық  тотықтыру  аммонолизі  тәсілімен  сәйкес  ароматты  динитрилдерді  синтездеу 
академик Б.В. Суворов мектебінде әлемдік деңгейге сай жүргізіледі[3]. 
Мұнайды  және  көмірді  терең  өңдеуде  түзілетін  м-,  п-ксилолдардан  алынған 
изофталонитрил  мен  терефталонитрилді  катализдік  гидрлеу  арқылы  синтезделген  м-,  п-
ксилилендиаминдерің  негізінде  термотұрақты  полимерлер  (оның  ішінде  полиуретандық 
эластомерлерді)  өндірудің  инновациялық  технологиясын  оқу  бағдарламасына  кіргізудің  мәні 
зор[4].. 
Қазақстан мұнай және газды өндіруаймақтары бойынша  әлемдік елдер қатарына кіреді. 
Қазіргі уақытта мұнай мен газ еліміздің экономикасында маңызды орынға ие болып отыр.  
Бұл мақалада біз мұнай өнеркәсібі саласына тоқталып отырмыз. Мұнай тек отын ретінде 
ғана емес, мұнай өнімдерін дәрі-дәрмек, бояу, машинақұру, авиация, жеңіл өнеркәсіп және т.б. 
бірқатар  салаларда  пайдаланады.  Көмірсутектерден  синтезделген  аминдердің  негізіндегі 
флотореагенттерді өндіріске енгізу мыңдаған тонна қара, түсті және асыл металдарды кеннен, 
кен-байыту қалдықтарынан және техногендік шикізаттардан өндіріп алуды көздейді [4, 5]. 

90 
 
Жоғары  оқу  орнында  білім  алған  химик-технолог  мұнай  өңдеу  саласында  айтарлықтай 
жетістіктерге  жетуүшін  мұнайдың  шығу  тегінен  бастап,  мұнай  өңдеу  процестерін  жетік 
білумен  бірге,  қолданылатын  қондырғылардың  сызбанұсқасын  дұрыс  ұғынып,  процестерді 
керек  бағытта,  қажет  параметрлерді  сақтай  отырып  өткізуге,  оларға  сәйкес  есептеулер 
жүргізуге,  технологияны  жетілдіруге  негізделген  жоғары  деңгейлі  интеллектуалды  білімді 
болуы керек[5]. 
Елімізде шикізат секторын дамытудан тезірек отандық өңдеу мұнайхимия өнеркәсібінің 
бәсекеге  қабілетті  түрде  қалыптасуына  ықпалын  тигізуде  озық  технологияларға  негізделген 
индустриалды-инновациялық  білім,  ғылым  және  өндіріс  интеграциясын  күшейтудің  маңызы 
зор.  
Қазақстан  Республикасында  жаңа  «полимерлер»  синтездеудің  өндірістік  мүмкін 
технологиялық желісінің жалпы сызбанұсқасын келесі түрде көрсетуге болады[2, 4, 6]: 
 
 
 
Шикізат – мұнай және жасанды көмір мұнайы 
 
 
Мұнайдың ароматты қосылыстары 
 
п-Ксилол 
                 тотықтыру аммонолизі 
                                        
 
             гидрогендеу   
п-Ксилилендиамин 
                                        полимерлер синтездеу 
Полиамид, полиимид 
 
Жоғарыдағы  сызбанұсқа  бойынша  магистранттарға  негізгі 5 процесті  заманауи 
технологиялар  қатысында  көрсетіп,  мұнайхимиясында  және  мұнайды  екіншілік  өңдеуде 
жүретін  каталитикалық  процестердің  химиялық  кинетикасының  негізгі  түсініктерімен  және 
катализдің жаңа теорияларымен таныстыру. Мономерлер мен полимерлердің физика-химиясы 
негіздеріне  тоқтала  отырып  және  мұнай  өңдеу  өнімдері  негізінде  оларды  катализдік 
синтездеудің қазіргі әдістерін үйрету.  
Пәнді  меңгеру  барысында  студент  мономерлер  мен  полимерлерді  алудың  және  оның 
катализаторларының  өндірістік  технологияларын  білуі  керек,  сонымен  бірге  полимерлік 
материалдарды  өңдеу  принциптері  мен  оларды  практикада  қолданудың  аспектілерін  игеру 
керек. 
Студент катализдік процестерді жүзеге асыруда қажетті қондырғылар мен қазіргі физика-
химиялық  әдістермен  катализаторларды  және  олардың  қатысындағы  каталитикалық 
реакциялардың  кинетикасы  мен  механизмін  зерттеу  жұмыстарын  жүргізе  білу  және  басқа  да 
көмекші  құралдармен  жұмыс  жасай  алуы  қажет.  Практикада  алған  білімді  өздік  жұмыста 
қолдана білу және эксперимент  нәтижелерін жүйелеу алу. 
Білім  алумен  қатар,магистрант  өндіріске  инновациялық  технологияның  енгізілу 
қажеттілігін  түсінуі  керек.  Бұл  инженерлік  білім  беру  саласында  сапаның  жоғарылауымен 
тікелей байланысты. Сапаның өсуі түлектердің жұмысқа тұру мәселесін жақсартуға мүмкіндік 
береді.  Бұл  өз  кезегінде  білім,  ғылым  және  өнеркәсіп  арасындағы  байланыстың  күшейуіне 
апаратын инновациялық білімнің жемісі. 
Сонымен қатар, зертханалық жұмыстар арқылы Қазақстанда мұнайды өңдеуде шығатын 
ароматты  өнім  қалдықтарындағы  п,  м-ксилолдарын  мономер  және  оның  негізінде  полимер 
алуға қолдануға болатындығына магистранттардың көздерін  жеткізу.  
Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе  университет  пен  өндірістің  өзара 
байланысын  нығайту  мәселесі  өндіріс  орындарын  кәсіби  мамандармен  қамтамасыз  ету 
мақсатындағы МИИДБ-2 білім беру бағдарламаларына оқу-өндірістік тәжірибені жүйелі түрде 
кірізуді талап етеді.  
Терефталонитрил 

91 
 
Әдебиеттер  
1.  Әбіл Ж. Ғылымға бастар жол // Қазақ университеті,- №39 (1591). – 8 желтоқсан 2015 
ж. – Б. 1. 
2.  Абильдин  Т.С.,  Жубанов  К.А.,  Бижан  Н.Б.  Ситез  полимеров  из  продуктов 
ароматических соединений нефти // Нефть и газ. – 2004. – №1. – С.53-58.  
3.   Суворов  Б.В.,  Букейханов  Н.Р.  Окислительные  реакции  в  органическом  синтезе. – 
М.:Химия, 1978. – 200 с 
4.  Әбілдин  Т.С.  Алифатты  және  ароматты  аминдерді  сутек  қысымында  катализдік 
синтездеу: химия ғылымдарының докт. … дис.: 02.00.15 − Алматы: ҚазҰУ, 2010. – 239 б. 
5.  Құлажанов К.С., Алмабеков О.А., Нұралы Ә.М. Мұнайөңдеу процестерін жетілдіру. – 
Алматы: ЖШС«Print-S», 2011. – 333 б. 
6.  Жубанов  К.А.,  Абильдин  Т.С.,  Бижанова  Н.Б.,  Жубанов  Б.А.,  Кравцова  В.Д.  п-
Ксилилендиамин и новые полиимиды на его основе // Журн. приклад.химии. – 2003. – Т.76,вып. 
8. – С. 1341-1345. 
 
 
 
Әлқожаева Н.С. 
 
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ 
ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛАПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жоғары  мектеп  педагогикасы  болашақ  оқытушыларды  кәсіби  дайындау  мәселесін 
қарастырады, яғни оқытушының кәсіби іс-әрекетінде қалыптасатын құзыреттіліктерге аса мән 
береді. Қазіргі құзыреттілікке бағытталған оқу процесі үшін бұл маңызды болып табылады.  
Жоғары  мектепте  оқыту  процессінің  бүгінгі  таңдағы  жаңа  жүйесі  оқытушылардың 
әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, оларға бұл салада ауқымды 
міндеттер  жүктеп  отыр.  Мәселенің  осылайша  қойылуы  өте  заңды,  өйткені  болашақ  маман 
даярлау  жоғары  мектептегі  оқытушылардың  білім  беруді  нәтижелі  жүзеге  асыруына  тікелей 
байланысты және олардың кәсіби іс-әрекеті арқылы қамтамасыз етіледі[1]. 
Зерттеушілер  болашақ  мамандардың  кәсіби  даярлығын  қалыптастыру  мәселесінің 
әртүрлі бағытта жүргізілетіндігін айқындаған: 
Бірінші бағыт болашақ маманның теориялық білімі және оқу-тәрбие жұмысын атқаруға 
қажетті  педагогикалық  іскерліктері  мен  дағдыларының  мазмұнын,  жүйесін  анықтайтын 
профессиограмма жасаумен сипатталады (В.А.Сластенин, Л.Ф.Спирин, тағы басқа). 
Екінші  бағыт  педагогикалық  іс-әрекет  құрылымын  зерттеумен  айқындалады 
(Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, т.б.). 
Үшінші  бағыттың  өкілдері  жоғары  оқу  орындарындағы  пәндердің,  сондай-ақ  педаго-
гикалық  практиканың  дидактикалық  бағыттылығын  күшейту  және  арнайы  пәндерді  оқытуды 
жетілдіру  (Қ.Аймағамбетов,  С.Е.Архипова,  Т.В.  Амельченко,  Т.Ш.Домаев,  Л.С.Подымова, 
С.И.Тадиян және т.б.) мәселелерін көтере отырып, олардың кәсіби-педагогикалық даярлығына 
көңіл бөледі[2]. 
Болашақ оқытушылардың әдістемелік даярлығының мазмұны мен құрылымы үш құжатта  
-  оқу  жоспарында,  оқу  бағдарламалыраында,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында  ашып  көрсе-
тіледі. 
Оқу  жоспары  жоғары  білімді  болашақ  мұғалімінің  кәсіби  даярлығының  қабылданған 
құрылымын  бейнелейтін  басты  құжат  болып  табылады.  Оқу  пәндерінің  бағдарламасы  іс-
әрекеттегі жүйелілікті, бірізділікті қаматамасыз етеді.  
Әдістемелік  даярлық  болашақ  оқытушыны  кәсіби  даярлаудың  құрамдас  бөлігі,  жоғары 
оқу  орындағы  оқыту  процессі  мен  студенттің  болашақ  маман  ретіндегі  өзіндік  іс-әрекеті 
арасын байланыстырушы құрылым болып табылады. Әдістемелік даярлық болашақ оқытушы-
ның тек жеке сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер жөніндегі білімдер мен ғана қарулан-
дырып қоймай, оған барлық педагогикалық іс-әрекет жүйесін меңгеруге, пән бойынша өзіндік 
жұмыстары  мен  аудиториядан  тыс  жұмыстар  жүргізуге  бағыт-бағдар  беруі  тиіс.  Олай  болса, 
болашақ  оқытушының  әідстемелік  даярлығы  студенттерге  осы  іс-әрекет  аумағында  жұмыс 
орындауға мүмкіндік беретін арнайы білім, іскерлік және дағды жиынтығы болып табылады. 

92 
 
Әдістемелік  даярлық  өз  кезегінде  оқытушылардың  кәсіби  мамандығынан  туындайтын 
теориялық  оқу-зерттеушілік  және  практикалық  даярлық  компоненттерін  құрайды.  Теориялық 
даярлық: кез келген пән курсынан; пәнді оқыту әдістемесінің жалпы курсынан; жоғары мектеп 
педагогикасы, психологиясы және т.б.курстардан тұрады. 
Оқу-зерттеушілік  дарялыққа  мыналар  енеді:  пәнді  оқытудың  жалпы  мәселелеріне 
арналған  рефераттар  жазу,  осы  мәселе  бойынша  оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі  жөнінде 
ғылыми жұмыстар орындау, жоғары мектепте педагогикалық эксперименттер жүргізу, ғылыми 
тұрғыдан  жаңа  фактілер  мен  материалдар  жинақтау,  оларды  талдау  және  қорыту,  өзіндік 
жұмыстар  даярлау,  жоба  құрастыру,  ғылыми  семинарларға,  ғылыми  практикалық  конферен-
цияларға және т.б. қатысу. 
Практикалық  даярлық  педагогикалық,  кәсіби,  ғылыми-зерттеушілік  практикалардан 
тұрады, мұнда меңгерген теориялық білімдерін іс-жүзінде пайдалануға мүмкіндік алады. 
Болашақ  оқытушылардың  әдістемелік  даярлығынның  қарастырылып  отырған  күрделі 
құрылымы  жоғары  оқу  орнындағы  оқу-тәрбие  процессі  барысында  әрбір  компонеттің  дұрыс 
қалыптасуын мұқият қадағалауды қажет етеді. Кәсіби даярлық білімді практикада қолдана білу 
дәрежесімен  өлшенеді.    Педагогикалық  білім  беру  құрылымы  бойынша  болашақ  маманның 
кәсіби-педагогикалық  даярлығына  үш  аспектіні  жатқызады:  мамандық  бойынша  білім,  білік, 
дағдылар  және  психологиялық-педагогикалық  білім,  білік,  дағдылар.  Осыған  байланысты 
төменде кәсіби-педагогикалық даярлықтың құрылымы берілді[2]. 
 
Мазмұндық             
аспект 
Технологиялық          
аспект 
Тұлғалық 
аспект 
 
                            Болашақ оқытушылардың  кәсіби-педагогикалық даярлығы 
Пән  бойынша  терең 
білімі; 
әлеуметтік 
гуманитарлық 
пәндердің 
негізін 
және 
қоғам, 
құбылыстар 
туралы 
дүниетанымның қалыптасуы 
Алған 
білімдерін 
практикада  қолдана  білуі, 
өзіндік 
әдістерді 
жүзеге 
асыруы,  ақпаратты  алуы  мен 
талдауы 
Мамандық 
бойынша  
психологиялық-
педагогикалық 
білім,  білік,  дағдылар 
негізінде  қалыптасатын  сапа 
қасиеттер 
 
 
1 кесте Кәсіби-педагогикалық даярлық құрылымы 
Қазіргі  университеттік  білім  беру  тек  білімді  жеткізу  емес,  сонымен  қатар  теориялық 
білімді, дүниені меңгеретін шығармашыл құралға айналдыру міндетін көздейді. 
Әрбір  мамандықтың  өзіне  тән  сапалық  ерекшеліктерін  көрсетуде,  сол  мамандыққа  тән 
белгілерді  жүйелеудің,  яғни,  кәсіптік  құрылымын – профессиограммасын  жасаудың  жетекші 
орны бар. 
Бүгінгі  күні  жоғары  мектеп  оқытушысы  білікті,  шебер,  қажет  құзыреттіліктерді 
меңгерген маман болуы тиіс, ол еңбек, ізденіс, өзіндік білім алу барысында жүзеге асырылады 
және жоғары мектеп педагогикасы курсын оқу барысында негізгі құзыреттіліктермен танысып 
оны меңгеруге мүмкіндік алады. 
«Құзыреттілік»  ұғымы  әдетте  белгілі  бір  әлеуметтік-кәсіби  статус  иесіне  байланысты 
қолданылады  және  оның  сол  істі  атқарудағы  түсінігі,  білімі,  білігінің  орындалуға  тиіс 
мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады[3].  
Бұл  ұғым  (латынның competentis-бейім  сөзінен)–қандай  да  бір  оқу  пәнін  оқыту 
процесінде  қалыптасатын  білім,  білік,  дағдылар  жиынтығы,  сонымен  қатар,  қандай  да  бір 
қызметті  орындай  алу  қабілеттілігі  деп  сипатталады.  Латын  тілінде competense-сәйкес, 
жарамды,  ағылшын  тілінде competence - қабілет,  компетенция,   француз  тілінде competent- 
құзыретті,  құқықты,  competere - сай  болу,  қабілетті  болу  деген  мағына  берсе,  орыс  тілі 
сөздіктерінде  құзыреттілік- «белгілі  бір  сұрақтарды,  мәселелерді  біреудің  жетік  білуі»  деген 
мағынаны  берсе,  қазақша  сөздіктерде  біреуге  тиесілі  істер,  сұрақтар  шеңберінде  белгілі  бір 
адамның немесе мекеме өкілдігінің құықты болуы, деп көрсетілген. Өз саласына сәйкес білім 
мен  біліктілікпен  қаруланған,  негізгі  ой  тұжырым  жасайтын  және  тиімді  әрекет  ете  алатын 
адамды белегілі бір саладағы құзыреттілікті меңгерген адам деп есептеуге болады[3]. Ал жеке 
адам  (әлеуметтік  тұлға) – елінің  өркендеп  дамуына  іскерлікпен,  саналылықпен  қарайтын 

93 
 
білімді  адам,  мәдениетті  азамат.  Осыған  байланысты  құзыреттілік  ұғымының  мән-мағынасын 
анықтауда  бағытталған  мәселелер  көптеген  ғылыми  әдістемелік  ғылыми  басылымдарда, 
педагогика  саласындағы  зерттеулерде  жалпы    педагогикалық,  дидактикалық  әдіснамлық 
деңгейде көрініс беруде.  
И.Я.Зимняяның  көзқарасы  бойынша  құзыреттілік  бұл  ішкі  білім,  іс-әрекеттілік 
бағдарламасы  адамда  қалыптасатын  құзырет  құндылық  жүйесі.  Ол  өзіндік  тұрғыдан  үш 
құзыреттен тұрады:  
- Жеке тұлғаға қатысты іс-әрекет субъектілігі қарым - қатынастық құзырет. 
- Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік ортаға қатысты құзырет. 
- Адам іс - әрекетіне қатысты құзырет. 
ХХ  ғасырдың  соңында  Еуропа  кеңесінде    өткен  «Еуропа  ішіндегі  негізгі 
компентециялар»  атты  симпозиумда  қазіргі  заманғы  түлектер  үшін  төменгі 5 негізгі 
құзыреттіліктер белгіленді: 
-  саяси  және  әлеуметтік  құзыреттіліктер  (компетенциялар),  яғни,  жауапкершілікті  өз 
мойнына  алу  қабілеті,  өзара  шешім  қабылдауға  қатысу,  жанжалды  бейбіт  жолмен,  күш 
қолданбай шешу; 
-  көпмәдениетті  қоғамдағы  өмірмен  байланысты    құзыреттіліктер  (әртүрлілікті, 
ерекшеліктерді қабылдау, өзгелерді сыйлау, өзге мәдениет, тіл, дін өкілдерімен қарым- қатыас 
жасау қабілеттігі); 
 - бір тілден артық ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жасауды меңгеруге қатысты 
құзыреттіліктер; 
-  ақпараттық  қоғамның  пайда  болуымен  байланысты  құзыреттіліктер  (жаңа 
технологияларды  меңгерумен,  оларды  қолдану  мүмкіндігін  түсіну,  бұқаралық  ақпарат 
құралдары мен жарнама арқылы таралатын ақпаратқа сын көзбен қарау ); 
-  кәсіби  даярлық  контексінде  үздіксіз  білім  алу  негізгі  сапасында  бүкіл  өмір  бойы  оқу 
қабілетілігіне қатысты құзыреттіліктер[4].  
Құзыреттілікті  дамытуға  қатысты  педагогикалық  мақсаттар  ерекшелігі  олардың 
оқытушы  әрекеті    түрінде  қалыптасуында  емес  білім  алушы  қызметінің    нәтижелері  
тұрғысында,  яғни  білім  алушының  белгілі  бір  әлуметтік  тәжірибені  игеру  процесіндегі  алға 
жылжуы  мен дамуында.  
Білім  беру  жүйесін  құзыреттілік  негізде  модернизациялау    Е.Я.Каган,  В.В.  Лаптев,  О.Е. 
Лебедев,  Б.Д.  Эльконин  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  кеңінен  талданған.  Олар  өмірлік 
мәселелерді   шешудің біртұтас тәжірибесін, түйінді яғни көптеген  әлеуметтік ортаға  қатысты 
функцияларды, әлеуметтік рөлдерді, құзыреттілікті болжайды[2]. 
Құнды  мағыналық  құзыреттілік  білім  алушының  құндылық  бағдарларымен,  яғни  оның 
қоршаған  әлемді  көру  мен  ұғыну,  онда  бейімделу,  өзінің  әрекеттері  мен  қылықтары  үшін 
қажтті мақсаттық және мағыналық нұсқауларды таңдап алу қабілетімен байланысты. Аталған 
құзыреттілік  оқу  әрекеті      жағдаяттарында  білім  алушының  жеке  білімдік  траекториясымен 
жалпы  өмірлік  әрекеті    бағдарламасын  айқындай  отырып  өзін-өзі  басқаруына  ықпал  етеді. 
Мәдени  құзыреттілікке    білім  алушының  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  мәдениет 
ерекшелігінен,  адам    өмірінің  жеке  халықтардың  рухани  құндылықтар  негізінен,  отбасылық,  
әлеуметтік,  қоғамдық  құбылыстар  мен    салт-дәстүрлерден,  тұрмыстық  және  мәдени  демалыс 
саласына  қатысты  құзыреттіліктен,  ғылыми  дүние  суретін  игеру  тәжірибесін  хабардар  болу 
жатады.  
Оқу-танымдық  құзыреттілігіне  нақты  танылуға  тиісті  нысандарға  қатысты  логикалық,  
әдіснамалық,  жалпы ғылыми қызмет элементтер енетін білім алушының өзіндік таным қызметі 
саласындағы  құзыреттіліктер  жиынтығы  мен  сипатталады.  Бұған  мақсатты  болжауды, 
жоспарлауды, сараптауды жатқызуға болады.   
Негізгі  құзыреттіліктер  түріндегі  күтілетін  нәтижелер    ретінде  ұсынылған  білім  беру 
жүйесінің масаттары: 
- мәселенің шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджемент); 
- ақпараттық құзыреттіліктер; 
- коммуникативтік құзыреттлік. 
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартында коммуникативтік 
құзыреттілікті меңгеру деңгейлері көрсетілген. 
Білім  алушылардың  құзыреттілігі  оқу  процесінің  сапа  көрсеткіші,  оның  жетістігі 
қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады.  

94 
 
Сонымен,  құзыреттілік  ұғымына  мынадай  анықтама  беруге  болады:  Құзыреттілік- 
оқудың  және  өздігінен  білім  алудың  нәтижесі  қалыптасатын  және  адамның  әлеуметтік 
мобильділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген 
жалпы қабілеттіліктер. 
   
Қолданылған әдебиеттер 
1.  Ахметова  Г.К.,  Исаева  З.А.  Педагогика:  Учебник  для  магистратуры  университетов. –
Алматы: Қазақ университеті, 2006. -328 с.  
2.  Баширова  Ж.Р.,  Әлқожаева  Н.С.,  Төлешова  Ұ.Б.  және  т.б.  Жоғары  мектеп 
педагогикасы. Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті, 2015. -190 бет. 
3.  Әлқожаева  Н.С.Құзыреттік  тұғыр  негізінде  әлеуметтік  педагогтарды  даярлау 
мазмұны//Тұтас  пед.процесс  теориясы-болашақ  мұғалімді  кәсіби  дайындаудың  негізі// 
Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары.-АлматыАбай  атындағы 
КаҰПУ, 2014.-90-92 бб. 
4. Зимняя И.А. Педагогическая психология. М.:Логос, 1999. – 384  
 
 
 
Әсембаева Б.О. 
 
САПАЛЫ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА  БІЛІМ МЕН 
ПРАКТИКАНЫ ҰШТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Білімді,  еңбекқор,  бастамашыл,  белсенді  болуға  қазірден 
бастап  дағдыланыңдар.  Жұмыс  пен  сұраныс  бар  өңірге  батыл  барыңдар.    Шеберліктің 
шыңына  жете  білсеңдер   мамандықтың  бәрі  жақсы.  Қазір  техникалық  мамандықтардың, 
ғылым  мен  инновацияның  күні  туған  заман.  Ерінбей  еңбек  еткен,  талмай  ғылым  іздеген, 
жалықпай техника меңгерген адам озады.  Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге 
асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, 
болашақ  үшін  жасалуда,-»[1]  деп  жастарға  бағыт-бағдар  беріп,  ғылым  мен  білімге,  ондағы 
жаңашылдықтарға  батыл  қадам  басуға  шақырды.  Қазіргі  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  осы 
мақсатқа  қол  жеткізуде  маңызды  орын  алады.  Осы  орайда  бүгінгі  нарықта  өте  қажет  болып 
отырған мамандықтардың бірі – редактор – дизайнер.  
Қазақ  халқы  өзінің  әдебиетімен,  өнерімен,  ғылымымен  өркендеп,  рухани  қазынасын 
байытуда. Ал мемлекеттің әлемдік қауымдастық алдындағы бет-бейнесі мен беделі халқының 
рухани қазынасын сауатты әрі бәсекеге қабылетті етіп басып шығаруына байланысты.  
Экономикалық дамудың әртүрлі кезеңдерінде кітап басудың маңызы мен оның қоғамға 
жасайтын  ықпалы  бірде  күшейіп,  бірде  әлсіреп  отырды.  Соған  қарамастан  экономиканың 
ықпал етуімен оның маңызды сипаттарының құралғаны дау тудырмайды. 
Баспа ісі төмендегілермен сипатталатын өндірістік қызмет түрін ұсынады: 
– мақсаттық сипатымен; 
– өндіріс нысаны – кітаптар өңделетін өндіріс құралдарының бар болуы; 
– «кітап  өндіруші – оқырман»  үлгісі  аясында  тауарды  өндіруші  мен  сатып  алушы 
арасындағы өзара әрекеттестік. 
Сонымен бір дерлікте кітап өндірісі  өзіне тән сипаты бар түрде көп қырымен тауарды 
әдеттегі  өндіруден  дараланады:  бәрінен  бұрын  өндірушілер  кітап  авторы  немесе  тек  осы 
салаға  тән  ерекше  әдістер,  тәсілдер,  амалдарды  қолданатын  журналист  болып  табылады. 
Кітап,  газет-журналдық  ақпарат – бұл  тұтынушының  оны  қабылдауын  және  ықпал  етуін 
жеңілдететін ерекше үлгімен өңделген ақпарат болып табылады. 
Баспа  өнімін  қос  жаратылысқа  ие  тауар  ретінде  қарастыруға  болады.  Біріншіден,  бұл 
адамның  зияткерлік  даму  мақсатымен  құрылатын  рухани  шығармашылық  өнімі  болып 
табылады.  Адамның  рухани  өміріне  ықпал  ете  отырып,  оның  болмысты  (билік,  мәдениет, 
экономика)  өзгерту  бағытына  қарай  жетілуіне  әсер  етіп,  кітап  адамның  қолындағы  негізгі 
идеялық  қару  болып  қалады.  Екіншіден,  кітапты – кітап  өнімінің  нарығы  болып  табылатын 
өзінің рыногын құратын тауар ретінде қарастыруға болады. Оған баяғыдан ерекше нарықтық 
қатынастар басшылық етеді. 

95 
 
Кітапқа деген қажеттілік, кәдуілгі басқа тауарға деген қажеттілікпен салыстырғанда сәл 
басқаша  түрде  пайда  болады.  Адамды  өзіне  қажет  кітапты  сатып  алуға  ақпараттық  және 
танымдық қажеттіліктер мәжбүр етеді. Соның нәтижесінде «кітап тұтынушы – кітап сатушы» 
үлгілері аясында, тұтас нарықтық өзара қатынастар пайда болады. Кітапты сатып ала отырып, 
тұтынушы  әлеуметтік-экономикалық  ортада  бағыт  алуға  көмектесетін  өзінің  зияткерлік 
қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Кітап  өндіруші  сатып  алушы  арқылы  өзінің  төмендегі 
қажеттіліктерін қанағаттандырады: 
–  кітап  өндіру  барысында  оған  келтірілген  барлық  шығын  түрлері  үшін  ақшалай 
өтемақы алады; 
–  оқырмандардың  белгілі  бір  тобына  рухани  ықпал  ету  пішімінде  идеялық  сипаттың 
өтемақысын сезінеді (нарық сегменті); 
– кітап авторымен бірге елеулі түрде әйгілі болуға қол жеткізеді. 
Қазіргі  кезде  кітап  шығару  және  оны  таратуға  қатысты,  авторларға  қаламақы  беру 
төңірегінде  де  проблемалық  мәселелер  көп.  Кітап  шығарудың  өзі    күрделі  процесс 
болғандықтан,  мұндай  проблемаларды  шешуде  баспагер  экономикалық    әрі  құқықтық 
жағынан сауатты болуы әбден қажет. Мәселен, Қазақстанда баспа ісінің экономикалық және 
құқықтық  заң  актілерін  қайта  жетілдіру  мәселесі  әбден  пісіп  жетілді  деп  айтуға  болады.  
Қазіргі  уақытта    баспа  ісін  дамыту  үшін  заманауи  тәсілдермен  жұмыс  істейтін  мамандар 
керек.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарын  сауатты  ғана  емес,  оның  көркемдік-техникалық 
жағынан тұтынушыны қызықтыратындай тауар етіп өндіру керек. 
Кітап  басу  ісінде  логистикалық  әдіс-тәсілдерді  тиімді  қолдану  үшін  компьютерлік 
техника  мен  ақпараттық  технологиясыз  жұмыс  істеу  мүмкін  емес.  Компьютерлік  жүйе   
белгілі  бір  уақыт  ішіндегі  тауардың  қозғалысын  жіті  қадағалауға,  математикалық  аппаратты 
қолдану  нәтижесінде  тауар  сұранысының  деңгейін  анықтауға  және  тиімді  логистикалық 
шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 
Қазіргі  кітап  нарығы  жағдайында  уақыт  факторы  маңызды  рөл  атқарады. 
Тұтынушылардың  тауарға  деген  сұранысы  тез  өзгеріп  отырады,  сол  себепті  тұтынушыға 
қажетті кітапты дер кезінде шығара білген баспагер ғана уақыт көшіне ілесе алады. 
Баспа  ісінің  табысты  болуы  қорлар  нарығындағы  (қаржы,  жұмыс  күші,  баспа,  техника 
материалдары,  кітап  басып  шығару  жобалары,  көтерме  бағамен  сатушылар,  дилерлер)  және 
кітап өнімі нарығындағы жағдайды үнемі бақылау нәтижесінде ғана мүмкін болады. 
Қазақстан  бойынша  кітап  саудасының 40% пайызы  Алматы  қаласының  үлесінде. 
Себебі, кітап дүкендері мен баспаларының басым бөлігі осы қалада орналасқан. Кітап саудасы 
сарапшыларының айтуынша, Алматы кітап нарығының жылдық мөлшері шамамен алғанда 5-
7 $-дан 50 млн. $-ға дейін бағаланады, ал нақты көлемі белгісіз.  
Қазақстанда 150-ден астам баспа тіркелген, оның ішінде көптеген баспалар жылына бір 
екі  кітап  шығарады.  Әсіресе,  нақты  тақырыптағы  және  екі  тілде  қазақша  орысша,  негізінен 
балалар  әдебиеті  әрі  Қазақстан  туралы  әдебиеттер  шығаратын  баспалардың  жұмысы  жақсы 
жолға қойылған. 
Бірақ  оқырмандар  қазақстандық  кітаптардан  гөрі  арзан  бағамен  сатылатын  ресейлік 
кітаптарды көбірек сатып алады. Жоғарыда айтылғандай бұған қазақ кітаптары таралымының 
аздығы  да  себеп,  тек  оқулықтардың  ғана  таралымы  көп.  Өйткені, «Атамұра», «Мектеп» 
баспалары  оқулықтарды  мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  шығарады.  Ал  кітап  саудасы  бұл 
жеке меншік коммерция болғандықтан, оларға мемлекеттік дотация қарастырылмаған.  
Қазақстандық  көркем  әдебиеттердің  ішінде  балалар  әдебиеті,  оның  ішінде  ертегілер, 
танымдық  әдебиеттер  шығаратын  «Аруна», «Алматыкітап»  баспаларының  кітаптары  үлкен 
сұранысқа ие. Сонымен бірге классикалық әдебиеттер де оқырмандар сұранысына ие. Тұтыну 
құрылымына  қарайтын  болсақ,  оқырмандар  көбіне  практикалық  тұрғыда  пайдаланылатын 
әдебиеттерді  таңдайды.  Кәсіби  әдебиеттерді,  оқулықтарды,  сондай  ақ  анықтамалықтар  мен 
сөздіктерді  қазақстандықтардың  жартысына  жуығы  пайдаланады. 29%-ға  дейін  мектеп 
оқулықтары  сатылады.  Балалар  әдебиеті  мен  ертегі  кітаптардың  сұранысын  тұрғындардың 
15%-ы құрайды. Ал көркем әдебиеттердің оқырмандары шамамен қазақстандықтардың 5% -
ын қамтиды. 
Қазақстандықтардың 16,4%-ы белсенді кітап сатып алушылар болып табылады. Олар ай 
сайын бір кітап сатып алады.  
Оқушылар  аудиториясын  талдау – әдетте  арнайы  әлеуметтік  топтар  ерекше 
маркетингтік бағдарламалар бойынша айналысатын қиын да күрделі жұмыс. Нарықты зерттеу 

96 
 
мақсаты белгілі бір кітап өнімдерінің түріне артықшылық беретін оқырмандар аудиториясын 
анықтауда  жатады.  Бұл  жерде  әңгіме  аталмыш  әдебиетті  сатып  алу  арқылы  баспагердің 
еңбегін төлеп отыратын тұрақты тұтынушылар болып табылатын оқырмандар жөнінде болып 
отыр. Маркетинг тәжірибесінде мұндай топтарды мақсаттық аудитория деп атайды. Уақыт өте 
келе олар, ол үшін арнайы құрылған, мысалы үй және шаруашылық туралы, бақша учаскесі 
мен саяжай, гүл өсіру, диқаншылық, бал араларын өсіру, тамақ дайындау және т.т. баспа өзіне 
сіңіріп алатын негізгі оқырмандар базасына айналады. 
Сонымен бірге, оқырмандардың ықтимал аудиториясы деген түсінік те бар, ол барлық 
уақытта баспагерлерді өзіне тартып отырады, өйткені соның нәтижесінде оның басылымының 
мүмкін болатын оқырмандарының жалпы санын біліп отыруына мүмкіндік береді. 
Жобаланып отырған кітап басылымының сатылуы қарастырылып отырған сол қаланың 
барлық  тұрғындарының  құрылымын  біле  отырып,  әлеуметтік  зерттеулердің  көмегімен 
басылымның тиімді үлгісі туралы түсінік алумен бірге, төмендегілерді анықтауға болады: 
– кітап таратылатын ортадағы әлеуметтік-демографиялық топтар; 
– бұл топтардың сатып алу қабілеті; 
– аталмыш топтағы басым түсетін рухани сұраныстар және т.т. 
Бұл  мәселелер  бойынша  объективті  мәліметтерді  білмей  тұрып,  кітаптың  таралымын, 
сондай-ақ  атаулы  және  атаулы  емес  таралым  арасындағы  арақатынасты  анықтау  қиынға 
соғады. Табыстар мен әлеуметтік мәртебе деңгейі туралы мәліметтер тиімді баға саясаты мен 
басылым бағасын анықтауға мүмкіндік береді. 
Кәсіпқой  маркетологтар  әлеуметтік  зерттеушілермен  бірге  өткізілген  әлеуметтік 
зерттеулер нәтижесінде, баспагерге өз қызметінің басым бағыттарын табуға мүмкіндік береді. 
Ең бірінші кезекте оны белгілі бір тақырыптағы кітап оқырмандарының нақты аудиториясы, 
ықтимал  аудитория,  жас  ерекшелігінің  сипаты,  білім  деңгейі,  ұлттық  құрамы,  саяси  бағыты, 
эстетикалық-әдеби  талғамы  қызықтырады.  Бұл  сұрақтарға  жауап  табылмаса,  баспа  жобасы, 
әдеби-көркемдік ерекшеліктері, таралымының сипатын анықтау қиынға соғады.   
Жоғары  оқу  орындарының  студенттері,  аспиранттары  мен  оқытушылары,  сондай-ақ 
іскерлік  саласы,  банктер  мен  биржалар,  ғылымның  түрлі  салаларының  үлкен  аудиториясы 
үшін оқулық-анықтамалық әдебиеттерді шығаруға маманданған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
сияқты  баспа  бірлестігі  үшін  болашақ  оқырмандардың  еңбек  қызметінің  сипаты  туралы 
мәліметтерді  білу  үлкен  маңызға  ие  болады.  Кітапқа  деген  қажеттілікті  құрастыруға,  яғни 
экономиканың  жеке  секторында,  жалпы  іскерлік  саласында,  мемлекеттік  мекемелер  мен 
кәсіпорындарда,  үй  шаруашылығында  жұмыс  істейтіндер  аудиториясының  кәсіптік  құрамы 
үлкен ықпал көрсетеді. 
Ақыр соңында, аталмыш аймақ туралы мәліметтердің толықтығы үшін экономика мен 
мәдениет жөніндегі мәліметтер кейбір мәнге ие болады: 
– өнеркәсіп кәсіпорындарының бар болуы мен олардың бағыты; 
– фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожалықтарының әрекет етуі; 
– банктік және басқа қаржылық жүйелердің, сондай-ақ кәсіпкерлік құрылымдардың бар 
болуы; 
– шығарылатын газеттер мен журналдардың сипаты; 
– қалалық телевизияның бар болуы.  
Кітап өнімдерін нарыққа жылжыту белгілі бір шептер бойынша жылжуға және жаулап 
алуға  мүмкін  болатын  барлық  арналарды  зерттеу  арқылы  басталады.  Редакциялық 
маркетологтар  кітапты  тарату  жүйесі  туралы  ақпараттар  алу  үшін  барлық  дереккөздерді 
назарға  алады.  Бұл  жағдайда  таралымды  сатылу  орнына  жеткізудің  түрліше  үлгілері 
бағаланып,  тауарды  жылжытудың  буыны  мен  оған  қатысатын  делдалдардың  саны 
анықталады. 
«Қазақстан  әлемнің  бәсекеге  барынша  қабілетті 50 елінің  қатарынан  орын  алу  үшін 
өзінің қазба байлығымен қатар жазба байлығын да, яғни мәдениеті мен ғылымын, білімі мен 
білігін – тоқ  етерін  айтқанда,  рухани  әлеуетін  күллі  адамзатқа  жарқырата  көрсетіп,  елімізді 
айдай әлемге паш ете білуі керек» [2]. 
Тәуелсіз  еліміздің  жастарының  патриоттық  идеялары  және  білім  мен  ғылымға 
құштарлықтары барда қазақ елінің болашағы зор екеніне көз жеткіземіз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет