46. Нитраттың редукциясы. Өсімдіктердің физиологиялық маңызы



бет2/6
Дата20.12.2023
өлшемі2,75 Mb.
#141436
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
23,46-54

48. Фосфор. Өсімдікке тиімді фосфор қосылыстарының түрлері. Биосферадағы фосфордың айналымы.
Фосфордьщ топырақтағы қоры Р20 3 пен есептегенде бір гектарға 2-4,4 тонна аралығында болады (Ж.Қ. Қалекенов, 2004). Топырақтағы Р-лы қосындылардың көпшілігі суда нашар ериді. Топырақтағы Р-дың шыққан тегі топырақ пайда болатын жыныстардың ыдырауынан түзілген өнімдер - апатиттер - ЗСаз(Р0 4)2 СаҒ2.
Үш негізді Са-дің жэне Mg-дің фосфорлы тұздары жэне Ғе мен Al-дің оксидті тұздары (ҒеР04, А1Р04, қышқыл топырақта) суда нашар еритіндіктен өсімдіктерге сіңіп жарымайды. Екі негізді, әсіресе бір негізді Са жэне Mg тұздары, бір валентті катиондар тұздары жэне бос ортофосфор қышқылы суда жақсы ериді де, олардағы фосфорды өсімдіктер оңай сіңіре алады. Топырақ ерітіндісіндегі Р концентрациясы өте төмен (0.1-1 мг/л) болады. Өсімдіктер Р-ды кейбір органикалық қосындылардан да (қантфосфаттарды, фитин- инозит-фосфорлық қышқылының Са жэне Mg-лық тұзы) игере алады: Органикалық, қалдықтардағы жэне қарашіріктегі Р I Микроорганизмдер минералдандырады I Өсімдіктер тамырынан бөлінетін органикалық қышқылдардың эсерімен екі валентті катиондарын хелаттап, ризосфераны қышқылдатады да жылжымалы күйге айналдырады: НР(Х 3- -► HPCF2- НРО - 4 4 4 Өсімдік клеткасында Р-лы өте маңызды органикалық қосындылардың бірінші қатардағыларына аденозиндифосфат (АДФ) жэне аденозинтрифосфат (АТФ) жатады. Энергиясы мол фосфаттардың екінші тобына ацилфосфаттар (R-C-0-P), 1,3-Дифосфоглицерин қышқылы жэне ацетилфосфат жатады. 1,3-ДФГҚ өзінің энергиясын АДФ-қа ауыстырып, одан АТФ пайда болады (5.9-сурет).

49. Фосфордың зат айналымына қатысуы.
АТФ синтезіне ацетилфосфаттар пайдаланылады. Энергиясы мол қосындыларға енолфосфаттарды да жатқызуға болады. Олардьщ ішіндегі ең негізгісі - фосфоенолпируват (енолпирожүзім қышқылы). Одан фосфор қышқылы қалдығының АДФ-қа ауысуы гликолиздің негізгі реакцияларының бірі болып есептеледі. Аэробтық тыныс алу мен фотосинтез процестерінде фосфор негізгі реакциялардың барлығына қатысады (5.10-сурет). Осының өзі Р-дың өсімдіктердегі зат алмасу процестеріне, соның ішінде белоктардың синтезделуіне де эсер етеді. Клеткадағы энергия алмасу процестері, негізінен, Р-ға байланысты, АТФ энергиясы организмдегі алуан түрлі процестерге пайдаланылады. Одан босаған органикалық Р қайтадан энергиялық қорға айналу процестеріне қатысады. Фосфор біраз коферменттердің, ди- жэне трифосфопиридиннуклеотидтердің (НАД және НАДФ) құрамына енеді. Өсімдік тіршілігінде пиродоксальфосфат жэне пирофосфаттар азоттық заттардың алмасуында маңызды орын алады. Фосфор фитин жэне полифосфаттардың синтезделуіне де қажет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет